291
филистимяндықтар оны қолға түсіріп, зынданға тастайды. Самсон
бұл жағдайға өзі кіналы екендігін аңғарады, соқыр болып қалған ол
қатты азап шегеді. Бірақ қайсар Самсон филистимяндықтарға бас
игісі келмейді, әкесі ақша төлеп, оны құлдықтан азат еткісі келсе
де, Самсон бұған намыстанады. Дұшпандар оны театрға әкеліп,
күшін сынамақшы болады. Соқыр Самсон ауыр тастарды көтереді,
тастардың кейбірін екі бөліп, жұртты риза қылады. Соңынан, Самсон
ғимаратты көтеріп тұрған екі ұстынды суырып алады.
Осы кезде
тамашаға келіп отырған «княздар, абыздар, кеңесшілер, діндарлар»
құлаған ғимараттың астында қалып, ажал құшады. Самсонның өзі
де мерт болады. Бірақ ол өз өлімімен халыққа жеңіс алып келеді.
Трагедияның басында Самсон қатты азап көреді, әрі құл,
әрі сайқымазақ қызметін атқарады.
Кейін дұшпандарынан кек
қайтарып, өз халқының алдындағы борышын өтейді. Самсонның
филистимяндықтарға қарсы күресі арқылы жазушы осы дәуірдегі
ілгерішіл
жандардың король озбырлығына, феодалдық қанауға
қарсы күресін бейнелейді. Төңкерісшіл
классицизм рухында
жазылған бұл шығарма үш бірлік заңы негізіне құрылған. Оқиға
бір күнде, бір жерде өтеді. «Самсон – күрескер» трагедиясында
Мильтон «Жоғалған жұмақ»
поэмасындағы сияқты терең, батыл
қорытындылар шығару дәрежесіне көтеріле алмаса да, бұл шығарма
реставрацияның нағыз дұшпанына
айналған республикашыл
ақынның өз дәуіріндегі өзекті мәселелерге арналған ең маңызды
туындысы болып қалды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Классицизмнің эстетикалық теориясының бастау көздері?
2. Классицизм әдебиетінің тақырыбы мен кейіпкері?
3. Шекспие дәстүріндегі театрдан
классицизм театрының
айырмашылықтары?
4. Джон Мильтон шығармаларындағы пуритандық дүниетаным
мен гуманистік ойлары арасындағы қайшылықтар?
5. Англиядағы классицизмнің өзіндік ерекшеліктері қандай?