Түркітанушы б. Кенжебайұлының Ғылыми еңбектеріне жаңаша көЗҚарас м. Б. Шайхыстамова



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата30.09.2022
өлшемі463.25 Kb.
#461680
  1   2
ТҮРКІТАНУШЫ Б М.Б.Шайхыстамова



ТҮРКІТАНУШЫ Б.КЕНЖЕБАЙҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІНЕ 
ЖАҢАША КӨЗҚАРАС 
 
М.Б.Шайхыстамова 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түркі университеті 
Түркология ғылыми зерттеу институты 
PhD докторант 
Аннотация 
Б.Кенжебайұлы – қазақ әдебиетінің түркі халықтарына ортақ кезеңін алғаш зерттеп, Кеңестік кезеңде 
қазақ әдебиеті тарихын көне дәуірден бастау алатындығын дәлелдеген ғалым. Осы орайда түркітанушы ғалым 
Б.Кенжебайұлы зерттеулерінің түркі танудағы орны жайында сөз етiлдi. 
Кiлт сөздер: әдебиеттану, түркітану, пантүркизм, ұлтшылдық. 
 
Резюме 
Б.Кенжебайұлы – ученый, доказавший, что история казахской литературы начинается с древних 
времен, и первый исследовал общий период казахской литературы с литературой тюркских народов. В этой 
статье рассматривается бесценный вклад Б.Кенжебайулы в тюркологию. 
Ключевые слова: литературоведение, тюркология, пантюркизм, национализм. 
 
Summary 
B.Kenzhebaiuly is unique scientist, proved that history of Kazakh literature begins from ancient periods and firstly 
researched on general period of Kazakh literature with literature of Turkic people. This article deals with contribution 
of B.Kenzhebaiuly to turkology. 
Key words: literary studies, turkologist, panturkology, nationalism 
 
 
Әдебиеттанудың, түркітанудың жеке-жеке салаларына айналған түркітанушы ғалым 
Б.Кенжебайұлының мектебін қалыптастыруда идеялас рухани інілері, шәкірттері зерттеулерінде 


жалғастық тауып келеді. Осы орайда, бейсембайтанушы ғалым Құлбек Ергөбек ұстазы туралы: «Қазақ 
әдебиеті тарихын зерттеу мектебі – Б.Кенжебайұлы есімімен тығыз байланысты аталады. 
Б.Кенжебайұлы шәкірт тәрбиелеген ұлы ұстаз. Р.Бердібай, Т.Кәкішев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Қожакеев, 
М.Жолдасбеков, Қ.Сыдиықұлы, М.Мағауин, Р.Нұрғалиұлы, А.Қыраубаева, Ш.Ыбыраев – бәрі де 
Бейсембай Кенжебайұлының «Әдебиет тарихын зерттеу» мектебінің түлектері» [1] – деп сыр шертуі 
өзі бастап зерттеген тұтас-тұтас дәуір әдебиетіне талантты шәкірттерін бағыттай тәрбиелеп ұстаздық 
ұлылығымен тәнті еткендігінде. 
Осындай дарынды ғалымдар еңбегі аталған жерде Б.Кенжебайұлының есімі қосарлана аталып, 
құрметтелуінің сыры да міне осындай есепсіз адал ұстаздық тәрбиеге байланысты. Шәкірті 
Қ.Ергөбектің қасиетті Түркістан қаласынан «Бейсембай Кенжебайұлының Түркітану музейін» және 
«Түркі тілдес халықтар кітапханасын» ашуы, ұстазына деген адал қызметімен бірге, түркітану 
ғылымына қосқан үлесі. 
Бейсенбай Кенжебайұлы қазақ әдебиеті тарихын түркі халықтарына ортақ кезеңдерге (V-VIII ғ.) 
дейін ілгерілеткен ғалым. Ғұлама ғалым ұлт мәселесін түркі шілдік, түркі шілдік идеяны рухани 
тұтастықта қараған. Өкініштісі, ашық түрде айта алмаған. Ғалымның тілі мен діні ортақ, тарихы мен 
тегі бір туысқан халықтар мәдениетінің тұтастығын алға қоя қарауы, астыртын ұлтына деген 
жанашырлық насихаты еді. 
Ғалым Б.Кенжебайұлының шәкірті, ғалым Құлбек Ергөбек: «Түркі халықтарына ортақ 
кезеңдерден бастау алатын қазақ әдебиеті тарихының Бейсембай Кенжебайұлы жасаған дәуірлеу 
жүйесі қазір мейлінше мойындалған, мектеп оқушыларынан бастап жоғары оқу орындарына дейін 
оқытылады. Сонымен қатар, бас-басына атап айтар болсақ, профессор Бейсембай Кенжебайұлы 
әдебиетіміздің түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірі, қазақ хандығы тұсындағы әдебиеті, ХХ 
ғасыр басындағы қазақ әдебиеті кезеңдерін тың проблема ретінде алғаш көтеріп көпке жеткізген, 
концепцияға айналдырып әдебиетте орнықтырған табанды, көреген ғалым» [1, 157] – деп бағалайды. 
Өзінің аянбай тыңғылықты зерттеулерінің, нақты дәлелдеулерінің нәтижесінде қазақ әдебиетінің 
тарихын он үш ғасырға ұзартып, мақсатына жете білді. Бейсембай Кенжебайұлының «түркі 
халықтарына ортақ» деген идеясы қазақ әдебиетінің тереңнен тартар дәуірлеу мәселелерінен 
басталады. Түркі танушы ғалым дәуірлеу мәселелерін алға қойғанда көп кедергілерге ұшырамаса, 
бірден мойындала қоймаған. 
Бейсембай Кенжебайұлын түркі халықтар әдебиетін және ортақ идеяны сақтап қалғаны үшін 
бағалауымыз қажет. Осы ортақ идеяда жазылған көптеген еңбектер ғалымның шәкірттеріне тиесілі 
болғандығын, ұстаз идеясын шәкірттерінің жалғастырғандығын көрсетеді. Түркі халықтарының 
әдебиетін бір адамның зерттеп, зерделеуі мүмкін емес еді. Түркі танушы ғалымның бұл тың идеяны 
бастама етіп көтеруі қазақ әдебиеті үшін ғана емес, қазақ түркі тануы үшін де маңыздылығын 
жоймайды. 
Доцент Д.Сартбаеваның мына ойларын келтіре кеткенді жөн санадық: 
«...«Қамбар батыр» жырынан өзге эпос «ұлтшыл буржуазиялық эпос» деп танылған сәттер, қазан 
төңкерісінің арғы жағындағы әдебиет «пантүркі тік», «хандық» әдебиеті саналған кездер тарихта көп 
болды. Академик Қ.Жұмалиев, профессор Е.Ысмайылов, тарихшы ғалым Е.Бекмаханов 25 жылға 
сотталып барып қайтты. М.Әуезов қызметінен қуылып, Б.Кенжебаев партиядан шығарылып, үйінде 
жұмыссыз отырған сәттері болды. Сондай ауыртпалықты бастан кешуіне қарамастан әдебиет 
тарихшыларының – ұлт әдебиеті тарихын зерттеуден танбаған. Өзге әдебиетшілермен бірге ұлт 
әдебиеті тарихына ден қойған Б.Кенжебаев әрбір ұлт ақынынан (мейлі қай кезеңде өмір сүрсін) 
“ұлтшылдық”, түркі ке жақындап кеткен жерден “пантюркизм” іздей жөнелетін қиын заманда қазақ 
әдебиеті тарихын түркі халықтарына ортақ қағанаттық (V-VІІІ ғ) кезеңдерден бастайық деп мәселе 
көтерді» – дей келе, «Қазақ әдебиетінің түркі халықтарына ортақ ежелгі кезеңін қазақ әдебиеттану 
ғылымында тұңғыш мәселе етіп көтерген, оны айтыс – тартыста негіздеген көрнекті ғалым» [2, 8] – деп 
бағалайды. 
Әрине, қазақ әдебиетінің тарихын бір ізге түсіру мақсатында зерттеуші ғалымдардың әр қилы 
өзіндік көзқарастары болды. Бұл ғалымдардың қатарында академик Қ.Жұмалиевтің дәуірлеуге 
қатысты пікірлерінің бірінде: 
«... Қазақ эпостары мен тарихы турасында пікірлерін жинақтай келе «...тарихта бірінші рет аты 
мәлім, шығармалары да бірінші рет өзінің атымен сақталған ақын – Бұқар жырау. Біз қазақ жазба 
әдебиетінің, әдебиет тарихының басы Бұқар жырау дейміз» [3, 8] – дейді. 
Ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу, зерттеумен айналысты. Кеңестік кезеңде коммунистік 
идеологияға орай, қазақ әдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан (ХІХ ғ.) басталады деген жаңсақ пікірді 


190 
теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді 
[4]. 
Кейін Бейсембай Кенжебайұлының «Қазақ әдебиеті» газетіне «Қазақ халқының жазба әдебиетінің 
тарихы қайдан, кімнен басталады?» деген мақаласы жарияланады. Онда ғалым: «... қазақ халқы жазба 
әдебиетінің тарихын, профессор Қ.Жұмалиев айтқандай, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан, Бұқар 
жыраудан емес, онан көп әріден, шамамен айтқанда, VІІІ-ІХ ғасырлардан бері қазақ жерінде, сонымен 
шектес жерлерде, кейбірін қазақ халқы құрамына енген рулар өкілдері, кейбірін қазақ жерін жайлаған 
басқа рулар мен халықтар өкілдері жасаған, қай-қайсысы болсын, бүгінгі қазаққа не түсінікті, не 
түсініксіз, бірақ бір кезде жаппай түсінікті болған, қазақ рулары қолданған тілдерде жасалған жазу- 
сызуларды, жазба әдебиет нұсқаларын қазақтікі деп айтуымызға, қазақ жазба әдебиетінің тарихына 
енгізуімізге әбден болады» [5] – дейді. 
Академик Қ.Жұмалиевтің «Қате пікір қағидаға айналмасын» деген мақаласында Б.Кенжебайұлы 
пікірлерін негізсіз деп танып: «Б.Кенжебаев пікірі дәйексіз», «Б.Кенжебаев пікірі не ел тарихына, не 
әдебиет тарихына үйлеспейді», «Жазу тарихы мен әдебиет тарихын шатастырады», «Б.Кенжебаев 
ұсынып отырған шығармалардың тілі түсініксіз», «Әдебиет тарихына ену үшін үзілмес желі болуы 
керек», «Б.Кенжебаев айтқан жазу-сызулар Абайға дейінгі әдебиетті желілеп әкеле алмайды», «Халық 
құралмай, оның әдебиеті болмақ емес», «Б.Кенжебаев ұсынып отырған «поэзия» үлгілері 
исламшылдықты уағыздайды», «Мектепте, жоғары оқу орындарында оқытуға келмейді», оның «Қазақ 
халқының жазба әдебиетінің тарихы қайдан, кімнен басталады?» деген мақаласы не ел тарихына, не 
әдебиет тарихына, не ғылыми топшалауларға маңайласпайтын сәуегейлік долбар», «VІІІ ғасырдағы 
тасқа жазылған әлдекімнің өмірбаяны мен хан-сұлтандардың араларында болған жарлық, жазу- 
сызулардың жиынтығы әдебиеттің тарихын жасай алмайды», «Хисса сұл әнбие» – Адам атадан бастап, 
«Мұхаммед-мұстафа саллолаһи алиуссәләмға» дейінгі пайғамбарлардың тарихын баяндайды. Бұл 
кітап әуелі Стамбулда, кейін Қазанда шығарылады, ислам дінін халыққа кең тарату мақсатымен әдейі 
жазылған діншілдердің бірден-бір мықты құралы. Қожа Ахмет Ясауи ХІ-ХІІ ғасырдағы Орта Азияға 
аты мәлім – аскет, аты шулы панисламист, жарық дүниеден безіп, жер астын мекен етіп, құдайды, 
пайғамбарды, дінді дәріптеген поэзияның авторы. Ол барлық шығармасында өмірді емес, өлімді, бұл 
дүние емес, о дүниені жыр еткен мистик. Шығыстағы мистицизмнің оймасы мен қоймасы» [6] – деген 
көзқарасы кешегі отаршылдық пен тоталитарлық жүйе бағытының кесірі еді. Көптеген 
зиялыларымыздың көзін байлап, өз тегіне өзі қарсы сөйлеуге мәжбүрленгенін тарихтан білеміз. Әрине 
академик Қ.Жұмалиевтің бұл мақаласы да осы мінезді байқатады. Бұл қатты айтылған пікірлерді 
бүгінгі ұрпаққа авторды кінәлі санап емес, биліктің жойқын кесапатының салдары деп түсіндіруіміз 
қажет. 
Осы жарияланған мақалалардан кейін ғалымдардың бірі академик Қ.Жұмалиевтің пікірін, бірі 
түркітанушы Б.Кенжебайұлының идеясын қолдаған. Оның дәлелі ретінде түркітанушы Ә.Құрышжанов 
[7], М.Ақынжанов [8] секілді тілші ғалымдардың аттарын атауды жөн санадық. 
Түркітанушы Б.Кенжебайұлының «Қазақ тілі мен әдебиетінің тарихы туралы» атты мақаласында 
«Ерте заманда Шығыс Түркістанда, Шығыс-оңтүстік Сібірде, Орта Азияда, қазіргі Қазақстан жерінде, 
төменгі Еділ, Каспий бойында көптеген түркі текті рулар, тайпалар жасаған. Олар бір заманда түркі 
қағандары деп, бір заманда ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ», «Алтын Орда» мемлекеті деп аталған» [9] – деген 
әдебиетті негіздеу мақсатындағы тарихи ойлары түркі тануға қосқан негізгі идеясы еді. 
Ғалымның Ақмолла ақын шығармашылығын зерттеуі және жәдидизмнің белсенді өкілі 
Ш.Маржанидың есімін танытуы да түркі халықтар әдебиетін зерттеуге қосқан түркі тану идеясының 
бірі. Ғалымға мерзімді баспасөз беттерінде сын садағының төпелеген кезі осы уақыт. Өйткені, осы 
уақытта Маржани аты татар-башқұрт руханиятындағы пәлсапашы, тарихшы, қаламгер ретінде жоғары 
бағаланса, сол кездегі билік аясында атын атаудың өзі ғалымдар үшін қорқынышты еді. Ғалым бұл 
турасында: «Ақмолла татарлар арасында алғаш шыққан ұсулу жәдит ағымын, оның көрнекті өкілі 
Шаһабутдин Маржаниді дәріптейді, өзін жәдитшіл, Маржанидың шәкірті деп жариялайды, Маржаниға 
арнап өлең жазады, [10, 43.] деп тұжырымдайды ғалым У.Қалижанұлы. 
Шәкірттері арасында «ғалым-ұстаз» атанған түркі танушы ғалымның түркі шілдік идеясы пікірінің 
орнығуы қазіргі таңдағы көп зерттеуші ғалымдарымыздың зерттеу еңбектерінің арқауына 
айналды.Түркітанушы Бейсембай Кенжебайұлы зерттеулеріндегі түркі халықтарына ортақ 
байланыстар қазіргі қазақ әдебиетіміздің және қазақ түркі тануының дамуының айғағы. 
Әдебиетші ғалым Қ.Алпысбаев: «Әдебиет тарихын дәуірлеудегі Б.Кенжебаев ұстанымы 
өміршеңдігін дәлелдеді, өз нәтижесін көрсетті. Соңғы елу жылға жуық уақыт бойы ғалым идеясы 
жүзеге асып, жоғары оқу орындары мен мектептерде қазақ әдебиетінің тарихы ежелгі түркі 
халықтарына ортақ дәуірге дейінгі кезең қамтыла оқытылып келеді» [11, 94.] – дейді. 


191 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елімізді халықаралық, мемлекетаралық және этносаралық саяси- 
мәдени қарым-қатынастарда Орталық Азиядағы ең танымал мемлекеттердің біріне айналдыруы бұл 
түп-тамырымызды жете зерттеу үшін де, тарих үшін де, өзімізді тани түсу үшін таптырмайтын 
мүмкіндік. Сондықтан да, түркітану идеясында мақала жазу тұрмақ, қарыс-қарыс көлемді еңбектер 
туындап, тарих сахнасына көптеген түркітанушылар шықты. Бүгінгі таңда еліміздің Тәуелсіздігі 
түркітану саласында түркі халықтарының бір-бірімен араласуы бауырластықтарын түсінуін де болып 
отыр. 
Қазақстанда Халықаралық жоғары оқу орындарының, Түркітану мамандықтарының ашылуы, 
көптеген түркологиялық конгрес, конференциялардың өткізілуі, Елордамызда түркі тану саласын 
дамыту мақсатында Түркі тілдес мемлекеттердің Саммитінің нәтижесінде Халықаралық Түркі 
академиясының шаңырақ көтеруі секілді бастамалар түркі халқының одан ары дамуына, әлеуметтік- 
экономикалық, ынтымақтастық және жаһандану үдерісі заманында түркі этностарының материалдық, 
рухани мәдениетімізді, оның ішінде қазақ түркітануының дамуына көп мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет