Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі



бет1/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#181975
  1   2   3   4   5   6   7   8
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 30.07.2014 16:42:30
Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі
 бірыңғай қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 Қаулысы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағида бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының Мұнай және газ кен орындарын игерудің бірыңғай ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 745 қаулысының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 245-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 10 ақпандағы

123 қаулысымен



бекітілген

 

 

Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі

бірыңғай қағида

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағида (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағида пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай тәртіпті анықтайды.



3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

сарқынды сулар - адам тұрмыста және өндірістік қызметте қолданғаннан босатылатын су немесе елді мекен мен өндірістік ұйымдар аймағынан шығарылуға жататын ластанған сулар;

геологиялық қорлар - шоғырларда болатын көмірсутек шикізатының қорлары;

көмірсутек шикізаты - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, битум, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін жанатын тақтатастарды және шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;

көмірсутек шикізатының кен орны - аумақ бойынша бір алаңға арналған және қолайлы тектоникалық құрылыммен немесе басқа түрдегі тұтқыштармен байланысты бір немесе бірнеше шоғырларда құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы бар жер қойнауының бөлігі;

көмірсутек шикізатының қорлары - мұнайдың, конденсаттың массасы, сондай-ақ стандартты шарттарға (0,1 МПа және 20oС) келтірілген, табылған, барланатын және игерілетін шоғырлардағы газдың көлемі;

көмірсутек шикізаты шоғырларын сынамалы пайдалану - мұнай және мұнай-газ кен орындарында жүргізілетін және бұрғыланған барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейтін операциялар;

көмірсутек шикізаты шоғырларын игеруді реттеу - түрлі технологиялық және техникалық іс-шаралар кешенінің көмегімен көмірсутек шикізатын алу процесін басқару;

күрделі геологиялық құрылымы бар кен орындары - қорларының жетпіс пайызынан астамы қуатының өзгеріп тұратындығымен не пайдалы қазба денелерінің бұзылып орналасуымен немесе пайдалы қазбаның сақталмаған сапасымен және негізгі құнды компоненттерінің теңдей емес бөлінуімен не коллектордың немесе өнімділік қаттардың коллекторлық қасиеттерінің біртектес болмауымен не ерекше жоғары қаттық қысыммен сипатталатын кен орындары;

қазба бірлігі - пайдаланылуы пайдалы қазбаның саны мен сапасы бойынша өндірудің неғұрлым дәл жеке есебі жүзеге асырылуы мүмкін, қазбаның технологиялық схемамен және игерудің бірыңғай жүйесімен жүзеге асыралатын, бастапқы қорларды (блок, панель, лава, кемердің бөлігі) дұрыс есептеумен кен орнының неғұрлым үнемді және технологиялық оңтайлы учаскесі;

рентабельді геологиялық қорлар (алынатын) - жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып қазіргі сыналған технологиялар мен техниканы пайдалану кезінде үнемділігі жағынан алынуы тиімді геологиялық қорлардың бөлігі;

рентабельді емес геологиялық қорлар - жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып қазіргі сыналған технологиялар мен техниканы пайдалану кезінде үнемділігі жағынан алынуы тиімсіз геологиялық қорлар;

шоғыр - қиманың бір қат-коллекторына, екі-үш және одан көп байланыстағы қаттар-коллекторларына немесе кен орындары таужыныстары-коллекторларына орайластырылған табиғи біртұтас сугаздинамикалық резервуарда көмірсутек шикізатының жиналуы. Кен орнының геологиялық қимасындағы шоғырлар саны өнімді қаттар санына сәйкес немесе одан аз болуы мүмкін.

 

 

2. Көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану



 

2.1 Көмірсутек шикізаты кен орындарын барлау

 

4. Жер қойнауындағы шоғырлар көмірсутек шикізатының бастапқы табиғи фазалық жай-күйі бойынша бір фазалық және екі фазалық болып бөлінеді.

Бір фазалыққа жататындар:

ерітілген газы бар мұнайдан ғана тұратын мұнай шоғырлары;

төмен молекулярлы көмірсутек шикізатынан тұратын, құрамында табиғи газ ғана бар газ шоғырлары;

газ күйіндегі көмірсутекті конденсаты бар газдан тұратын газконденсатты шоғырлар.

Екі фазалық шоғырлар бастапқы табиғи түрінде қаттарда бір мезгілде бүркеме түрінде мұнайдың үстінде жатқан мұнай мен бос газды немесе шоғырдың газконденсатты бөлігін және мұнай шоғыршағын ұстайды.

5. Көмірсутек шикізаты шоғырлары жалпы көлемінің мұнайға қаныққан Vн бөлігі көлемінің үлесіне байланысты тұтастай алғанда екі фазалық шоғырларға жататындар:



Vн>0,75 кезінде газды немесе газ конденсатты бүркемесі бар мұнайлы;

0,5

0,25

Vн<0,25 кезінде газды немесе мұнай шоғыршағы бар газконденсатты.

Екі фазалық шоғырлар үшін игерудің бастапқы жүйесі бірінші кезекті фазаны алуға бағытталады, оның көлемінің үлесі шоғырдың жалпы көлемінен асып түседі (50 пайыздан жоғары). Фазаны іріктеу кезегі бойынша түпкілікті шешім техникалық-экономикалық есептерге негізделеді.

6. Көмірсутекті шикізат кен орындары кен орынның барлық шоғырларындағы көмірсутекті шикізаттың жалпы көлемінде мұнайға қаныққан Vн бөлігі көлемінің үлесіне байланысты мыналарға бөлінеді:



0,5

0,25

Vн <0,25 кезінде газды немесе газконденсатты.

Мұнай қорлары шоғырдың жалпы көлемінен 30 пайыздан аз болған жағдайда, төмен көлемін мұнай қоры құраған жағдайда, қат қысымын агентті айдау арқылы ұстау түрінде іріктеуді алмастырумен мұнайгазконденсатты кен орнының мұнайлы және газконденсатты бөліктерін бір мезгілде игеруге рұқсат етіледі.

7. Құрылымының күрделілігіне байланысты кен орындары (шоғырлар) мыналарға бөлінеді:



өнімді қаттар ауданы мен қимасы бойынша қалыңдығы мен коллекторлық қасиеттерінің төзімділігімен сипатталатын, тектоникалық бұзылмаған немесе нашар бұзылған құрылымдарға орайластырылған қарапайым құрылым;

өнімді қаттар ауданы мен қимасы бойынша қалыңдығы мен коллекторлық қасиеттерінің төзімсіздігімен немесе литологиялық алмасулардың немесе біртұтас шоғырларды жеке блоктарға бөлетін тектоникалық бұзылыстардың болуымен сипатталатын күрделі құрылым;

шоғырларды жеке блоктарға бөлетін литологиялық алмасулардың немесе тектоникалық бұзылыстардың бір мезгілде үйлесуімен, осы блоктардың шегіндегі өнімді қаттарының қалыңдығы мен коллекторлық қасиеттерінің төзімсіздігімен сипатталатын өте күрделі құрылым, мұнай газ асты аймақтарында табанды су болып жататын және біртекті емес қаттардың жіңішке жиектерінде болатын газ-мұнайлы және мұнай-газды шоғырлар.

8. Барлау далалық геологиялық-геофизикалық зерттеулерден, геофизикалық ұңғылық зерттеу кешенін әзірлеумен параметрлік, іздеу және барлау-бағалау бұрғылаудан, тасбағанды және қаттық флюидтерін алудан және олардың зертханалық зерттеулерінен, іздестіру және барлау ұңғымаларын сынаудан және тәжірибе жасаудан тұрады

9. Барлау ұңғыманы бұрғылау санатына, санына, орналасуына және мерзіміне, олар шешетін міндеттерге, қажетті зерттеулердің кешені мен көлемдеріне негізделетін іздестіру жұмыстарының бекітілген жобасы бойынша жүргізіледі.

10. Бұрғылау процесіндегі зерттеулердің түрлері әрбір жеке барлау ұңғымасы үшін жобалау ұйымы жасаған геологиялық-техникалық нарядпен анықталады. Алынған деректер кондицияларды сенімді негіздеу, белгіленген тәртіпте бекітілуімен көмірсутек шикізатының қорын есептеу үшін және игеруді жобалау үшін жеткілікті болуы қажет.

11. Кен орындары қорларын жіктеу жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

12. Іздестіру жұмыстары жобасында мыналар қамтылады және негізделеді:



қолда бар тарихи деректердің көлемі, қанықтылығы және мәні, барлау учаскесінің зерттелу дәрежесі;

барлау міндеттері, сейсмикалық сұлбалар мен олардың бағдарлары торының тығыздығы, сейсмикалық барлау және өзге де геофизикалық дала жұмыстарын белгілеу әдістемесі, өңдеу және интерпретациялау жұмыстары;

арнайы зерттеулердің өзге де түрлерін қолдану;

іздеу және барлау ұңғымаларын орналастыру нүктелері, олардың жобалық тереңдіктері мен констркуциялары, бұрғылаудың тәсілдері мен кезектілігі;

тасбағанды іріктеу интервалы, өнімді қаттар ағынын сынау;

бұрғылау процесінде мұнай-газды қаттарды сыннан өткізу және сынау тәртібі;

ұңғымаларды геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер тасбағанды және қаттар флюидтері тереңдік сынамаларын іріктеу және зертханалық зерттеу;

барлау ұңғымаларын бұрғылау, сынау және сынамалы пайдалану кезінде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар;

жұмыстардың орындалу көлемі мен мерзімдері;

барлау жұмыстарының қаржылық бөлігі және күтілетін тиімділігі;

барлау ұңғымаларын орналастыру кезінде мұнай-газды, газ-мұнайлы және мұнайгазконденсатты шоғырлар үшін осы шоғырлардың мұнайлы және газды бөліктерін зерттеу қажеттілігі ескеріледі;

іздестіру және барлау ұңғымаларының конструкциясы тиісті ұңғымаларды салу жобаларына негізделеді.

13. Кен орны бойынша тұтастай алғанда барлау процесінде мыналар зерттеледі:



литологиялық-стартиграфиялық қима, мұнай-газды өнімді қаттардың, контурлардың және өткізбейтін бөлімдердің орналасуы, өнімді қаттардың орналасу шарттарындағы негізгі заңдылықтар;

суарынды жүйелерді белгілеумен және барлық сыналған сулы қаттардың суларының физикалық-химиялық қасиеттерін сипаттаумен және олардың қорын бағалаумен кен орны қимасының гидрогеологиялық сипаттамасы;

шоғырлар жабындарының, олардың заттық құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

кен орны қимасындағы термобарийлық заңдылықтар.

14. Әрбір шоғыр бойынша мыналар орнатылады:



шоғырдың құрылымдық-тектоникалық құрылысы;

шоғырдың гидродинамикалық жұмыс режимі;

өнімді қаттардың, ортақ қаттардың және тиімді мұнай-газға қаныққан қалыңдықтардың шегіндегі өзгерістер;

мұнай-газдылық контурлары;

таужыныстарының литологиялық қасиеттері;

таужыныстары-коллекторларының сүзу-сыйымдылықтық ерекшеліктері, олардың шоғыр көлеміндегі өзгергіштігі;

су-мұнай, газ-мұнай немесе газ-су контактілерінің жағдайы дәлелденген;

өнімді қаттардың бастапқы және қалдықты мұнай-газ қанықтылығы;

өнімді қаттардың үстіңгі қатының қасиеттері (гидрофильділік, гидрофобтылық);

өнімді қаттар бойынша сумен және өзге болжамды агенттермен ығыстыру коэффициенті;

үлестік құрамына байланысты көмірсутек шикізаты, судың және өзге болжамды агенттер үшін таужыныстары-коллекторларының салыстырмалы фазалық өткізгіштік мәні;

бастапқы қаттық қысымдар мен температуралардың мөлшері;

қат мұнайының физикалық-химиялық қасиеттері және қысымның, температураның, көлемнің өзгеруіне байланысты, оның ішінде стандарттық операцияның, сатылы сепарация және дифференциалды газсыздандыру деректері бойынша (мұнайдың газға қанығу қысымы, газқұрамы, тығыздық, тұтқырлық, көлемдік коэффициент және қаттық жағдайдағы сығылу, отыру коэффициенті және басқалар) динамика/өзгеріс;

стандарттық шарттарға дейін газсыздандырылған мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттері (тығыздық, кинематикалық тұтқырлық, молекулалық массасы, қайнаудың басталу және суу температурасы, мұнайдың парафинмен қанығу температурасы, парафиндердің, асфальтендердің, силикогельдік шайырлардың, күкірттің пайыздық құрамы, фракциялық және компоненттік құрамдары);

таужыныстардың және оларды қанықтандыратын флюидтердің жылуөткізгіштігінің, меншікті жылу кедергісінің, меншікті жылу сыйымдылығына орташа коэффициенттерінің мәні (тұйқырлығы жоғары шоғырлар үшін);

қаттық және үстіңгі қаттық шарттардағы (стандартты және/немесе қалыпты) газдың физикалық-химиялық қасиеттері (компоненттік құрамы, ауа бойынша тығыздығы, сығылуы, конденсация басталу қысымы, дифференциалды конденсацияның динамикасы және басқалар);

конденсаттың физикалық-химиялық қасиеттері (шикі конденсаттың отыруы, тығыздық, молекулалық масса, орнықты конденсаттың қайнауының басталуы және аяқталуы, парафиннің, күкірттің, шайырдың құрамы);

қат суының физикалық-химиялық қасиеттері.

Аталған мәліметтерге ұңғымаларды бұрғылау, қаттарды бұрғылау кезінде сынау, ұңғымалық және далалық - геофизикалық зерттеулер, таужыныстарын литологиялық зерттеу, тасбаған мен көмірсутек шикізатының қасиетін зертханалық зерттеу деректері, кенорнын барлаудың барлық кезеңдерінде жинақталған өзге де ақпарат арқылы қол жеткізіледі.

15. Барлау процесі кезінде үстіңгі қаттық шарттар (рельеф, су арналарының болуы, рұқсат етілмейтін аймақтар және басқалар) зерттеледі, жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау көздері іздестіріледі, өнеркәсіптік және басқа сарқынды суларды ағызу үшін кен орындары бойынша жұтатын қаттар айқындалады, құрылыс материалдарының шикізаттық базасы бағаланады.

16. Мемлекеттік қорық аймақтарының аумағында геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, жануарлар әлемін күзету, қайта қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттің органдармен келісу бойынша рұқсат етіледі.

17. Барлау ұңғымаларын сынау олардан үш айға дейінгі мерзімде көмірсутек шикізатын өндіруді ұйымдастыруды көздейді, жекелеген жағдайларда ұсақ және орташа кенорындары үшін әр қат бойынша өнеркәсіптік-геологиялық және гидродинамикалық зерттеулер кешенін өткізумен ұңғымаларды сынамалы пайдалануға мүмкіндік беретін дифференциалданған тестілеу болуы мүмкін. Өндірілген көмірсутек қоспасы барлау (бағалау) ұнғымаларын сынау кезінде экологиялық сараптама нәтижелері бойынша алауда көмірсутектерді жағу қоршаған орта үшін кәдеге жаратудың неғұрлым қауіпсіз әдісі болып танылған жағдайларды қоспағанда, міндетті түрде келісімшарт талаптарына сәйкес мемлекетке сатылады.



Бұл ретте мынадай деректерді алады:

бастапқы қаттық қысым мен температура;

қаттың жұмыс режимі туралы деректер;

кейіннен игеру жағдайларында болуы мүмкін ұңғымалардың дебиті мен забой қысымдары;

әр ұңғыма үшін ортақ және қаттық флюидттер бойынша қаттардың интервалдары бойынша меншікті (мұнайға қаныққан қалыңдықтың бір метріне шаққанда) өнімділік коэффициенті;

қаттың кәрізделінетін бөлігінің орташа өткізгіштік коэффициенті;

қаттың суөткізгіштік коэффициенті;

газөткізгіштік коэффициенті;

пьезоөткізгіштік коэффициенті.

18. Көмірсутек шикізатының шоғырын сынамалы пайдалану сынамалы пайдалану жобасына сәйкес жүргізіледі, ол көмірсутек шикізатының шұғыл қорларының негізінде әзірленеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

19. Көмірсутек шикізатының шоғырын сынамалы пайдалану қолда бар ақпаратты нақтылау және шоғырлардың геологиялық-физикалық сипаттамасы, көмірсутек шикізатының орналасу шарттары, ұңғымалардың өнімділігі туралы қосымша ақпаратты алу үшін жүргізіледі. Осы жұмыстар процесінде көмірсутек шикізатының орналасуының статикалық үлгісін құру, кенорындарының қорын есептеу және шоғырлар мен кенорындарын өнеркәсіптік игеруді кейінгі жобалау үшін бастапқы ақпаратты жинау және жинақтау қажет.

20. Сынамалы пайдаланудың басталуы Жұмыс бағдарламасында көзделген бекітілген сынамалы пайдалану жобасын іске асыру күні болып есептеледі.

21. Көмірсутек шикізаты шоғырларын сынамалы пайдалану кезінде алдыңғы өндіруші және айдаушы ұңғымалар бұрғылануы және пайдалануға берілуі мүмкін.

22. Сынамалы пайдалану кезінде өндіру мерзімдері мен көлемдері жеке алғанда әрбір ұңғыма бойынша зерттеулердің мерзімімен және көлемімен анықталады. Сынамалық пайдалануды жүргізу қажеттілігі, мерзімі және сынамалық пайдалану кезеңінде өндірудің көлемі туралы ұсыныстарды Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі - орталық комиссия) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

23. Сынамалы пайдалануды сынамалық пайдалану жобасын белгіленген тәртіппен бекітпей, сондай-ақ сынамалы пайдалану жобасының талаптарын бұзып жүргізуге рұқсет етілмейді.

24. Көмірсутек шикізаты шоғырларын сынамалы пайдалану жобасында мыналар көзделеді:



пайдалануға енгізілетін барлау ұңғымаларының тізбесі, алдыңғы өндіруші және айдаушы ұңғымалардың саны мен орналасқан жері;

ұңғымалардың геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер кешені, тасбағандардың және қаттық флюидтердің тереңдіктегі және үстіңгі қаттары сынамаларының зертханалық зерттеулері мен іріктеу интервалдары;

қаттарды ашудың және ұңғымаларды игерудің тиімді әдістерін таңдау;

айдау ұңғымаларының қабылдағыштығын зерттеу;

өндіру мерзімі және көлемін негіздеумен көмірсутек шикізатын өндірудің, сондай-ақ көмірсутек шикізаты кен шоғырларын сынамалы пайдалану кезеңінде болатын зерттеу түрлерінің ұйғарынды деңгейлері.

25. Көмірсутек шикізаты шоғырларын сынамалы пайдалану кезінде мыналар анықталады:



ұсынылатын ығыстырушы агенттің (су, басқа агенттермен) айдауымен айдау ұңғымаларын игерудің тиімді технологиясы;

айдау ұңғымаларын пайдаланудың ықтимал режимдері (айдау қысымы, қабылдаушылық, айдалатын агентке қойылатын талаптар, ұңғымаларды тазалау тәсілдері және т.б.);

айдау және өндіру ұңғымаларының өзара іс-қимыл сипаты;

өзара іс-қимыл процесін күрделендіруші геологиялық-геофизикалық себептер (қаттардың орналасуы мен өткізгіштік жағдайларының өзгергіштігі, әсер ету белсенділігінің жеткіліксіздігі және т.б.);

пайдалану процесінде қаттық қысым мен дебиттердің өзгеруі.

26. Ұңғымаларды сынау және шоғырларды сынамалы пайдалану кезеңінде алынған көмірсутек шиказаты өндіруге арналған келісімшарт жасалған сәттен бастап есептелетін игеру кезінде өндіруден айырмашылығы бар барлау кезінде өндірілген болып табылады. Бұл ретте, қорды есептеу мақсатында көмірсутек шикізатын өндіруді есепке алу барлау басталғаннан бастап жүргізілуі тиіс.

27. Өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасасқан жағдайда геологиялық-кәсіптік сипаттамалары қолайлы, шағын көлемді шоғырларды оларды сынамалы пайдалану сатысынан өткізбей-ақ өнеркәсіптік игеруге енгізуге болады.

28. Шоғырлардың статикалық геологиялық-кәсіпшілік үлгісі ұңғымаларды бұрғылау және зерттеу кезінде тікелей және жанама жолмен алынған жүйелі нақтылаумен (сейсмикалық зертттеулер, аэроғарыштық түсіру және басқалар) шоғырларды (пайдалану объектілерін) игеру мен геологиялық-барлау жұмыстарының барлық сатыларында барлық геологиялық әрі геофизикалық ақпаратты жүйелеу мен кешенді жинақтау арқылы нақтыланады және жасалады.

29. Көмірсутек шикізаты шоғырларының статикалық геологиялық-кәсіпшілік үлгісінің негізі геометриялау әдістерін пайдалану болып табылады.

30. Шоғырларды геометриялау кезінде міндетті геологиялық графиканың қатарына мыналар кіреді:



ұңғымалар қималарының егжей-тегжейлі қатынасының схемалары;

өзіне тән ерекшеліктері қамтылған бағыттар бойынша қиманың өнімді бөлігінің геологиялық егжей-тегжейлі бейіндері: мұнай, газ, су (сулы мұнай, газды мұнай, газды су түйісулері) және перфорация интервалдары арасындағы түйісулерді түсірумен;

мұнайлы және газды түйісулердің ішкі және сыртқы сызықтарын, сынамаланып шығу немесе қаттардың фациальдық алмасу аймақтарын, сондай-ақ тектоникалық бұзылу сызықтарын (олар болған жағдайда) түсірумен зерттелетін объекті коллекторларының үстіңгі және астыңғы беттерінің құрылымдық карталары немесе карталары;

жалпы, тиімді мұнай-газқаныққан қалыңдықтардың карталары.

31. Көмірсутек шикізаты шоғырларының статикалық геологиялық-кәсіпшілік үлгісінің міндетті құрамдас бөлігі мыналармен сипатталатын мәліметтер болып табылады:



объектінің табиғи режимі, энергетикалық мүмкіндіктері, бастапқы қаттық қысым, қанықтыру қысымы және конденсаттың кері бағытта тұнуы және басқалары;

объектіні құрайтын таужыныстарының заттық құрамы, қаңқа түйіршіктерінің минералдық құрамы, цемент, саз, карбонат құрамдары және басқалар;

таужыныстары-коллекторларының сүзгілік-сыйымдық қасиеттері, кеуектілігі, мұнай-газ өткізгіштігі және сумен қаныққыштығы және заттық көлемі құрылымның басқа параметрлері;

өнімдік қаттардың біртекті еместігінің, бөлшектенушіліктің, үзілмеліліктің, құмдақтықтың, құбылмалылықтың, өткізгіштілігінің сандық бағалауы;

қаттық және жер үстіндегі жағдайларда қаттық флюидтердің ерекшеліктері, мұнайдағы парафиннің және газдағы конденсаттың және басқалардағы құрамы.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет