Секциясы: Физика Жетекшісі: Акабаева Мухое Коргановна физика және информатика пәнінің мұғалімі Жарқайың, 2016 жыл



Дата30.06.2016
өлшемі7.9 Mb.
#168762
Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Нахимов негізгі мектебі

Мухамбетрахим Арайлым

9 сынып


Ұялы телефон арқылы берілетін электромагниттік сәулелердің ағзаға әсері

Бағыты: Ғылыми-техникалық даму, экономикалық өсудің кілті ретінде

Секциясы: Физика

Жетекшісі: Акабаева Мухое Коргановна физика және информатика пәнінің мұғалімі

Жарқайың, 2016 жыл


I.Абстракт

3

II.Кіріспе

4-5

III.Негізгі бөлім

6-29

1.Теорилық бөлім «Электромагнитті сәулелер»

6-15

1.1 Электромагнитті сәулелердің адам ағзасына зияны

6-12

1.2 Ұялы телефонды қолданыстағы қателіктер

12-15

2. Практикалық бөлім

16-29

2.1 20, 35 жастан жоғары,60 жастан жоғары адамдардың телефонмен сөйлесіп жатқандағы артериялық қан қысымының өзгерісін байқау.

16-20


2.2 Жұмыртқа арқылы тәжрибе өткізу

21

2.3 Сауалнама арқылы жобаның пайдалану аясын байқау

22-29

2.4 Берілетін кеңестер

30

IV.Қорытынды

31

V.Әдебиеттер тізімі

32

Пікір

33
Мазмұны:

Абстракт

Жұмыстың өзектілігі. Адамның ұялы телефонмен байланысқан жағдайда электромагниттік сәулелердің адам ағзасына әсерін сипаттау. Электромагниттік сәулелердің таралуы, адам миына және қан қысымына әсерін зерттеу. Электромагниттік сәулелер адам ағзасына тікелей әсер етеді. Сондықтан адам ұялы телефонмен байланыс жасағанда миы 10 -қа дейін қызып кетеді. Ғылыми жобада адам ағзасына телефонның қай жағдайда қаншалықты зиян екенін, одан қалай қорғану керек екенін зерттеп қарастырдым.

Зерттеудің мақсаты: электромагниттік сәулелердің адам ағзасына зиянын қарастыру. Ұялы телефонмен байланысқан жағдайда адамның қан қысымының өзгерісін бақылау. Ұялы телефонның адам ағзасына тікелей әсерін зерттеу.

Зерттеудің міндеті: ұялы телефоннан адам ағзасына жететін электромагниттік сәулелердің адам қысымының өзгерісіне әсерін есептеп, диаграммалар арқылы салыстыру, қорытынды жасау.

  • Бірінші теориялық білімді жетілдіре отырып, адам ағзасына электромагниттік сәуле әсерін зерттеу. Ол үшін бірінші 7,8.9 сынып оқушыларына, мұғалімдерге ұялы телефонның зияны туралы баяндама оқылды. Баяндаманың пайдасы жөнінде сауалнама алу.

  • Екінші жас ерекшеліктері әр түрлі 20, 36, 64 жастағы кісілердің ұзақ уақыт (10минут) ұялы телефонмен сөйлесу кезіндегі артериалды қысымның өзгерісін бақылау.

  • Үшінші екі ұялы телефон арасын жұмыртқаны қойып үздіксіз байланыс жасап нәтижесін алу.

Зерттеу аймағы. ұялы телефон байланысының адам ағзасына әсерінің деңгейі

Зерттеудің теориялық негізі: Электромагниттік сәулелер, ұялы телефон.

Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі таңдағы түрлі ауруларға себеп болып жатқан ұялы телефон, компьютердің электромагниттік сәулелер әсері.

Зерттеу әдісі: Салыстыру, сараптау, талдау, өлшеу.

Жүргізілген зерттеудің ғылыми жаңашылдығы: Қарапайым тәжірибелер арқылы адам ағзасына ұялы телефон байланысының әсерінің бар екендігін көрсету, ағзаға зиянын көрсету.



Жүргізілген зерттеулердің практикалық мәні: Адам ағзасына электромагниттік сәулелердің, яғни ұялы телефонның әсері, одан келетін зиян.

Ғылыми жобаның құрылымы мен көлемі: ғылыми жоба 2 тараудан, теориялық және практикалық бөлімнен 4 кесте, 6 диаграмма, 10 әдебиеттер тізімінен тұрады.

Abstract
The relevance of the work: If connected to a mobile phone to describe the effects of electromagnetic radiation on the human body. The spread of electromagnetic radiation on the human brain, and to study the effect of blood pressure. Electromagnetic radiation affects the human body. Therefore, the human brain by 10 anticipated when the mobile phone becomes hot. Research projects the phone about the dangers of what the human body, and considered how to study the need for protection.

The purpose of the study: to consider the harm of electromagnetic radiation on the human body. Mobile phone case, a change in a person's blood pressure control. The mobile phone of a direct effect on the human body.

The research objective: that the human body electromagnetic radiation from mobile phones to calculate the effect of the change in the pressure of the people, charts, by comparison, to make the final.

 improve the theoretical knowledge, the first study of the effect of electromagnetic radiation on the human body. It is the first 7,8.9 school students, teachers read a report on the dangers of mobile phone. A survey report on the benefits.

 The second age different 20, 36, 64-year-old men for a long time (10 minutes) cellular phone changes in blood pressure under control.

Ü between the two mobile phone eggs continuous liaison with the results.

Field of study. The level of the impact of mobile telephony in the human body

Theoretical basis: Electromagnetic radiation from a mobile phone.

The objective of the investigation: the cause of various diseases of modern mobile phone, PC exposure to electromagnetic radiation.

The method of research: Compare, review, analysis and measurement.

Scientific novelty of the study: The most experienced mobile is in effect on the human body, the damage to the body.

The practical significance of the research: the effect of mobile phone electromagnetic radiation on the human body that want to harm him.

Structure and scope of the research project: research projects in Chapter 2, theoretical and practical parts Table 4, Figure 6, 10 list of references.


Кіріспе
Ұялы телефон арқылы берілетін электромагниттік сәулелердің ағзаға әсерін тәжірибелер арқылы көрсетіп, алға қойған мақсат,міндеттерімізді орындай алдық. Қазірде адамдар техникасыз өмір сүре алмайды, онсыз өмірлерін де елестете алмайды. Жай ғана кішкентай болған ұялы телефонның әсері адамның бүкіл дене мүшелеріне,есте сақтау қабілетіне,ми оргондарына,артериялық қысымына әсер етіп,соңында мида ісіктің пайда болыуына себепші болады. Электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм­брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал. Оған дәлел ретінде бірнеше тәжрибелер өткіздік. Қарапайым жұмыртқаны екі ұялы телефон арасына қойып байланыс жасағанда нәтижесінде жұмыртқаның дәмі бұзылып,піскенге дейін жетті. Екі ұялы телефонның арасы жақын,біздікі алыс,бірақ жылдар өте келе жұмыртқаның күйіне түсіуіміз мүмкін. Бір ойланып қарайықшы ұялы телефон кішкене бола тура осыншама зиян тигізсе,ал комьпютерші



1.Теориялық бөлім

1.1 Электромагнитті сәулелердің адам ағзасына әсері
Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам ағзасына өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.
Электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм­брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал.

Біріншіден, аталған қондырғыларды тұ­йық­тау жүйесіне міндетті түрде енгізу қа­жет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да бас­қа құралдардың орналастыру талабы мен пайдала­ну уақыты сақталынуы ти­іс. (Күндік тиісті уа­қыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір са­ғат сайын, балалар әр 30 минут са­йын үзі­ліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнын­дағы электро­магниттік өріс дең­гейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұ­руы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні кішкентай балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың өзінде ұялы телефонсыз үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «ұялы телефон» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. «Ұялы телефон» балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе, жастар күндіз-түні «ұялы телефонға» жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.

Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес.Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, ғаламтор мен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? Асықпаңыз...

Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.


  1. "Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді.

  2. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.

  3. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады. 

1 - сурет

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.



  • Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз.

  2 - сурет


  • Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз.

  • Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.

  • Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

  • Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.

Ғалымдардың айтуынша, ұялы телефонды ұзақ пайдаланған адамдардың есту, көру, есте сақтау қабілеті нашарлайды екен. Ал Еуропа зерттеушілерінің мәліметінше 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың жұмыс істеуі бұзылып, мида қатерлі ісіктің пайда болу қаупі артады екен. Онымен қоймай, бұл ауру өзінен кейінгі ұрпағына берілуі мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.Интернет беттеріндегі кей жазбаларға үңілсек, ұялы телефонның әсерін білу үшін бірнеше зерттеулер де жүргізілген. Мәселен, бір ай бойына әртүрлі ұялы телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірибесін жасаған. Тәжірибеден кейінгі екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі сыр берген. Содан соң сәулеленген атжалмандардың қанын сәуле қабылдамаған «таза» буаз атжалман тышқандарға егуді жүргізген. Нәтижесінде бүкіл атжалман тұқымымен өліп қалған.

3 - сурет

Бір адамда бір емес бірнеше телефон.
-Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек. Жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдану керек.

-Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек.

-Аяғы жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет. 

-Әсіресе нерв жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон қолдану жастары кешіктірілуі керек. 

-Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек.

-Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жиһазды құлаққа жақындату ең сенімдісі.



-Топтық тасымал көліктерінде электрондық хабарласу жүйелері болымсыз әсер етеді. Сондықтан жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі.

алымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған.Анкара дәрігерлер жасалған мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды.Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда».Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі "Transmitter" ("таратқыш",передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергия зиян.Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға жұтқызылады. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады.Ол клетка миға құтқару сигналын жібереді, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып жатқан сигнал қуаты басып кетеді. Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану өте зиян. Құлақ тыңдағыш арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін уақыт сигналды қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды. Электромагниттік сәулелендірудің адам ағзасына тигізер зияны туралы жинақталған білімдер, телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулелендірулер онымен байланысқа түскен адамдар денсаулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді. Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр. SAR (ағылш. Specific Absorption Rates) – ұялы телефон пайдаланған 1 секунд ішінде адам ағзасына жұтылатын ең жоғары меншікті қуатты көрсететін меншікті коэффиценті. Оның өлшем бірлігі 1Вт/кг.

Еуропада рұқсат ету мәні 10 граммға 2 Вт/кг

АҚШ-та 1 граммға 1,6 Вт/кг

Ресей, ТМД-да 1Вт/см22о

SAR неғұрлым төмен болса, ұялы телефонның сапасы жоғары.

Өз ұялы телефоныңыздың SAR білу үшін нұсқаулықты оқу керек.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен «Interphone» деген атаумен зерттеу жүргізілген 2000-2004 жж. Аралығында 13 елде жүргізілген зерттеуге 12800 адам тартылған. Ұялы телефон пайдалану мен ми ісігі арасында өсу жағдайы 8 жағдайдың алтауында анықталса, 1 зерттеу бойынша ми ісігінің бірі глиома 39% өскен.

Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық күніне 2 реттен артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар артқан.

Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің

төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға болады. Алайда асыра пайдалануға, уақытты ұтымсыз бөлуге рұқсат бермеуді ұсынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір сүру сипатынан, 17-20%- әлеуметтік және табиғи жағдайдан, 17-20%- тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінен, 8-9%-ы денсаулық сақтау ұйымдарының тиімді жұмыстануынан тәуелді екен. Бұдан, адам өмірінің зиянды әсерден қашық болуы өз денсаулығына немқұрайлы қарауынан, салауатты өмір салтын ұстануынан, сауаттылығынан байланысты екені шығады. Адам өркениеттің жетістіктерін өз денсаулығына зиян келтіруіне жол бермеуі тиіс.
1.2 Телефон қолданысындағы қателіктер

Қазіргі кезеңде телефон ең сенімді серігімізге айналды. Ал тіптен жастар арасында түнді таңға жалғап телефонда сөйлесетін әдет те пайда бола бастады. Алдыңғы ұрпақта қалтафонның қолдану аясы мұнша кең болмағандықтан, қартайған кездегі душар ететін дертін біз біле бермейміз.

Ең бастысы техникалық құрылғылардың адам өміріне алып келер зардабы біздің замандастарымызға бұйырған шығар. Мамандар оның радиациясының адам денесіне тигізер орасан зор зиянын айтып, күн сайын дабыл қағуда. Дегенмен оны елеп-ескеріп жатқан пенде жоқ. Техника біздің айрылмас бөлшегімізге айналып қалғандай. Сол үшін де оны қолданба деп айту «заманнан тыс қалып қой» дегенмен бірдей. Дегенмен, оның зияны туралы да біле жүргеніміз жөн. Біз төменде мамандардың ұсынысын ескерту ретінде беріп отырмыз.

Қалтафоныңызбен сөйлесу кезінде бір орыннан қозғалмай, байланыс желісі жақсы ұстайтын жерде тұрып сөйлесуге тырысыңыз. Нашар желі мен арлы-берлі қозғалыс барысы одан бөлінетін радиацияны күшейтіп жіберетіндіктен, оның адам денесіне, жүйке жүйесіне кері әсері арта түседі. Ал лифт ішінде ең жақсысы телефон пайдаланбаған абзал.

Ал телефон нөмірін терген сәтіңізде қарсы жақ көтермейінше телефонды құлағыңызға апара көрмеңіз. Бұл кезде де оның радиациясы барынша артады. Ал қарсы жақ телефон тұтқасын көтергенге дейін барынша бас бөліміңізден аулақ ұстаңыз.

Ал телефонды беліңіз бен мойныңыздан аулақ ұстаңыз. Адамның кейбір әлсіз жүйелері оның болмашы радиациясынан да зардап шегеді. Жүктілік мезгілінде телефон қолданудан тіпті аулақ болыңыз.


Әдеттегі жағдайда телефоныңыздың блютуз жүйесін сөндіріп қойыңыз.

Ұзақ уақыт радиация әсері үлкен мида пайда болатын әртүрлі аурулардың себепшісі. Сондықтан барынша сақтану үшін құлаққап пайдаланғаныңыз жөн.

Көлік ішінде телефон пайдалану жол апатына жолықтырудан тыс, адам денесіне орасан зор әсер етеді. Ондай жағдайда көлігіңіздегі магнитофонды өшіріп барып, телефон қабылдаңыз. Ал көлікпен жүрген кезіңізде телефоныңызды сөндіріп қойсаңыз, тіптен жақсы.

Телефон қолданудың адам денесіне тигізер қандай зардаптары барын, қандай аурулар мен дертке душар ететінін алда да айтатын боламыз.

Ұялы телефон арақтан да қауіпті

Алғашқы қауымдық құрылысты жабайы, артта қалған қоғамға балаушы едік. Бүгінгі өркениетті тіршілігіміздің де оңып тұрғаны шамалы екен. Адамзат бір қадам алға басқан сайын, екі қадам кері кетіп барады

Өндірісті өркендеттік, есесіне, улы газ бен зиянды қалдыққа қарық болдық. Ғарышты игеріп ек, озон қабатын шұрқ тесік етіп, жұқартып тастадық. Мұхит-теңіздің түбін ұңғып алған мұнайымыз сыртқа ағып, ихтиофаунаны ластап бітірді.

Күні бүгін дүниежүзінде түрлі қажеттіліктер үшін табиғи қазба байлықтарының ондаған түрі мен 60-тан аса химиялық эле­менттер қолданылады. Жыл сайын жер қойнауынан алынған 44 млрд тонна байлықты жұтып жатырмыз. Жан басына шаққанда жылына 8 тонна шикізатты тұтынамыз. Соңғы бір ғасырда бұл көрсеткіш төрт есеге өскен. Табиғат қазынасына бұлайша қомағайлықпен қол салу күндердің күнінде адамзатқа кері әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Адамның ашкөз іс-әрекетінің нәтижесінде жаңа, бұрын-соңды болмаған техногендік аурулар пайда бола бастады. Атап айтқанда, қорғасынмен уланудан сатуризм, кадмийден «ита-­ита», сынап қосылыстарынан минамата секілді дерт түрлері басымызға бәле болып жабысты. Бұған дейін экология сөзін табиғатқа қатысты қолданатынбыз. Енді кезек өзімізге келіп, «адам экологиясы» деген ұғым пайда бола бастады. Өркендейміз деп жүргенде өзімізге өзіміз ор қазып жатқандаймыз.

«Техникалық прогрестің төресіндей көрінген теледидар, компьютер, қалтафондар аса қауіпті сәуле таратады, соқыр, саңырау қылады, мида қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етеді» дейді мамандар. Таңның атысы, күннің батысы «көк жәшіктің» алдында көсіліп жататын жас-кәрі Қазақстанда да аз емес. Оларда қимыл-қозғалыс аз. Сондықтан семіздік, жүрек-қан тамыр дерті, көру қабілетінің төмендеуі, ми қызметінің бұзылуы жиі кездеседі. Зерттеулерге сәйкес, үш пен алты жас аралығындағы баланың басым бөлігі тәулі­гіне 8-10 сағат бойы тапжылмай теледидар көреді екен. Оларды таза ауаға шығарып, спортпен шұғылдануға икемдейтін ата-аналар саны онша көп емес. Қайта өздері­мен бірге сериал қаратып, «жыламаса, шу шығармаса бол­ды, теледидардың алдында отыра берсін» дейтіндерін қайтерсің.

Өмірімізге дендеп енген ұялы байланыстың зияны тіпті ересен. Ғалымдар мынадай эксперимент жасаған. Екі қалта­фонның дәл ортасына шикі жұмыртқаны қойып қоңырау шалады. Үздіксіз шалынған қоңыраудан тараған электромагниттік өріс ақыры шикі жұмыртқаны пісіріп жібер­ген. Әрине, қалтафоннан шығатын электромагниттік өріс адам ағзасына бірден дәл бұлай зиянын тигізбеуі мүмкін. «Бірақ біраз жылдың ішінде жиналып, кумулятивті әсер етеді» дейді мамандар. Олар, әсіресе «үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды» деп дабыл қағуда. Өйткені электромагнитті өріс өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлататын көрінеді. Өкінішке қарай, бүгінде элек­тромагнитті өріссіз орта жоқ. Ол интернет, мектептердегі лингофондық кабинеттер, интерактивті тақталардан да шығады.

5 - сурет

Техника дамыды, алайда оның залалы да еселеніп барады. Ұялы байланыстың адам ұрығына да кері әсері қазір дәлелденген жағдай. Бұл туралы биология ғылымының докторы Салтанат Байқошқарова былай деген екен

Осыдан он шақты жыл бұрын біз зерттеу жүргізе бастағанда, ерлердің ұрығының белсенділігі жоғары болатын. Бар болғаны 10 жыл ішінде ол белсенділік бірден 30 пайызға төмендеді. Мұның себебі өте көп.

Экологияның бұзылуы, ғылыми-техникалық революцияның «жемісі», арақ пен темекі, тіпті адамзаттың барлық жеткен жетістіктерінің зиянды жағы әсер етіп жатыр деуге болады. Бірде шетелде өткен конференцияда «ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіге қарағанда, екі есе көбірек және үш есе жылдамырақ зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасалды. Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефонды ұстауға тыйым салынған. Және «әр адам ұялы телефонды өзінен кем дегенде 1 метр қашықтықта ұстауы керек» деген тәртіп енгізуде. Олар ұялы телефонды алыстан басқару тетіктері немесе құлаққап арқылы пайдалануға көшіп жатыр. Ал біздегілер телефонын басына жастап ұйықтап, таңертең соның шырылымен оянады. Бұл баста ісік туды­руға «көмектесетінін» ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Енді ұялы телефонның ер адамдардың репродукциялық (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екені айтылуда. Біздің ер адамдарымыздың көбі телефонын беліне жақын жерге, белбеуіне қыстырып жүретіні жасырын емес. Мен «ерлердің белсізденуіне ұялы телефон айрықша әсерін тигізіп жатыр» деп қадап айтқым келеді», – дейді ғалым.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал.



6 - сурет

Ф – 31 тобының баяндама оқылғаннан кейінгі сәті

2. Практикалық бөлім:
2.1 20, 35 жастан жоғары,60 жастан жоғары адамдардың телефонмен сөйлесіп жатқандағы артериялық қан қысымының өзгерісін байқау.

Қан қысымын өлшемес бұрын қан қысымын өлшейтін құралмен танысайық

Артериялық қан қысымын өлшеуде кеңінен таралған Рива-Роччи әдісі, оны әрі дамытқан Коротков. Бұл әдіс арқылы иық артериясындағы максимальді және миниамльді артериялық қан қысымы анықталады. Әдіс белгілі бір уақытта артрияда қысқаннан кейін шетке қарай тарайтын дыбысты естуге негізделген.
1. Зерттелуші иығына созылмайтын матамен қапталған резінкелі манжетті орналастырады, Манжетка резінкелі грушамен және монометрмен байланысқан.

2. Грушанын көмегімен білек артериясында тамыр соғысы жоғалғанға дейін ауаны енгізеді (қысым систолалық қысымнан аздап жоғары). Содан кейін грушанын бұрмдамасын сәл босатып манжеткадағы қысымды төмендетеді.


7 – сурет Танометрдің құрылғылары.

3. Фонендоскоптың көмегімен білек буын аймағында иық белдеуінде пайда болған дыбысты естуге тырысады және сол уақытта манометрдің көрсеткішін бақылап отырады. Дыбыстар манжеткадағы қысым систолалық деңгейден төмен болған жағдайда пайда болады.

4. Тамыр соғысы жүректің систоласы кезінде қанның артерияға енгенінен болады. Осы уақыттаға манометрдің көрсеткіші қанның систолалық артриялық қан қысымына сәйкес келеді.

5. Қысымның әрі төмендеуі дыбыстың жоғалуына әкеледі. Дыбыстың толығымен жоғалу сәті диасталық қан қысымына сәйкес келеді. Осы уақыттан бастап манжеткадағы қысым артерияны қысым көрсете алмайды, сондықтан дыбыстар естілмейді.

8 - сурет Танометрдің жалпы көрінісі





  1. Алдымен директор тәрбие жөніндегі орынбасары Нарбутина Мадина Құдайбергенқызының қан қысымын 0,10,20 минуттарда өлшеп көрдік.

( жасы 26 – да)

9 - сурет



  1. Кейін бастауыш сынып мұғалімі Кенжегулова Бақыт Советқызының қан қысымын өлшедік (жасы 35 – тен жоғары)

10 – сурет

  1. Математика пәнінің мұғалімі Кичук Галина Михайловнаның қан қысымының телефонмен сөйлесу уақытының өзгерісі бойынша бақыладық. (Жасы 60 та)

11 - сурет



Нәтижесін кестеге түсіріп диаграммасын шығардық

1-кесте


№ п/п

жасы

Сөйлескен уақыты мин

систоликалық артериялды қысым

диастоликалық артериялды қысым

1

20 жастан жоғары

0

5

10



120

125


130

80

85

90



2

35жастан жоғары

0

5

10



100

90

90



80

70

60



3

60 жастан жоғары

0

5

10



160

170


180

100

110


120

1-диаграмма

2-диаграмма




Бұл диаграммадан көріп отырғанымыз ұялы телефонмен ұзақ уақыт сойлесу адам ағзасына мейлінше әсер етеді. Бірінші өлшеу кезінде 20 жастағы адамның уақыт өтуіне байланысты қан қысымы өскенін көреміз, яғни бұл кісінің ағзасындағы өзгеріс табиғатқа, әр түрлі факторларға байланысты қысымы жоғарлап отыратын болғаны. Екінші өлшеу кезінде көрніс керсінше болғанын көріп отырмыз. Бұдан қорытынды екінші өлшенген адам ағзасы қан қысымының төмендеуі, яғни бұл кісінің ағзасындағы өзгеріс табиғатқа, әр түрлі факторларға байланысты қысымы төмендеп кететіні болып отыр. Келесі үшінші өлшеу кезінде адамның қан қысымы өте тез арада жоғары деңгейге көтеріліп кетуі. 10 минут ұялы телефонмен сойлескен Ізтай ағайға менің экспериментімнен кейін алғашқы көмек қажет болды деп айтуға болады. Нәтижесінде қан қысымы жоғары адамдарға ұялы телефонды ағзаға яғни басқа, жүрекке тағы да басқа мүшелерге тым жақын ұстауға да болмайды. Сонымен біздің денсаулығымыз біздің өзіміздің өмір сүру әрекетімізге тығыз байланысты.


    1. Жұмыртқа арқылы тәжрибе өткізу

Өмірімізге дендеп енген ұялы байланыстың зияны тіпті ересен. Ғалымдар мынадай эксперимент жасаған. Екі қалта­фонның дәл ортасына шикі жұмыртқаны қойып қоңырау шалады. Үздіксіз шалынған қоңыраудан тараған электромагниттік өріс ақыры шикі жұмыртқаны пісіріп жібер­ген. Әрине, қалтафоннан шығатын электромагниттік өріс адам ағзасына бірден дәл бұлай зиянын тигізбеуі мүмкін. «Бірақ біраз жылдың ішінде жиналып, кумулятивті әсер етеді» дейді мамандар. Олар, әсіресе «үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды» деп дабыл қағуда. Өйткені электромагнитті өріс өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлататын көрінеді. Өкінішке қарай, бүгінде элек­тромагнитті өріссіз орта жоқ. Ол интернет, мектептердегі лингофондық кабинеттер, интерактивті тақталардан да шығады.

12 – сурет




    1. Сауалнама арқылы жобаның пайдалану аясын байқау

Ұялы телефонның пайдасы мен зиянын тексеру тесті

  1. Ұялы телефонды пайдаланып жатқанда өзіңізде өзгерістер сезесіз бе?

А) өзгерісті байқамаймын

Б) бас ауру

С) назар аударудың азаюуы

Д) есте сақтау қабілетінің жоғалуы

2 - кесте


өзгерісті байқамаймын

11

55%

басым ауырады

4

20%

назар аударудың азаюуы

1

5%

есте сақтау қабілетінің жоғалыуы

2

10%

Адамдардың көпшілігі ұялы телефонды қолданғанда өз ағзасындағы өзгерістерді байқамайды.

3- диаграмма

Сіз телефонмен қанша уақыт сөйлесесіз

А) 1 минут

Б) 5 минут

С) 10 минут

Д) 30 минут

Е) 1 сағат

4-диаграмма



Адамдардың көбі 70%-ы, ұялы телефонмен ұзақ, уақыт сөйлеседі, адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Біз математика және физика кафедрасының оқытушыларынан және Физика – 11, 31 тобының студенттерінен жоғарыда жүргізілген баяндама мақсаты бойынша ұялы телефонның қаншалықты зияндығын ұққандықтарын сауалнама арқылы тексердік

13 – сурет Баяндаманың оқылу сәті 7,8,9 сыныптар

Сауалнаманың мақсаты: жоғарыда оқылған баяндама қаншалықты адамдарға ұқтыра алдық, адамдардың осы қауіпсіздік шараларына мән беру бермеуін тексеру

Алдымен оқытушылардан сауалнама алдынды



14 - сурет

Кейін оқушылардан сауалнама алынды



15 – сурет

Сауалнаманың мәтіні

1.Ұялы телефонды сатып алар кезде оның SAR – ына мән бересізбе?

а) ия

б) мән бермеймін



с) жоқ


  1. Сіз телефон нөмерін терген сәтіңізде қарсы жақ көтермейінше телефонды құлаққа алып бармауға тырысасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Сақтану үшін құлаққап (наушник) жалғап, сол арқылы сөйлесесіз бе?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Үйде болғанда ұялы телефонды емес үй телефонын пайдаланасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге әдеттенесіз бе?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Лифт ішінде, пойызда телефонмен сөйлеспеуге әрекет жасайсызба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Осы айтылған кеңестерге амал еуге тырысасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Көлікпен жүргенде ұялы телефонды пайдаланбауға тырысасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалмауға тырысасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғанасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ

6 – сурет оқушылардың сауалнамаға жауап беру сәті.



Сауалнаманың нәтижесі

Мектеп оқушылары телефонның зияны және оның зиянын кеміту жөнінде баяндама оқылғаннан кейін оқушылардан сауалнама алғандағы диаграммалық көрсеткіші. 3 - кесте



1

а жауабы

40

2

в жауабы

23

3

с жауабы

22

5-диаграмма

Мектеп оқушыларынан алынған баяндаманың нәтижесі. 4 –кесте


1

а жауабы

63

2

в жауабы

19

3

с жауабы

49


6-диаграмма

Осы диаграммада көріп отырғанымыздай жүргізілген баяндаманың, өткізген эксперименттердің адам баласын электромагниттік сәулелерден қорғаныуының бір нәтижесі.



    1. Берілетін кеңестер

1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.


2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен
сөйлескеніңіз дұрыс.
3. SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс.
4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.
5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.
6. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.
7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс.
8. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.
9. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.
10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.
11. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.
12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.
13. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.

Қорытынды

Біз осы ғылыми жобада көрсетілген мақсаттар мен міндеттерімізді толықтай орындай алдық десек қате болмас. Ұялы телефон арқылы берілетін электромагниттік сәулелердің ағзаға әсерін тәжірибелер арқылы көрсетіп, алға қойған мақсат,міндеттерімізді орындай алдық. Қазірде адамдар техникасыз өмір сүре алмайды, онсыз өмірлерін де елестете алмайды. Жай ғана кішкентай болған ұялы телефонның әсері адамның бүкіл дене мүшелеріне,есте сақтау қабілетіне,ми оргондарына,артериялық қысымына әсер етіп,соңында мида ісіктің пайда болыуына себепші болады. Электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм­брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал. Оған дәлел ретінде бірнеше тәжрибелер өткіздік. Қарапайым жұмыртқаны екі ұялы телефон арасына қойып байланыс жасағанда нәтижесінде жұмыртқаның дәмі бұзылып,піскенге дейін жетті. Екі ұялы телефонның арасы жақын,біздікі алыс,бірақ жылдар өте келе жұмыртқаның күйіне түсіуіміз мүмкін. Бір ойланып қарайықшы ұялы телефон кішкене бола тура осыншама зиян тигізсе,ал комьпютерші. Біз қорыта айтқанда телефонды мүлде пайдаланба деп айтпаймыз. Тек қана осы жобада баяндалған қорғану шараларына амал ететін болсақ, электромагниттік сәулелердің зиянын 70% дейін азайтуымыз мүмкін. Бұл жоба тек осы жерде ғана оқылып қоймай басқада қоғамдық жерлерде: бала – бақшада,мектептерде,колеждерде,ЖОО – дарында баяндама ретінде жүргіліп, естігендер естімегендерге жеткізсе біз мақсатымызға толықтай жете аламыз. Сонда ғана біз ұялы телефонның адам ағзасына зиянын 50 пайыздай төмендете аламыз. Ұрпақтарымыздың болашақтарын ойлау біздің міндетіміз. Солай екен кішкентай ғана ұялы телефоннан әсер ететін электромагниттік сәулелерден өзімізді ұрпаұтарымызды қоғай білейік.
Пайдаланған әдебиеттер


  1. Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Б.М.Дүйсембаева,Г.З.Байжасарова,А.А.Медетбеков

  2. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы. — 384 бет.

  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.

  4. Жижин Г.Н., Москалева М.А. и др. Распространение поверхности электромагнитных волн по металлическим поверхностям.- М.: Наука, 1985.

  5. Майер В.А. Мобильная связь и ее воздействие.- СПб.: Знание, 1999.

  6. Беляев Ю.В. Неврологический эффект и мобильные коммуникации.: М.: Мысль, 1998.

  7. Готовский Ю.В., Перов Ю.Ф. Электромагнитная безопасность в офисе дома. – М.: «ИМЕДИС», 1998 – 176 с., ил.

Қосымша дерек көзі

  1. www.smartphone.ua/test_4546.htm

  2. www.vredno-vsyo.ru/technika_v_dome/

  3. www.ruklinok.info/news/2011-01-27-1

  4. www.uznai-pravdu.ru

  5. www.aif.ru/health/news/30887

Нахимов негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Мухамбетрахим Арайлымға «Ұялы телефондағы электромагниттік сәулелердің адам ағзасына зияны» ғылыми жұмысына

пікір

Қазірде ұялы телефонды пайдаланбайтын кісіні көрмейміз. Арайлымның ғылыми жұмысы ұялы телефондағы электромагнитті сәулелердің қаншалықты зиян екендігі көрсетілген. Ұялы телефонмен сөйлескен кездегі адамның қан қысымының өзгерісі өте жақсы қарастырылған. Теориямен практикалық бөлімі үйлесім тапқан,кең көлемді ғылыми жоба



Жұмыс заманауи мәселеге арналған. Екі тараудан құралған. Бірінші тарауында қаралатын мәселелердің теориялық негіздері қарастырылған. Екінші тарауда эксперименттік түрде көз жеткізген. Тәжірибенің көрсетулері теорияның қорытындыларын үлкен дәлдікпен дәлелдеген. Жұмыстың жасалуы қарапайым және түсінікті тілмен баяндаған. Жұмыс авторы зерттеулерді орындауда өзіндік іс-әрекеттерді тиімді жүргізген.

Жұмыс толықтай орындалған, талқыланған, мысалдар, анимациялар келтірілген, қорытынды жасалынған. Теориялық мәселелерді дәлелдеу барысында эксперименттік зерттеу жүргізілген.


Ғылыми жетекші:



Физика және информатика пәнінің мұғалімі Акабаева М.К



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет