146
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Айрылар ата мұрадан!
Мұны неге білмейсің!?
Құладын құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүнін түледі, –
Аққу құстың төресі.
Ен жайлап көлді жүр еді.
Аңдып жүрген көп дұспан
Елге жау боп келеді:
Құладын қуды өлтірсе –
Өз басыңа келеді!
Құлың
кеп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі,
Мұны неге білмейсің?
...Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан
жерге ел көшір,
Мұны неге білмейсің?
...Ай, Жәнібек, ойласаң,
Қилы, қилы заман болмай ма,
Суда жүзген ақ шортан
Қарағай басын шалмай ма?!
Мұны неге білмейсің!?
Достарыңызбен бөлісу: