Өзін-өзі тану сабақ жоспары Мерзiм № Оқытушы



бет1/3
Дата03.01.2022
өлшемі24.52 Kb.
#451666
түріСабақ
  1   2   3
Болысбеков Ә.


Өзін-өзі тану сабақ жоспары
Мерзiм № _____

Оқытушы: Болысбеков А.Б.

Топ:

Студенттер саны:



Тақырып: Сүйіспеншілік – өмір негізі.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілдік.

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға риясыз сүйіспеншілік өмірдің мәнді болатынын ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Білім алушыларға «риясыз», «өмір» ұғымдарын түсіндіру.

Дамытушылық:  Білім алушылардың жақсылыққа ұмтылу ниетін дамыту.

Тәрбиелік: Білім алушыларды мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілдік қасиеттерге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(слайд, үн таспа,

даналық сөздер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.  Білім алушылармен сәлемдесу, сабаққа түгел қатысуын қадағалау, «5-Т» ережесі  ұстанымдарын еске түсіру.

Жағымды көңіл күйге келу.



«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Әр күндеріңіз сүйіспеншілікке толы нұрлы болсын!


Ескетру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет