73
7 бөлім
МИНЕРАЛДЫ ТҰТҚЫР ЗАТТАР
Минералды (бейорганикалық) тұтқыр заттар – су қоспасында
пластикалық массаны құрайтын, тас қалпына дейін қатайтатын жұқа
ұсақталған ұнтақтар. Бұл құрылыста кеңінен таралған материал, себебі ол
қабырғалар
мен іргетастарды қалауда, бетон өндірісінде және
темірбетонды ғимараттарды тұрғызуда, қабырғаларды,
едендерді
сылауда қолданылады. Тұтқыр заттардың мақсаты – келешек бұйымдар
немесе құрылымдардың құраушыларыңн бүтін тұтасқа байланыстыру.
Минералды тұтқыр заттарды тау жыныстарының пештерінде күйдіру
арқылы алады (әктерді, гипсті, ангидридті, доломит және магнезитті).
Күйдіру нәтижесінде алынған кесектерді жұқа ұнтақтарға малады.
Тартылған ұнтақтан кейінгі түйірдің көлемі кіші болған сайын, оның
тұтқыр белсенділігі жоғары болады.
Тұтқыр заттардың негізгі көрсеткіштеріне
қатайту және беріктендіру
жылдамдығы жатады. Минералды заттарды қатайту олардың сумен
әрекеттестігінде туындайды (гидратация реакциялары). Бұл үрдісті тиімді
өткізу үшін беріктендірілетін материалда ылғал болуы керек. Ылғалдың
жетіспеушілігінде қатайту үрдісі тоқтатылады. Қатайту жылдамдығы
әртүрлі - гипсте бірнеше сағаттарға созылса, әктаста жүздеген жылдарға
ұласады. Қатайту үрдісінде екі кезеңді қарастырады: қатаю және
беріктікті жинау (қатайту мәнінде).
Тұтқыр пластикалық қалыптың
қоюлана бастауы және өзінің
созылымдылығын жоғалтқан сәті қатаюдың басталуы деп аталады.
Одан кейін қалып одан сайын тығыздалады, толығымен қоюланып,
қатты тас сияқты денеге айналады. Бұл сәтті қатаюдың аяқталуы деп
атайды. Қалып тек формаға құйылғаннан кейін қатаюы керек.
Достарыңызбен бөлісу: