306
Жапырақ астынан тікелей күн кӛзіне шығып қалған жеміс шоғыры да
солуы мүмкін. Ыстық ауа райында топырақ ылғалының жетіспеуінен ауру
жаппай дамиды. Кеселдің салдарынан ӛнім шығымы тӛмендейді.
6.4.10 Жҥзімді аурулардан қорғау
Жүзімдіктерді
аурулардан
қорғау
жүйесінде
санитарлық-
профилактикалық, агротехникалық, шаралар,
сондай-ақ фунгицидтермен
уақытылы бүрку нeгiзгi орын алады.
6.4.10.1
Санитарлық-профилактикалық
және
агротехникалық
шаралар
1. Ойпаң және ылғалы мол жерлер жүзімдіктерге қолайсыз
болғандықтан, дақылды мұқият тегістелген, жақсы желденетін учаскелерде
орналастыру;
2. Жүзімдікті дамытуда сау материалдарды қолдану;
3. Қалемшелерді
40%
формалиннің
0,2%
ерітіндісінде
зарарсыздандыру;
4. Ауруға шалдыққан бұтақтар мен жас ӛркендерді кесіп,
қатты
залалданған және жансызданған түптерді жою. Кесу, бұталау
жұмыстарында қолданылатын құрал-саймандарды басқа ӛсімдіктерді
ӛңдер алдында 40% формалиннің 5% ерітіндісінде дезинфекциялау;
5. Ӛсімдіктің
ауруларға
тӛзімділігін
арттыруға
бағытталған
агротехникалық шараларды уақытылы жүргізу: жүзімдіктерді
мерзімінде,
белгіленген мӛлшермен суару; топырақты шамадан тыс ылғалданудан
немесе
құрғаудан сақтау; тыңайтқыштардың тепе-теңдігін қадағалап,
бірыңғай
азотпен қоректенуден сақтау; жүзімдік қатар аралықтарын терең жыртып,
арам шӛптерді жою; жас ӛркендерді арнайы таяныш ағаш қатарына
(шпалера) байлау, ӛсімдік ӛркендерінің ұшын шырпу, артық ӛркендерді
бұтау жұмыстарын мерзімінде атқару;
6. Рак
ауруына
шалдыққан бұтақтарды, ісікті және оның
айналасындағы
сау ұлпаларды діңге қарай 8-10 см қамтып кесіп, кесілен ӛсімдік
бӛлігіне 10-15% мыс нафтенатын немесе
бақ нұмын жағу;
7. Жүзім ӛнімін ашық ауа райында жинау;
8. Инфекцияны тасымалдаушы насекомдармен үнемі күресу;
9. Инфекция қорын жою үшін, күзде ауруға шалдыққан бұтақтарды
кесіп, залалданған жапырақтар мен жидектерді және т.б. ӛсімдік
қалдықтарын жинап, жою;
10.Жүзім ағаштарын қысқа қарай топырақпен кӛміп, кӛктемде
оларды мезгілінде ашу.
Достарыңызбен бөлісу: