Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет2/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
сөздердің мәнісін ашып түсіндіреді. Жинақ осысымен құнды әрі 
мәнді болған. Сондықтан біздер үшін иман мен ғибадаттан басқа, 
адамгершілік міндеттеріміз бен пайғамбарлардың адамзатқа 
өнеге болған парасатқа толы өмірі жайында білу айрықша 
маңызды. 
Кітаптағы тақырыптардың көкейкестілігі мен тартымдылығы, 
баяндау 
жағдайларының 
сипаты, 
көркемдік 
қасиеттері, 
кейіпкерлер тұлғасы жік-жігімен сараланған. Жиырма бес 
тараудан тұратын бұл жинақ оқырмандар, әсіресе жастар, түсіне 
алу үшін қарапайым тілмен жазылған, жұмыстың стилі жатық, 
ұқыпты орындалған. 
Қорыта айтқанда, бұл кітап Ислам дінінің шапағаты мен мол 
қасиеттерін дәріптейді, адамзаттың бүгіні мен болашағына зәру 
құндылықтарды баян етеді және оқырман жүрегіне имандылық 
ұялатады. 
Пікір жазған: П.Т.Әуесбаева, 
ҚР Орталық Мемлекеттік музейі 
музейлік деректану және қолжазба 
орталығының жетекші ғылыми қызметкері, 
филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент


5
 
 
КІРІСПЕ 
Еліміз егемендік алып, ата-баба дініне қайта оралған тұста 
қандастарымызға қол үзіп қалған шариғат ілімдерін үйренуді, ана 
тілінде діни әдебиеттерді оқуды нәсіп еткен Құдіретті 
Жаратушымызға шексіз мадақтар болсын! Пайғамбарлардың 
абзалы әрі соңғысы Мұхаммедке Аллаһтың сансыз салауаты мен 
сәлемі болсын! 
Ғасырға жуық атеистік тәрбиенің құрсауында материалистік 
сана улаған елімізде адамзаттың ежелгі тарихына қатысты 
көптеген қате де өрескел түсініктер қалыптасқан. Мысалы, көп 
бауырларымыз адамзат ақыл-ойы дамымаған жабайы адам 
түрінде тас дәуірін бастан кешіп, кемел адам дәрежесіне өмір 
сүру тәжірибесі арқылы қол жеткізді әрі бүгінгі ХХІ ғасырды 
адам санасының аса дамыған кезеңі деп ұғады. Сол сияқты Аллаһ 
тағаланың ең ардақты пенделері – пайғамбарлар туралы да 
«Пайғамбарлар да шарап ішкен» деген жаңсақ түсініктер 
кездеседі. Ақиқатына келсек, Аллаһ тағала әу бастан-ақ 
адамзаттың атасы – Адамды білімді, жалғыз Жаратушысына ғана 
құлшылық ететін саналы етіп жаратқан. Адам ата бұл білім мен 
Тәңірі тарабынан берілген сананы ұрпақтарына сіңіріп, адамзат 
біршама уақыт кемел сипатта өмір сүрді. Тек кейін ғана тура 
жолдан адасып, ата жауымыз – шайтанның азғыруымен Аллаһтан 
өзгеге табына бастаған. Сол үшін Аллаһ тағала адамдар арасынан 
ең жақсыларын таңдап, оларға елді Аллаһқа ғана құлшылық етуге 
үндеу тапсырмасы мен пайғамбарлық міндет жүктеді. Сондықтан 
мұндай ұлық міндет жүктелген пайғамбарлардың қандай адамдар 
екені, мұсылман адамның олар туралы ақидасы
1
қалай болу 
керектігі тұрғысында ақида кітаптарына сүйене отырып, қысқаша 
мәліметтер беруді жөн санадық. 
1
Ақида – «сенім», «наным» деген мағына береді. Сонымен қатар 
Аллаһқа дұрыс сенуді үйрететін ғылым да «ақида» деп аталады. 


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет