П 15 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет1/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
әдебиет теориясы




УДК 921.512.122.0(075.8)
ББК 83.3(5ҚАЗ)Я73
П 15
Пікір жазғандар:
Ә.М.Молдаханов
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті қазақ
әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы,
Ә.С.Тарақов
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Т.Әлбеков
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және
текстология» ғылыми-инновациялық бөлімінің меңгерушісі, филология
ғылымдарының кандидаты
П 15 Пангереев А.Ш.
Әдебиеттануға кіріспе. Қашықтан оқытуға арналған оқу құралы.
Ақтөбе: Принт-А, 2014. - 183б.
ISBN 978-601-7388-41-6
Оқу құралы таңдау компоненті бойынша филология мамандықтары
студенттеріне арналған «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің бағдарламалық
материалдарын қамтиды.
Оқу құралының қашықтан оқыту технологиясына сәйкес электронды
нұсқасы жасалған.
УДК 921.512.122.0(075.8)
ББК 83.3(5ҚАЗ)Я73
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы ҚР БжҒМ
жоғары және жоғары білім беруден кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік
Кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары бойынш оқу-
әдістемелік бірлестігі мәжілісінің шешімімен баспаға ұсынылған.
№1 хаттама, 21 қаңтар 2015 ж.
ISBN 978-601-7388-41-6
© Пангереев А.Ш., 2015


АЛҒЫСӨЗ
Филологиялық
мамандықтар 
бойынша 
ЖОО 
студенттеріне 
арналған
«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінен қашықтан оқытуға арналған оқу құралы аясында
мемлекеттік стандарт талаптарына сай әдеби даму заңдылықтарымен және әдебиеттің
теориялық жүйесімен таныстыру, көркем әдебиеттің сыры мен сипатын, мәні мен
мағынасын, маңызын танып-білу мәселелері қарастырылады. Бұл курс болашақ филолог
мамандардың таным көкжиегін кеңейтіп, әдеби-теориялық ұғымдармен қарулануға
үйретеді.
Қашықтан оқытуға арналған «Әдебиеттануға кіріспе» оқу құралының негізге
мақсаты – филологтарды әдеби даму заңдылықтарымен, әдебиеттің теориялық жүйесімен
таныстыру, әдебиет туралы негізгі эстетикалық категорияларды, әдеби шығарманы
талдаудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, әдеби-эстетикалық ойдың даму кезеңдеріне талдау
жасау, көркем әдебиеттің сыры мен сипатын, мәні мен мағынасын, маңызын танып-білу,
өткен классикалық мұра мен бүгінгі әдебиеттің қыр-сырын, дәстүр жалғастығын, қаламгер
шеберлігін таныту,көркем шығармаға баға беру, әдеби процесті дұрыс бағалауға үйрету
және әдебиеттің өнердің басқа түрлерінен ерекшелігін аңғарту.
Нәтижесінде студенттің төмендегі ұғымдар жөнінде түсініктері болуы тиіс:
әдебиеттің мазмұны мен пішіні, олардың өзара бірлігі; тақырып пен идея туралы түсінік,
олардың өзара бірлігі; көркем шығармадағы идея және жазушының дүниетанымы;
композиция мен сюжеттің бірлігі және өзгешелігі, құбылту мен айшықтау түрлері, оларды
практикада қолдану, талғап, талдай білу жолдары мен дағдыларын меңгеру; әдеби
дамудың тарихи сипаты; әдеби процесс және әдебиеттің ұлттық ерекшелікиері; әдеби
дамудың үздіксіздігі, әдеби дәстүр мен жаңашылдық мәселелері жөнінде ұғым-түсініктері;
әдебиеттің тектері мен түрлері, оларды туғызған тарихи жағдайлар; эпос, лирика, драма
жайлы түсінік, олардың өмір шындығын суреттеудегі бірлігі мен адам характерін
жасаудағы ерекшеліктері; стиль мен әдістің бірлігі мен өзгешелігі, қаламгердің өзіндік
стилі хақындағы ұғым, аталған теориялық білімді игеру барысында студенттердің
жауапкершілігі, өз бетімен білім дағдыларын қалыптастыру; теорияны практикамен
ұштастыра білу қабілетін дамыту.Сонымен қатар студенттер сөз өнерінің табиғатын
танып-білу, оның өнердің басқа түрлерінен ерекшеліктерін аңғарту; көркем әдебиеттегі
өмір құбылыстарының өнер тілімен бейнеленуі, яғни өмір шындығының көркем
шындыққа айналу жағдайларын түсіну; адам образының бейнелену жолдары, көркем
образдың жалпылық және даралық сипаты; тип және типтендіру; мінездеу; характерлер
жайы; образдың жасалу жолдары мен түрлерін меңгеру; әдеби шығармаларды талдай
білуге үйрену; көркем әдебиеттің сыр-сипатын танып, әдебиеттануға қатысты
оқулықтармен, ғылыми еңбектермен таныс болу дағдыларын меңгеруі керек.
«Әдебиеттануға кіріспе» курсын қашықтан оқып бітіргеннен кейін студенттің
мынадай практикалық дағдылары қалыптасуы тиіс: әдебиеттану ғылымының туу,
қалыптасу жолдарынан түсінігі болу, зерттеуге тиіс ғылыми объектілер мен проблемалар
жайын талдап, талқылай білу, халықтық эстетиканың тағылым, талаптары туралы, әдеби
ағымдар туралы, көркемдік даму заңдылықтары, көркемдік бағыт пен көркемдік әдіс
туралы, түсініктері болу. Қашықтан оқытуға арналған оқу құралында әдебиеттанудың осы
айтылған мәселелері кеңінен қарастырылады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет