Сөз құрылымына қарай талдау. Сөз тудырушы жәнеқұралған негiз.
Морфемалық талдау – сөздiң қандай бөлiктерден тұратынын көрсетедi. Бiрақ ол сөз құралудағы “механизiмi қандай деген сұраққа жауап бере алмайды. Бұл механизмдi сөз құрылымына қарай талдау көмегiмен шешуге болады. Бұл талдаудың мақсаты: сөзден негiз құраушы бөлiктi және сөздiң құралуына себеп болған аффикстi бөлiп алу болып табылады.
Морфемалық және сөз құрылымына қарай талдау айырмашылығын мына мысалдан көруге болады: interlobularis- бөлiкше аралық сын есiм – морфемалық тандау арқылы 4 бөлiктен тұрады: inter (префикс), lob (түбiр) ul,-ar-(жұрнақтар), is (жалғау): ал сөз құрылымына қарай талдау арқылы оны 2 бөлiкке бөлуге болады: inter аралық (префикс) + lobural (is) бөлiкше (сөз тудырушы негiз). Нағыз “механизмi: inter (префикс) + lobural (is) (сөз тудырушы негiз ешқандай морфемаларға бөлiнбейдi).
Сонымен, сөз тудырушы негiз деп - аффикстер жалғау арқылы құрамы күрделi болып жасалынған негiздi айтамыз. Құралған негiз құраушы негiзден 1-морфемаға артық болады. Құрамында құралған негiзi бар сөздi құралған деп, ал құраушы негiздi құраушы сөз деп атаймыз. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |