Рентгенологиялық зерттеудің түрлері және науқасты дайындау.
Холецистография - өт қабымен өт шығаратын жолдарын тексереді. Зертеу алдында кешкісін сағат 1800 ге дейін жеңіл тамақтану, 2000 –да құрамында йод бар препараттарды ішкізеді немесе көк тамырға енгізеді (йопогност, билигност, билитраст), әр таблетканы тәтті шаймен бес минут сайын қабылдау. Ертенгісін ашқарынға R – кабинетке келу. Өзімен 200 грамм қаймақ немесе 20 грамм май, немесе 2 шикі жұмыртқа.
Урография - бүйрек тостағаншаларын рентгендік зерттеу. Зерттеу алдында кешкісін сағат 18.00 ге дейін жеңіл тамақтану. Кешкісін урографинге байқау жүргізу. Аш қарынға барып, көк тамырға урографин енгізіп, рентгендік сүретін түсіреді.
Бронхография - бронхтың ішіне йодолипол (газ) препаратын жіберіп, бронх тарамдарының рентгендік сүретін түсіру.
Асқазан R -скопияcы ашқарынға жүргізіледі. 1 стакан барий ішкізіп түсіреді.
Ирригографияға дайындау – тоқ ішекті рентгендік зерттеу. Зерттеу алдында кешкісін сағат 18.00 ге дейін жеңіл тамақтану. Кешкісін және ертенгісін жақсы тазалау клизмасын жасап, R - кабинетке келу.
R- кабинетте зерттеу алдында 1 л барий клизма ретінде еңгізіп, тоқ ішекті R-ге түсіреді.
Ирригоскопия – аш ішекті рентгендік зерттеу. Зерттеу алдында кешкісін сағат 18.00 ге дейін жеңіл тамақтану. Кешкісін және ертенгісін жақсы тазалау клизмасын жасап, R - кабинетке келу. 3 стакан барий ішкізіп түсіреді.
Эндоскопиялық зерттеу әдістері
Эндоскопия - ағзадағы қуысты мүшелердің ішкі қабатын тікелей арнайы эндоскоп деген аппаратымен көру.
Эндоскоп - бұл әйнек талшықтарының жіптерінен құралған қозғалатын жылжымалы түтікше, басында шамы бар, сол арқылы ішкі қабаттың бейнесі көзге көрінеді.
Эзофагоскопия - өнешті қарау.
Гастроскопия немесе фиброгастроскопия – асқазанды қарау.
Дуоденоскопия - ұлтабарды қарау.
Эзофагофиброгастродуоденоскопия (ЭФГДС) - өнеш, асқазан, 12 елі ішекті қарау.
Трахеобронхоскопия - трахеямен бронхты қарау, көбінесе бронхоскопия жүргізіледі.
Цистоскопия - қуықтың шырышты қабатын қарау.
Колоноскопия - тоқ ішектің шырышты қабатың қарау.
Лапороскопия – іш қуысын қарау.
Ректороманоскопия – тік ішекті қарау.
Эндоскоптар зерттелетін мүшенің атымен аталады: гастроскоп, бронхоскоп, цистоскоп, колоноскоп, ректороманоскоп, лапоросоп. Олардың мүшеге қарай айырмашылығы болады: ұзындығы, жуандығы, бірақ принципі бірдей.
Эндоскопияның диагностикалық маңызы өте зор, өйткені мүшенің ішкі шырышты қабатын тікелей көру болады, одағы өзгерістерді және патологиялық ошақтан гистологиялық зерттеуге ұлпадан шымшып алу /биопсия/ және фотосүретке түсіріп алу болады.
Эндоскопия диагностикалық және емдеу мақсатымен жүргізіледі.
Емдеу мақсатымен: эндоскоп арқылы бөгде заттарды, полип, кисталарды кесіп алу болады, ойық жараларды күйдіру немесе тікелей дәрі еңгізу, жағу болады. Эндоскопиядан кейін пациентті бақылау керек.
Зерттеуді мына жағдайларда жүргізу болмайды: психикалық аурулар, миокард инфарктісі /жедел кезеңі/, инсулинге тәуелді қант диабеті, ВИЧ-инфекция.
Достарыңызбен бөлісу: |