ОҚУШЫЛАРДЫ ЖОБАЛАУ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮЙРЕТУ
ЖОЛДАРЫ
Ізденсе,талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес.
Жүсіпбек Аймауытов
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселенің бірі. Оқушылар дарындылығының табиғаты, шығармашылық қабілеті дамуының қайнар көзі, шығармашылық мүмкіндіктерінің психологиялық құрылымы- мұның барлығы арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер. Қазір психология ғылымында осы мәселеге байланысты біраз деректер жинақталып, зерттеу, жобалау жұмыстары жүргізілуде.
(Брушлинский А.В.,Пономарев Я.А., Нурахунова А.А.,Крутецкий В.А. т.б.)
Тақырыптың қанықпыз атына біз,
Астарында сан қилы жатыр әдіс.
Аты жұмбақ, беймәлім атауларға,
Саяхаттап қайтуға шақырамыз.
Менің ұстанымым:
Шәкірттер сенімінен шығу – мен үшін үлкен баға жетпес бақыт
Ізденген жетер мұратқа,
Өмірдің өзі сұрақ та.
Талаптанғын,ерінбей,
Шыдай білгін сынаққа.
Зерттеудің теориялық негізі:
-
Жоба дайындау шеберлігін арттыру, бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыру мүмкіндіктері;
-
Нәтижесінде уақытты тиімді пайдаланады,ақпараттарды салыстырады;
-
Өз пікірін ашық айтады;
Оқушыларды жобалау - зерттеу қызметіне үйретудің өзіне тән ерекшеліктері болады.
Ғалымдар жобалау-зерттеуге талпыныстың жүре пайда болатын сипаты жөніндегі көзқарасты қуаттайды. Оқушылардың рухани өсуі және жан-жақты жетілуі бойынша жүргізілген зерттеулер дамытылмаған дарындылықтың жойылып кететіндігін көрсетеді. Кейде балалар ұяң, жасық болады. Бірақ белгіліден-белгісізге, қарапайымнан күрделіге қарай жүргізілген жүйелі қызметтерден кейін оқушының бойында белгілі бір нәрсеге, іс - әрекетке деген қызығушылық пайда болып, ынтасы артады, қажетті дағдылар қалыптасып, кейін ол айқын қабілетке ұласады.
Оқушылардың жобалау - зерттеу қызметін қалыптастырып, дамыту үшін қоршаған ортада қызықты жайттардың болуы, білуге құмарлықты, ынтаны, қиялды дамытуы қажет, себебі: тек сонда ғана оқушылардың қызығушылығының мәні артатын болады. Өзі қызыққан нәрселерге ерекше мән беріп, түрлендіріп, оны дараландыруға мүмкіндік жасайды, нәтижесінде оның өзіндік ерекшелігі пайда болады,яғни ізденісінің артуына септігі тиеді. Сонымен жобалап - зерттеу дарындылығы оқушылардың ақыл - ой, шығармашылық, әлеуметтік хабардарлық, көркемдік және психомоторлық мүмкіндіктерінің бірінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін дара,танымдық, мотивациялық және әлеуметтік күш-қуат ретінде түсінеміз.
Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, оқушылардың жобалау-зерттеу қызметтерін қалыптастыру, байыту және дамыту моделін (үлгісін) жасадық.
Үлестік (порциальная) бағдарлама орталық психологиялық жаңа құрылымды, шығармашылық тұрғыда жобалаудың бірлігі ретінде айқындалатын танымдық белсенділікті қалыптастырудың психологиялық механизмі негізінде құрастырылды.Шығармашылық тапсырмалар мен түрлі ойындар жүйесі осы механизм негізінде жасалды.Бағдарлама негізін құрайтын қабілеттер төмендегідей:
тапқырлық, қиял, таңдай білу, сынай білуі, мәселені қоя білуі және шеше білу, өзгерістерді қабылдап,тудыра білу.
Үлестік бағдарлама бөлімдері:
1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы шығармашылық дарындылығын дамыту; 2.Заттың немесе аймақтың бейнесін пайдалану арқылы өз бетінше ізденісін дамыту; 3.Бейнелеу әрекеті мен саз(музыка) өнері тәсілдерін үйлестіру арқылы оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру; 4.Табиғи және құнсыз (бросовый) материалдарды пайдалану арқылы оқушылардың жоба құру қызметін ұйымдастыру;
Жобалау мен зерттеу обьектісіне не себеп болды?
Қызығушылық: қоршаған ортаға деген қызығушылығын ояту үшін өз қабілетін ұштау, бейімділігін байқау;
Қажеттілік: жинақтаған материалдарды сыныпта,сабақтан тыс уақыттарда пайдалану;
Құндылықтар: жергілікті жердің құпия сырлары туралы зерттеп білу,жоба жасау,бағалау;
Оқушылардың өз бетінше жобалау, зерттеу қызметін ұйымдастыру үшін неден бастаған дұрыс?Өзіме сұрақ қойдым.
-Проблемалық тақырыпты айқындап алу;
-Сол негізде оқушыларға өзіндік жұмыстар тапсыру;
-Өзіндік бағыт-бағдары айқын жеке тұлға қалыптастыру;
Ал, жеке тұлға кім? Зерттеу жұмысы ше?
Белгілі ғалым педагог Леонтьев: Тұлға болып өмірге келмейді , ол адам дамуының кезеңі, тұлға қалыптасады, ол өнім ғана емес, ”субъект” деп жазған болатын. Зерттеу жұмысы оқушыға не береді?
Ол оқушының іссіз отырмауы, өз бетінше мақсат қойып жан-жақты ізденуі.
“Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтындықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса, балаға пайдалы іс берілмесе, ол уақытта бала өз бетімен қайдағы нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді”- деген болатын.
Жобалау, зерттеу кезінде “Үлестік” бағдарламасын пайдаланғанымда “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” негізінен кілт тапқандай болдым.
Осы әрекет оқушыларымның қай істі де жобалап, зерттей білуіне өзгеріс әкелді.
Өзгерістер: затты, құбылысты зерттеуге қызығушылықтың артуы; өз бетінше таңғажайып ой тудыруы; мұғаліммен бірлесіп жұмыс жасауы;
“Оқушымен мұғалімнің бірлескен әрекеті”
Жергілікті жердегі жер-су атауларын зерттеудегі оқушылардың ізденісін арттыру
Оқушы әрекеті:
Ауылдағы әр төбенің аталуын зерттеу,мағынасын білу;
Үлкендермен еркін түрде байланыс орнату;
Сұрақтар,аңыз әңгімелер,диалогқа қатысу;
Жер-су атауы төңірегіндегі пікірсайыстар, өз ойларын сыни, шығармашылық тұрғыда тұжырымдау;
Өз тәжірибесінің болуы, пайдалы мәселелерді тану, өз ойын дәлелдеу, өз еркімен мәселе көтеру, оларды дұрыс тұрғыдан шешу, үнемі ізденіс үстінде болуы,
Мұғалім әрекеті:
-Экологиялық мәселелерді шешуге қызығушылығын ояту;
-Оқушыға тапсырма беру кезінде кеңес беру;
-Оқушы жобаларына баға беу,бірлесіп тыңдау;
-Жай сұрақтан күрделі сұрақтарға көшу арқылы оқушы білімін анықтау;
-Зерттейтін тақырыпты таңдауға көмектесу;
-Оқушыға бағытталған жобаның құрылымын айқындау;
- Жоба құру,зерттеу қызметіне бағыттауда басты тұлға екенін сезінуі;
Жобалау - зерттеу қызметіне үйрету жолдары:өз бетінше ойлану, кітаптарды қарап шығу, өзгелерден сұрау, интернет жүйесіне шығу, тақырып бойынша телефильммен танысу, байқап көру, сынақ жүргізу.
Зерттеудің негізгі қайнар бұлағы - ауылдағы жұмбақ төбелер мен ыдыс тәріздес
көлдердің аталуын білу, себебін анықтау үшін сан алуан деректер жинау. Осы тақырыпты негізге ала отырып, “Ізденіс” тобының мүшелеріне тапсырмалар бердім. Беймәлім жер-су атауларын зерттеуде ізденістің 2 түрін пайдалануға көмек жасадым. Зерттеу: ел ішіндегі ұзақ уақыт тұрғылықты халықты пайдалану, қысқа мерзімде экскурсия ұйымдастыру; Әдістер: көнекөз қарияларды әңгімеге тарту, дайын анкеталарды тарату, суретке түсіру, жинақтау, күнделік.
Ізденіс, талап қою, жауапкершілікті сезіну – міндет. Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алары сөзсіз. Зерттеу үшін ізденетін оқушыларға қойған мақсатым:өзін имандылыққа үйрету;өзіндік менін анықтау; қарым-қатынас мәдениетін үйрену; қоршаған ортаны тану; бағалауға үйрету; ой түю;
Зерттеу – біркүндік жұмыс емес, өмір бойы зерттелетін процесс.
Өзін-өзі тану үшін жасалатын алғашқы қадамдар: өзінің ісінің есебін білуі; бағамдап қарауы; деректер жинауы; көз жеткізуі; түйіндеуі.
Атыңнан айналайын Қызылжарым,
Күндерің бірі бұлдыр, бірі сағым.
Атыңды Қызылжар деп қойған екен,
Дарияның күнгей бетте биік жарын
дегендей киелі сырға толы “Қызылжар” ауылындағы жұмбақ жер-су атауларының
сырын ашу;
Нәтижесінде анықталғандары: қариялардың жазбалары, жауаптары,суретке түсіру, бейнетаспаға төбе, су, жарма түсірді, ауылдағы төбе, ойпат, жарма, канал
туралы мәлімет жинады. Зерттеуге жол ашылған кезде, “Ізденіс” тобының 3 жұмысын 3 топ болып сараладық: 1 топ “МҰРАТ”,“ТАСПА” атауы – ТӨБЕ,ПІКІРЛЕРІ: - есік алдындағы құл; Сырлыбай баба ұрпағы,Жылқыайдар тұқымы; Хиуа шабарманы; ТОҚТАМ . ТАСПА- дүлей күш иесі, 19 жасар балуан, қазақ, төбе есімі.Көпке танылу үшін, ауыздан ауызға тараған, құрметтеу, құран бағыштау;
2 топ “ҚАЙСАР”,“ДОМАЛАҚ КӨЛ” – СУ атауы, ПІКІРЛЕРІ: айнаға ұқсас;
қорымды қоршаған; әулие көл; жағалай терек егілген көл; ТОҚТАМ. ДОМАЛАҚ КӨЛ- көлдің жоғары жағын қорым қоршаған, әулиелер жерленген, жағалай терек егілген, суды ластамау, қорғау, құрметтеу.
3 топ “ЖЕҢІС”. ЖАРМА – КАНАЛ атауы,“БЕСЖАРМА”ПІКІРЛЕРІ: жер асты суы; қолмен қазылған;бертін келе пайда болған; ТОҚТАМ. БЕСЖАРМА- малға жайлы жарма, сағасы бес жерден алынып қазылған, келе бір арнаға қосылған, техникасыз қазылған жарма; Үш аудан бойынша шағын мөлтек аудан картасы жасалды.Өз беттерінше 3 топ шағын карта жасаған. Әр топтың жұмысын саралай келе, енді 3 шағын картаны біріктіріп, “Жергілікті жердің тарихи картасын” жасау үшін қойылған сұрақтар.Төбе, су, өсімдіктер, халықты қалай бейнелер едің? Қай түспен бояр едің?Қолданған әдісім: “БАСПАЛДАҚ ЖАСА” Картаны қалай болса солай емес, арнайы шартты белгілер арқылы жасау керектігін ескере отырып,
баспалдақ бойынша белгілеуді мақсат еттім. “ІЗДЕНІС” тобының жұмысын арттыру үшін нақты әрекеттер: Сауал,сұрақтар; Пікірлесу; Жағдаяттар; Журнал толтыру;
Сауал, сұрақтар: Өз есіміңіздің қойылу тарихына үңілдіңіз бе?
Неге? Не себепті қойылған? Бұрын сыры ашылмаған жұмбақ төбелер сені несімен қызықтырады? Шежіреші қариямен қарым – қатынаста болу үшін не істейсіз? Пікірлесу: Көнекөз қариямен; Пән мұғалімдерімен; Сыныптастарымен;
Өзімен; ЖАҒДАЯТТАР: Оқушы, Жұртшылық,Ата-ана,Зерттеуші мұғалім.
Журнал толтыру: “Сенім” дәптерін, күнделігін толтыру
Жаңалықтан жасқану,
Қырсыздықтың куәсі.
Жан қалтаға тас салу,
Бір сұмдықтың куәсі.
Тарихты еске алу,
Жақсылықтың куәсі
демекші “ІЗДЕНІС”мүшелеріне сұрақ тастауы:
“Сенім” журналының толтырылу үлгісі:
Кез-келген жобалау, зерттеу жұмысын осыдан бастаған жөн.
- Бұл мәселе туралы не білемін?
- Осыған байланысты менің ойым, жобам
- Өзімнің зерттеу объектім туралы білетіндерім мен қосқан жаңалықтарым
- Қандай қорытындылар мен тұжырымдар жасай аламын? Ұсынысым
Табысқа жеткің келе ме? Егер өз жұмысыңда табысқа жеткің келсе, есте сақтайтын ережелер:
-
Жоба-зерттеуді шектеме,қоршаған әлем туралы шындықты тануға деген еркіңді пайдалан;
-
Жұмыс барысында қателесуден қорықпа;
-
Шешім қабылдауда батыл бол;
-
Үнемі сенімді әрекет жаса;
* Ойыңды жинақта,жоба құруға бар күш-қуатыңды сал;
* Фактілерді мұқият сарала,асығыс шешімдер қабылдама;
Ең бастысы- көздеген мақсатыңа жететініңе сен. Жергілікті жерімізде қандай тақырып ізденісті, шешімін табуды қажет етеді? Ойландырады? “Қызылжар” аталуы неліктен? Туған жердің негізгі шаруашылығы, кәсібі.Туған жерден түлеген өнер тарландары. Туған жердегі мәдени мұралар, тарихи ошақтар;
“МҰРАТ” ТОБЫ:ҚЫЗЫЛЖАР атауының шығуын зерттеді.
Мақсаты: ауыл тарихына көз жүгірту, шығу төркінін білу;
Пікір: - өткен тарих, жай төбе;
ТОҚТАМ: “ҚЫЗЫЛЖАР”
ДӘЛЕЛІ: (атын сай, ауыл Дінахметов Қарасай (Қызылжар бейнеленген) өлеңі куә);
СЕБЕБІ: Жар жағасындағы, күнгей беттегі ауыл.
“ҚАЙСАР” ТОБЫ
“Туған жердегі негізгі шаруашылық”
Мақсаты: Жерге, суға, қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру;
Пікір: - балық, құс, күріш, мал шаруашылығы..
ТОҚТАМ: балық шаруашылығы.
СЕБЕБІ: Көлі көп, құрағы мол.
ДӘЛЕЛІ: Балықшылар қысы, жазы балық аулаумен айналысады. (К.Әбділов, С.Қыстаубаев Еңбекшілердің XV съездінде делегаттар болған);
“ЖЕҢІС” ТОБЫ
“Туған жерден түлеген өнер тарландары”
Мақсаты: Жергілікті жерден түлеген перзенттердің өнерін ауыздан-ауызға тарату, өнерлерін паш ету;
Әдісім: -деректер алу;
ТОҚТАМ: Т.Ұзақбаев - әрі ұстаз, әрі ақын, әрі шежіреші
Б.Омаров – жырау, басшы.
Т.Ерғалиев – термеші.
СЕБЕБІ: Еңбегі жарық.көріп үлгірмеген.
ДӘЛЕЛІ: Өлендерін бастырып, орталық кітапханаға қойған: “Туған жер – алтын бесігім”
Жергілікті жердегі мәдени мұра, тарихи ошақтар
Мақсаты: мазмұнын ашу, кесене, ескерткіш, тарихи ошақтардың қойылу себебін анықтау; имаедылыққа шақыру, қастерлеу.
Әдісім: - сұрақ-жауап; - анкета; - үнтаспа;.
- мекеме басшыларымен сұхбат;
ПІКІР: кесене еске алу үшін; өткенді еске алу; ұрпаққа сабақ; тағзым ету.
ТОҚТАМ:“Сырлыбай баба”, “Март ата”кесенесінің қойылуын зерттей түсу, шығу тегін анықтау, өз жеті атасын білу, тұжырымдау.
СЕБЕБІ: Жергілікті жердегі кесененің қойылуы.
ДӘЛЕЛІ: Осы тақырыпта “Сырлыбай баба ұрпағының таралымы” 5- сынып оқушысы Әлімжан Ернар зерттеуде.
Зерттеу – көп ізденісті, білімді қажет етеді.
Діл деген ата – баба тегім екен,
Діл деген атамекен жерім екен,
Діл деген салт - сана, дәстүрлерім,
Жерімді еншілейтін ділім екен.
ІЗДЕНУШІЛЕР: Әлімжан Ернар
5- сынып
Тақырыбы: “Сырлыбай баба ұрпағының таралымы”
Сағымбаева Әсемназ Тақырыбы: “Дәрменқұл қыстауының аймағы қайда орналасқан”
Талапбаева Сандуғаш 9- сынып Тақырыбы: “Талапбай Ұзақбаевтың өлеңдеріндегі жер-су атауларының тарихи маңызы”.»Ақындықты арман еткен жерлестер» тақырыбы бойынша жобаларды дайындау үстінде.
Жобалап,зерттеудің қуатты тұстары:жергілікті жер-су атаулары туралы қарттарды білуі,,білікті басшылардың нақты деректері;
Осал тұстары: Жергілікті жер-су туралы материалдардың жарық көрмеуі,нақты деректердің қоржында болмауы,бұрын соңды зерттелмегендігі;
Жобаны қорғау, дәйектемелер жинау, жарыққа шығару әр жылдың 19 мамырында жүзеге асады.
Өз еңбегіңнің кәдеге жарағанын сезіну – үлкен бақыт. Ұлына қарап – ауылын, құмына қарап – дауылын, ұстазына қарап – шәкіртін таныған қазақпыз. Өз шәкірттерімнің ізденісіне сеніммен қарап, шығар шыңдарының биігі мол болатынына сенемін. Зерттеулер жүргізу арқылы оқушыларымның көп жаңалықтар аша түсетініне сенімім мол.
Жоба-зерттеу жұмысын қорғауға даярлау жолдары:
1. Мәтіндегі негізгі ұғымдарды анықтап,оларға түсінік беру;
2. Негізгі құбылыстарды,үрдістерді және оқиғаларды бөлу
(классификациялау- топтарға бөлу);
3. Өзің анықтаған парадокстарды анықтау,белгілеу;
4. Негізгі ойларыңды ретімен қою,(ранжирлеу);
5. Мысалдар,салыстырулар және сәйкестіктер ұсыну;
6. Қорытындылау,тұжырымдар жасау;
7. Әрі қарай зерттеу жолдарын көрсету;
8. Баяндама мәтінін дайындау;
9. Суреттер,сызбалар,макеттер даярлау;
10.Сұрақтарға жауап даярлау қажет;
Қорытындылай келе, “Өлең өнері -сөзбен,ал живопись өнері бояумен құлпырады ” деп Әл Фараби айтқандай бақыт жолын білімнен табатын алғыр оқушыларды жобалау-зерттеу қызметіне даярлауда аянбай еңбек ету үлкен жауапкершілікті көрсетеді. Өз тарихымызды,ауылымыздағы жұмбақ төбелерді,туған жердің тұнба таланттарының көзін тауып, өз бетінше жобалап, зерттеудегі қызығушылығы оқушыларымның одан әрі арта түсті.Өмірде артына ой қалдырып,ойдан мұра қалдырған адам өмірі - өшпес өнеге емес пе?
Жастарға білім бердім, ерінбедім,
Сол үшін ұжымымда көрінгенмін.
Зерттеу мен ізденістің нәтижесін,
Ғылыми жобаларда көрсетем деп,
Алдында толы көптің сенім бердім.
Есенбаева Бағила Әуезханқызы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Шығармашылық дарындылықты дамыту бағдарламасы // Алматы.2002ж45-47 бет.
2.Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары // Алматы. 2007ж.28-30 б.б.
3.Ақылдың кені Алматы // 2001ж. 77-82 бет.
4.”Райым” колхозына 60 жыл шежіре-дастан Қызылорда // 1995-96 жыл.
5.Шешендік сөздер Алматы // 1999 жыл.198-201 бет.
6.Ата мұра арқалық // 1990 жыл.1-10 бет.
7.Жергілікті жер су атаулары жинақтары Қызылорда// 2001 жыл. 42-54 бет.
8.Темірхан Әбдіков Сырдың ерке самалы Жібек жолы // 1998 жыл. 37-38 бет
9. Хабаршы Қызылорда // 2008 жыл. №6,8.
10.Н.Сарғожаев. Сен де бір кірпіш дүниеге...// Алматы. 1990жыл. 96-99 бет.
11.Сыртқы әлем: күнделіктіні академиялықта қолдану // алматы. 2007жыл. 231-235 бет.
12. Словарь RW C T // Алматы. 2005жыл.18-26 бет.
13. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудың өлшемдері // Алматы.2005ж.
14.Әрекеттегі RW C T // философиясы мен әдістері Алматы 2006жыл.185-192 бет.
15.Оқушы,оның дамуы және тәрбиесі// Қызылорда. 1993 жыл.25-бет.
16.Дарын Астана// 2007жыл, №4,5,6.
17.А.И.Савенков. Мен зерттеушімін // Қызылорда .2004 жыл. 2-15 бет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру және қайта даярлау институты
Қызылорда облысы Арал ауданы №81 орта мектебі
Авторы: ЕСЕНБАЕВА БАҒИЛА ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ
Тақырыбы: ОҚУШЫЛАРДЫ ЖОБАЛАУ-ЗЕРТТЕУ
ҚЫЗМЕТІНЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
Бағыт-секция Қазақ тілі мен әдебиеті
Ғылыми жетекші: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің доценті,
Филология ғылымдарының кандидаты,
халықаралақ ақпараттандыру академиясының
академигі,Қызылорда Қазақ Қытай
институтының проректоры
Арал, 2009 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |