Мәтін+тапсырма+сурет. Бұл жағдайда негізгі мағыналық жүктеме мәтін мен суреттің үлесіне тиеді. Олардың көмегімен балалар өзіндегі білім мен біліктілікті пайдалана отырып жүзеге асыра алатындай облыстың (одан әрі экономикалық ауданның) ЭГЖ сипаттама құрастыру керек. Бұл жерде мұғалімнің бағыт беруші рөлі қажет, өйткені, механикалық тұрғыдағы орындалатын жұмыс емес, облыс үшін маңызды ЭГЖ элементтерін, оның логикалық орналасуын ойластыра отырып қарастыруға келеді.
Мәтін+сызба. Мәтін ме сызбаны біріктіріп талдаудың мысалы түсіндірмелік оқуды қарастырған кезде берілген.
Мәтін+тапсырма+қосымшалар. Қосымша материалдарының және мәтіннің біріктірілген сипаттамасы оқулықтағы ғылыми жағдайларды қорытындылау мен сандық түсініктердің қалыптасуына, цифрлық кестелермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін жүргізіледі.
Мәтін+кесте+мәтіндік карта+тапсырма. Құрылымы бойынша ең күрделі тапсырма – нысанның нақты конспектілік – анықтамалық кестесі түріндегі сипаттамасын құрастыру. Бұл жағдайда әртүрлі 4 ақпарат көздерінен мәлімет алады. Тапсырмада істелетін жұмыстардың тізбесі берілген – металлургиялық базаны сипаттаудың жоспары, мәтінде оның даму деңгейіне, қалыптасу дәрежесіне, мәселелері мен болашағына баға берілген. Кестенің мазмұнында базаның мамандануын, оның ел экономикасындағы рөлін анықтауға мүмкіндік беретін цифрлық мәліметтер бар. Балалар мәтіндік картадан қара және түсті металлургия орталықтары, олардың ірілігі, географиясы, орналасу факторлары туралы ақпарат ала алады.
Мәтін+тапсырма. Бұл екеуінің байланымы бір мезгілде бақылау жасау функцияларын атқара алады. Бұл жағдайда қызықты географияның тәсілі – сөжұмбақ шешуді қолдануға болады. Негізінде оқушылар тапсырманы мәтінсіз де орындай алады.
Мәтінмен жұмыс істеуде келесі бір қолайлы тәсіл – мәтінге көз жүгіртіп қарап шығу. Ол уақытты үнемдеп, ақпарат ағынындағы қажетті материалдарға жылдам хабардар болуға мүмкіндік береді. Оның әсіресе хабарлама, реферат даярлау барысында бірнеше ақпарат көздерін – кітап газет, журналдарды қарастыруға тура келгенде маңызы өте зор. Барлық жазғандарды оқып шығу мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Ең бастысы қажетті материалдарға назар аудару қажет.
Аннотация, яғни мәтін фрагментінің немесе толық шығарманың мазмұнының қысқаша сипаттамасын құрастыру - көбінесе реферат жазуда пайдаланады.
Түсіндірмелік оқу негізінде төменгі сынып оқушыларына арналған жұмыс тәсілі. Мәтіндегі күрделі әрі қайшылықты фрагменттерге түсінік беру, шындыққа көз жеткізу.
Мәтінмен жұмыс істеудің көптеген тәсілдері іріктеп (оқу, іріктеп оқу, қажетті мәліметтерді табу, анықтамалар мен түсініктерді бөліп алу, мазмұнын айту және т.б.) мұғалімдерге жақсы таныс болғандықтан, оларға көп түсініктемелерінің қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |