11
міндеттерді
шешу
үшін
есептеуіш
ресурстарды
мамандандырылған ақпараттық жүйелерге тəуелсіз,
өз бетімен
пайдалануға мүмкіндік алды.
Осы кезеңге атқарушы ақпараттық жүйелер тұжырымдамасының
пайда болуы тəн. Бұл жүйелер жоғарғы басшылықты өмір үшін
маңызды, көбінесе сыртқы əлем туралы ақпаратты оларға қажет
уақытта жəне оларға қолайлы форматта қамтамасыз етуге тиіс
болған.
Осы кезеңге ақпаратты өңдеудің зияткерлік технологиясы бар
жүйелердің пайда болуын жатқызуға болады. Осы жүйелердің
негізін онда белгілі пəн саласындағы фактілер тіркелген жəне
оларды өңдеу қағидалары қамтылған білі қоры құрады. Фактілер
мен қағидалар жиынтығы осы салада сарапшылармен жинақталған
блімдерді тіркеуге жəне есептеуіш ресурстарды басқару үзерісінде
сапалы ұсынымдарды алу үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Осы
технология ақпараттық жүйелердің жаңа типі – сараптау жүйелері
туралы айтуға мүмкіндік береді.
1990-шы
жж.
стратегиялық
ақпараттық
жүйелердің
тұжырымдамасы пайда болды. Осындай жүйелер жаңа таруарлар,
көрсетілетін қызметтер жəне технологиялар
туралы ақпаратты
талдауға негізделген фирманың, кəсіпорынның қызметін ұзақ
мерзімді стартегиялық жоспарлау үшін пайдаланылады.
Деректерді өңдеу тұрғысынан мынадай ақпараттық жүйелер
түрлерін белгілейді: транзакцияларды өңдеу, фактографиялық жəне
құжаттық.
Транзакцияларды ӛңдеу жүйелері сатуды жəне сатып алуды
тіркейді. Транзакция екі қалпының бірінде болуы мүмкін:
1)
барлық өзгерсітердің аяқталуы — нəтижені жүйенің деректер
қорында тіркеу;
2)
тоқтату — деректер қорында жасалған барлық өзгерістер
ескерілмейді жəне ол транзакцияны ашу басталған сəтіндегі
бұрынғы қалпына қайта оралады.
Транзакцияларды басқаруға арналған ақпараттық жүйелерді
нақты уақыт ауқымы жүйелеріне жəне пакеттік жүйелерге
бөлуге
болады.
\\
1.3. сурет. Деректерді иеррархиялық ұйымдастыру
12
Бірінші
жағдайда жүйе транзакцияларды деректер қорының
операторы оны бастағаннан кейін бірден орындайды.
Фактографиялық ақпараттық жүйелерде пəн саласында алынған
кейбір деректер көрсетіледі. Деректер жазбалар түрінде тіркеледі.
Жазба белгілі бір түрдегі жолдар жинағы болып табылады. Жазбалар
деректер ауқымына түрлі əдістермен ұйымдастырылады. Деректерді
біріктірудің мынадай əдістері ең көп таралған:
•
иерархиялық (1.3 сур). Осындай құрылымда түпкі жазба
белгіленеді, онымен төменгі деңгейдегі жазбалар белгілі бір əдіспен
байланыстырылған. Өз кезегінде төменгі
деңгейдің жазбалары басқа
деңгейлердің жазбаларымен байланыстырылған. Деңгей арасындағы
тоғыспалы байланыыстырға жол берілмеді;
•
желілік (1.4 сур.). Бұл əдіс жағдайында жазбалар арасында түпкі
жазба жоқ, деңгейлер арасында тұйық байланыстарға жол беріледі;
•
реляциялық (1.5 сур.). Пəн саласында олар туралы деректер
деректер қорында тіркелуге тиіс ақпараттық мəндер болып
1.4. сурет . Деректерді желілік ұйымдастыру
1.5. сурет. Мəнді кестеге өзгерту үдерісі
табылатын сыныптар белгіленеді. Реляциялық тəсілдеме
жағдайында сынып белгілі бір аты жəне қасиеттер –атрибуттер
жинағы бар қатынас болып табылады. Ары қарай қатынас жолдары
осы мəннің даналары болып табылатын кесте болып жайылады.
Құжаттықақпараттық
жүйелерде
деректер
қорында
жекелеген фактілер түріндегі ақпарат ғана емес, мəтіндік
құжаттардың электрондық түрдегі көшірмелері де сақталады.
Деректер қорына түсетін əр құжат
осы құжаттың іздестіру
13
белгілерін бөліп шығаруға мүмкіндік беретін индекстеу рəсіміне
тартылады. Осындай жүйелердің пайдаланушылары тиісті құжатты
табу үшін арнайы іздестіру тілінде іздестіру ұйғарымын құруы тиіс.
Жаһандық Интернет желісінде үлестірілген ақпараттық
жүйелерді құжатты жүйелердің бір түрі деп есептеуге болады.
Осындай
жүйелердің
негізі
гипермəтіндік
құжаттардың
технологиясын пайдалану болып табылады. Мəтін əдетте жекелеген
беттер түрінде сақталатын үзінділерге бөлінеді. Беттер мағыналық
қағидат бойынша сайттарға біріктіріледі. Сайттардағы беттер бір-
бірімен сілтемелер арқылы байланыстырылған. Нəтижесінде өзара
байланыстардың сызықтық емес схемасы пайда болады.
Гипермəіндік ақпараттық жүйелер
желіде Wоrld Widе Wеb
(WWW) ғаламтор түрінде іске асырылған. WWW ақпараттық жүйесі
қазіргі уақытта кеңейтілген гипермедиялық технологияны іске
асыруда. Гипермедиялық құжаттар сілтемелер арқылы мəтіндік
құжаттарға да, сондай-ақ графикалық, бейне-, аудиодеректерге де
жүгінуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: