Өзге тілді мектептерде қазақ тілі оқытуда жаттығулардың лингводидактикалық негіздері



Дата11.06.2016
өлшемі77.46 Kb.
#128490

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (61) 2008

Г.С. Есенова

Өзге тілді мектептерде қазақ тілі оқытуда жаттығулардың лингводидактикалық негіздері


Лингводидактика терминін ғылыми әдебиетке енгізген ғалым Н.М.Шанский. Ол бірнеше мағынада қолданылып жүр.

1) тілді үйретудің жалпы теориясы;

2) тілді оқыту процесінде (үрдісінде) тілдік әрекеттерді үйрететін ғылыми пән;

3) оқыту үшін тілді сипаттаумен айналысатын қолданбалы ғылыми пән.

М.Джусупов осылардың ішінен бірінші пікірді ұстана отырып, ол үшінші ұғымдағы лингводидактика мәнін де назардан тыс қалдырмайды.

Сондай-ақ ғалым орыс тілін ұлттық орта мектептер мен ЖОО-нда оқыту әдістемесі үшін лингвистикалық негіз қажеттілігіне ерекше тоқталады.

Орыс тілін оқытудың лингвистикалық негізі орыс тілі мен ана тілін салыстыра талдау (анализ жасау), өйткені ол орыс тілін үйренуде қиындық тудыратын ерекше тілдік құбылыстарды (қасиеттерді) айқындауға мүмкіндік береді, екінші жағынан екінші тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық және стилистикалық ерекшеліктерін терең де тез меңгеруге мүмкіндік береді дейді.

Яғни зерттеуші фонетикалық ерекшеліктерді игерумен байланысты лингводидактика мәселелеріне тоқталады. Бұл мәселе тілдің басқа да қабаттарын игеруге де негіз болады.

Салыстырмалы анализ (талдау) жасауда үйренетін тіл мен ана тілінің фонемалары ғана емес, сонымен қатар лингводидактиканың басты принциптерінің бірі саналатын тіл дыбыстары да салыстырылады. Бұндай салыстырмалы талдау жасауда әр тілдің фонемалар құрамы және олардың шектік түрлерін белгілеу қажет.

Бұндай салыстырмалы анализ жасауда лингводидактика мәселелеріне сәйкес жаттығулар орындалатыны заңды құбылыс [1, 18-19].

Лингводидактика талаптарына сәйкес өтілген жаңа тақырыпты бекіту, белгілі бір тарауды өтіп болғаннан соңғы бекіту, тоқсандық, жылдық қайталауға байланысты жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:

1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындай алатындай білімі болуы шарт.

2. Оқушылар жаттығуларды не үшін орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсінсе ғана оны саналы орындайды, әрі белгілі дағдысы қалыптасады.

3. Жаттығу оқушылардың тілге қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыратындай түсіндіріліп берілуі тиіс.

4. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып тыруы керек.

5. Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген материалдарды қайталауға да мүмкіндік туғызатын болуы керек.

6. Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауы тиіс. Жаттығулардың мөлшері оқушылардың жас мөлшеріне және ауыр -жеңілдігіне қарай ауыстырылып берілгені жөн.

7. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы қажет.

8. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.

9. Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан жіктеп саралау және жинақтап қорыту түрінде болғаны жөн.

10. Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасай алатындай дағды қалыптастыратындай болуы керек [2, 119-120].

Профессор Ф.Оразбаев қазақ тілін сауатты үйрету үшін, оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлау маңызы зор дей келе, ондай жазба жұмыстарына мыналарды жатқызады:

1. Жазбаша жаттығулар.

2. Қысқа мәтіндер.

3. Жүйелі жазба жұмыстары.

4. Жазбаша бақылау жұмыстары.

5. Диктанттың түрлері.

6. Жазбаша ойындар.

7. Іс қағаздарының үлгілері т.б. [3, 114].

Аталған жұмыстар әлі де зерттеуді қажетсінетін мәселелер, олардың қазақ тілін терең меңгеруде пайдасы зор екендігін ерекше атап кетеді.

Сондай-ақ қатысымдық қызметке сәйкес жазба жұмыстары (жаттығулар да бар) мына төмендегідей бағытта жүргізілуі қажет дейді.

1. Берілген жазба жұмыстар мен тапсырмалар өмірге сай бола келіп, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, түсініктік пен пікір алысуды қамтамасыз ету керек.

2. Кейбір жұмыстар алдын ала ауызша орындалып, үлгісі көрсетілгені жөн.

3. Тапсырманың аумағы мен жұмыстың көлемі шағын, нақты, түсінікті бола келіп, 10 минуттан аспағаны ұтымды.

4. Берілген тапсырмаларжеңілден қиынға, аздан көпке қарай ауысып, барлық материалды түгел қамтығаны абзал.

5. Ұсынылған жұмыстар қателерді болдырмауға бағыттала келіп, оқушылардың үйрену дағдысын жетілдіріп отыруы керек.

6. Жазба жұмыстарында берілген сөздердің саны қатысымдық минимумды меңгеретіндей дәрежеде болып, орындалу барысында сөздік қордың дамуына бағытталған дұрыс.

7. Жазба жұмыстары үздіксіз тексеріліп отыруы қажет.

8. Тіл үйренушінің жазба жұмыстарын орындау мүмкіндігі жеке сөздерге қарап емес, тұтас мәтіннің не тапсырманың мазмұн-мағынасын түсіну дәрежесіне қарай бағалану керек.

Осыларды ескере отырып, жалпы жазба жұмыстарын, оның ішінде жаттығу орындау барысында жалпы тіл үйренушілер мына мәселелерді білуі қажет:

1. Тілдік таңбаларды бір-біріне ажырата блулері қажет.

2. Графикалық жүйе бойынша коллиграфияны жете меңгерулері тиіс.

3. Айтайын деген ойын, сұрағын жазбаша түрде құрастыра білу керек.

4. Суреттерді, заттарды, кейбір іс-әрекеттерді бейнелеп жазып, қысқаша әңгімелеп бере білгені жөн.

5. Естігенін не оқығанын қысқаша жаза білуі қажет.

Әдіскер ғалым К.Жақсылықова қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру әдістемесінің лингвистикалық негізін анықтағанда мына екі мәселеге көңіл бөледі:

1. Қазақ тілінің жүйесіне, қазақ тіл білімінің негізгі заңдылықтарына сүйену;

2. Қазақ және орыс тілдері жүйесін салыстыра талдау мәліметін ескеру.

Ал дидактикалық негізін айқындау үшін мына төмендегі төрт мәселенің басын ашып алу немесе дейді:

І. Қазақ тілін оқытудың негізгі принциптерін қарастыру.

ІІ. Қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру критерийін белгілеу.

ІІІ. Орыс бөліміндегі қазақ тілін оқыту жағдайын және оның сапасын арттыру процедурасын белгілеу.

Автор өз зерттеуінде жалпы дидактикалық мына принциптерді көрсетеді:

1)ғылымилық принципі, 2) жүйелілік принципі, 3) практиканың теориямен байланысы, 4) саналылық принципі, 5) жекелік пен ұжымдық біртұтастық принципі, нақтылық пен абстрактылық бірлігі принципі, 7) түсініктілік принципі, 8) білімнің принципі.

Сонымен қатар зерттеуші К.Жақсылықова аталған принциптерге қазақ тілінің жеке дидактикалық ерекшелігін ескеру тұрғысынан талдау жасай келе, мынадай тағы 2 принципті енгізуді ұсынады. Олар қазақ тілін оқытудың жеке дидактикасы ерекшелігіне сай, оның негізінде жасалған мынадай меншікті принциптер:

1. Кешенді оқыту принципі.

2. Ана тіліне сүйену [4, 41].

Автор оқытудың 10 принципі тұтас алғанда қазақ тілінің жеке дидактикасының теориялық негізін құрайды деп санайды.

Ал ғалым -әдіскер Н.Құрманова "Сөз тіркесін оқыту әдістемесінің лингводидактикалық аспектіден қарастырылу ерекшеліктері" атты мақаласында сөз тіркесін лингводидактикалық тұрғыда тану бізге сөз тіркесін оқыту әдістемесінің мынадай міндеттерін шешуге көмектеседі дейді:

1. Сө тіркесі туралы жаңа ғылыми мәліметтерді оқушыға әкелудің жаңа жолдарын, әдіс-тәсілдерін жүйе түрінде жинақтап тануға мүмкіндік береді.

2. Сөз тіркесі туралы жалпы мәліметтерді іріктеудің ерекшелігін танытады, басшылық етеді.

3. Танылған лингвистикалық негіздер сөз тіркесін оқытудың әдістемелік кешенін (методический комплекс) жасауда үлкен, тіпті басты рөл атқырады.

4. Лингводидактикалық тұрғыда іріктелген ғылыми -теориялық мәліметтер оны оқып -меңгерген оқушыда қандай білік -дағдылар қалыптастырылуы қажет екендігін де анықтауға мүмкіндіктер ашады. Соның негізінде біз сөз тіркесін меңгерудегі білімін бағалаудың нормаларын, түрін, бақылаудың мазмұндары мен формаларын т.б. тануға жол аша аламыз деп санаймыз [5, 76].

Зерттеуші өз мақаласында сөз тіркесін оқыту әдістемесінің лингводидактикалық аспектілерін танудағы басшылық ететін принциптерді (16 принцип) санамалап көрсете келе былайшы ой түйіндейді:

Осы принциптердің ұсынылуы барысында біз сөз тіркесін оқыту әдістемесінің көздеген көптеген міндеттерін шеше аламыз. Олардың ішінде мыналарды атап кетуге болады;

- оқушылар сөз тіркесінің құрылымдық-семантикалық табиғатын жүйе ретінде тани алады;

- соның негізінде оқушылардың ойлауы теориялық деңгейге көтерілуіне жайлы жағдайлар жасалынады;

- сөз тіркесі -тілдік жүйенің құраушысы бола отырып, өзі де дербес кіші деңгейдегі жүйе құра алатындығын түсінеді;

- ана тілінің тек сөйлеу құралы ретіндегі "бейнесі" ашылады;

- сөз тіркесінің морфологиялық категориялардың жинақталған деңгей ретіндегі бейнесін тану арқылы, сөз тіркесінің сөйлем, текст құраушылық қызметін танып, соның арқасында тілді саналы теңгеру әдістеріне ие болады;

- сөз тіркесінің функционалдық, коммуникациялық единицаны құраушылық рөлін тану арқылы коммуникацияның өте күрделі процесс екендігін түсіне алады т.б.

Сөйтіп, ғалым -әдіскер Н.Құрманова сөз тіркесі туралы лингвистикалық мәліметтерді дидактикалық тұрғыдан шешу қажеттелігі туралы айтылған ой-пікірлер тілдің басқа деңгейлерін оқыту мәселесіне де тығыз байланысты дейді.

Автордың екі жүйенің, лингвистикалық жүйе мен әдістемелік -дидактикалық жүйенің бірігіп жаңа сөз тіркесін оқыту жүйесін танылады деген пікірімен толықтай келісуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Джусупов М."Звуковые системы русского и казаского языков. Слог.Интерференция. Обучение произношению Ташкент Изд. "Фан Узбекс.ССР) 1994, 18-28 б.

2. Қасабек Қ., Күзембаева А. "Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің практикалық және зертханалық жұмыстары. -Алматы, 1999. Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясының республикалық баспа кабинеті.

3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас негіздері. -Алматы, 2005.

4. Жақсылықова К. "Қазақ тілін сапалы оқытудың кейбір дидактикалық аспектілері" Жинақта: Қазақ тілі грамматикасы және лингводидактика мәселелері. -Алматы, 1997.

5. Құрманова Н.Ж. "Сөз тіркесін оқыту әдістемесінің лингводидактикалық аспектіден қарастырылу ерекшеліктері" Жинақта: Қазақ тілі грамматикасы және лингводидактика мәселелері. -Алматы, 1997.

Редакцияға 18.01.2008 қабылданды.



"Пройдет время, мы пройдем мимо.я крикну твоё имя, но позову не тебя, а сына..Ты был в моей жизни, чтобы подарить имя моему ребенку. Я представляю иногда такую историю. Выходишь из машины и смотришь, как я держу не твоего ребенка, называю его Твоим именем и сияю от счастья.Потом наши глаза встречаются...Наверное во мне что-то рухнет в тот момент.Может быть вспомню свои 21. Недавние, но чудесные.Улыбнусь тебе. И ты все поймешь.Ты был не случайно.Ты был, чтобы подарить моему ребенку имя.Не жизнь, а именно имя."

Все как в реальности.Лето.Я среди домов, в длинном платье, с распущенными волосами, бегу за своим маленьким сыном, который так и хочет выбежать на дорогу.Догоняю его у конца тротуара прямо перед только что остановившейся машиной.Ловлю его на руки, что-то говорю ему с нежностью и тревожной улыбкой.А из машины выходишь ты...

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет