Пайдалы қазбаларды байыту кезінде қолданылатын реагенттер, олардың адам ағзасына әсері және сақтану шаралары туралы қысқаша мәліметтер



Дата17.06.2016
өлшемі172.41 Kb.
#141469


Пайдалы қазбаларды ұсақтау,

сұрыптау, байыту және рудалар

мен концентраттарды кесектеу

кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

2-қосымша



Пайдалы қазбаларды байыту кезінде қолданылатын реагенттер, олардың адам ағзасына әсері және сақтану шаралары туралы қысқаша мәліметтер
Кәсіпорынның өндірістік ғимараттарының жұмыс зоналарындағы зиянды газдар мөлшерін азайтуға үрдісті әрекеттегі технологиялық регламентке қатаң сәйкес жүргізу, өндірістік операцияларды кешенді автоматтандыру және механикаландыру, құрал-жабдықтарды оқшаулау және желдету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі жолымен қол жеткізіледі.

Реагенттердің зиянды әсерінен сақтану үшін жұмысшылар арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдары: респираторлар, өнеркәсіптік сүзгі противогаздарын, каскалар және қорғаныс көзілдіріктерін пайдаланады.

Терінің қозуына алып келетін заттармен жұмыс істеген кезде жұмысшалар профилактикалық пасталар мен жақпа майлар, шаю және дезинфекциялаушы заттар қолданады.

1. Спирт аэрофлоттары


Сұйық натрий-бутил аэрофлоты күңгірт-сары түсті сілікпе. Оның өзіне тән күкіртті органикалық қосылыс иісі бар. Түсті металдардың сульфидтік рудаларын флотациялау кезінде селективті реагент-жинағыш ретінде қолданылады.

Бутил аэрофлотына қышқылдар түсіп кеткенде, реагенттің араластырылған су ерітінділерін ұзақ уақыт сақтағанда, улылығы жоғары күкірт сутегі бөлініп шығады.

Гидролизденген бутил аэрофлоты өзіне тән күшті иісі бар сұрғылт-қоңыр түсті созылмалы сұйық болып табылады. Гидролизденген аэрофлот әлсіз байқалатын кумулятивті қасиеттерге ие болады.

Жағымсыз иіс салдарынан және спирт аэрофлоттары шаңының ауызға және дем алу органдарына түсіп кетуінен сақтану үшін спирт аэрофлоттарымен жұмыс істеген кезде противогаздар қолдану ұсынылады.

Спирт аэрофлоттарының ағза ішіне түсіп кетуіне жол берілмейді, себебі бұл бастың ауыруымен, жалпы әлсіздікпен, жүрек айнуымен, құсумен, температураның көтерілуімен, дем алудағы ұстамамен, сөйлеу мен жүріс бұзылуымен, көз жанарының кішіреюімен, балтырдың дірілдеуімен, ауыр жағдайда естен тану байқалатын, қозғалыстың қозуымен, қолдың дірілдеуімен, дене дірілі мен температураның төмендеуімен сипатталатын ауыр улануға алып келеді.

Қорғаныс құралдары. Цех аптечкаларында келесі препараттар жиыны болады: күкіртті қышқыл атропин (0,001 г) немесе 0,1 % ерітінді ампуласы, прозерпині (0,15 г) бар пентафен (0,15 г); тропацин (0,03 г), немесе, красавка экстрактының екі таблеткасы (әрқайсысы 0,015 г).

Бұл ұнтақтар (таблеткалар) бас ауырғанда, сілекей аққанда, терлегенде, жүрек айнығанда, көз ауырғанда, көз жанары кішірейгенде, ентіккенде немесе уланудың басқа түрлерінің белгісі кезінде ішке қабылданады. Улану белгілері байқалғанда жарақаттанушы медпунктке қаралады. Дем алу тоқтап қалғанда медициналық қызметкерлер келгенше жасанды ауа беру керек. Жеке қорғаныс құралдары ретінде қорғаныс көзілдіріктері, тығыз немесе су өткізбейтін матадан тігілген комбинизондар, резинамен қапталған ал жапқыштар, резина етіктер мен саусақты қолғаптар пайдалану ұсынылады.



Алғашқы көмек тез арада медициналық қызметкерлер келгенше және жарақаттанушыны емдеу мекемесіне жөнелткенше жасалады.

Реагент теріге тиіп кеткенде, теріні мұсатыр спиртінің 5-10 % ерітіндісімен немесе «Б» хлорамин 2,5 % ерітіндісімен өңдейді.

Реагент көзге тиіп кеткенде көзді судың мол мөлшерімен шаяды.

Егер улану ауыз арқылы жүрсе, жарақаттанушыға ішуге бірнеше стақан су береді де, жұтқыншақтың артқы қабырғасына саусақты тигізе отырып құстырады. Бұл операцияны бірнеше рет қайталайды. Бұдан соң екі-үш қасық активтендірілген көмірі бар ішетін соданың 2 % ерітіндісінің жарты стақанын береді.

2. Натрий триосульфат
Натрий триосульфаты-түссіз кристалды зат. Натрий триосульфатына күшті қышқылдар әсер еткенде күкіртті газ бөлініп шығады. Бірнеше миллиграмды кездейсоқ қабылдау денеде аурудың болуына алып келеді. Бірнеше грамм қабылдау кезінде қайталап құсу, ас қазанның күшті бұзылуы және қан айналымы, әлсіздік, жүрек қағуы, суық терлеу байқалады.

Қышқылдар әсер еткенде сульфаттар күкіртті газбен бөлініп шығатын улану көзі болуы мүмкін.

Күкіртті газ жоғарғы дем алу жолдарын, ал күшті әсер еткенде тереңдегі дем алу органдарының жұмысын бұзады. Жоғары концентрациясы мұрынның ылғалды қабаттарын, мұрын қуысын, трахея мен бронхтар ауыруын тудырып, құрғақ жөтелу ұстамасында, қорылдауда, мұрынның жыбырлауы, тамақ мен кеуденің күюі мен ауыруы, көзден жас ағуы,мұрынның қануымен жалғасуы мүмкін. Жоғары концентрациямен бір реттік дем алу ентігуге, көгеруге және тез арада келетін естен тануға алып келеді.

Күкіртті газбен созылмалы уланғанда иіс сезімі нашарлайды, дәм сезу төмендейді, созылмалы, көбінесе атрофикалық риниттер, фарингит, ларингит, бронхит және тістердің сынуы байқалады.



Қорғаныс құралдары. Күкіртті газбен уланған кезде жарақаттанушыны таза ауаға шығарады, дем алуға кедергі жасайтын киімдерден босатады, оған оттегімен ингаляция жасайды, көздерін, мұрынын шаяды, ауызды соданың 2 % ерітіндісімен шаяды.

Натрий триосульфатымен арнайы киім, респиратор және қорғаныс көзілдірігін киіп, қажет болған жағдайда противогаз киіп жұмыс жасайды.

3. Бихроматтары
Бихроматтар – сарғыш-қызыл түсті кристалдар. Қос хром қышқылды калий және қос хром қышқылды натрий ылғалды беттер мен теріні жар тудырумен күйдіреді және тітіркендіреді; шаңмен дем алған кезде мұрын қабырғасының қорылдау бөлігінің тесілуіне алып келуі мүмкін. Бихромат қанға сіңген жағдайда асқашан-ішек аурулары байқалады.

Қорғаныс құралдары. Шаңның түзілуімен байланысты жұмыстар жасаған кезде шаңға қарсы респираторлар пайдалану және арнайы киім қолданылады. Бихроматпен жұмыс жасаған кезде қол терісінің тітіркенуінің алдын алу үшін қолға арнайы жақпа (парафиннің үш бөлігі, бір бөлік ланолин және аздаған мөлшерде фенол) жағылады және жұмыс істеп болған соң қолды натрий гипосульфатының 5 % ерітіндісімен жуады.

4. Темір купоросы.


Темір купоросы ерітіндісімен ұзақ уақыт жұмыс жасаған кезде қол терісінде немесе бетте үлкен емес сары дақтар пайда болуы мүмкін.

Қорғаныс құралдары. Құрғақ темір купоросымен жұмыс жасаған кезде шаңнан қорғануы үшін шаңға қарсы респиратор, тығыз матадан тігілген комбинизон және қорғаныс көзілдіріктерін кию ұсынылады.

5. Әктас
Сөндірілмеген әктас сумен араласа отырып, сөндірілгенге ауысады. Бұл кезде аз мөлшерде жылу бөлінеді, ал сөну үрдісі массаның шашырауына алып келеді. Әктас пен әктас сүті тітіркендіреді және сілекейлі беттерді күйдіреді, әсіресе көздің күйіп қалуы қауіпті. Сілекейлі қабаттардың күюі байқалады. Әктас шаңымен дем алу өкпенің ауруына алып келуі мүмкін.

Ылғалды теріде сөндірілмеген әктас кенеттен тітіркендіруді, ауыр күюді, дерматит пен жараның болуына алып келеді. Егер теріні әктас қабаты алып қалса, онда дерматиттер жуынғаннан кейін де туындауы мүмкін.

Қорғаныс құралдары. Әктаспен жұмыс кезінде жұмыскерлер тығыз жататын арнайы киім, қолғап, шаңға қарсы респиратор және саңылаусыз қорғаныс көзілдіріктерін пайдаланады. Жұмысты бастамас бұрын дененің ашық бөліктеріне вазелин, ланолин немесе басқа жа майлы жақпалар жағады. Жұмыс аяқталған соң, міндетті түрде, жылы душ қабылдау және іш киімді ауыстырады.

Алғашқы көмек. Әктас шаңымен дем алғанда жарақаттанушыға су буларымен (суға алдын ала лимон қышқылының кристалдары қосылған) ингаляция, кодеин немесе диноин, кеуде клеткасы облысына қыша қағаз пайдалану, көрсеткіштерге байланысты-жүрек құралдарын пайдаланады. Әктас көзге тиіп кетсе тез арада көзді кеңінен ашып тұрып судың мол мөлшерімен (20 – 30 минут бойы) шайылады, содан соң хлорлы аммонидің 5 % ерітіндісімен шаяды. Әктастың қалдық кесектерін ылғалды тампонмен алынады. Алу мүмкін болмаған бөліктерді сумен глицерин қоспасымен (1:3) жабылады.

Тері күйіп қалғанда әктастың қалдықтарын минералдық немесе өсімдік майымен жойылады, содан соң уксус қышқылы немесе лимонды виннокаменнің 5 % ерітіндісімен тартады.

6. ИМ – 50 реагенті
ИМ–50 – қоңыр-қызғылт түсті сұйықтық, аммиак иісімен күшті сілтілік реакцияға ие болады. ИМ–50 реагенті жоғарғы дем алу жолдарының тітіркенуіне алып келуі мүмкін, көзден жас ағады және жөтел болады, ал теріге тиіп кеткенде экзема мен тітіркену болады.

Қорғаныс құралдары. ИМ – 50 реагентімен резиналы саусақты қолғаптармен, етікпен, алжапқышпен және қорғаныс көзілдірігімен жұмыс жасайды, реагент төгілген жағдайда – КД маркалы противогазын пайдаланады.

7. Кальциленген сода


Шаң түріндегі түссіз кристалдар мұрын қуысы мен дем алу жолдарына түсе отырып мұрынның ылғалды бетінің күюін, дем алу жолдарының тітіркенуін, кейде ас қазан-ішек ауруларына алып келуі мүмкін. Сода шаңы немесе оның ерітінділері ұзақ уақыт бойы әсер еткенде терінің күюі және қыбыршақтануы байқалады.

Қорғаныс құралдары. Кальциленген содамен жұмыс жасаған кезде қол терісін қорғау үшін жұмысты бастамас бұрын қолға жағылатын силикон кремін қолданады.

Алғашқы көмек. Сода теріге тиіп кеткенде зақымдаған орынды мол су мөлшерімен шаяды да, бор қышқылының араластырылған ерітіндісімен таңады да, қайтадан сумен шаяды.

8. Каустик содасы


Қатты ақ зат қатты немесе ерітілген күйде теріге тие отырып, күйдіреді және ол орында терең ойықтар қалады. Ерітінділер концентрациясы мен температурасы неғұрлым жоғары болса, олардың әсері де күшті. Күйдіргіш натридің тіпті аз ғана мөлшерінің көзге тиіп кетуі қауіпті, себебі ол күрделі ауруға алып келеді, тіпті соқыр болып қалу мүмкін. Каустик содасының теріге ұзақ мерзімдік әсер етуі терінің құрғауына, қатаңдығына, қатаюына, жарықшақтануына, алақандардың терлеуінің жоғарылауына, ал тері бетінің зақымданған орнының созылмалы экземасына алып келеді.

Қорғаныс құралдары. Күйдіргіш натримен жұмыс жасауға тек алжапқышы бар кастюммен, резина қолғаппен, резина етікпен, резина саусақты қолғаппен және қорғаныс көзілдіріктерімен рұқсат етіледі. Каустик содасымен жұмыс жасаған кезде қол терісін сақтау үшін жұмысты бастамас бұрын қол терісіне жағылатын силикон кремін қолданады.

Алғашқы көмек. Күйдіргіш натрий теріге тиіп кеткенде терінің жарақаттанған орнын 10 минут бойы су ағымымен шайылады, содан соң уксус, виннокамен, тұз немесе лимон қышқылының 5 % ерітіндісімен таңады. Көзге тиіп кеткенде тез арада су ағымымен немесе 10-30 минут бойына пісірілген тұздың физиологиялық ерітіндісімен шаяды және новокаиннің 2 % ерітіндісімен немесе дикаиннің 5 % ерітіндісімен орап тастайды.

Күйдіргіш натрий дем алу жолдарына тиіп кеткенде 5 % уксус қышқылының ерітіндісімен пульверизатор көмегімен бүркіп дем алады.

Жарақаттанушыға орнында алғашқы көмек көрсеткеннен кейін бірден дәрігерге көріну керек.

9. Керосин


Керосин – тұтану температурасы 450С артық оңай жанатын сұйықтық. Қоспадағы керосин булары ауамен қопарылу қаупі бар қоспалар (1,1 – 7,5 об.% концентрациясы кезінде) түзеді. Керосиннің өздігінен тұтану температурасы 240 – 2900С. Теріге тие отырып керосин дерматит, одан әрі терінің зақымданған бөлігі жара – дақты ауруларға оңай ұшыратады. Дем алған кезде керосин булары сілекейлі қаптамаларды тітіркендіреді. Өте жоғары концентрация кезінде қатты улану (әсіресе, керосин ыдыстарын тазарту кезінде) мүмкін.

Қорғаныс құралдары. Керосинмен жұмыс жасаған кезде тек керосин буларының концентрациясы аз болған кезде А маркалы өнеркәсіптік сүзгі противогазын пайдаланады. Жоғары концентрация кезінде ПП-16, АШ-2-57, ДПА – 5 және басқа да маркалы шлангалы противогазын пайдаланады. Қолды қорғау үшін «Биологиялық саусақты қолғаптар» типті пастасын пайдаланады немесе қол терісіне сулфиттелген майсана майын жағады.

10. Плавикті қышқыл (фторлы сутегі)


Плавикті қышқыл және оның булары жоғары дәрежде улы, жоғарғы дем алу жолдарын жас пен сілекей бөле отырып, күшті тітіркендіреді. Теріге тиген кезде ол қатты күйдіреді, көбінесе, қол саусақтарында және бетте жазылуы қиын жаралар тудырады.

Плавтикті қышқыл буларының аздаған концентрациясының әсерімен тудырылатын созылмалы ауруларға алып келеді, жоғарғы дем алу жолдарының, асқазан-ішек жолының, тістер мен саусақтардың зақымдануы байқалады.



Қорғаныс құралдары. Сұйық қышқылмен әсерлескенде, тіпті ауру байқалмаса да, қышқыл тиген орынды 10 минут бойы сумен шаю керек, одан соң күйген бетті аммиактың 10 % ерітіндісін салынған дәкімен өңдеп, содан соң қайтадан сумен шаю керек. Содан соң магнезиальді жақпа жағылады.

Көз зақымданған кезде оны жарты сағат бойына сумен шаю керек, диакиннің 0,5 % ертітіндісінің 2 – 3 тамшысын тамызу керек. Орында алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін міндетті түрде дәрігерге көріну керек.

11. Күкірт қышқылы
Химиялық таза күкірт қышқылы – иіссіз түссіз ауыр сұйықтық. Әдетте техникалық күкірт қышқылы әр түрлі қоспалармен әр түрлі түстерге боялған. Араластырылған ерітінді түріндегі қышқыл қолданылады. Қышқыл суда ерітілгенде көп мөлшерде жылу бөлініп шығады. Күкірт қышқылы сумен араласқанда қышқыл суға қосылады. Қышқылға су құюға болмайды, себебі судың тез қайнауы салдарынан ыстық шашырандылар киімге және теріге тиіп кетуі және қатты күйдіруі мүмкін.

Күкірт қышқылы сілтімен араласқанда қарқынды реакция жүреді. Араласпаған қышқыл органикалық заттармен (ағаш, мақта қағазды маталар, тері тағы сол сияқты) жанасқанда оларды күйдіреді; кейде өздігінен жануы орын алады.

Күкірт қышқылы теріге тиіп кеткенде ауыр күйдіреді. Қышқыл булары дем алу кезінде жоғарғы дем алу жолдарының сілекейлі беттерін тітіркендіреді және күйдіреді. Көзге тиіп кеткен қышқыл көздің мүйізгек қабығын күйдіруі және естен тандыруы мүмкін.

Қорғаныс құралдары. Сақтану үшін сүзгісі бар В маркалы өнеркәсіптік сүзгі противогазы, резиналы жарты маскасы бар (ПО-1) қорғаныс көзілдіріктері, орг шыныдан жасалған экраны бар ШН - 1 басқа киетін қалқан, қышқылдан сақтандырғыш жапсарсыз немесе перхлорвинилді жапсарсыз резина саусақты қолғаптар, қышқылға төзімді резина етіктер, қышқылдан сақтандырғыш киім қолданылады.

Алғашқы көмек. Жоғарғы дем алу жолдарының сілекейлі қаптамасы тітіркенгенде жарақаттанушыны таза ауаға шығарады да, сода ерітіндісімен оған ингаляция жасайды, байқап этил спиртінің, эфир немесе хлороформ буларымен дем алдырады, содасы бар жылы сүт немесе боржом ішкізеді. Жөтел кезінде кодеин, дионин және қыша қағаз пайдалану ұсынылады. Күшті күкірт қышқылы теріге және сілекейлі қаптамаға тиіп кетсе, оны тез арада судың мол мөлшерімен шаюмен жояды.

12. Тұз қышқылы


Тұз қышқылы - өте өткір тітіркендіргіш иісі бар ауада таралған сұйықтық. Ол сілекейлі қаптамалардың, әсіресе мұрынның тітіркенуіне, көздің ылғалды қаптамасының ауыруы, көздің қарауытуы, қарлығу, демігу, кеуденің шаншылуы, суық тию, жөтел, кейде қақырықта қанның араласуының болуына алып келеді.

Созылмалы улану кезінде тұз қышқылы дем алу жолдарының катарына, тістердің сынуына, ас қазан – ішек ауруларына алып келеді.



Қорғаныс құралдары. Тұз қышқылымен жұмыс жасаған кезде резина алжапқышын, резина қолғаптар және аяқ киім киіледі, В маркалы өнеркәсіптік сүзгі противогазы және қорғаныс көзілдіріктері пайдаланылады.

Алғашқы көмек. Тұз қышқылының буларымен өткір улануға тап болғанда жарақаттанушыны тез арада таза ауаға немесе жақсы желдетілетін ғимаратқа шығару (апату) керек, дем алуға кедергі жасайтын киімдерден босатады, оттегімен ингаляция жасайды, көз бен мұрынды жуады. Көз зақымданғанда жуғаннан кейін новокаиннің 2 % ерітіндісін немесе адреналині бар дикаиннің 0,5 % ерітіндісін (1-1000) 1 тамшыдан тамызылады. Қышқыл теріге тиіп кеткен кезде оны тез арада сумен, мүмкіндігінше 5 – 10 минут бойы қысымда (мысалы, гидранттан) шаяды. Жарақаттанушыға орында көмек көрсеткеннен кейін дәрігерге бару керек.
13. Ксантогенаттар
Калий және натрий техникалық ксантогенаттары сары немесе лас сары кристалл ұнтақтар, олар суда жақсы ериді. Ксантогенаттарды дұрыс сақтамағанда және пайдаланғанда өте улы және өртену қаупі бар көмірсутегі бөлінуі мүмкін. Ерітіндідегі ксантогенаттың таралу қарқындылығы артады. Сондай – ақ қышқылдармен жанасқан кезде де таралу жылдамдығы артады.

Ксантогенат буының, шаңының және таралу өнімдерінің адам ағзасына әсері көмірсутегінің әсеріне ұқсас. Ксантогенаттар булары мен шаңының төменгі дозасымен созылмалы уланған кезде жүйке жүйесінің ауыруы байқалады. Ксантогенаттар теріге немесе ылғалды қабаттарға жанаса отырып күдіруге алып келеді. Дем алған кезде ксантогенаттар шаңының әсері буларының әрекетіне ұқсас.



Қорғаныс құралдары. Ксантогенаттармен жұмыс жасаған кезде резина етік, резинамен қапталған алжапқыш, резина саусықты қолғаптар, қорғаныс көзілдіріктері және қорапшасы қоңыр түске боялған А маркалы өнеркәсіптік сүзгі противогазы пайдаланылады.

Алғашқы көмек. Қатты уланған кезде – ұзақ уақыттық жасанды ауа беру, камфара, кодеин, коразол және кардиамин қолданады.

Жоғары концентрациядағы көмірсутегі наркотикалық әсер етеді. Аз мөлшердегі созылмалы әсер етуі жүйке жүйесініңауыруына алып келеді.



Қорғаныс құралдары. Көмірсутегі бөлінуі мүмін жағдайда жұмыс істей отырып жұмыскерлер А маркалы өнеркәсіптік сүзгі противогазын пайдаланады, жоғары концентрацияда болған кезде – шлангылы немесе оқшаулағыш противогаздарын пайдаланады.

Алғашқы көмек. Көмірсутегімен қатты уланған кезде жарақаттанушыны таза ауаға жетелеп (алып) шығады, оған оттегін берумен, тыныштық береді. Ауыр жағдайда әлсірегенде немесе дем алу тоқтағанда дәрігер келгенше жасанды ауа беріледі. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жарақаттанушы кеңес алу және ем алу үшін дәрігерге қаралады.

14. Кремний фторлы натрий


Кремний фторлы натрий түссіз ұнтақ. Кремний фторлы натридің улы әсері плавикті қышқыл тұздарының әсеріне ұқсас.

Қатты уланған кезде реагент орталық жүйке жүйесіне, бұлшық еттерге, асқашан – ішек жолдарына әсер етеді. Созылмалы уланған кезде негізгі өзгеріс сүйектерде, тістерде байқалады. Сонымен қатар сосудтық ауытқулар, жоғарғы дем алу жолдарының, ас қорыту жолының, жүйке жүйесінің және терінің зақымдануы мүмкін.

Кәсіби флюороз кезінде үнемі тұмау, мұрынның қанауы, тістердің қанауы, дауыстың қырналуы, жалпы әлсіздік, бастың ауыруы, аяқ - қол бұлшық еттерінің тартылуы байқалады.

Қорғаныс құралдары. Кремний фторлы натримен жұмыс жасаған кезде брезент жейделер, резина саусақты қолғаптар және шаңға қарсы респираторлар қолданылады.

Алғашқы көмек. Кремний фторлы натримен уланған кезде ауыз арқылы 2 % сода ерітіндісімен асқазан шайылады, жұмыртқа белогымен (бір стақан суға екі жұмыртқа белогын) және таза мел әктасымен сүт ішеді.

15. Мыс купоросы


Көк түсті кристалдар асқазанға түскен кезде жүрек айнытады, құсуға, асқазанның ауыруына алып келеді. Мыс купоросының ерітіндісімен үнемі жанасатын жұмыскерлердің қолдарында терінің ыдырауы, тырнақтардың маңайында жаралар мен созылмалы іріңді жаралар байқалуы мүмкін.

Қорғаныс құралдары. Мыс купоросымен жұмыс жасаған кезде арнайы киім, резина саусақты қолғаптар, резинамен қапталған алжапқыштар, қорғаныс көзілдіріктері немесе басқа киетін қалқандар пайдалануы керек. Мыс купоросының шаң түзуімен байланысты операциялар кезінде респираторлар қолданылады.

Алғашқы көмек. Мыс купоросымен уланған кезде сары қан тұзының 0,1 % ерітіндісімен ауыз арқылы асқазанды шаяды, сүт немесе 30 г қуырылған магнезин береді. Мыс купоросы теріге тиіп кеткенде мол мөлшердегі сумен шаяды. Мыс купоросы көзге тиіп кетсе, онда да судың мол мөлшерімен шаяды да, тез арада дәрігерге қаралады.

16. Мұнай


Цистерналар немесе мұнай құюға арналған басқа ыдыстарды тазарту кезінде орын алатын көміртегінің жоғары концентрациясы кезінде қатты улануға алып келуі мүмкін. Мұнай булары ұзақ мерзімдік әсер еткен кезде дем алу органдарының ауыруы мүмкін. Қол терісінің бетіне шикізат мұнай жанасқан кезде тері ауруларына алып келуі мүмкін.

Қорғаныс құралдары мен алғашқы көмек шаралары мұнай буларымен уланған кезде керосинмен жұмыс жасаған кездегімен бірдей болады.
17. Сульфидтер (күкіртті натрий және сульфогидрат)
Сульфидтер ішке түсіп кеткенде көмір сутегінің асқазан – ішек жолында таралуы салдарынан ағзаның улануы, кейде өлімге алып келуі мүмкін. Қышқылдар сульфидтерге әсер еткен кезде көмірсутегі бөлініп шығады. Сульфидтер ерітіндісімен абайсыз жұмыс жасаған кезде қол терісінде жарықшақтар, буындар шеттерінде ұсақ жаралар және тырнақтардың жарықтары, шаштың түсуі мүмкін. Күкіртті натрий шашырандысы немесе кесектерінің көзге тиіп кетуі қауіпті.

Қорғаныс құралдары. Сульфидтермен жұмыс жасаған кезде арнайы киім, резина қолғап және қорғаныс көзілдіріктерін пайдалану керек. Қол терісін сақтандыру үшін оны үнемі уксус ерітіндісімен сүртіп, содан соң 3 – 5 % бор қышқылын қосумен нейтралды дәрі (ланолином) жағылады. Сонымен қатар жұмыскерлерде КД маркалы (сұр қорапша) өнеркәсіптік сүзгі противогазы бар.

Алғашқы көмек. Жарақаттанушыны тез арада таза ауаға ертіп (алып) шығады, 5 ℅ көмір қышқыл газын қосумен дем алуды қалпына келтіру үшін оттегімен жасанды ауа береді (ол тоқтап қалғанда). Көз зақымданғанда жарақаттанушыны қараңғы бөлмеге кіргізіп, оның көзіне бор қышқылы 8 % ерітіндісінің суық дәкесін басады.

Теріге сульфид тиіп кеткенде краннан немесе шлангтен аққан мол мөлшердегі сумен шайып жояды, содан соң ас содасының 5 % ерітіндісімен шаяды және жаңадан дайындалған калий перманганатының (марганцовка) 3 % ерітіндісін жағады.

18. Оксаль
Оксаль (Т-80) хош иісі бар сарыдан қоңырқай түске дейін ыстық сұйықтық. Тұтану температурасы 850С жоғары. Реагенттің неғұрлым улы құраушы бөлігі реагенттегі мөлшері шектелген (2 ℅) демитилдиоксин болып табылады.

Оксаль (Т-80) резорбтивті (теріге сіңірілгіштік) және айтарлықтай кумулятивті әрекеті (ағзаға жиналу) байқалмайды, тек бірнеше рет әсер еткен кезде терінің зақымдануына алып келеді. Ылғалды беттерге (көз, асқазан – ішек жолдары) тиіп кеткенде қауіпті болады.

Қорғаныс құралдары. Токсикологиялық сипаттамаға сәйкес Т-80-мен жұмыс істеген кезде қорғаныс арнайы киімді саусақты қолғап және көзілдіріктер пайдаланылады.
19. Цианидтер (цианды натрий, цианды калий және цианплав)
Цианидтер күшті у болып табылады. Олардың гигроскопиялылығы жоғары және ылғалдың әсер етуімен цианды сутегін бөліп шығарумен таралады, ол да күшті у болып табылады. Әсіресе цианды сутегінің тасқынды бөлінуі қышқылдар цианидтерінің әсері кезінде жүреді.

Жоғары концентрациясы кезінде цианды сутегі дем алудың, жүрек салдығына және өлімге алып келеді. Аздаған концентрация кезінде бас ауруы, жоғары шаршағандық және сырқат байқалады. Цианды сутегі мен басқа да цианды қосылыстардың әсеріне үйрену байқалмайды, ал олардың әсеріне жеке сезімталдық әр түрлі болады.

Цианидтермен улану оның шаңымен дем алғанда, ас ішкен кезде осы заттар асқазанға түскенде, жарақат немесе жара бар болған кезде тері арқылы жүруі мүмкін. Адам ағзасына 0,1 г цианды қосылыстардың сіңуі өлімге алып келеді.

Цианидтер қосылыстарымен абайсыз жұмыс істеген кезде қол терісінде жар және созылмалы экзема түрінде ауыру туындауы мүмкін. Цианды қосылыстар ұнтақтар түрінде теріге тие отырып, бөрткеннің туындауына алып келеді.



Қорғаныс құралдары. Цианды қосылыстармен жұмыс жасаған кезде жұмыскерлер арнайы киім, арнайы аяқ киім, резина саусақты қолғаптар және В маркалы өнеркәсіптік сүзгі противогаздарын киеді. Алғаш аздаған иіс байқалған кезде (қышқыл миндаль иісі) тез арада мекемеден шығу керек және противогаз қорапшасы жаңамен алмастырылады. Жоғары концентрация кезінде оқшаулағыш противогаздар пайдаланады.

Цианды қосылыстармен жұмыс істеген кезде жұмыс мекемелерінде темекі тартуға жол берілмейді. Жұмыс аяқталуымен душ қабылданылады.



Алғашқы көмек. Цианды қосылыстармен уланған кезде жарақаттанушыны таза ауаға шығару (алып) керек, тез арада ластанған киім мен противогазды шешу керек, жарақаттанушыны жылу мен оттегімен қамтамасыз ету керек; дем алу бұзылған кезде жасанды ауа беріледі.

Цианды сутегімен уланған кезде жарақаттанушыға бірден амилнитраттың 5 – 8 тамшысы тамызылған мақтаны иіскетеді, ал жұтқан шаңмен уланған кезде сутегі қышқылының 3 % ерітіндісімен немесе калий парманганатының (марганцовка) 3 % ерітіндісімен асқазанды шаяды. Әрбір 15 минут сайын темір сульфатының ерітіндісін және қуырылған магнезин (бір стақан суға 1 шай қасық) ішкізіледі.

Калий немесе натрий цианиді ерітіндісі теріге тиіп кеткен кезде тез арада оны судың мол мөлшерімен шаяды, содан соң бор қышқылы немесе бор дәрісі бар ылғалды дәке салынады.

Жарақаттанушы өзіне келгеннен кейін және дем алуы қалпына келгеннен кейін, ауруханаға апарылады.


20. Цинк купоросы
Цинк купоросының ерітіндісі ылғалды беттерді күйдіреді, теріге әсер еткен кезде цинк купоросы қолдың ішкі бөлігінде жаралардың түзілуіне алып келеді, сондықтан цинк купоросымен жұмыс істеген кезде майлы дәрілер (ланолин крем) пайдаланылады және она 2 ℅ сода ерітіндісімен теріден шаю керек.

21. Сұйық шыны


Сұйық шыны ұзақ уақыт сақтаған кезде силикат – кесегіне қататын натрий силикатының ерітіндісі болып табылады.

Сұйық шыны ұсақ шашырандылар немесе тұман түрінде жоғарғы дем алу жолдарын қоздырады, көзге тие отырып оның тамшыларын күйдіреді. Жұмысшылардың терісіне сұйық шыны тиіп кетсе, әсіресе қол сүйектерінде теміреткі тәрізді қатаюлар байқалады.

Силикат – кесектер ұсақталған кезде шыны шаң пайда болады, онымен демалу қауіпті.

Қорғаныс құралдары. Жұмыс істеу кезінде респираторлар және резина саусақты қолғаптар пайдаланылады.

Алғашқы көмек. Қол сумен және уксустың әлсіз ерітіндісімен жуылады, қолға индифферент дәрісі жағылады.

22. Скипидар, қарағай майы


Бұл мөлдір (сары немесе қоңыр) тез жанатын сұйықтық.

Скипидар булары орталық жүйке жүйесіне зиянды әсер етеді, көз бен дем алу жолдарының ылғалды қаптамаларын тітіркендіреді.

Қорғаныс құралы ретінде А маркалы өнеркәсіптік противогаз қолданылады.

_________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет