134
§26.
ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ МЕН ҚУАТЫ.
ТОКТЫҢ ЖЫЛУЛЫҚ ӘРЕКЕТІ. ДЖОУЛЬ–ЛЕНЦ ЗАҢЫ
1. Электр тізбегінің ішкі бөлігін құрайтын ток көзінде бөгде күштер
электрлік емес энергия есебінен (мысалы, механикалық энергия есебінен)
жұмыс жасап, оң және теріс зарядтарды бір-бірінен бөлектейді (§22).
Мұндай жағдайда тізбектің сыртқы бөлігіндегі өткізгіштердің ішінде
электр өрісі пайда болып, потенциалдар айырымы туындайды. Сөйтіп,
тізбектің сыртқы бөлігінде электр өрісінің кулондық күші
зарядтарды
бағыттай қозғап, электр тогын туғызады. Осылайша, бөгде күштердің
әрекетімен механикалық т.с.с. энергиялар электр энергиясына түрленеді.
Өз кезегінде электр тогын пайдаланатын қондырғыларда электр өрі-
сінің энергиясы энергияның басқа түрлеріне айналады. Мысалы, электр
қозғалтқыштарында электр тогының энергиясы қайта механикалық
энергияға ауысады; электр шамдарында жылу және сәулелік энергияға,
электр плиталарында кедергілері үлкен резисторлардың ішкі энергияла-
рына түрленеді. Ал олардың ішкі энергиялары
жылу алмасу жолымен
қоршаған ортаға беріледі.
2. Энергиялардың түрленіп өзгеруі барысында белгілі бір жұмыс
атқарылады. Өйткені кез келген энергия өзгерісінің өлшемі жұмыс бо-
лып табылады. Сондықтан электр энергиясы өзгерісі кезінде де электр
тогы жұмыс жасайды. Электр
тогының жұмысы деп отырғанымыз,
шындығына келгенде, өткізгіштің ішіндегі электр өрісі күшінің за-
рядтарды бағыттап қозғайтын жұмысын айтады. Бұл жұмыс, §23-те
көрсеткеніміздей, мына өрнектен табылады:
Достарыңызбен бөлісу: