62
2.11-кестенің соңы
Топтастыру белгісі
Сипаттамасы
Есептеуіш
құралдарының типі мен
архитектурасы
Ұжымдық
əзірлемені
қолдау дəрежесі
Операциялық
жүйенің
типі
Дербес жүйелер; жергілкті жəне жаһандық
желілерде пайдаланылатын жүйелер
Ұжымдық əзірлемені қолдамайды;
жобаны
нақты уақытта əзірлеу жүйелері; жекелеген
кіші жобаларды біріктіруге мүмкіндік беретін
жүйелер
Белгілі бір операциялық жүйе типіне
бағдарланған жүйелер, кроссплатформалық
жүйелер
CASE-жобалау әдіснамалары. Жалпы əдіснамалар арасындаекі
негізгі əдіснаманы белгілеуге болады: DATARUN жəне RAD (Rapid
ApplicationDеvеlорmеnt) [5].
DATARUN әдіснамасы ISO 12207 ақпараттық жүйесінің өмір
циклінің стандартына негізделеді. Бұл əдіснама жүйенің өмір цмклін
бизнес-үдерістер мен белгілі үрдегі
модельдер жиынтығы ретінде
қарастырады. Жобалау элементтері 2.12-кестеде келтірілген.
DATARUNəдіснамасының жұмыс элементтері 2.12-кесте
Элемент
Сипаттамасы
Business Prосеss
Бизнес-үдерістердің моделі. Ұйыммен
Mоdеl (BPM)
орындалатын функциялар, тапсырыс беруші-
ұйымның
құжат
айналымы
үдерісінде
пайдаланылатын шектеу-қағидалар тізбесі
Primarу Data
Бастапқы деректер құрылымы. Жүйенің мəндік
Struсturе (PDS)
саласында
белгілі
бір
объектілер
жинағын
белгілеуді көздейтін деректердің тұжырымдамалық
моделі
SystemProcess
Деректердің тұжырымдамалық моделі. Мəндік
Mоdеl (CDM)
саланың объектілері
арасындағы байланыстарды
айқындау объектілердің атрибуттер тізбесін белгілеу
Sуstеm Prосеss
Жүйе үдерістерінің моделі. Ақпараттық ағымдарды
Mоdеl (SPM)
сыныптау, олардың ерекшеліктерін белгілеу
Information System
Ақпараттық жүйенің архитектурасы. Жүйенің
Агchitecture(ISA)
модульдері,
деректер
сипаттамасы
жəне,
олардыңтиптері, іске асырылған функциялары
63
2.12-кестенің соңы
Элемент
Сипаттамасы
Aррliсаtiоn Data
Қосымша деректерінің моделі. Деректер қорын
Mоdel (ADM)
белгілі бір өнеркəсіптік (стандарттық) формат
түрінде физикалық іске асыру
Interface
Интерфейстің ерекшелігінің моделі.
Sресifiсаtiоn
Бағдарламалық модульдер, экрандық нысандар
Mоdel (ISM)
есептік нысандар мəзірі құрылымының сипаттамасы
Interface
Интерфейсті ұсыну моделі.
Prеsеntаtiоn Mоdel
Жүйенің бағдарламалық қамсыздандыруы обеспече-
(IPM)
интерфейсінің, бағдарламалық
қамсыздандырудың
жекелеген модульдері жəне жүйенің деректер қоры
арасындағы өзара іс-қимыл қағидаларының . егжей-
тегжей
сипаттамасы.
Мəзірдегі
экрандық
нысандармен жұмыс істеген кездегі навигация
DATARUN
əдіснамасы
бойынша
жобалау
үдерісінің
технологиялық тізбегі 2.6-суретте көрсетілген. Схемадан
технологиялық үдерістің құрылымы тұйық екендігі көрінеді. Үдеріс
үшін кіріс ақпарат тапсырыс беруші-ұйымға арналған бизнес-талаптар
моделі болып табылады, ал шығыс ақпарат еі
модельдер типімен
ұсынылған: интерфейсті жəне жүйенің үдерістерін көрсету.
Жүйені жобалау барысында ақпараттық жүйенің моделі жəне онда
жүйені пайдалану жоспарланатын ұйымның моделі.
Жүйені DATARUN əдіснамасы бойынша құру ұдерісі алты
сатыны қамтиды:
1)
талаптарды қалыптастыру жəне жоспарлау — жобаның көлемі
мен құнын бастапқы бағалауды анықтау;
2)
тұжырымдамалық жобалау — бастапқы деректерді егжей-
тегжей талдау, деректердің тұжырымдамалық моделін нақтылау,
жүйенің архитектурасын жобалау;
2.6. сурет. DATARUN технологиялық үдерісі
64
3)
қосымшаның ерекшелігі — деректердің тұжырымдамалық
моделін реляциялық модельге өзгерту,
қосымшалардың, қажетті
интерфейстердің құрылымын белгілеу;
4)
əзірлеу, ықпалдастыру жəне тестілеу — тестілік деректер
қорын құру, деректердің бақылау жинағын əзірлеу;
5)
енгізу — ақпараттық жүйені құратын əзірленген деректре
қорын жəне бағдарламалық қамсыздандыруды өрістету;
6)
сүйемелдеу жəне дамыту — жүйедегі
қателерді тіркеу,
диагностикалау жəне айқындау, деректер қорына жəне бағдарламалық
қамсыздандыруға өзгерістер енгізу. Ақпараттық жүйенің жаңа
нұсқаларын шығару.
RAD
әдіснамасы
ақпараттық
жүйелердің
бағдарламалық
қамсыздандыруын құрудың
«жылдам» технологиясы болып
табылады. Ол өмір циклінің шиыршық моделіне бағдарланған. RAD
технологиясы үшін мынадай негізгі ерекшелікктер тəн:
а) əзірлеу шағын бағдарламашылар ұжымымен орындалады
( 2 — 1 0 адам);
б) жұмыстар кестесі оларды қысқа уақыт мерзімі ішінде
орындауды болжайды, жəне де əр жұмыстың алгоритмі белгілі;
в) бағдарламалық қамсыздандыруды əзірлеу итерациялармен
жүзеге
асырылады, əзірлеушілер тапсырыс берушіге жүйенің
түптұлғасын ұсынады, кейіннен оған тапсырыс берушінің ниеті
бойынша өзгерістер енгізеді.
Ақпараттық жүйенің өмір циклі RAD əдіснамасы бойынша
мынадай кезеңдерден тұрады: жүйеге қойылатын талаптарды талдау
жəне жсопарлаы, жүйені жобалау, жүйені құру, жүйені енгізу (2.13
кесте).
Жүйені RAD технологиясы бойынша əзірлеудің ерекшеліктері ол
итерациялармен орындалатынында тұрады; өмір циклінің əр кезеңінде
жұмыстарды толық аяқтау талап етілмейді; пайдаланушылар жүйені
əзірлеу үдерісіне міндеттітүрде тартылуы тиіс.
RAD əдіснамасын күрделі есептік бағдарламаларды, операциялық
жүйелерді құру үшін; жүйенің жұмыс
қисынын көрнекі белгілейтін
жүйенің бағдарламалық қамсыздандыруының интерфейстік бөлігі
айқын жəне анық болмаса пайдалануға болмайды.
RAD технологиясының негізгі ерекшелігі шиыршықты өмір
циклінің əр итерациясында жүйенің дайын түптұлғасын құру болып
табылады. Түптұлғаларды құру технологиясын іске асыру үшін екі
сыныптағы аспаптық құралдар пайдаланылады [20]: белгілі бір ДҚБЖ
ортасындағы аспаптық əзірлеу құралдары — Dеvеlореr сыныбы;
бағдарламалық
қамсыздандыруды
жылдам
əзірлеудің
ықпалдастырылған аспаптық құралдары — Builder сыныбы.