Ерін үндестігі
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуіне ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарының да еріндіктен тұруы да мүмкін. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді. Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін ерін дауыстыларымен көрші буындарда қатар тұру мүмкіндіктерін ескеру тиіс.
Еріндік дауыстылар сияқты қос ерін дауыссыз да өзінен кейінгі езуліктерге ықпал ете алады. Сонымен ерін үндестігі де тіліміздің өзіндік жарасымын танытады.
Дыбыстар үндесуінің түрлі болуына байланысты үндестік заңы да түр-түрге бөлінеді. Дыбыстардың үндесуі қазақ тілінде өзінің, негізгі ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінеді: 1.Буын үндестігі (сингармонизм үндестігі). 2.Дыбыс үндестігі (ассимиляция үндестігі).
Буын үндестiгi (Сингармонизм)
Сөз ішінде дауысты дыбыстардың бірыңғай не жуан, не жіңішке үдесуін тіл ғылымында буын үндестігі (сингармонизм) дейді. Қазақ тіліндегі сингармонизм үндестігі негізінен мынадай жағдайларда келеді:
Түбір сөздің буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болып үстеледі. Мысалы: бал-балға, жол-жолға, тон-тонды.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған қосылатын қосымша да жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: жер-жерге, іні-ініміз, күн-күнді.
Қазіргі қазақ тілінде сингармонизм көбінесе түбірдің жуан, жіңішке болуына байланысты үндеседі. Ал, сирек кездесетін, буын үндестігіне бағынбайтын орындар да ұшырайды. Мұндай үндесулерге мына төмендегілер кіреді:
1. Көмекші септік жалғауынын -мен, -бен, -пен қосымшалары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да сол қалпында жалғанады. Мысалы: сиямен жаздым, атпен келдім, отпен ойнама, ағашты арамен кесті. Сен Үмбетпен кездестің бе? Соңғы сөйлемде ғана сөздің жіңішке болуына байланысты -пен жалғауы қосылып тұр.
2.Меншіктік ұғым беретін -нікі, -дікі, -тікі құрамдас
қосымшалар да, буын үндестігіне бағынбай, сөздің соңғы
буыны жуан болса да, жіңішке болса да осы күйінде жалғанады. Мысалы: Арба Асандікі.
3.-паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -кеш, -хана, -ист, -изм
жұрнақтары да сөздің соңғы буынының қандай болғанына
қарамай, сол күйінде жалғанады. Мысалы: өнерпаз, бейнетқор, әзілқой т.б.
4. X әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әрқашан да жуан түрде жалғанады. Мысалы: цехтың, тарихқа т.б.
5.-рк, -нк, -ке, -кт дыбыстар тіркесіне біткен орыс
тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парктен, танкті т.б.
6. -Ль әріптер тіркесіне біткен бір буынды орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: рольді, нульсіз, рульден т.б.
Қазақ тілінде өзге түркі тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ, ал қосымшаларда ерін мен езу үндестігі араласа келіп те қалады. Мысалы: орақтардың, орындар, күндізгі сияқты сөздер айтылуда ерін және езу үндестігі бойынша жұмсалады. Жоғарыда біз дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізген ықпалын сингармонизм үндестігі десек, ал дауыссыздардың бір-біріне тигізген ықпалын ассимиляция дейміз. Осы дыбыстар өзгеруінің тіл-тілде басты-басты екі түрі бар. Бұл дыбыстар өзгерісінің негізгі дені дыбыстау мүшелерінің қызметіне, яғни артикуляциясына байланысты болады. Осы дыбыстар өзгерісінің екі түрі мыналар:
I. Комбинаторлық өзгерістер.
Комбинаторлық өзгерістер көршілес дыбыстардың біріне-бірі тигізген ыкпалына байланысты болады. Белгілі бір дыбыстың екінші бір дыбысқа алмасуы да, кейде дыбыстың түсіп қалуы да немесе тыңнан белгілі бір дыбыстың пайда болуы да сөздегі өзге дыбыстардың ауанымен байланысты болады. Мысалы: Ол ауылға кетті. Ол қызметке кетті, деген сөйлемдерді алайық. Мысалы ауылға дегеннің қосымшасы -ға өзінен бұрынғы тетелес буынмен үйлесіп тұр.
Ал, қызметке дегенде -ке қосымшасы өзінен бұрынғы буынмен үндесіп тұр. Осы комбинаторлық өзгерістерде бір дыбыс екінші дыбысқа тәуелді болып тұрады. Яғни бір дыбыс екінші бір дыбысқа игеріліп тұрады. Осындай игерулі өзгерістерді комбинаторлық өзгеріске жатқызуға болады. Комбинаторлық өзгерістерді игерулі өзгерістер дейді. Дыбыстар үндесуінің сингармонизм құбылысы да, ассимиляция құбылысы да комбинаторлық өзгерістерге жатады.
II. Спонтандық өзгерістер. Спонтандық өзгерістерде көршілес дыбыстардың бір-біріне тигізген ықпалы болмайды. Ал, мұнда дыбыс өзгерісі өзге дыбыстардың ықпалына жұқпай өздігінен құбылып тұрады. Мысалы: Шелек сөзін кейбір жергілікті жерлерде челек деп айтады. Осы жердегі дыбыстың құбылысы бірде ш, бірде ч болып өзгереді. Міне, осындай өзгеруді спонтандық өзгерістер дейді.
Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)
Ассимиляция дауыссыз дыбыстардың үндесуі болып табылады. Түбір мен қосымша аралығында, біріккен сөз сыңарлары, жігінде және сөз тіркесі сыңарларының аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.
Қазіргі қазақ тілінде дыбыс үндестігі буын ішіндегі дыбыстардың артикуляциялық жақтан бір-біріне бейімделуіне қарай, негізінен екі түрде кездеседі.
-
Толық түрде кездесетін ассимиляция.
-
Жартылай түрде ұшырайтын ассимиляция.
Толық түрде кездесетін ассимиляция деп бір дыбыстың екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктіруін айтады. Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Жасса Жазса
Сүссе Сүзсе
Жұмышшы Жұмысшы
Ал жартылай түрде ұшырайтын ассимиляция деп бір дыбыстың екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей бір жақты дауыс қатысына қарай айтады. Мысалы: қағазға, тасқа. Осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының әуенімен қосымшаның да басқы дыбысы ұяңға айналып тұр. Түбір мен қосымшаның, біріккен сөздердің және көршілес дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ілгерілі, кейінді әсер етіп өзгеруін ықпал заңы дейді. Дауыссыз дыбыстардың біріне-бірінің тигізген әсерінен туатын ықпал заңы қазақ тілінде негізінен, үш топқа бөлінеді:
-
Ілгерінді ықпал (прогрессивті ассимиляция)
-
Кейінді ықпал ( регрессивті ассимиляция).
-
Тоғыспалы ықпал.
Тіл ғылымында ілгерінді ықпалды прогрессивті ассимиляция, кейінді ықпалды регрессивті ассимиляция деп атайды.
Прогрессивті ассимиляция
Дыбыстар өзгерісінде прогрессивтік ассимиляцияның мәні үлкен. Прогрессивтік ассимиляция деп бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстардың кейінгі дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал жасауын атайды. Қазақ тілінде сөз ішінде кездесетін ілгерінді ықпалдың мынадай үш түрі бар:
-
Түбір мен қосымша аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.
-
Біріккен сөз сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.
-
Сөз тіркесі сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.
Түбір мен қосымша арлығындағы ілгерінді ықпал қазақ тілінде жиі кездеседі. Түбір мен қосымша аралығындағы алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа тигізетін әсерін түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпал дейді. Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар:
1.Сөздің соңғы дыбысы ұяң не сонор дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы да ұяң немесе сонор дыбыс болады. Мысалы: аң-дар, мал-ға, аң-ға, мал-мен, аң-нан.
2.Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз болса, оған дауыссыз дыбыстан жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да қатаң болады. Мысалы: кітап-тар, кітап-қа, орақ-тар, орақ-қа.
3.Түбір сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысы катаң ш дыбысына айналып естіледі. Мысалы:
жазылуы айтылуы
қашса қашша
ашса ашша
ұшса ұшша
Біріккен сөз сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар:
1. Біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары б дыбысынан басталса, айтылуы да бірінші сөздің соңындағы қатаң дыбыстың әсерінен екінші сөздің басындағы ұяң б дыбысы қатаң п дыбысына айналып естіледі:
жазылуы айтылуы
Жүсіпбек Жүсіппек
Кеңесбек Кеңеспек
2. Біріккен сөздің бірінші сыңары не ұяң не сонор дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталатын болса, екінші сынарының басындағы қатаң дауыссыз дыбыс ұяңға айналып естіледі.
Сөз тіркесі сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляцияның мынадай өзіндік белгілері бар: 1.Сөз тіркестерінің алдыңғы сөзі қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екінші сыңары ұяң дыбыстан басталса алдыңғы қатаң дыбыстың әсерінен келесі сөздің басындағы ұяң дауыссыз дыбысы айтылуда қатаңға айналады. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Алып бар Алып пар
Тоқ бола Тоқ пала
2.Сөз тіркестерінің алдыңғы сөзі дауысты дыбысқа немесе сонор не ұяң дауыссыз дыбыстың біріне аяқталып келесі сыңардың басты дыбысы қатаң қ, к дыбыстарының бірі болса, айтылуы да екінші сөздің басындағы қатаң қ, к дауыссыз дыбыстары ұяң г, ғ дыбыстарына айналып естіледі. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Қара қағаз қара ғағаз.
Боз көйлек боз гөйлек.
Регрессивтік ассимиляция
Түбір сөз бен қосымшаның, біріккен сөздің және сөз тіркестерінің аралығындағы соңғы дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа артикулияциялық жағынан әсер етуін регрессивтік ассимиляция дейді.
Қазақ тілінде регрессивтік ассимиляцияның үш түрі бар:
-
Түбір мен қосымша аралығындағы регрессивтік ассмиляция.
-
Біріккен сөз сыңарлары аралығындағы регрессивтік ассимиляция.
-
Сөз тіркестері аралығындағы регрессивтік ассимиляция.
Түбір мен қосымша аралығындағы, кейінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар. 1.Түбір сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, түбірдің соңындағы қатаң қ, к, п дыбыстары өзгеріп ұяң ғ, г, б дыбыстарына айналады.
2.Етістіктің түбірі қатаң п дыбысына аяқталып, оған
көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, түбірдің аяғындағы қатаң п дауыссыз дыбысы үнді у дауыссыз дыбысына айналады. Мысалы: шап-шауып, сеп-сеуіп т.б.
3.Түбір сөз н дыбысына аяқталып, оған ғ, г, б дауыссыз дыбыстарының бірінен басталып қосымша жалғанса, түбірдің соңындағы н дыбысы өзгеріліп ң немесе м дыбысының біріне айналып естіледі. Мысалы:
Жазылуы айтылуы
Бұрынғы бұрыңғы
Жанға жаңға
Дүйсенбі дүйсембі.
4. Түбір сөз с, з дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, қосымша ш, с дауыссыз дыбысынан басталса с дыбысы өзгеріп ш дыбысына, з дыбысы өзгеріп с немесе ш дыбысына айналып естіледі. Мысалы:
Жазылуы айтылуы
Бозжанов Божжанов
Оразжан Оражжан
5.Біріккен сөздердің бірінші сыңары н дыбысына бітіп, екінші сыңары б, п, к, қ, ғ, г дыбыстарының бірінен басталса бірінші сөздің соңындағы н дыбысы м немесе ң дыбысына айналып естіледі. Мысалы:
Жазылуы айтылуы
Жанғали Жаңғали
Жанпейіс Жампейіс
дауыссыз дыбыстардың үндесуі болып табылады.
Тілдің ауызша фонемасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмаса, бұзылатын болса мұның өзі айтуы мен жазуы арасында өзгеріске ұшырайды. Өйткені жазу сөздің айтуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады. Мысалы: жан етістігінен өрбитін жанды, жанбады, жанған жоқ сияқты формаларда түбірдің бастапқы қалпы сақталып жазылады. Қысқасы морфемалардың жігінде қатар келіп акустикалық немесе артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі екіншісін өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр болады.
Алмасу - альтернация (лат. және орыс. тілінен чередование) - әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының кіші дыбыстың өзгеруі. Сонымен дыбыстық алмасу - фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстың) нәтижесі, мұны комбинаторлық (лат. біріктіру, тіркесу) немесе позициялық (лат. жағдай, шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. кенет пайда болған, байланыссыз) өзгеріс түрде танылады.
Үндестік заңы көрші дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфема мен морфеманың аралығында қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Ал мофеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар көп буынды сөзге тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір морфеманың соңғы буынды қосымша морфеманы тілдің қатысы жағынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала-ның, дала-ға т.б
Дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп негізінен екі түрлі болады: а) дауыс қатысына қарай (салдыр) немесе айтылу орнына (артикуляциясы) қарай. Көрші дыбыстар айтылу жағынан да бір-біріне азды-көпті ықпал етіп тұрады. Дегенімен түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын ала ыңғайласып, үйлесіп келетіндіктен дыбыс алмасулары да онша көп емес. Бұларға қарағанда сөз бен сөздің дыбыстар көбірек алмасуға ұшырайды.
Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.
1.Прогрессивті (ілгерінді) ықпал - алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке болып келуі де ілгерінді ықпалға негізделген.
2.Регрессивті (кейінгі) ықпал - кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.
3.Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың ілгерінді, кейінді қарсы әсері.
Бунақ
Ритм (гр.- өлшем, ырғақ) - кейбір белгілері жағынан өзара бірдей немесе біршама жуық элементтердің қайталануы.
Бунақтар - өзіндік екпін, ритммен айтылатын сөздер тобын айтамыз.
Сөйлеу актінде бір бунақ құрап айтылатындар алдымен күрделі сөздер және әр түрлі жолдармен тіркескен сөздер.
1.Біріккен сөздер: әргім-әркім, Доспол-Досбол
2.Қос сөздер: қора-ғора – қора-қора, жарық-жұрық - жарқ-жұрқ
3.Қысқарған сөздер: КазМУ,ОҚАУ
4.Өзара тіркескен (күрделі) зат есімдер: мал ғора - мал қора, қонағ үй -қонақ үй
5.Күрделі сын есімдер: қарала - қара ала, көг жасыл - көк жасыл
6.Күрделі сан есімдер: ом бір - он бір, 1945, 2005 т.б
7.Есімдік тіркесі: бүл гім - бұл кім, сеңгімсің - сен кімсің
8.Етістік тіркестер : сөйлөп полдұ - сөйлеп болды.
Аккомодация
Аккомодация (лат. бейімдеу) морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде бір ғана т фонемасымен төрт түрлі реңге ие болады. Дауыстылар мен дауыссыздардың және керісінше дауыстылардың дауыссыздармен көрші тұруында тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылықтар бар.
Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар дауыссызға күштілік жасап өз ықпалын жүргізеді.
Фонетикалық құбылыстар
Диэреза көп жағдайда ассимиляцияға негiзделедi. Мысалы, орыс тiлiндегi т, д шұғыл дауыссыздары екi созылыңқы дауыссыздар арасында немесе стк, здк дыбыс тiркестерiнiң арасынан ығыстырылады. Диэреза ассимиляциялық негiзiнде де болуы мүмкiн. Мысалы, орыс тiлiнде чт, чн дыбыс тiркестерi сөйлеуде шт, шн түрде айтылады.
Эпентеза екi дыбыстық аралығынан қосалқы дыбыстың келiп кiруi эпентеза құбылыс деп аталады. Мысалы, метр, литр деген сөздер қазақша метiр, литiр түрiнде айтылады.
Протеза бұл эпентезаның бiр түрi болып саналады. Эпентеза бойынша дыбыс сөздiң ортасына қосылатын болса, протеза бойынша дыбыс сөздiң алдынан қосылады. Мысалы, орыс тiлiндегi шкаф, стакан, стол деген сөздер қазақша дыбысталуында ышкап, ыстақан, үстөл түрiнде айтылады (мысалы, ылай, ылақ, ылайық, ылас, ырай, ыразы).
Эпитеза бойынша дыбыс сөздiң соңынан қосылады. Мысалы, өзбек тiлiнде орыс тiлiнен енген киоск, танк, пропуск, диск деген сөздер киоска, танка, пропуска, диска түрiнде айтылады және жазылады. Ал қазақ тiлiнде орыс тiлiнен енген бұл сөздердiң жазылуы сақталғанмен, олар айтылуда көбiнесе, киоскi, танкi, пропускi, дискi түрiнде айтылып, оларға қосымшалар дауыссыздан басталып жалғанады (мысалы: киоскiден, танкiге, пропускiнi, дискiнiң).
Апокопа. Тiл-тiлде кейбiр сөздердiң соңындағы дыбыстардың түсiп қалу құбылысы кездеседi. Бұл құбылыс апокопа деп аталады. Апокопа құбылысына ұшырайтындар көбiнесе кiрме сөздердiң соңындағы элементтер. Мысалы, иран тiлдерiнен енген тахт деген сөздiң соңғы дауыссыз дыбысы түсiп қалып, қазақ тiлiнде нақ түрiнде айтылады. Араб тiлiнiң бахт сөзi қазақ тiлiнде бақыт түрiнде қолданылуымен бiрге, соңғы дыбысы түсiрiлiп, бақ түрiнде айтылады. Қазақ тiлiнде дос түрiнде айтылатын сөздер иран тiлдерiнен енген. Бұлардың иран тiлдерiндегi дыбысталуының соңындағы т дыбысы қазақ тiлiнде айтылмайды. Сонымен, апокопа сөз соңындағы дыбыстардың қысқартылып ықшамдалуы дегенді бiлдiредi.
Метатеза. Сөз құрамындағы дыбыстардың орны ауысуы метатеза деп аталады. Метатезаға түркi тiлдерiнен көптеген мысалдар келтiруге болады. Өзбекше дераза, татарша терэза, қазақша терезе түрiнде айтылатын сөз башқұрт тiлiнде тәзрә түрiнде айтылады.
Адамның тілі - дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Алайда дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылықтар бар. Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән, өзімізге таныс негізгі үндестік заңдар жоғарыдағыдай болып келеді.
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар
-
Үндестік заңы дегеніміз не?
-
Тіл үндестігінің ерекшелігі неде? Ерін үндестігі дегеніміз не?
-
Қазақ тіліндегі сингармонизмге бағынбайтын орындарға мысалдар келтіріңдер?
-
Ассимиляция қандай құбылыс? Ассимиляция құбылысы неше топқа бөлінеді?
-
Қазақ тіліндегі кейбір фонетикалық құбылыстар жайлы мәлімет бер.
-
Үндестік заңының жіктелу кестесін жасаңдар.
-
Көркем шығармадан үзінді алып үндестік заңының түрлеріне мысалдар топтаңдар.
ГРАФИКА, ОРФОГРАФИЯ, ОРФОЭПИЯ
Қазақ тілінде графика, орфография және орфоэпия мәселелері аз зерттелген. Соның күрделісі графика.
Графиканың негізгі зерттейтін мәселесі тілдің алфавитіндегі әріптердің кұрамы болып табылады. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба әріптермен бөлінеді. Сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіп жазылуы және оған орай оқылу үшін олардың белгілі бір таңбалармен белгіленуі қажет. Сөйтіп, графика белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді.
Графикалық қағида бойынша әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбаланбай, олардын әрқайсысының өзіне телінген таңбасы болуы қажет.
Графика белгілі бір фонеманың белгілі бір таңбасы болсын деген қағиданы қолдайды. Рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Алфавиттің қазақ тілі тарихында өз алдына эволюциясы бар.
Жиырмасыншы жылдарға дейін қазақ алфавиті араб графикасына негізделген алфавит болады. Бірақ араб алфавитінде ұқсас әріптердің көп болуы және ондай әріптердің бірінен екіншісі қосалқы белгілер арқылы ғана ажыратылуы сияқты таңбалар қиындыққа келтірді. Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады.Латын алфавитінің сауат ашуында болсын, баспа ісінде болсын араб жазуы негізіндегі алфавитке карағанда әлдеқайда прогрестік маңызы болды. Бұл алфавиттің құрамында 29 әріп бар еді. Біздің елімізде түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар орыс графикасына негізделген алфавитке көшуді 39-шы жылдардың аяғы, 40-шы жылдардың басында жаңа алфавитке көше бастады. Қазақ халқы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті 1940 жылы қабылдады. Қазақ халқы орыс графикасына негізделген алфавитті дұрыс түсінді.
Орыс алфавитіндегі 32 әріп түгелдей қабылданып, оған қоса орыс тілінде жоқ, дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп алынды да, әріп саны 41-ге жетті. Орыс тілінде жоқ дыбыстың қазақша таңабалары: қ, ғ, ә, ө, у, ү, і, һ. Орыс алфавитіндегі әріптерге мысалы: о, к, г, у, н сияқты әріптерге ұқсас болу жағы ескерілді.
Орыс графикасына негізделген жаңа алфавит бұдан бұрын келген қиыншылықтардан біржола құтқарды. Сондай-ақ графика мен орфография (дұрыс және жазамын деген грек сөзінен алынған) өзара тығыз байланысты болады. Орфография дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді білдіреді. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде тілдің әртүрлі жақтарын және олардың байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйенеді. Орфографияның негізінен мынадай принциптері бар:
1. Фонетикалық принцип. Фонетикалық принцип бойынша әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан өзіне бекітілген тұрақты таңба бір ғана әріппен белгіленеді.
Фонетикалық принцип сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазылуын басшылыққа алады. Мысалы: жаздыгүні, қыстыгүні, ашудас дегенде сөздердің айтылуынша жазылуы фонетикалық принцип нәтижесі.
2.Дәстүрлік принцип. Дәстүрлік принцип этимологиялық принциппен төркіндес соған ұқсас принцип болып табылады. Орфографияның бұл принципі тілдің ерте кездегі жазу дағдысына негізделеді де сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейді. Мысалы: дәстүр сөзі дәстір, мазмұн сөзі мазмұн түрінде айтылғанымен бұлар орнығып байланысты жазылуын дәстүрлік принципке жатқызамыз.
3. Морфологиялық принцип. Морфологиялық принцип бойынша жазу сөздердің айтылуына емес сөздердің түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Морфологиялық принцип сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандығы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы: басшы-башшы, ұшсын-ұшшын, сәнқой-сәңқой.
Морфологиялық принцип күллі түркі тілдері үшін қолайлы принциптерден саналады. Өйткені түркі тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылысы және олардың түбір тұлғасының сақталуы бірдей келеді. Орфографияда қаралатын әрбір сөздің белгілі бір айтылу нормасы бар, яғни орфоэпия жалпыға бірдей ортақ және қалыптасқан бірыңғай нормаларды зерттейді. Бірыңғай дұрыс айту жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия деп аталады.
Әрбір әдеби тілдің орфоэпиясы дыбыстар мен дыбыс тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерін ғана емес, сонымен бірге сөздер мен фразалардың да дұрыс айтылу қағидаларын қамтиды. Дыбыстардың бір-бірімен үндесіп айтылуы сөз ішіндегі дыбыстарға ғана емес, сонымен бірге сөздің аралығындағы сөздерге қатысты. Мысалы: сақ бол, әкеп бер, қара көз, бара алып едім, үлкен ғалым деген сөздердің тізбегі сөйлеу процесінде сақ пол, әкеппер, қарагөз т.б. түрінде айтылады. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердің аралығында қатар келген екі дауысты дыбыстың алғашқысы сөйлеуде түсіріліп айтылады. Мысалы: торы ала ат, бара алмады, келе алмады деген тізбектер торалат, баралмады, келе алмады түрінде айтылады. Орфоэпияны қарастырғанда оның негізгі мәселесі екпінмен ұштасады. Екпін орфоэпиялық категория. Екпіні тұрақты тілдерде екпін сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуына әсер етеді. Мысалы: Сарыарқа деген сөздің Сарарқа болып айтылады, бұл сөздің бірінші сыңарының дербес екпіннен айырылып қалып, соңғы сыңармен екпін жағынан бір топ болып айтылуына байланысты болады. Сондай-ақ, торы ала ат сөзі таралат болып ықшамдалуы, оның сарынының әрқайсысының дербес екпінге ие болу қажетінен айырылып, бір екпінге бағынып айтылуымен байланысты болады. Әдеби тілдің орфоэпиялық нормаларын қалыптастыруда мектеп, радио, телевизор, театр және киноның атқаратын ролі айрықша күшті. Сондықтан да орфоэпиялық қағидаларды үйренуде ірі және көрнекті дикторлардың сөздерін жиі тыңдау қажет.
Графика тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл таныта бермейді. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген и,у,ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті онан да көп дыбысты немесе дыбыстардың қосындысын бейнелейді. Мәселен, бір ғана и әріпінің дыбыстық көрінісі мынандай болып келеді:
1.ый : мый, (жазылуы ми), қый (қи), ыйық (иық), таный (тани), қыйа (қия), қыйын (қиын), жый (жи), тыйын (тиын).
2.ій : кій (ки), тій (ти), ійне (ине), ійіс (иіс), бекій (беки), ерій (ери), бійлік (билік), ійір (иір), тійін (тиін)
3.ұй : мұхұйт (мұхит), бұлтұй (бұлти), бұртұй (бұрти), жорұй (жори), мұқұйат (мұқият), құрұй (құри), құпұйа (құпия)
4.үй : мүрүйт (мүрит), мүлгүй (мүлги), түксүй (түкси), үрпүй (үтпи), үсүй (үси), мөлүй (мөли), дүнүйе (дүние)
5.и : интитут, университет, иницатива, физика, кино.
Қысқасы, дыбыс пен оның таңбасы сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді. Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу - транскрипция (лат. көшіру) қолданылады. Әдетте транскрипцияның екі түрлі жиі пайдаланылады: фонематикалық және фонетикалық. Фонетикалық транскрипцияда бір фонеманың алуан түрлі аллафондары бір-ақ таңбамен бреледі де ,фонетикалық транскрипцияда әр түрлі аллафондар да ескеріледі. Қысқасы, мұның алғашқысы дыбысты (сол арқылы сөзді) айтылуына жуықтатуды, екіншісінде дәл беруді мақсат етеді.Біздің жауымыз - негізінен фонематикалық (фонемаға негізделген) жазу.
Сонда ат, ет, от, өт сияқты сөздердің жазылуы фонематикалық транскрипцияға сәйкес келеді. Бұдан тілімізде сөздердің бәрі де фонематикалық транскрипцияға сай жазылады екен деген ұғым тумау тиіс.
Қазіргі практикалық жазуымызда қолданылып жүрген ә,о,ө,ұ,ү,у,й, л,м,ң,ш,р,т әріптері ғана фонетикалық транскрипцияда өзгеріске ұшырамай, өз бейнесін үнемі сақтап тұрады деуге болады. Ал қалған әріптер сөз ішінде бірде дыбыс, бірде тек әріп қана болып тұрады. Мәселен, өлең, өнер, өзен, үлек, үлкен, түлек, жүрек деген сөздерге е дыбысты да, фонеманы да бейнелемейді, ол тек әріп. Сол сияқты құлын, мұрын, күлкі, түлкі дегендерде ы,і тек әріп. Бұлардың транскрипциясы - өлөң, өнөр, өзөн, үлөк, түлөк, мұрұн, құлұн, күлкү, түлкү. Транскрипциялау кезінде басшы, асшы, жанған, жанбады, көзсіз, завод, педагог, округ сияқты сөздер башшы, ашша, жаңған, жамбады, көссүз, завот, педагок, окрук болып өзгеріске ұшырайды.
Фонетикалық транскрипция дыбыстың (сөздің ) айтылуын неғұрлым дәл біреуді мақсат етеді. Ат, ет, от, өт сөздеріндегі т фонемасы дауысты дыбыстардың ықпалымен әр түрлі реңкке ие болады. Бірінші т(ат дегенде) езулік, жуан; екінші - езулік, жіңішке; үшінші - еріндік, жуан; төртіншісі-еріндік, жіңішке. Оның үстіне о,е дыбыстарының алдынан әнтек у, ал е-нің алдынан әнтек й дыбысы айтылатыны да ескерілуге тиіс.Бұл ерекшеліктерді көрсету үшін фонетикалық транскрипцияда айрықша белгілер қолданылады. Мәселен, о-еріндік; /-жіңішке; v-ұяң; -қатаң; -созылыңқы; -ашық; -қысаң т.б. Сонда жоғарыдағы сөздер былай өрнектеледі ат, ет, от, өт, т.б. Фонетикалық транскрипция фонетикалық заңдылықты терең білуді қажет етеді. Мұның өзі қазақ тіл білімінде толық қолдауын таба қойған жоқ.
Әрбiр халықтың әрбiр тiлiнде айтылудың жалпыға бiрдей ортақ және қалыптасқан бiрыңғай нормалары болады.
Солар жайындағы ережелердiң жиынтығы орфоэпия деп атаймыз. Әрбiр әдеби тiлдiң орфоэпиясы ережелерiн ғана емес, сонымен бiрге сөздермен фразаның да дұрыс айтылуы ережелерiн қамтиды.
Сөз құрамында дыбыстар немесе сөздердiң арасындағы дыбыстар бiр-бiрiмен өзара үндесе үйлесе айтылады. Сөйлеуде олардың үндестiгiн сақтап, нақышына келтiре айту үшiн тiлдiң дыбыстық жүйесiнiң табиғатын, дыбыстардың бiр-бiрiне әсер ету заңдылықтарын жете бiлу қажет. Сөздер мен сөз тiркестерiнiң жазылуы мен айтылуының бiр-бiрiне әрқашан сайма-сай келе беруi, шарт емес.
Тiл-тiлдiң әрқайсысында жазылуы мен айтылуының арасында пәлендей айырмашылық болмайтын сөздердiң де бар екенi рас. Бiрақ әрқашан бұлай бола бермейдi. Мысалы, қанқұрт сөнбедi деген сөздердi жазылуына қарап дәл осылайша оқу орфоэпиялық жақтан болмас едi.
Бұларды айтқанда, ол сөздердiң iшiндегi дыбыстардың бiр-бiрiне әсер ету, соған қарай өзара үндесу ерекшелiктерiн сақтау қажет. Бұл сөздер жоғарыдағыдай жазылғанмен қанғұрт сөнбедi түрiнде айтылады.
Бұлай болатындығы мынадан: қанғұрт деген бiрiккен сөздiң бiрiншi сыңарының басқа дыбысы жасалу жағынан тiл арты дауыссыз болуына қарай, өзiнiң( алдындағы дауыссыздың да тiл арты болуын қалайды.
Осыған орай, тiл алды м дыбысы айтылуда тiл арты қ дыбысына айналады.
Орыс тiлiнде қатаң дауыссыздарды белгiлейтiн әрiптер ұяң дауыссыздардың алдында келгенде айтылуда келгенде ұяң дауыссызға айналады. Мысалы: сделка (айтылуы, зберкасса), сделать (айтылуы, зделать).
Дыбыстардың бiр-бiрiмен үндесiп айтылуы сөз iшiндегi дыбыстарға ғана емес, сонымен бiрге сөздердiң аралығындағы дыбыстарға да қатысты. Мысалы: сақ бол, әкеп бер, қара көз, бара қалып, едiм, ала кел, көк аспан, ақ ешкi, көз сала жүр, сөздердiң тiзбегi сөйлеу процесiнде "сақпол, әкепбер, қарағоз" түрiнде айтылады.
Қазақ тiлiнiң орфоэпиялық нормасы бойынша, сөздердiң аралығында қатар келгенде екi дауысты дыбыстық алдыңғысы сөйлеуде (түрлiше) түсiрiлiп айтылады. Мысалы: ала от, бара алмады, келе алмады, бала iсi, түрiнде айтылады. Орфоэпия мәселелерiнiң iшiндегi ең негiздерiнiң бiрi – екпiн туралы мәселе.
Бiз орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерiнiң жиынтығы дегендi түсiнемiз. Тiлдiң дыбыстық жағы оның сөздiк құрамы және грамматикалық құрылысы мен астарласып, өзара байланыста болады. Осыған орай фонетикалық жазу тiлдiң дыбысталу жағын ғана емес, сонымен бiрге лексикасы мен грамматикалық ерекшелiктерiн де қамтиды. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгiлегенде, тiлдiң әртүрлi жақтарын және олардың байланысын бiрдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйенедi, соларды негiзi етiп алады.
Достарыңызбен бөлісу: |