Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет222/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

дәлел келтірсін», – дейді. Бір кезде көп күттірмей һудһуд келіп, 
Сүлейменге: «Мен сен білмеген бір нәрсені білдім және саған 
Сәбәдан анық бір хабар алып келдім», – дейді. Ол әңгімесін 
жалғап:
«Мен оларға патшалық етіп отырған бір әйелді көрдім. 
Оған әрбір нәрседен несібе берілген және оның орасан зор 
тағы бар. Оның және елінің Аллаһқа емес, күнге 
табынатындарын көрдім. Шайтан оларға амалдарын әдемі 
көрсетіп, жолдан қайтарған. Сондықтан олар тура жол таба 
алмай жүр. Олар аспандар мен жердегі жасырылғанды 
сыртқа шығаратын және сендердің жасыратындарың мен 
жариялайтындарыңды білетін Аллаһқа сәжде етпейді ме? 
Ұлы Аршының Раббысы – Аллаһ. Одан басқа ешбір құдай 
жоқ», – деді. 
Бұл Билқис деген патшайым болатын. «Оған әрбір нәрседен 
несібе берілген» еді. Оның ғажайып бір тағы болатын. 
Һудһудтың сөзін естіген Сүлеймен:
«Рас айтасың ба, жоқ, өтірік айтасың ба – оны көрерміз
(әуелі) менің мына хатымды оларға алып барып таста да, 
бұрылып күтіп тұр. Сөйт те, (мұны) қалай қабылдайды, 
(соны) бақыла», – деп жат елге өз сәлемін жолдайды. Һудһуд 
ұшып келіп, әміршісінің хатын Билқис сарайының төбесінен 


257
 
 
тастайды. Көктен түскен хатқа таңырқаған Билқис оны алып 
ашып қарағанда, соңында Сүлейменнің қолы қойылған:
«Бисмилләһир-Рахманир-Рахим. 
Маған 
астамшылық 
көрсетпеңдер. Алдыма бойсұнған күйде келіңдер», – деген 
сөзді оқиды. 
Арасы алшақ екі елде (Билқис Йеменде, Сүлеймен 
Палестинада) сұлтандық құрған екі патша ешқашан кездеспеген-
ді. Сүлейменнен келген бұл хаттың мәселесін шешуге Билқис 
елінің ақсақалдарын жинап:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет