293
Кейбір жағдайларда христиан
діни танымдары жазушылар
шығармашылығына өз әсерін тигізіп отырды. Сондықтан, реалистік
әдебиетте барокконың жекелеген белгілері анық байқалады.
Антикалық әдебиеттің қағидаларын жалаң қабылдаған классицизм
Испанияда өзінің дамуына негіз таба алмайды, оны тек жеке
ғалым-филологтар ғана қолдайды және олар өздерін ежелгі мәдени
мұраларды сақтап қалушылар деп санайды. Мадрид академиясы
мен кейбір профессорлар Лопе де Веганың реалистік эстетикасына
қарсы шығып, оның театрын «есуас халық» театры деп кемсітеді.
Соның үшін Лопе де Вега классицизмнің әрқандай қағидаларын
мойындаудан бас тартады. Бірақ классицистердің жақсы жақтары
да болды. Олар әдебиеттегі барокконың
бір көрінісі болған
гангоризмді (культеранизмді) сынға алды. Классицист Бартоломэ
Леонардо де Архенсола (1562-1631) үш бірлік қағидасын ізшіл
қорғаушы сипатында гангоризмді сынап, шығармадағы тілдің
тазалығы, анықтығы үшін күреседі. Испан ақыны Гангора (1561-
1627) шығарма мазмұнын күрделендіре түсетін ақсүйектік
әдісті
туғызады. Ол қарапайым халық үшін емес, ал ат төбеліндей
«таңдаулылар», яғни нәзік талғамдағы «мәдениетті» жандар үшін
(«культенаризм» термині осыдан шыққан) шығарма жазу керек,
дейді. Сонымен бірге, гангорашылардың дүниетанымы да күрделі,
түңілушілік мазмұнда болды. Гангора сонеттерінде «өте тәтті у»,
«еркелеу пен зарлану», «ләззатты қасірет» сияқты қарама-қарсы
теңеулер көп кездеседі. Әрине, классицистер де «мәдениетті»
жандар үшін шығарма жазғысы келді. Бірақ, олар гангорашылар
тәрізді қарапайым
халыққа жиіркенішпен қарамай, оларды орта
ғасыр азаптарынан құтқару мақсатында антикалық өнерден
пайдалануға ұмтылады.
Испан әдебиетінде барокко ағымы ХVІІ ғасырдағы Батыс Еуропа
мен Испанияның ішкі және тарихи өміріне сай негізде кең түрде
дамыды. Осы дәуірдегі испан философиясы әлсіз, түңілушілік рухта
болды. Ағылшын қайраткері Бэконның замандасы испан философы
Франческо Санчес Қайта өрлеу дәстүрлерін жалғастырып, орта
ғасыр схоластикасына қарсы шыққанымен, ақырында ол үмітсіздікке
(«Білу мүмкін болған нәрсенің жоқ екендігі туралы») беріледі.
Вальтазар Грасиан да қайғы аралас әзілінде бай-ақсүйектердің
мінездерін масқаралайды, бірақ оның кекесінге толы философиялық
пікірлерінде адамның күші мен құдіретіне деген сенімсіздік бар
294
болатын.
Барокко жазушылары антикалық
өнер мен Қайта өрлеу дәуірі
әдебиетінің теориялық жетістіктерін, эстетикалық дәстүрлерін
жоққа шығармайды, халық шығармашылығынан да қол үзіп
кетпейді. Сонымен бірге, орта ғасырдағы діни-клерикал әдебиетті
жаңа жағдайда қайта дамытады, ескі әдеби үлгілер орнына енді
мазмұны жеңіл, бірақ эстетикалық жағынан әсерлі тәсілдерді табады.
Барокко бағытына тән болған мистикалық-аллегориялық
тәсілдер
осы кезеңнің ірі драмашысы Кальдерон шығармашылығында айқын
көрінеді.
ХVІІ ғасырдағы испан әдебиетінде Қайта өрлеу реализмі
дәстүрлерін жалғастырған ұлы жазушы, әрине, Лопе де Вега болды.
Достарыңызбен бөлісу: