Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет185/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   195
кітап тарбие туралы

Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сю-
жетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте 
өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын 
қалыптастырады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – ба-
ланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді 
тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиын-
шылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады. 
Жақсылық – адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын ұғым. Адамға 
жағымды нәрселердің бәрі жақсылық арқылы жүзеге асады. Осы жалпы қа-
сиеті арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, арман-тілегіне, бола-
шақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың 
іс-әрекеттеріне, қоғамдық орындарда, тұлғалардың қарым-қатынасына тиісті 
баға беріледі. Жақсылық әр түрлі деңгейде тұлғалық қасиеттердің ізгілігін 
айқындайды. Бұл ұғым әлеуметтік психология мен әдептану ғылымдарында 
жиі қолданылады және адамның жас ерекшелік, ұлттық, жыныстық (гендерлік) 
өзгешеліктерімен байланысып жатады. Жақсылық ұғымы педагогикалық пси-
хологияда да, этнопсихологияда да жиі қолданылады.
Жігер – адамның түрлі қиындықтарды саналы түрде жеңе білу қабілеті. 
Адамның мінезінде жеке басының жігері басты орын алады. Жігерлі адам 
көздеген мақсатына жету үшін зор табандылық көрсете біледі. Жігерлілік 
әрекетінің басты мақсаты – қабылдаған шешімді орындап шығу. Адам жігері 
арқылы кез келген қиындықты жеңуге жол табады. Адам өзінің жігері арқылы 
қиыншылықтарды жеңуге ұмтылады. Адамның өз мінез-құлығын жігеріне 
бағындыра білуі тәрбие жұмыстарында және өзін тәрбиелеуде өте қажет. Мақ-


306
Глосcарий
сатқа жетуді көздеу, айтқанында тұру, өзін ұстай білу, шұғыл шешім қабылдау, 
тәртіпке бағыну адамның жігері арқылы қалыптасады.
Жігіт – ер жеткен, кәмелетке толған ер-азамат, бозбала. «Жігіт» сөзінің 
ертедегі, алғашқы мағынасы туралы «Орхон-Енисей» жазба ескерткіштерін-
дегі Күлтегін немесе Тоныкөк жазуларына көңіл аударсақ, «ігід» сөзін оқып, 
«қолдау, көтермелеу» деген түсінік аламыз. Ал Ж. Баласағұнның «Құдатғу бі-
лік» еңбегінде «ігід» – тәрбиелеу, дағдыландыру, өнеге беру мағыналарына ие. 
Осы деректерге қарағанда, қазіргі қолданылып жүрген «жігіт» деген сөзіміздің 
алғашқы мағынасы «қолдау, көтермелеу», одан бері келе «өнеге беру, тәрбие-
леу» мағынасына дейін жетіп, ең соңында, біздің кезімізде, өнеге көрген, тәр-
бие алған, ой-өрісі қалыптасқан тұлғаны айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет