2
УДК 28
ББК 86.38
А-89
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫНАН
ОҢ ҚОРТЫНДЫ БЕРІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПТАУ
КОМИССИЯСЫ МАҚҰЛДАҒАН
А-89 Асыл аналар/ Құраст. З.Аман. – Алматы: «Кәусар-
саяхат» ЖШС, 2013.
ISBN 978-601-7016-46-3
Бұл кітапта әр заманда өмір сүріп, Ислам тарихында
өшпестей із қалдырған, ардың туын асқақтатқан, өз дәуірін
иман нұрымен айшықтаған асыл аналарымыздың өнегелі
өмірінің жарқын беттері сөз болады. Еңбек қалың көпшілікке
арналған.
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-7016-46-3 © «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013
3
ПІКІР
Қазақ жерін мекендеген халықтардың Ислам дінін ресми де,
жүрек қалауымен де қабылдағанына он ғасырдан астам уақыт
өтіп кетіпті. Ислам дінінің қазақ дүниетанымындағы орны
ерекше. Алайда кеңес идеологиясының дін атаулыға қарсы
болып, сана-сезімнен мұсылманшылықты
аластату әрекеттері өз
нәтижесін бергені тарихтан мәлім. Соған қарамастан қазақ халқы
өз менталитетінің айнымас бөлігі деп білетін мұсылманшылықты
еш шеттеткен емес. Бірақ Ислам дінін жетік білуші қауымның
жойылуы, қудалануы ел ішінде Ислам сеніміне қатысты көптеген
бұрмалаушылықтың етек алуына негізгі себептердің бірі болды.
Тарихи қалыптасқан ахуалға байланысты Ислам діні
жайындағы ақпараттарды бөліп-жарып не
мардымсыз берудің
нәтижесінде теріс түсініктер қалыптаса бастағаны да рас. Сондай-
ақ ел ішінде іріткі салу мақсатын көздеушілер Ислам дінін көбіне
қасақана бұрмалап, адамзат өркениетін
дамытуға кедергі болар
кереғар көзқарас қалыптастырушылар қатарының бар екенін
мойындау қажет. Осы тұрғыдан «Асыл аналар» жинағын қазақ
қауымына ұсынуды дер кезінде
болып отырған шара деп атар
едік.
Бұл жинақ Ислам дінін зерттеуші араб ғалымдарының
еңбектері негізінде құрылған. Аталған еңбекте Ислам дінін
алғашқы болып қабылдаушы аналардың өнегелі өмірі мен үлгі
аларлық істері жайында мағлұмат беріледі.
«Асыл аналар» кітабы
өзіне бірнеше міндет алып, оны
ойдағыдай орындай алғанын атау керек:
1) Ислам дінінің әйел затына деген көзқарасын, ұстанымын
таныту. Келтірілген өмірбаяндық
мағлұматтардан мұсылман
әйелдің мұсылман ер-азаматпен құқық тұрғысында тең екенін
көреміз. Ислам діні бойынша, адамгершілік
қасиеттерді жоғары
ұстанған әйел адам өз отбасында да, қоғамда да сыйлы,
қадірменді;