Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


Қорытынды. Тақырыбы: Темекінің адам



Pdf көрінісі
бет155/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   195
кітап тарбие туралы

 Қорытынды.
Тақырыбы: Темекінің адам 
ағзасына тигiзетiн зардабы
Мақсаты: Оқушыларға темекi 
құрамы мен оның адам ағзасына 
тигiзетiн әсерiн және зиянын түсiн-
дiру. Темекiнiң адам ағзасына тигi-
зетiн зар дабына, тәжiрибе жүзiнде 
көздерiн жеткiзе отырып, салауатты 
өмiр салтын қалыптастыру.
Көрнекiлiгi: бейне роликтер, слайд 
материалдары, бөтелке, мақта, сi рiң-
ке, темекi, қызыл, көк түстi фигура-
лар.
Тәрбие сағатының барысы: 
Жүргізуші: Құрметті оқушылар 
«Темекінің адам ағзасына тигiзе тiн 
зар дабы»  тақырыбы бойынша ре т пен, 
толықтырып отырамыз және ойы -
мызды ашық айтамыз.
Темекi жайлы өткен сабақтардан 
бiлесiздер. Ендi темекi туралы сұрақ 
қоямыз, соған жауап беруге дайын-
далыңыздар. 
1) Темекiнiң қорабын көрсетiп, 
оның сыртында жазылған сөздi оқу.
«Денсаулық министрлiгiнiң ескерт-
песiн оқи тұра, кейбiр адамдар неге 
темекi тартады?»
Жауап. 
– Зиянын бiлмегендiктен тартады.
– Үлкендерге елiктейдi.
2) Осы темекiден адам өкпесiне 
қандай улы зат жиналуы мүмкiн? 
Жауап.
– Шайыр (смола)
3) Шайыр дегенiмiз не? 
Жауап. 
– Темекi құрамындағы заттар күй-
генде түзілетiн қоспа.
4) Шайырдың өкпеге қандай әсерi 
бар? 
Жауап. 
– Шайырдың құрамында ауру 
туғызатын реактивтi элементтер бар. 
Ол өкпедегi ауа алмасу жолдарын 
бекi тедi. 
5) Темекi адам өмiрiн қысқарта 
ма?
Жауап. 
– Қысқартады. Егер күнiне 1 қорап 
темекi тартатын болса, онда 1 аптада 
1 күндiк өмiрi қысқарады.


260
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Сұраққа өте жақсы жауап бер-
дiңіздер. Ендi сыныпты 4 топқа бө-
лемiз. 
Бөлiп отырғызғаннан кейiн әр 
топқа сұрақ берiледi, қорытындысын 
немесе жауабын бiр оқушы айтады. 
1-топ. Темекiнiң құрамы. 
2-топ. Темекiнiң адам ағзасына 
әсерi.
3-топ. Ал санап көрелiк, темекiнiң 
отбасылық бюджетке қандай әсерi 
бар? 
4-топ. Темекiнiң зияны мен пай-
дасы. 
– Балалар, сендер темекiнiң құ-
рамын, адам ағзасына әсерiн, бюд-
жетке қандай әсерi бар екенiн, зия-
нын, пайдасын айтып жатырсыңдар. 
Олай болса, бәрiмiз мына тәжiрибеге 
көңiл аударайық. 
Бөтелке алынады, оның аузына 
мақта салынып, аузы жабылады да, 
бөтелкенiң қақпағына тесiк жасалып 
темекi орналастырылады. Темекi 
тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет