Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



Дата12.07.2016
өлшемі307.73 Kb.
#193010


Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2014 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 587 бұйрығына

49-қосымша

 

Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (590.00-нысан)

 
 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (590.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»


2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) сәйкес әзірленген және пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеуге арналған пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны жасалған әрбір бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (590.00-нысан) және пайдалы қазбаларды өндiру салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (590.01-ден 590.05-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларация жолдарын толтыру кезінде декларацияға қосымшалар міндетті тәртіпте жасалады.

5. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетiлуге жататын деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

6. Қосымша парағындағы жолдардан көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, қосымшаның осындай парағы толтырылады.

7. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.

8. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

9. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

10. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

11. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

 
2. Декларацияны жасау (590.00-нысан)

 

12. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:



1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;

2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі;

4) валюта коды – «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

5) декларацияның түрі – тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып белгіленеді.

6) хабарламаның нөмірі мен күні – торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4)-тармақшасында көзделген декларация түрін тапсырған жағдайда толтырылады;

7) кен орны мен келісімшарттың атауы – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және кен орнының атауы көрсетіледі;

8) келісімшарттың жасалған күні – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған күні көрсетіледі;

9) келісімшарттың нөмірі – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың уәкілетті мемлекеттік орган берген тіркеу нөмірі көрсетіледі;

10) табыс етілген қосымшалар – табыс етілген қосымшалардың тиісті торкөздері белгіленеді.

13. «Төлеуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығы» деген бөлімде:

1) 590.00.001 жолында салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі.

Осы жол декларацияға 590.01.078, 590.02 G, 590.03 V, 590.04 L, 590.05 N қосымшаларының жолдары мен бағандарында түзетулерді ескере отырып көрсетілген, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы ретінде айқындалады.

2) 590.00.002 жолында Салық кодексінің 338-бабы 3-тармағының
1) тармақшасына сәйкес түзетулерді ескергендегі пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі.

Осы жол есепті салық кезеңінде Лондон метал биржасында немесе Лондон бағалы металдар биржасында (бұдан әрі – Лондон металдар биржасында) бекітілген бағаның ресми бағамдаулары бар пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар үшін ғана қолданыла алады.

14. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» жолында:

декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес толтырылады;

2) декларацияның тапсырылған күні – декларацияның мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) мемлекеттік кірістер органының коды – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні – Салық кодексінің 584-бабы


2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі - мемлекеттік кірістер органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

 
3. Мұнайға пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу –


590.01-нысанын жасау

 

15. «Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу» деген бөлімде:



1) 590.01.001 жолында шикі мұнай өндірудің жоспарланған жылдық көлемі тоннада көрсетіледі;

2) 590.01.002 жолында салық кезеңі үшін өндірілген шикi мұнайдың жалпы көлемі тоннада көрсетіледі;

3) 590.01.003 жолында салық кезеңі үшін мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін өткізілген, өндірілген шикi мұнайдың көлемі тоннада көрсетіледі;

4) 590.01.004 жолында өткізілген өнімнің бірлігі үшін мұнай өңдеу зауыттарының іс жүзіндегі сатып алу бағасы көрсетіледі;

5) 590.01.005 жолында 590.01.003 және 590.01.004 (590.01.003 х 590.01.004) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, өңдеу үшін мұнай өңдеу зауыттарына өткізілетін өндірілген шикi мұнай көлемінің құны көрсетіледі;

6) 590.01.006 жолында салық кезеңі үшін өңдеу үшін мұнай өңдеу зауыттарына алыс-беріс шикізаты ретінде берілген өндірілген шикi мұнайдың көлемі тоннада көрсетіледі;

7) 590.01.007 жолында салық кезеңі үшін жеке өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған өндірілген шикi мұнайдың көлемі тоннада көрсетіледі;

8) 590.01.008 жолында халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, 20 пайыз қосылған, өнімнің бірлігі үшін өндірудің өзіндік құны көрсетіледі;

9) 590.01.09 жолында ((590.01.006 + 590.01.007) х 590.01.008) формуласы бойынша айқындалатын, жеке өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған және мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берілген өндірілген шикi мұнай көлемінің құны көрсетіледі;

10) 590.01.010 жолында салық кезеңі үшін заттай түрде берілген өндірілген шикі мұнайдың көлемі тоннада көрсетіледі;

11) 590.01.011 жолында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте айқындалатын өткізу бағасы көрсетіледі;

12) 590.01.012 жолында 590.01.010 және 590.01.011 (590.01.010 х 590.01.011) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, заттай түрде берілген өндірілген шикі мұнай көлемінің құны көрсетіледі;

13) 590.01.013 жолында салық кезеңі үшін 590.01.002,– 590.01.003, 590.01.006, 590.01.007 және 590.01.010 (590.01.002 – 590.01.003 – 590.01.006 – 590.01.007 – 590.01.010) жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, тауарлық шикi мұнайдың өндірілген көлемі тоннада көрсетіледі;

14) 590.01.014 жолында Салық кодексінің 334-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалатын шикi мұнайға әлемдік баға көрсетіледі;

15) 590.01.015 жолында 590.0.013 және 590.01.014 (590.01.013 х 590.01.014) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын тауарлық шикі мұнай көлемінің құны көрсетіледі;

16) 590.01.016 жолында Салық кодексінің 336-бабына сәйкес айқындалған шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

17) 590.01.017 жолында Салық кодексінің 336-бабына сәйкес айқындалған төмендетуші коэффициентті ескергендегі шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

18) 590.01.018 жолында (((590.01.005+590.01.009+590.01.012) х 590.01.017)+(590.01.015 х 590.01.016)) формула бойынша айқындалатын шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі.

16. «Газ конденсатына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу» деген бөлімде:

1) 590.01.019 жолында газ конденсатын өндірудің жоспарланған жылдық көлемі тоннада көрсетіледі;

2) 590.01.020 жолында салық кезеңі үшін өндірілген газ конденсатының жалпы көлемі тоннада көрсетіледі;

3) 590.01.021 жолында салық кезеңі үшін мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін өткізілген газ конденсатының өндірілген көлемі тоннада көрсетіледі;

4) 590.01.022 жолында өткізілген өнімнің бірлігі үшін мұнай өңдеуші зауыттың нақты сатып алу бағасы көрсетіледі;

5) 590.01.023 жолында 590.01.021 және 590.01.022 (590.01.021 х 590.01.022) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін өткізілген өндірілген газ конденсаты көлемінің құны көрсетіледі;

6) 590.01.024 жолында салық кезеңі үшін мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде берілген газ конденсатының өндірілген көлемі тоннада көрсетіледі;

7) 590.01.025 жолында жеке өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған газ конденсатының салық кезеңі үшін өндірілген көлемі тоннада көрсетіледі;

8) 590.01.026 жолында халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, 20 пайыз қосылған, өнімнің бірлігі үшін өндірудің өзіндік құны көрсетіледі;

9) 590.01.027 жолында 590.01.024 және 590.01.025 жолдарын 590.01.026 ((590.01.024 + 590.01.025) х 590.01.026) жолына көбейту ретінде айқындалатын, жеке өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған және мұнай өңдеу зауыттарына алыс-беріс шикізаты ретінде берілген газ конденсатының өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

10) 590.01.028 жолында заттай түрде берілген газ конденсатының салық кезеңі үшін өндірілген көлемі тоннада көрсетіледі;

11) 590.01.029 жолында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте айқындалған өткізу бағасы көрсетіледі;

12) 590.01.030 жолында 590.01.028 және 590.01.029, (590.01.028 х 590.01.029) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, заттай түрде берілген газ конденсатының салық кезеңі үшін өндірілген көлемі көрсетіледі;

13) 590.01.031 жолында 590.01.020, 590.01.021, 590.01.024, 590.01.025 және 590.01.028 (590.01.020 – 590.01.021 – 590.01.024 – 590.01.025 – 590.01.028) жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, тауарлық газ конденсатының салық кезеңі үшін өндірілген көлемі тоннада көрсетіледі;

14) 590.01.032 жолында Салық кодексінің 334-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалатын, газ конденсатына әлемдік баға көрсетіледі;

15) 590.01.033 жолында 590.01.031 және 590.01.032 (590.01.031 х 150.01.032) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, тауарлық газ конденсаты көлемінің құны көрсетіледі;

16) 590.01.034 жолында Салық кодексінің 336-бабына сәйкес айқындалған, газ конденсатына пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

17) 590.01.035 жолында Салық кодексінің 336-бабына сәйкес айқындалған, газ конденсатына пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы төмендетуші коэффициентті ескере отырып, көрсетіледі;

18) 590.01.036 жолында (((590.01.023 + 590.01.027 + 590.01.030) х 590.01.035)+(590.01.033 х 590.01.034)) ретінде айқындалатын, газ конденсатына пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі.

17. «Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу» деген бөлімде:

1) 590.01.037 жолында табиғи газды өндірудің жоспарланған жылдық көлемі текше метрмен көрсетіледі;

2) 590.01.038 жолында жер қойнауына кері айдалатын табиғи газды қоспағанда, салық кезеңi үшін өндірілген табиғи газдың жалпы көлемі текше метрде көрсетіледі;

3) 590.01.039 жолында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген табиғи газдың салық кезеңі үшін өндірілген көлемі текше метрмен көрсетіледі;

4) 590.01.040 жолында өткізілген өнімнің бірлігі үшін өткізудің орташа бағасы көрсетіледі;

5) 590.01.041 жолында 590.01.039 және 590.01.040 (590.01.039 х.590.01.040) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өткізілген табиғи газдың салық кезеңі үшін өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

6) 590.01.042 жолында жеке өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған табиғи газдың салық кезеңі үшін өндірілген көлемі текше метрде көрсетіледі;

7) 590.01.043 жолында халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, 20 пайыз қосылған, өнімнің бірлігі үшін өндірудің өндірістік өзіндік құны көрсетіледі;

8) 590.01.044 жолында 590.01.042 және 590.01.043 (590.01.042 х 590.01.043) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, жеке өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған табиғи газдың өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

9) 590.01.045 жолында 590.01.038, 590.01.039 және 590.01.042 (590.01.038 – 590.01.039 – 590.01.042) жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, тауарлық табиғи газдың салық кезеңі үшін өндірілген көлемі текше метрмен көрсетіледі;

10) 590.01.046 жолында Салық кодексінің 334-бабы 4-тармағына сәйкес айқындалатын, табиғи газға әлемдік баға көрсетіледі;

11) 590.01.047 жолында 590.01.045 және 590.01.046 (590.01.045 х 590.01.046) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, тауарлық табиғи газдың салық кезеңі үшін өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

12) 590.01.048 жолында Салық кодексінің 336-бабына сәйкес айқындалатын, табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

13) 590.01.049 жолында Салық кодексінің 336-бабына сәйкес айқындалған, ішкі нарықта өткізілген табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

14) 590.01.050 жолында 590.01.041 және 590.01.049 (590.01.041 х 590.01.049) ретінде айқындалатын, ішкі нарығына өткізілген табиғи газдың салық кезеңі үшін өндіруге салық көрсетіледі;

15) 590.01.051 жолында (590.01.050 + ((590.01.044 + 590.01.047) х 590.01.048))) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі.

18. «Пайдалы қазбаларды өндіру салығын түзету» деген бөлімде:

Шикі мұнайға, газ конденсатына, табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасын түзету Салық кодексінің 335-бабы 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.

1) 590.01.052 жолында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жеке әрбіреуі бойынша есепті күнтізбелік жыл үшін шикі мұнай іс жүзінде өндірілген көлемі тоннада көрсетіледі;

2) 590.01.053 жолында есепті жылдың 1–3-тоқсандары үшін шикі мұнайға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығы көрсетіледі;

3) 590.01.054 жолында мұнай өңдеуші зауыттарға өткізілген, есепті жылдың 1–3-тоқсандары үшін өндірілген шикі мұнай көлемінің құны көрсетіледі

4) 590.01.055 жолында есепті жылдың 1–3-тоқсандары үшін жеке өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған және мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін өткізілген шикі мұнайдың өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

5) 590.01.056 жолында заттай түрде берілген, есептік жылдың


1–3-тоқсандары үшін шикі мұнайдың өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

6) 590.01.057 жолында есепті жылдың 1–3-тоқсандары үшін тауарлық шикі мұнайдың өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

7) 590.01.058 жолында есепті жылдың қорытындысы бойынша өндірілген мұнайдың нақты көлемі негізге алына отырып, Салық кодексінің
336-бабына сәйкес айқындалған шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

8) 590.01.059 жолында есепті жылдың қорытындысы бойынша өндірілген шикі мұнайдың нақты көлемі негізге алына отырып, Салық кодексінің


336-бабына сәйкес айқындалған төмендету коэффициенті ескеріле отырып шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

9) 590.01.060 жолында (((590.01.054 + 590.01.055 + 590.01.056) х 590.01.059) + (590.01.057 х 590.01.058)) формуласы бойынша айқындалатын шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығы көрсетіледі;

10) 590.01.061 жолында 590.01.060 және 590.01.053 жолдарының айырмасы (590.01.060–590.01.053) ретінде айқындалатын Салық кодексінің 335-бабы 3-тармағына сәйкес шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығын түзету сомасы көрсетіледі;

11) 590.01.062 жолында әрбір бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есепті жылдың қорытындысы бойынша өндірілген газ конденсатының нақты көлемі тоннада көрсетіледі;

12) 590.01.063 жолында есепті жылдың 1–3-тоқсандары үшін газ конденсатына есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығы көрсетіледі;

13) 590.01.064 жолында мұнай өңдеу зауыттарына өткізілген салық жылының 1–3-тоқсандары үшін өндірілген газ конденсаты көлемінің құны көрсетіледі;

14) 590.01.065 жолында есепті жылдың 1-3-тоқсандары үшін мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде қайта өңдеу үшін берілген және жеке өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылған газ конденсатының өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

15) 590.01.066 жолында есепті жылдың 1-3-тоқсандары үшін заттай түрде берілген газ конденсатының өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

16) 590.01.067 жолында есепті жылдың 1-3-тоқсандары үшін тауарлық газ конденсатының өндірілген көлемінің құны көрсетіледі;

17) 590.01.068 жолында есепті жылдың қорытындысы бойынша өндірілген газ конденсатының нақты көлемі негізге алына отырып Салық кодексінің 336-бабында айқындалған газ конденсатына пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

18) 590.01.069 жолында есепті жылдың қорытындысы бойынша өндірілген газ конденсатының нақты көлемі негізге алына отырып, Салық кодексінің 336-бабында айқындалған төмендету коэффициенті ескеріле отырып газ конденсатына пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

19) 590.01.070 жолында (((590.01.064+590.01.065+590.01.066) х 590.01.069)+(590.01.067 х 590.01.068)) ретінде айқындалатын газ конденсатына пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

20) 590.01.071 жолында 590.01.070 және 590.01.063 жолдарының айырмасы (590.01.070 - 590.01.063) ретінде айқындалатын Салық кодексінің 335-бабы 3-тармағына сәйкес газ конденсатына пайдалы қазбаларды өндіру салығын түзету сомасы көрсетіледі;

21) 590.01.072 жолында жер қойнауына кері айдалатын табиғи газды қоспағанда, есепті жылдың қорытындысы бойынша әрбір жеке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өндірілген табиғи газдың нақты көлемі текше метрде көрсетіледі;

22) 590.01.073 жолында есепті жылдың 1-3-тоқсандары үшін ішкі нарықта өткізілген табиғи газға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығы көрсетіледі;

23) 590.01.074 жолында есепті жылдың 1-3-тоқсандары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген өндірілген табиғи газ көлемінің құны көрсетіледі;

24) 590.01.075 жолында есепті жылдың қорытындысы бойынша өндірілген газ конденсатының нақты көлемі негізге алына отырып, Салық кодексінің 336-бабында айқындалған, ішкі нарықта өткізілген табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы көрсетіледі;

25) 590.01.076 жолында 590.01.074 және 590.01.075 жолдарының туындысы (590.01.074 х 590.01.075) ретінде айқындалатын, ішкі нарықта өткізілген табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

26) 590.01.077 жолында 590.01.076 және 590.01.073 жолдарының айырмасы (590.01.076 – 590.01.073) ретінде айқындалатын, Салық кодексінің 335-бабы 3-тармағына сәйкес ішкі нарықта өткізілген табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығын түзету сомасы көрсетіледі.

19. «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы» деген бөлімде:

1) 590.01.078 жолында 590.01.018, 590.01.036, 590.01.051, 590.01.061, 590.01.071 және 590.01.077 жолдарының сомасы (590.01.018 + 590.01.036 + 590.01.051 + 590.01.061 + 590.01.071 + 590.01.077) ретінде айқындалатын, бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

590.01.078 жолының мәні 590.00-нысанының 590.00.001 жолына көшіріледі.

 
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген ресми баға белгілеулері бар құрамында пайдалы қазбалары бар минералдық шикізатқа пайдалы

қазбаларды өндіру салығын есептеу – 590.02-нысанын жасау

 

20. 590.02-нысаны салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген ресми баға белгілеулері бар құрамында пайдалы қазбалары бар минералдық шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге үшін арналған.



21. «Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізаттың көлемі» деген бөлімде:

590.02.001 жолында Лондон металдар биржасында тіркелген, олар бойынша салық кезеңінде бағаның ресми бағамдары бар, құрамында пайдалы қазбалары бар минералды шикізаттың өндірілген көлемі көрсетіледі;

22. «Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу» деген бөлімде:

1) «Минералды шикізаттің атауы» бөлімінде Лондон металдар биржасында тіркелген, олар бойынша салық кезеңінде бағаның ресми бағамдары бар, құрамында пайдалы қазбалары бар өндірілген минералды шикізаттың атауы көрсетіледі;

2) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

3) В бағанының жолдарында Лондон металдар биржасында тіркелген, үшін олар бойынша салық кезеңінде бағаның ресми бағамдары бар минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың атауы көрсетіледі;

4) С бағанының жолдарында минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың көлемі көрсетіледі (тонна, текше метр, унция, грамм және т.б.);

5) D бағанының жолдарында Салық кодексінің 338-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалатын, биржалық орташа баға көрсетіледі;

6) Е бағанының жолдарында С және D бағандарының туындысы ретінде айқындалатын, минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың төленген запастарының салық салынатын көлемінің құны ретінде есептелген салық базасы көрсетіледі;

7) F бағанының жолдарында Салық кодексінің 339-бабында айқындалған, салық ставкасы көрсетіледі;

8) G бағанының жолдарында E және F бағандарының туындысы ретінде айқындалатын, минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбаларға пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

9) Н бағанының жолдарында Салық кодексінің 338-бабы 3-тармағының


1) тармақшасына сәйкес есептелген салықтың түзету сомасы көрсетіледі;

10) I бағанының жолдарында G және Н бағандарының (G + H) сомасы ретінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды өндіру салығының түзетулерді ескергендегі сомасы көрсетіледі;

I бағанының қорытынды сомасы 590.00 нысанының 590.00.001 жолына көшіріледі.

Егер жер қойнауын пайдаланушы Салық кодексінің 338-бабы


3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша қосымша декларация өткізетін болса, онда I бағанының мәні
590.00-нысанының 590.00.002 жолына көшіріледі.

 
5. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, құрамында салық кезеңінде бір мезгілде Лондон металдар биржасында тіркелген ресми баға белгілеулері бар пайдалы қазбалары бар минералдық шикізатқа және өндірілуі, қолданылуы (өткізілуі) жер қойнауын арналған келісімшарттың талаптарында көзделген пайдалы қазбалардың басқа түрлеріне пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу – 590.03-нысанын жасау

 

23. 590.03-нысаны құрамында салық кезеңінде бір мезгілде Лондон металдар биржасында тіркелген ресми баға белгілеулері бар пайдалы қазбалары бар минералдық шикізатқа және өндірілуі, қолданылуы (өткізілуі) жер қойнауын арналған келісімшарттың талаптарында көзделген пайдалы қазбалардың басқа түрлеріне пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге үшін арналған.



24. «Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізаттың көлемі» деген бөлімде: 590.03.001 жолында Лондон металдар биржасында тіркелген, салық кезеңінде олар бойынша бағаның ресми бағамдары бар, бір уақытта құрамында пайдалы қазбалары бар және алынуы, қолданылуы (іске асырылуы) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделген, пайдалы қазбалардың басқа түрлері бойынша минералдық шикізаттың өндірілген көлемі көрсетіледі (тонна, килограмм, грамм).

25. «Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу» бөлімінде:

1) «Минералды шикізаттің атауы» жолда Лондон металдар биржасында тіркелген, салық кезеңінде олар бойынша бағаның ресми бағамдары бар, бір уақытта құрамында пайдалы қазбалары бар және алынуы, қолданылуы (іске асырылуы) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделген, пайдалы қазбалардың басқа түрлері бойынша өндірілген минералдық шикізаттың атауы көрсетіледі;

2) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

3) В бағанының жолдарында Лондон металдар биржасында тіркелген, олар бойынша салық кезеңінде бағаның ресми бағамдары бар минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың атауы көрсетіледі;

4) С бағанының жолдарында минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың көлемі көрсетіледі (тонна, текше метр, унция, грамм және т.б.);

5) D бағанының жолдарында Салық кодексінің 338-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалатын, биржалық орташа баға көрсетіледі;

6) Е бағанының жолдарында С және D бағандарының (С х D) туындысы ретінде айқындалатын, минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалар көлемінің құны ретінде есептелген салық базасы көрсетіледі;

7) F бағанының жолдарында Салық кодексінің 339-бабында сәйкес айқындалған салық ставкасы көрсетіледі;

8) G бағанының жолдарында минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың басқа түрлерінің атаулары көрсетіледі;

9) Н бағанының жолдарында салық кезеңі үшін минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың басқа түрлерінің көлемі көрсетіледі (тонна, текше метр, унция, грамм және т.б.);

10) I бағанының бағанының жолдарында басқа заңды тұлғаға қайта өндіруге берілген минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың басқа түрлерінің көлемі көрсетіледі (тонна, текше метр, унция, грамм және т.б.);

11) J бағанының жолдарында бір заңды тұлғаның шеңберінде әрі қарай өндіру үшін құрылымдық бөлімшеге берілген, минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың басқа түрлерінің көлемі көрсетіледі (тонна, текше метр, унция, грамм және т.б.);

12) K бағанының жолдарында жеке өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған, минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың басқа түрлерінің көлемі көрсетіледі (тонна, текше метр, унция, грамм және т.б.);

13) L бағанының жолдарында Салық кодексінің 341-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын өткізудің орташа бағасы көрсетіледі;

14) М бағанының жолдарында халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептілігі туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, сондай пайдалы қазбалар түрлеріне келетін, өндірудің және алғашқы өңдеудің (байытудың)


20 пайыз қосылған өндірістік өзіндік құны көрсетіледі;

15) N бағанының жолдарында төмендегідей айқындалатын, минералды шикізаттағы пайдалы қазбалардың төленген запастарының салық салынатын көлемінің құны ретінде есептелген салық базасы көрсетіледі:

Н және L бағандарының туындысы (Н х L) ретінде;

I, J, K бағандарына М бағанының туындысы ((I + J + K) x M) ретінде;

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт колданысы басталғаннан бастап пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда, құны Н және М бағандарының туындысы (M x H) ретінде айқындалады;

16) О бағанының жолдарында «Трансферттік баға белгілеу туралы»


2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес айқындалатын минералды шикізаттағы пайдалы қазбалардың өтелген запастарының салық салынатын көлемі құнының ауытқу сомасы көрсетіледі;

17) P бағанының жолдарында Салық кодексінің 339-бабында сәйкес айқындалған салық ставкасы көрсетіледі;

18) R бағанының жолдарында Е және F бағандарының және N және Р бағандарының туындысы ((E х F) + (N х Р)) ретінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды өндіруге есептелген салықтың сомасы көрсетіледі;

19) S бағанының жолдарында Салық кодексінің 338-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына және Салық кодексінің 338-бабы 6-тармағының


3) тармақшасына сәйкес айқындалатын және Трансферттік баға белгілеу туралы Заңның ережелері ескеріле отырып, салықты түзету көрсетіледі;

20) Т бағанының жолдарында R және S бағандарының (R+S) сомасы ретінде айқындалатын түзету ескерілгендегі пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

21) U бағанының жолдарында O және P бағандарының туындысы (O x P) ретінде айқындалатын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

22) V бағанының жолдарында (Т және U) бағандарының сомасы ретінде айқындалатын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

V бағанының қорытынды сомасы 590.00-нысанының 590.00.001 жолына көшіріледі.

Егер жер қойнауын пайдаланушы Салық кодексінің 338-бабы


3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша қосымша декларация табыс еткен жағдайда, V бағанының мәні 590.00-нысанының 590.00.002 жолына көшіріледі.

 
6. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда және Лондон металдар биржасында тіркелген, салық кезеңінде бағаның ресми бағамдары бар пайдалы қазбаларды қоспағанда, құрамында пайдалы қазбалары бар минералдық шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу – 590.04-нысанын жасау

 

26. 590.04-нысаны Лондон металдар биржасында тіркелген, салық кезеңінде бағаның ресми бағамдары бар пайдалы қазбаларды қоспағанда, құрамында пайдалы қазбалары бар минералдық шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.



27. «Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізаттың көлемі» деген бөлімде:

1) 590.03.001 жолында Лондон металдар биржасында тіркелген салық кезеңінде олар бойынша бағаның ресми бағамдары бар пайдалы қазбаларды қоспағанда, құрамында пайдалы қазбалары бар өндірілген минералды шикізаттың көлемі көрсетіледі;

28. «Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу» деген бөлімде:

1) «Минералды шикізаттың атауы» жолында Лондон металдар биржасында тіркелген салық кезеңінде олар бойынша бағаның ресми бағамдары бар пайдалы қазбаларды қоспағанда, құрамында пайдалы қазбалары бар өндірілген минералдық шикізаттың атауы көрсетіледі;

2) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

3) В бағанының жолдарында Лондон металдар биржасында тіркелген, салық кезеңінде олар бойынша бағаның ресми бағамдары бар пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералдық шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың атауы көрсетіледі;

4) С бағанының жолдарында минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың көлемі көрсетіледі (тонна, текше метр, унция, грамм және т.б.);

5) D бағанының жолдарында өткізудің орташа бағасы көрсетіледі;

6) Е бағанының жолдарында халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептілігі туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, 20 пайыз қосылған, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне келетін, өндіру және алғашқы өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны көрсетіледі;

7) F бағанының жолдарында С бағаны жолдарының және D бағаны жолдарының (С х D) туындысы ретінде айқындалатын, минералды шикізаттың төленген запастарының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалар көлемінің құны ретінде есептелетін салық базасы көрсетіледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қызмет етуінен бастап алғашқы өңдеуден (байыту) өткен пайдалы қазбалардың өткізілуі мүлде болмағанда, құн С бағанының жолдары және Е бағанының жолдарының (С х Е) туындысы ретінде айқындалады;

8) G бағанының жолдарында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес айқындалған минералды шикізаттағы пайдалы қазбалар өтелген запастарының салық салынатын көлемінің ауытқу сомасы көрсетіледі;

9) H бағанының жолдарында Салық кодексінің 339-бабында айқындалған салық ставкасы көрсетіледі;

10) I бағанының жолдарында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңының ережелерін ескере отырып, Салық кодексінің 338-бабы 6-тармағының
3) тармақшасына сәйкес алғашқы өңдеуден (байыту) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

11) J бағанының жолдарында F және G (O x P) бағандарының туындысы ретінде айқындалатын және Н бағанына ((F х H )+I) ұлғайтылған, алғашқы өңдеуден (байыту) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

12) К бағанының жолдарында G және Н бағандарының туындысы (G х Н) ретінде айқындалатын, бастапқы өңдеуден (байыту) өткен минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

13) L бағанының жолдарында J және К сомалары (J + K) ретінде айқындалатын, бастапқы өңдеуден (байыту) өткен минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі.

L бағаны жолының қорытынды сомасы 590.00-нынасының 590.00.001 жолына көшіріледі.

  7. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен шипалы балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу –



590.05-нысанын жасау

 

29. «Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу» деген бөлімде:



1) А бағанының жолдарында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанының жолдарында пайдалы қазбаның коды көрсетіледі;

3) С бағанының жолдарында өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен шипалы балшықтардың атауы көрсетіледі;

4) D бағанының жолдарында кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен шипалы балшықтардың салық кезеңі үшін физикалық өндірілген көлемі көрсетіледі (тонна, текше метр, килограмм, грамм);

5) Е бағанының жолдарында Салық кодексінің 341-бабы 2, 3-тармақтарына сәйкес айқындалатын орташа өткізу бағасы көрсетіледі;

6) F бағанының жолдарында халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептілігі туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, 20 пайыз қосылған, өндіру мен алғашқы өңдеуден (байыту) өткізудің өндірістік өзіндік құны көрсетіледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолднасықа енгенінен бастап кең таралған пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда ғана толтырылады;

7) G бағанының жолдарында Салық кодексінің 341-бабына сәйкес D және E немесе D және F бағандарының туындысы (D x E) немесе (D x F) ретінде айқындалатын, кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты сулары мен шипалы балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы көрсетіледі;

8) Н бағанының жолдарында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес айқындалған кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен шипалы балшықтар құнының ауытқу сомасы көрсетіледі;

9) I бағанының жолдарында Салық кодексінің 342-бабында айқындалған салықтың ставкасы көрсетіледі;

10) J бағанының жолдарында G және I бағандарының (G х I) туындысы ретінде айқындалатын, кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты сулары мен шипалы балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

11) К бағанының жолдарында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңын ескере отырып, Салық кодексінің 341-бабы 4-тармағына сәйкес айқындалатын, кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты сулары мен шипалы балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының түзету сомасы көрсетіледі;

12) L бағанының жолдарында L және K бағандарының (L+K) сомасы ретінде айқындалатын, түзету ескере отырып, кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты сулары мен шипалы балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

13) M бағанының жолдарында H және I бағандарының (H+I) сомасы ретінде айқындалатын, кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты сулары мен шипалы балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі;

14) N бағанының жолдарында L және M бағандарының (L+M) сомасы ретінде айқындалатын, түзету ескере отырып, кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты сулары мен шипалы балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі.

N бағанының қорытынды сомасы 590.00-нынасының 590.00.001 жолына көшіріледі.

30. Пайдалы қазбалардың кодтары:



0001

Сутегі

0002

Гелий

0003

Литий

0004

Бериллий

0005

Бор

0006

Көміртегі

0007

Азот

0008

Оттегі

0009

Фтор

0010

Неон

0011

Натрий

0012

Магний

0013

Алюминий

0014

Кремний

0015

Фосфор

0016

Күкірт

0017

Хлор

0018

Аргон

0019

Калий

0020

Кальций

0021

Скандий

0022

Титан

0023

Ванадий

0024

Хром

0025

Марганец

0026

Темір

0027

Кобальт

0028

Никель

0029

Мыс

0030

Мырыш

0031

Галлий

0032

Германий

0033

Күшән

0034

Селен

0035

Бром

0036

Криптон

0037

Рубидий

0038

Стронций

0039

Иттрий

0040

Цирконий

0041

Ниобий

0042

Молибден

0043

Технеций

0044

Рутений

0045

Родий

0046

Палладий

0047

Күміс

0048

Кадмий

0049

Индий

0050

Қалайы

0051

Сүрме

0052

Теллур

0053

Йод

0054

Ксенон

0055

Цезий

0056

Барий

0057

Лантан

0058

Гафний

0059

Тантал

0060

Вольфрам

0061

Рений

0062

Осмий

0063

Иридий

0064

Платина

0065

Алтын

0066

Сынап

0067

Таллий

0068

Қорғасын

0069

Висмут

0070

Полоний

0071

Астат

0072

Радон

0073

Франций

0074

Радий

0075

Актиний

0076

Резерфодий

0077

Дубний

0078

Сиборгий

0079

Борий

0080

Хассий

0081

Майтнерий

0082

Металлургия үшін кенге жатпайтын шикізат

0083

Қалыптық құмдар

0084

Алаптық шпат

0085

Пегматит

0086

Басқа да алюминий тотығы жыныстары

0087

Әктас

0088

Доломит

0089

Әктасты-доломит жыныстары

0090

Тамақ өнеркәсібі үшін әктас

0091

Басқа да кенге жатпайтын шикізат

0092

Отқа төзімді саздар

0093

Каолин

0094

Вермикулит

0095

Ас тұзы

0096

Жергілікті құрылыс материалдары

0097

Вулкандық кеуек жыныстары

0098

Вулкандық суқұрамдас әйнек

0099

Әйнек тәріздес жыныстар

0100

Перлит

0101

Обсидиан

0102

Малта тас

0103

Қиыршық тас

0104

Гипс

0105

Қиыршық тас-құм аралас

0106

Гипсті тас

0107

Ангидрит

0108

Гажа

0109

Саз

0110

Саз жыныстар (балқуы ауыр және оңай балқитын саздар, суглинкалар, аргиллиттер, алевролиттер, сазды тақтатастар)

0111

Әкбор

0112

Мергель

0113

Мергельді-әкбор жыныстары

0114

Кремний жыныстары (трепел, опоктар, диатомит)

0115

Кварцты-алап шпат жыныстары

0116

Гранит

0117

Диабаз

0118

Мәрмар

0119

Базальт

0120

Басқа тұнбалы, атылған, метаморфияллық жыныстары

0121

Тоқпақ тас

0122

Құм (кварцтық, құрылыс, алап шпаттық)

0123

Құмдық

0124

Табиғи пигменттер

0125

Ұлу тас

0126

Жер асты сулары

0127

Мұнай

0128

Газ

0129

Мұнайгаз конденсаты

0130

Басқалар




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет