Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қапашев, Л. Дина мен Сейтек //Ана тілі.-2011.-6 шілде(№26).-3 б.
2.Дина күйші. Жинақ /Құраст. Ғ.Әнес. Толықтырылған.-А: «Арыс» баспасы, 2010.-336 б.
3.Алаштың ардағы .-Астана: «Руханият», 2010.-116 б.
4.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтама.-А: «Аруна», 2010.-199 б.
5.Қазақ өнерінің тарихы.- 3томдық (ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың бірінші жартысы, ІІІ том).-А: «Өнер», 2008.-378-379 бб.
6.Тарихи тұлғалар.-Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2005.-257 б
7.Ғаламтор (http://anatili.kazgazeta.kz. wikipedia.org)
8.Дина күйші. Жинақ/Құраст. Қ.Орынғали.-А: «Арыс» баспасы, 2004.-276 б.
9.Бекенов, У. Ғылыми—көпшілік кітап.-А: «Өнер», 2002.-13 б. 10.Жамбыл әлемі: (Фотоальбом) /Құраст. О.Таланова.-А: «Өнер», 1996.-192 б.
Құрастырушы:
А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Құрманова Б.Д
А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы
Күмбірлеген домбыраның сазды үні
Дина НҰРПЕЙІСОВА (1861-1955)
Әдістемелік құрал
2016
Оқырманға
Әдістемелік құрал күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына арналған.
Көмекші құрал мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналады.
Жүргізуші: Құрманғазыдан тәлім алған еліміздің біртуар таланты Дина Нұрпейісова өзінің шығармашылығымен барша халқымызды күй өнерінің қуанышына бөледі. Күйшінің туындылары ұлттық музыкалық бояуымен, терең мазмұнымен дараланған. Дина Нұрпейісова шығармашылық жолында халқымыздың музыка өнеріндегі өткені мен бүгінін сабақтастырып, елінің арман-аңсарын, үміт-тілегін абыроймен арқалады. Дара күйшілігімен, талантты туындыларымен Дина Нүрпейісова қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетті. Бүгінгі күні дарынды композитордың қарымды өнері халқымыздың рухани өміріне зор үлесін қосып, ел қазынасының «Алтын қорына» еніп отыр. Балалар, өнер туралы мақал-мәтелдер кім біледі? Жалғасын табыңдар.
1. Өнерлі... /өрге жүзер/
2. Өнер алды... /қызыл тіл/
3. Өнерлінің... /өрісі кең/
4. Шебердің қолы ортақ... /шешеннің сөзі ортақ/
5. Өнер... /киелі/
6. Жігітке жеті... /өнер де аз/
Иә, балалар, шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек. Балалар, осымен «Қазағымның жүрегінен жаралған, даламыздың үнісің сен, домбыра!» демекші, Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ халқының мәдениет қайраткері Дина Нұрпейісованың 155 жасқа толуына орай өткізілген әдеби –сазды сағатымыз аяқталды.
республикалары музыкасының 3-ші онкүндігінде өнер көрсетті. Сол жылы ол (Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағын иемденді. Ал, 1945 жылы соғыстың аяқталуына орай «Жеңіс» күйін жарыққа шығарды. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған.
Жүргізуші: Дина «Той бастар» күйін 1940 жылы өткен Қазақстан Республикасының жиырма жылдығына арнап шығарады. Дина бұл күйінде бостандық алған, өз мемлекеті өркендеп келе жатқан экономикасы мен мәдениеті бар халықтың шалқыған қуанышын суреттейді. «Той бастар» жарқын болашаққа алып адаммен келе жатқан халықтың салтанатты марш сияқты. Бұл арнау күй. Құрылымы жағынан төкпе күй. "Әсемқоңыр" атты күйі Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауылына тұрмысқа шыққан қызы Қоңырға арналған. Күйді Дина қызын сағынып, зарығып отырып шығарған.
Оқушының орындауында Күй «Әсемқоңыр»
Ұлы тұлға туралы
Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді
Құрманғазы, күйші
*****
Бұған дейін Құрманғазының, Дәулеткерейдің, басқа да халық композиторларының күйлерін тартушылардың ішінен Динадай домбыра тілін білетін ешкім кездескен емес. Талантты домбырашы домбыра тартудың өзіндік жолын салып кетті
А.Жұбанов, академик
*****
Дала әйелінің ауыр жүгін ысырып қойып, өнерді қалай қастерлеуді үйреткен алып Ана.
А.Бақтыгереева, ақын
*****
Дина- қазақтың күйшілік өнерін жаңа белеске көтерген кемеңгер күйші
А. Өтен,филология ғылымдарының
кандидаты
Домбыра, мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе Қ.Аманжолов
Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі. Күй- қазақтың бағына біткен дара өнер, қастерлі дүние. «Ел іші - өнер кеніші» дегендей, халқымыз өнерлі жандарға кемде болған емес. Солардың бірі әрі бірегейі- әйгілі күйші Дина Нұрпейісова Халықтың күйші-композиторы, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Дина Кенжеқызы 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында туып-өскен. Әкесі Кенже белгілі домбырашы қызына 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін тартып, "домбырашы қыз" атанған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келіп, Динаның домбыра тартысына сүйсінген. «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді» деп болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына
алдында өз ойларын толық білдіре алмаушы еді. Саусағынан күй саулаған әйгілі күйші Дина Нұрпейісова домбырашы ғана емес кез келген той- думанда домбыра шертіп, күй тартумен бірге білегін түріп, күреске де түсетін шебер балуан да атанған. Динаның қос қолымен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көрген адамды ерекше қайран қалдыратын.
Бейнетаспада Дина күйшінің ойнауындағы бірнеше күй
Жүргізуші: Сол Дина 90-жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады. 1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен домбырашы Смағұл Көшекбаев Динаны Алматыға алып кетеді. Сол жылдың күзінде Алматы қаласында ұлт дарындары бас қосқан екінші республикалық жиында Динаға ресми түрде сый-сияпат, құрмет көрсетілді. Ол өзінің «Бұлбұл», Құрманғазының «Төремұрат» пен «Қайран шешем» атты күйлерін шебер орындағаны үшін ең алғашқы сыйлығын алды. Осыдан кейін Дина Қазақ филармониясына жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Осы жылы ол Жамбыл Жабаевпен танысады. 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленді. 2000 қатысушы арасынан таңдалып алынған 9 үздік өнерпаздың бірі болды. Ұлы Отан соғысы басталған тұста ол майдандағы ұлын зарыға күткен сағынышын «Ана бұйрығы» атты шығармасына арқау етті. 1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте өткен Орта Азия
Олай болса, балалар, Домбыра, мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе – демекші өнер мектебінің оқушысы Мұхатай Аманраһимның орындауында
Күй «Тойбастар»
Жүргізуші: Дина әжеміздің 30 дан астам күйлері бар. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады.
Бейнетаспадан күй тыңдап көрейік. Күй 16 жыл
Дина апамыздың қарапайымдылығынан бұрын жігерлілігіне бас июі керек. Кезінде қыз- келіншектеріміз шалбар киіп, күреспек түгілі ел
ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақыты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Құрманғазының Динаға берген батасы
Домбырам – мұрам, ал, балам,
Мүлкім осы қалдырған.
Ұсынамын қолымнан,
Иелік ет балдырған.
Құрманғазы кім десе,
Өмірін отқа шалдырған.
Күйімді тарт күңірентіп,
Тыңдаушысын қандырған.
Домбырам менің ырғайды,
Екі шегі тынбайды.
Пернелері қозғалып,
Бұзылмайды, сынбайды.
Аман болсаң, Динажан,
Сенімен бірге жырлайды.
Серігің болсын домбырам,
Қалған саған күй мұра.
Ұрпағым сенен тыңдайды.
Дина Нұрпейісованың композиторлық шығармашылығының кемелденіп, күйшілік-орындаушылық өнерінің шабыттанған шағы –
кеңестік дәуір. 1937 жылы ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, жүлделі орын алса, екі жылдан соң Мәскеуде өткен халық музыка аспаптарында орындаушылардың байқауында І-орынды иемденіп, «Домбыраның Жамбылы» атанады. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында да атақты домбырашының композиторлық қызметі бір сәтке тоқтаған жоқ. «Ана аманаты» күйін өмірге әкеледі, ал соғыстың біткендігі жөніндегі хабарды «Жеңіс» күйімен қуана қарсы алады. Өз жанынан шығарған «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп», «Сегізінші наурыз», «Сауыншы», «Еңбек Ері» сияқты түрлі шығармалары арқылы Құрманғазы, Дәулеткерейлердің күйшілік дәстүрін дамытып, оны жаңа бір белеске көтерді. Күй атасы Құрманғазының батасын алған, «Қазақстанның Халық әртісі» өнегелі өмір жолында 13 баланы дүниеге әкеліп абзал ана болған, арқалы күйлер шығарып дана болған Дина анамыздың талантын қазақ қоғамы зор бағалады, оның дарынын, күйшілігін ерлермен қатар құрметтеді. Күйшінің күй мұрасы ұрпақтан ұрпаққа берілді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның халқы да Дина күйшіні орынды мақтан етеді. Дина әжеміздің 30 дан астам күйлері бар. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады
қабілетті дарын иесі деп атауға болады. Оның бұл дарынын алғаш байқаған әкесі екен. Бірде ол Динаға әпкелері ән салған кезде, оларды домбырамен сүйемелдеуін өтінеді. Оның домбырада ойнауы ата-анасының көңілінен шығып, олар Динаның музыкаға деген құштарлығын жан-жақты қолдап отырды. Дина 9 жасында Дәулеткерей, Мүсірәлі, Байжұма сияқты күйшілердің шығармаларын бұлжытпай орындайтын болып, ел арасында «күйші қыз» атанып, көзге түскен. 1870 жылы атақты күйші Құрманғазы қыздың ауылына келеді. Бұл уақытта Динаның күйшілік өнері жайлы әңгімелер елге тарап үлгеріп еді. Дина Құрманғазы атамыздың ойнаған күйін тыңдайды да, қатесіз қайталап ойнап береді. Жас қыздың ерекше дарынына риза болған Құрманғазы үлкен баға беріп, домбырасын мұраға қалдырады. Сөйтіп, бір топ домбырашымен бірге Құрманғазыдан сабақ алған Дина Түркештің, Соқыр Есжанның, Мүсірәлі мен Әлкейдің, Дәулеткерейдің күйлерін нақышына келтіре орындайтын болған. «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді» деп күй атасы Құрманғазының батасын алған, «Қазақстанның Халық әртісі» өнегелі өмір жолында 13 баланы дүниеге әкеліп абзал ана болған, арқалы күйлер шығарып дана болған Дина анамыздың талантын қазақ қоғамы зор бағалады, оның дарынын, күйшілігін ерлермен қатар құрметтеді. Күйшінің күй мұрасы ұрпақтан ұрпаққа берілді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның халқы да Дина күйшіні орынды мақтан етеді.
«Күмбірлеген домбыраның сазды үні» өнер
сағатының сценарийі
мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту.
Жүргізуші: Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ халқының мәдениет қайраткері Дина Нұрпейісова -155 жасқа толады. Балалар, күйші деген кім? Күйші - казақтың аспапты музыкасын шығарушы және музыкалық аспаптарда күй тартушы адам. Күй- қазақтың бағына біткен дара өнер, қастерлі дүние. Ұлы таланттар сан ғасырлық тарихымызды домбыра үні арқылы күй құдіретімен жеткізген. Алып даланың сырлы сазын мұңлы күймен жеткізе білген Қорқыт, Кетбұға , Асан қайғы, Қазтуған, Құрманғазы секілді ұлы тұлғалардың ізін басып, дәстүрін жалғастырып бүгінгі күнге жеткізген дәулескер күйшілер сирек.Сол сиректердің бірі әрі бірегейі- әйгілі күйші Дина Нұрпейісова. Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Әкесі Кенже мен анасы Жаниха елге сыйлы, қадірлі адамдар болған. Малшылықты кәсіп еткен әкесі Кенже-домбыраның құлағында ойнаған болса, анасы Жәниха және екі үлкен әпкелері әнді тамылжыта айтатын шебер әншілер болған деседі. Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ халқының мәдениет қайраткері Дина Нұрпейісованы жасынан өнер қонған ерекше
Ол екі Еңбек Қызыл ту орденімен және медальдармен марапатталады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі.1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. Дина апамыздың қарапайымдылығынан бұрын жігерлілігіне бас июі керек. Кезінде қыз- келіншектеріміз шалбар киіп, күреспек түгілі ел алдында өз ойларын толық білдіре алмаушы еді. Саусағынан күй саулаған әйгілі күйші Дина Нұрпейісова домбырашы ғана емес кез келген той- думанда домбыра шертіп, күй тартумен бірге білегін түріп, күреске де түсетін шебер балуан да атанған. Динаның қос қолымен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көрген адамды ерекше қайран қалдыратын. Сол Дина 90-жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады. 1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен домбырашы Смағұл Көшекбаев Динаны Алматыға алып кетеді. Сол жылдың күзінде Алматы қаласында ұлт дарындары бас қосқан екінші республикалық жиында Динаға ресми түрде сый-сияпат,
құрмет көрсетілді. Ол өзінің «Бұлбұл», Құрманғазының «Төремұрат» пен «Қайран шешем» атты күйлерін шебер орындағаны үшін ең алғашқы сыйлығын алды. Осыдан кейін Дина Қазақ филармониясына жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Осы жылы ол Жамбыл Жабаевпен танысады.
1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленді. 2000 қатысушы арасынан таңдалып алынған 9 үздік өнерпаздың бірі болды. Ұлы Отан соғысы басталған тұста ол майдандағы ұлын зарыға күткен сағынышын «Ана бұйрығы» атты шығармасына арқау етті. 1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте өткен Орта Азия республикалары музыкасының 3-ші онкүндігінде өнер көрсетті. Сол жылы ол (Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағын иемденді. Ал, 1945 жылы соғыстың аяқталуына орай «Жеңіс» күйін жарыққа шығарды. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған.
алтыншы жыл көтерілісшілердің жауынгерлік ұраны, жауға қарсы шапқан жауынгерлердің көңіл–күйін, жылқының дүбірі, сонымен қатар жаңа өмірдің алыс еместігін де байқататын сыршыл күй.
“Партия туралы күй” – Динаның күйі, Қазан төңкерісі болмаса, өз өмірінің ақырына дейін, кедейлік тауқыметінде қала беретінін білген Дина компартияға арнап “Партия туралы күйін” шығарды. Жаңа саясаттың арқасында асыл арманына жеткен қарапайым халықтың ең ыстық, қалтқысыз сезімі берілген. Дина бұл шығармасында халық сезімін анық бере білген. Күй жұртқа тез тарап кетті. Қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде орындалып жүр.
“Сауыншы” – Дина кеңестік дəуірдің қыз-келіншектерінің сүттен бұлақ ағызған бейбіт еңбектеріне арнап “Сауыншы” күйін шығарған.
“Сегізінші март” – Динаның күй. Бұл күй Халықаралық əйелдер күніне арналған. Өз еліндегі ана бақыты, аналарды қадірлеп əрі олардың алып құрылыстарда еңбегі зор бағаланып отырғанын жүрек тебіренісімен күйге салған.
“Той бастар” – 1940 жылы өткен Қазақстанның жиырма жылдық тойына арнап Дина “Той бастар” күйін шығарды. Сазгер бұл күйінде бостандық алған, өз мемлекеті өркендеп келе жатқан экономикасы мен мəдениеті дамыған халқының шалқыған қуанышын суреттейді.
де күй шығаруға уақыт табады. “Кербез” күйі қазақ қыздарының қайғылы өмірін, ауыр жағдайын əсерлеп көрсеткен.
“Керілме” – Дина жаздың аптап ыстық лебінен соң кешкі қоңыр салқында жаны рахат тапқан демалыс сəтін музыка тілімен суреттей білген. “Керілме” кербезденіп, аспай-саспай, анық ойналатын ырғақты əуендік ерекшелігі басым күй.
“Көгентүп” – ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға қозыға ен салып береді, соны “көгентүп” дейтін. Кедей баланың Кербез берген ақ қозысы болады. Сол ақ қозының енесін қасқыр жеп кетеді, бала үнемі “Ақ қозы” əнін айтып жүреді екен. Дина сол балаға əн айтқызады. Əнде бала өзін ақ қозыдай, ал байларды қасқырдай көріп, өлеңді ерекше сезіммен айтады. Сол кедей балаға арнап осы күйін шығарады.
“Қос ішек” – Дина бұл күйде күй сазын екі ішекке бірдей бөле отырып, бəйгеге қосқан қос жүйрік аттай жарастыра, жалғастыра сөйлетуді мақсат еткен. “Қос ішек” күйі шеберлікті керек ететін шығарма.
“Набор” (Он алтыншы жыл) – Динаның күйі. Патша үкіметі бұратана деп есептейтін ұлт аймақтарының 18-ден 43-ке дейінгі азаматтарды тыл жұмысына алуды ұйғаруына байланысты 1916 жылдың уақиғалары Динаға үлкен əсерін тигізіп “Набор” күйінің шығуына себеп болды. Бұл күй халық арасында “Он алтыншы жыл” деген атпен тарап, сол уақыттағы халық көтерілісшілерінің ерлігін, патшаның тақтан түскендігіне халықтың қуануын паш етеді. Күйде Дина халқының күшіне, болашағына сенетіндігін көрсетті. Он
Құрманғазыдан тәлім алған еліміздің біртуар таланты Дина Нұрпейісова өзінің шығармашылығымен барша халқымызды күй өнерінің қуанышына бөледі. Күйшінің туындылары ұлттық музыкалық бояуымен, терең мазмұнымен дараланған. Дина Нұрпейісова шығармашылық жолында халқымыздың музыка өнеріндегі өткені мен бүгінін сабақтастырып, елінің арман-аңсарын, үміт-тілегін абыроймен арқалады. Дара күйшілігімен, талантты туындыларымен Дина Нүрпейісова қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетті. Бүгінгі күні дарынды композитордың қарымды өнері халқымыздың рухани өміріне зор үлесін қосып, ел қазынасының «Алтын қорына» еніп отыр.
Күйлері
Дина біріншіден, халық сазгерлерінің күйлерін бізге жеткізген шебер орындаушы. Күй атасының жолын қуған. Ал өз күйлелерін Дина суырып салма құрылымда еркін тартқан. Дина күйлеріндегі оң қолдың қағыс техникасы мен сол қолдың аппликатуралық тəртібі өз алдына бір төбе. Борандатып келе жатқан күй сарынының кілт тоқтап, басқа екпінге ауысуы Дина күйлерінде əуеніне, халық қолындағы құралға айналды. Күйде уақыттың қаталдығы айқын берілген, үні асқақ.
“Əсем қоңыр” – 1937 жылдың күзінде Дина көркемөнерпаз шеберлерінің екінші слетіне қатысушы ретінде Алматыға келіп, үлкен табысқа ие болды. Шат көңілді, алаңсыз оқып жүрген қазақтың қыздарын көріп, Динаның көңілі босайды. Ол өзінің немересі Қоңырын есіне алып, Отанымыздың бақытты жастарына арнап “Əсем қоңыр” күйін шығарды. Əсем – сұлу, көркем, əдемі деген сөз. Музыка да бұл ұғымға жəне күйдің арналу мағынасына түгелдей сəйкес келеді. Күйдің осы аса көркем ерекшеліктерінің арқасында “Əсем қоңыр” күйі кең тарап, қазақ халқының ең сүйікті шығармаларының біріне айналды.
“Байжұма” – Динаның Түркешке еліктеп шығарған “Байжұма” күйінің тартымдылығы өзгеше. Түркештің асқан домбырашылығын Дина үнемі мадақтап, оның шығармаларын жоғары бағалап отырған. Динаның “Байжұмасы” динамикасы, экспрессиясы, күмбірі жөнінен Түркештің “Байжұмасына” ұқсас болса да, Түркештің “Байжұмасының” мазмұны басқаша, Динаның өз ерекшеліктері, өз қолтаңбасыбар күй. Шығарманың орындаушылық техникасының дəрежесі жоғары болғандықтан домбырашылар бұл күйді репертуарларынан түсірмейді.
“Бұлбұл” – бұл күй жөнінде Дина: “Мен “Байжұма” күйін бұлбұлдың үні сияқты дыбыстар мен түрлі дыбыс əуендерін жиі кездеседі. Сонымен қатар, күй ырғағының үнемі құбылып отыруы да басты қасиет болып табылады.
“Ана бұйрығы” – сексен жастағы Дина жалғыз ұлын майданға аттандырады. Оның шығармашылық күш қуаты таси түседі. Ол
қолындағы домбырасының жыр алыбы Жамбылдың “Ленинградтық өрендерім” өлеңі сияқты, жауға қарсы жауынгерлік роль атқаратынын біліп, Дина “Ана бұйрығы” деген күйін шығарды. Бұл күйде ол ананың кейпін Отанмен ұштастырып, Ұлы Отан соғысының майдандарында жанқиярлықпен Отанын қорғаған ұлдарына арнады. “Ана бұйрығы” күйі бірден бүкіл Қазақстанға тарап кетті. Күйде құстың сайрауы асқан шеберлікпен суреттелген. Күй речитативті сипаттағы бір əуенді қайталай отырып, қуаныш сезіміне бөлейтін жүрек елжіретерлік, терең эмоциялы мазмұнға толы. Табиғаттың образы – бұлбұлдың əні мен сайрауы көркемдікті молықтыра түседі. “Бұлбұл” аса жарқын реалистік шығарма.
“Жеңіс” – жасы 85-ке келген күйші Ұлы Отан соғысының жеңісіне арнап шығарған. Шығармада терең идеялық мазмұн асқан шеберлікпен орындалады.
“Жігер” – бұл күй Дина шығармашылығының шырқау шыңы. Күйші “Жігер” деп аталатын осы тақырыптағы екінші күйі сол кездегі қоғамдық тəртіпке қарсы наразылықпен шыққан. “Жігер” күйінің мағынасы терең, сазгердің жан- сезімінің жігерленуін суреттейтін көтеріңкі лептегі шығарма. Бойында ақтарылмаған алапат күш-қуат бар, қайғылы сарында ойналады.
“Кербез” – күйеуі өлгеннен кейін де Динаға ақыл беріп, демеу болған абысыны Кербезге арнап шығарылған күйі. Динаның абысыны Кербез шынында да сұлу, өткір, ашық адам болғандықтан туысқандар арасында беделді болады. Дина өмірінің ауыр кезеңінде
Достарыңызбен бөлісу: |