Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет8/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

Пайғамбарлардың міндеттері 
Адамдарды дұрыс наным мен бүкіл әлемдердің Раббысына 
шынайы ғибадат етуге шақырумен қоса, Аллаһ елшілерінің 
қоғамдық, саяси және экономикалық міндеттері де болды. 
Мысалы, Мұса (аләйһис-сәләм) перғауынның жауыздығы мен 
оның Исраил ұрпақтарына көрсеткен зұлымдығымен күресті. Лут 
(аләйһис-сәләм) қоғамдық-әлеуметтік азғындықпен күресті. 
Шуғайб (аләйһис-сәләм) қоғамдағы экономикалық ауытқуларды 
шешті. Сондай-ақ барлық пайғамбарлар да дін және сенім 
мәселесінен тыс, қоғамдық өмірдің түйткілдеріне араласты. 
Бұларды жүйелеп, бір ізге түсіру де пайғамбарлардың 
міндеттеріне кірді. 
Елші мен пайғамбардың айырмашы-лығы 
Әрбір елші – пайғамбар, ал әрбір пайғамбар – елші емес. 
Елшіге жаңа шариғат уахи етіліп, соны халыққа жеткізу 
тапсырылған. Ал пайғамбар болса – өзінен алдыңғы елшінің 


12
 
 
шариғатын жалғастырушы. Елшінің дәрежесі пайғамбардың 
дәрежесінен артық болып табылады. Елші араб тілінде «расул», 
ал пайғамбарды «нәби» деп атайды
1
. Елші мен пайғамбарға ортақ 
міндет – Аллаһтың шариғатын халыққа жеткізу. 
Пайғамбарлардың қиссалары жайлы 
Аллаһ тағала бізге Өзінің қасиетті кітабында пайғамбарлар 
туралы көп уақиғаларды баян еткен. Олардың біразы толықтай, 
ал кейбірі ықшам әрі қысқа түрде әңгімеленеді. Аллаһ тағала 
Құранда пайғамбарлар қиссасын көп орында баяндауының 
себебін: «(Мұхаммед!) Саған елшілердің хабарларын көңіліңді 
орнықтыру үшін баян етеміз. Осыдан саған ақиқат және 
мүміндер үшін бір насихат пен ғибрат келді»
2
, – деп 
түсіндірген. 
Бұл Пайғамбар (с.а.с.) мен оған ілескен мүміндердің көңілін 
орнықтыруға, әрбір оқиғаны ақыл таразысына салып, сол 
әңгімелерден ғибрат алуларына, адамдар арасында талас 
тудырып келе жатқан тарихи қателіктерді көрсетуге, соларды 
түзетуге, адамдарға ақиқатты таныту мақсатына бағытталған. 
Сондай-ақ кейінгі буындағы мүміндерге насихат пен рухани 
жәдігер ретінде келтірілген. Аллаһ тағала: «Әрине, олардың 
(яғни пайғамбарлардың) қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет