«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ


№2 Дәріс  Тақырыбы: Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Лекциялар

№2 Дәріс 
Тақырыбы: Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде.
Мақсаты: өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық аппараты туралы ұғымберу; өзін-өзі тану 
пәнінің басқа ғылымдалмен байланысын көрсету. 
Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану пәнінің категориялары, категориялық аппарат, ұғым,
адамгершілік тәрбие, адами қасиеттергетәрбиелеу, оқыту, жүйе.
Жоспар.
1. Өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық аппараты.
2. Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде.
1. Өзін-өзі тану пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен
негізгі өзін-өзі тану ұғымдарын қарастырайық:Өзін-өзі тану пәнінің болмыс ұғымдарына
тәрбие, үйрету , оқытужатады. Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді
жәнеқатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Өзін-өзі тану арқылытұлғаның өзіндік
дамуына, білімдік және танымдық әрекеттерінеықпал ету , өзара адамгершілік
құндылықтары мен өзіндік бағдарынтаңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы 
белгілі болды. Өзін-өзі тану ұғымдары: Елімізде 2002 жылы шыққан 
«Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде«Өзін-өзі тану» ұғымына
төмендегідей түсінік берілген:«Өзін-өзі тану» - өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан
маңыздыөзекшелігі бар өзін-өзі бақылау әдісі секілді, психиканы 
субъективтілік тұрғыдан танып білу/:
1/ интроспекцияның әдеттегіактілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда күрделі және
ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға текбастапқы 
материал ретінде ғана енеді;
2/ адам өзі жайлы мәліметтердіөзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау-
көздер - өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарым-қатынасы арқылы 
да алады» .
Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүниетанымындағы құбылыстарды, олардың
өзара байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда«өзін-өзі тану»,«өзін-өзі өзектілеу»,«өзін-
өзіжетілдіру»,«өзін-өзі тәрбиелеу»«өзін-өзі басқару»,«даму» және«қалыптасу»«саналы
пайымдау»,«өзінді талдау» сияқты ұғымдар дакездеседі. Педагогика ұғымдарының бірі - өзін-
өзі тәрбиелеу. Өзін-өзітәрбиелеу – жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі маңызды бөлігі. 
Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауапқайтаруы, яғни реакциясы
арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу – олморальдық және этикалық нормалардың
қалыптасуы және олардыңәдетке айналуы. Өзін-өзі тәрбиелеу – адамды дамытуға арналған
тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретіндесезініп,
қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзітәрбиелемей жеке тұлға
қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеубарысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім
алу – мәденимұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау , өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен
білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болыптабылады. Өздігінен оқу- адамзат
тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзітаңдаған әдіспен игеру үрдісі. Осы өздігінен білім,
тәрбие алу, оқуадамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінендамуға өзін-
өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды. Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы
мен оқужоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізіндежүйелі және белгілі
бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдықіс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі
оқыту – жалпы және кәсібибілімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты
болыпкеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар
интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер 
етеді. Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауғаболмайды. л педагогиканың
негізігі бөлігі ретінде қарастырыладыжәне ол берілген тәрбиенің қорытындысы. л жалпы
жеке тұлғаныңрухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпымәдени 
дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесіндетеориялық материалдарға анализ
жасау және өзін-өзі тәрбиелеубарысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе
өзін-өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпыжүйесіз жұмыс
жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмысжасау қатары университет ішіндегі


студенттердің бойында күнненкүнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі
басқаруүрдісіне даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егермұғалім мектеп
оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылықжасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі
де өзін-өзі дамытудыдұрыс біле бермейді. Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін-өзі
тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз оқылады, алпрактикалық-тәжірибелік сабақтар
дұрыс жүргізілмейді. Осытұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі
тануғақатысты тәжірибе аз екенін ескерген жөн. Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды
мақсатты жүйеліқалыптастыру принципі болып табылады. Тәрбие жайында осыуақытқа
дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың
балаларға ықпал жасауы дептүсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект
түріңдеқарастырылады. л субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - 
әрекет жасау рөлін атқармайды.
Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзітәрбиелеуді қалыптастыру өзінің жеке 
даму жолында пайдалану үшінмыналарды білуі қажет:
1) Осы үрдісті басқару принциптерін;
2) Оның негізгі салаларын;
3) Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері ментәсілдерін.
Студенттерді өз таңдаған жолында даярлауда өзін-өзі оқыту менөзін-өзі тәрбиелеу,
оқытудың ролі мен мәнін студенттерге жеткізу ; ақпараттандыру(педагогикалық-
психологиялық білім беру); Олардыөзін-өзі жетілдіруде бағытталған іскерлікпен және
дағдыменқаруландыру; өзін-өзі тану мен тәрбиелеудің жолдарынқалыптастыру;
студенттердің өзін-өзі тану мен тәрбиелеубарысындағы жұмыстарын ынталандыру
қанағаттандыру.
2. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзітану негізінде
қалыптастыруда«тұлға» ұғымына тоқталмай айналыпкету мүмкін емес. Себебі, рухани-
адамгершілік құндылықтарды, тұлғаның өзін-өзі тануы арқылы қарастырғалы отырмыз.
Солсебептен«Тұлға» ұғымына тоқталуымыз керек. Бүгінгі күнге дейін тұлға теориясының ортақ 
пікірі жасалған жоқ. Тұлға қоғамда өз орны мен ролін жеткілікті мойындайтын
саналыәрекетпен айналысатын даралық қасиеттерге ие жеке адам. Бостандық, ақыл-парасат,
қозғалысты өмір салты, индивидуализмжәне кәсіпкерлік рух – қалыптасу үстіндегі
тұлғаның бастыкөрсеткіштері. Тарихшылардың пікірінше,“индивидуальдық” сөзініңөзі“тұлға”
ұғымы ретінде бұдан 200-300 жыл бұрын, яғниағартушылық дәуірінде пайда болған. 
Адамдардың мінез-құлқы, ішкі жандүниесі, бар нәрсеніқабылдауы, түсінігі әртүрлі болады.
Бірақ бұл қасиеттерінің өзінадамгершілік тұрғысында, қоғамдық қатынастарда өз
ерекшеліктерінбасқалардың бойындағы қасиеттерімен салыстырып, өзгелерді танибілуінде,
өзінің артықшылығын сана-сезім өлшемімен бағалай білудетұлғаға тән болмысты
аңғарамыз. Қазақстанның өркениетті елдерқатарында болып, өсіп-өркендеуі үшін жан-
жақты, үйлесімді білімберетін мектептің болуы сонымен қатар бұл мектептерде өзін-өзітани 
білетін табанды тұлға тәрбиелейтін ұстаздар қауымын даярлаудақазіргі таңда үлкен
жауапкершілікпен қараудың қажеттілігінебайланысты қазіргі уақытта көптеген ғалымдар
тың құнды пікірлердіжиі айтып отыр. “Қазір қоғам адам болмысындағы мейірім, шапағат,
төзім,махаббат… сияқты құндылықтардың жаңғыруына зәру болып отыр”. Адамдарға сенім
арту және оларды сүйе білу, олардың сыртынанғайбат сөйлемеу, олар туралы жағымсыз
танымына, тұлға менортаның дамуы көзқарасы мен қарым-қатынасына тікелейбайланысты
болып отыр. Адам өз бойындағы қараулықты, жалқаулықты, масаттануды, ашкөздікті,
үрейді, екіжүзділікті, менмендікті жеңе білудің жолы ол адамның өзін-өзі тануы
болыптабылады. Тұлғалық өзін-өзі тану бағыттарын саралау оның ішкі дүниесінеөзінің
үңіліп, болашаққа берік сеніммен, биік адамгершілік тұрғыдандайындалуына негіз болады.
Бұл тұрғыда Ә.Мұқанбетжанова“Тұлғаны дамыту-өзекті мәселе” – атты, Қазақстан
мектебіжурналында жарық көрген мақаласында Ш. Амонашвилидің тұлғатуралы айтқан ой
пікірін келтіреді: “… тұлға өз-өзімен күрестеболады, өзін-өзі тану және өзін-өзі анықтау
үрдісінде туады, тәрбиежәне оқыту тұлғаның тұрақтану жолына бағытталады, сол
жолдажеңіске жету үшін көмек беруге тиіс…” – деп келтіреді. Сөйтіп, студент тұлғасының
бойында рухани-адамгершілік құндылықтардыңқалыптасуы тұлғаның өзін-өзі тануына


бағытталуы оның ең тиімдіқұрылымы бар өзіндік даму жүйесінің болуын қажет етеді. Осы
орайда студенттің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі түсінуініңқалыптасуын зерттейтін салалар
тұлғаның біліктілігін көтеру меноларды өмірге даярлау сапасын көтерудің тың
көкжиектерін ашады. Себебі психикалық өмірдің бұл жағын қалыптастыру тұлғаның еңбек
қарым-қатынас және таным субъектісі ретіндегі адамгершіліктұрғыдан жетілуінің алғы
шарты болып саналады. Өзін-өзі танудыңтағы бір қырын жеке тұлғаның белгілі бір іс-
әрекетке бағыттаушы, бағдарлаушы ролін арнайы зерттеу ісін Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская, 
В.Д. Шадринов және т.б. бастады. Болашақ маман ретіндеөзін-өзі осы жолға бағыттап отырған
студенттердің өзін-өзі танудегеніміз нақты осы жолдағы оқу түрінің шарттары мен
талаптарын, сонымен қатар болашақ мамандық иесінің мінез–құлық пенқатынастарының
белгілі үлгісін қабылдау мен ұғынуды ғана емес, таңдап алынған әлеуметтік қарым-
қатынастар саласындағы тұлғаныңөзінің ролін, міндеттері мен мүмкіндіктерін тану мен
пайымдаудыбілдіреді. Бұл процесс тұлғаның өзін іс-әрекет субъектісі ретіндегітану үрдісіне
негізделген. Қазіргі заманғы психология ғылымындаөзін-өзі тану мәселесі одан ауқымы
кеңірек ұғым-тұлғаның өзіндіксана/өзін-өзі түсіну, самосознание/ ұғымымен берік
байланыстақарастырылады. Өзіндік сана мәселесін зерттеудің педагогикалық-
психологиялықаспектісі өзіндік сананың/өзін-өзі түсінудің/ адам психикасыныңерекше бір
процесі ретіндегі табиғатын анықтау болып табыладыБұл процесс жеке тұлғаның өзін-өзі
тану мен өзіне дегенэмоционалдық құндылық қатынасы негізінде іс-әрекет пен
тіршілікәрекеттері санасындағы өзін-өзі ұйымдастыруына бағытталады. Өзін-өзі түсінуді 
меңгерген тұлғаның өзінің не істеп, не қойғанынтүсінуге, саналы түрде өндірістік міндеттерді
алға қойып, олардышешуге, өз іс-әрекеттерін жоспарлап, міндеттемелерді орындауға,
өзсәтсіздіктерінің себептерін саралауға, өз іс-әрекеттеріне түзетулеренгізуге қабілетті.
Өзін-өзі түсіну – тұлғаның өзін-өзі билеп, өз тағдырын өзішешудің белгілі деңгейі. Өз
өмір сүріп отырған ортада өз жүрержолын анықтаған тұлға - өзінің өмірлік мақсаттарын, өз 
потенциалын толық пайдаланумен байланысты жоспарларын, өз қалауларын, өзініңтұлғалық
және физикалық қасиеттерін, өз мүмкіншіліктерін, қабілеттерін, таланттарын, сондай-ақ, өзі
таңдаған осы оқу орныныңортасында өзінің білім игеруіндегі әзірлік шама – шарқын
ұғынатынтұлғаны қалыптастыру. Осы студент тұлғасы ретінде ішкі өсумен қатар, өзін-өзі түсіну 
деөзгереді. л игеруге талпынған мамандық түрінің жаңа белгілерініңіске қосылуының
арқасында кеңейеді. Студенттердің өзін-өзітүсінудің құрамындағы маңызды
компоненттерінің бірі-сол тұрғыдаөзін-өзі тану. л белсенді танымдық іс-әрекеттің нәтижесі,
танушысана. Алайда танушы сананың дүниеге келуі сана дамуының белгілідеңгейін талап
етеді, сонымен қатар ол өзінің мақсатын қамтамасызететін нақты жағдайларды талап етеді.
Ең алдымен, тұлға өзін танымобъектісі ретінде бөліп қарастыруы қажет, сонымен қатар
осымақсатта өзінің бар ішкі мүмкішіліктерін пайдалана білуі шарт. Қалыпты психикалық
денсаулығы өз деңгейіндегі адам өзі мен өз іс-әрекеттерін танып-ұға алады, бірақ бұл
таным процесі сыртқысабақтаса жүретін ықпалдарға да тәуелді болады. Жалпы, 
авторлардың көпшілігі өзін-өзі түсінудің дамуы мен қалыптасуыарнайы зерттеуді қажет
ететіндігін атап көрсетеді, алайда көпжағдайда ол стихиялы түрде өрбиді. Өмірдің жан-
жақты, алуан түрліқұбылыстарының кез-келген тұрмыс-тіршілік ортада өзі
туралыұғымдарының өсу процесін толықтай белгілі бір қалыпқа келтіругежол бермеуі-
табиғи нәрсе. Бірақ бұл процестің тиімділігін арттыруғадеген қажеттілік әркез студенттің
бойынан сезіледі. Сондықтантұлғаның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру оны
дамытудыңпедагогикалық қағидаларын бұлжытпай орындау ұтымды нәтижелерберуі мүмкін. 
Қазіргі өзін-өзі тану мәселелері тұлғаның перцевтивтік-коммуникативтік қабілеттерін В.К.
Елманованың 
психологияғылымдарының 
кандидаттық 
диссертациясиялық
зерттеуеңбектеріндет.б. көруге болады. Бұл бағыттағы еңбектерде өзі менөзгелер туралы
білімге адам дамуына ортаның белгілі ықпалы барекендігі туралы идея нақтыланады./А.А.
Бодалев, О.Г. Кукосян, И.А. Вишняков, Л.Н. Суетова/. Өзін-өзі тану деңгейі ортаға кері әсер
етуімүмкін екендігі жөнінде де айтылады, яғни тұлға іс-әрекеттердіңбағыт-бағдары мен
табыстылығына әсер етеді. Дегенмен мәселеніңбұл жағы жеткілікті түрде зерттелмеген.
Студент тұлғасының өзін-өзі тану мәселесіне дегенкөзқарастарды саралап көрелік. Алғаш
рет студенттің тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі тану мәселесі Г.И. Метельскийдің еңбектерінде 


орын алды. л тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеген болатын. Өзінің тәжірибелік
зерттеуінде тұлғаның өзін-өзі тану процесіндежинақталатын білімдер, қабілеттер және 
дағдылар жүйесі алуан түрліпедагогикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыдан
шешудіңмаңызды шарттарының бірі екендігі туралы болжамды негіздейді. Педагогикалық
шеберліктің алуан түрлі деңгейлеріндегі тұлғаныңқомақты тобын зерттей келе, Г.И.
Метельский олардың өзін-өзітануындағы, өзінің даму үрдісі мен нәтижесінің, оның
жетістіктерімен кемшіліктерінің ерекшеліктерін танудағы да өзектіайырмашылықтарды 
көрсетіп берді. Г.И. Метельскийдің зерттеуі студенттің болашақ педагог тұлғасыретінде өзін-
өзі тануы – оның өз тұлғасы мен іс-әрекетінің алуанжақтарын объективті, шынайы
қабылдау мен түсінуге түрткі боларрефлексиялық гностикалық міндеттердің белгілі бір
жиынтығыншешу процесі екендігін көрсетті. Г.И. Метельский тұлға бойындағырефлексияға,
өзін-өзі тануға қабілеттіліктің дамуының үш сатысынжіктеп көрсетті. Тұлға өз іс-
әрекеттерінің ішкі бір бөлігін көріп-біліп, пайымдап, тек жекелеген жақтарына ғана түзетулер
енгізу-төменгідеңгейге тән құбылыс. Адам тұлғасы туралы мағлұматтардың көбірекболып, оның
ерекшеліктерін шынайырақ тануы-орташа деңгейдіңсипатында жатады. Жоғарғы деңгей -
болашақ педагог тұлғасыныңөзін-өзі тану кезінде көрінетін мағұлматтық және
бағдарлауқызметтерінің бірлігінің көрнекті үлгісі. Г.И. Метельскийдің зерттеуі тұлғаның өзін-
өзі тану процесіндеқалыптасатын мағлұматтар мен қабілеттер жүйесі
педагогикалықмәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешудің маңыздышарттарының бірі
болып табылып, тұлғаның еңбек, таным жәнеқарым-қатынас субъектісі ретіндегі өсіп-
жетілуіне ықпал ететіндігітуралы болжамды дәлелдеп берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет