Важнейшие открытия в медицине в ХХ веке



Pdf көрінісі
Дата02.12.2023
өлшемі241.71 Kb.
#485182
түріПрезентация
stud.kz-25896



Презентация
Тақырыбы: Су мен тұздардың адам ағзасында маңызы
Орындаған:Алимханова 
Ә.Е
Тобы:06-17 ЖМҚА
Қабылдаған:Адилханова 
Р.А


Жоспар
I.
Кіріспе
II.
Негізгі бөлім

Су негізгі ерекшеліктері

Судың биологиялық мәні.

Минералды элементтер 

Минералды заттардың биологиялық мәні
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Судың негізгі ерекшеліктері
Судың негізгі ерекшеліңтерінің бірі-оның молекулаларының 
құрылымдық агрегеттарға бірігу қабілеті болып 
табылады,ол дипольдың әртүрлі зарядталған полюстерінің 
арасындағы байланыстың пайда болуына байланысты 
мүмкін болады,бұл жағдайда әрбір су молекуласы көршілес 
4 молекуламен сутектік байланыс арқылы тығыз 
байланысқан. Судың жылу сыйымдылығы басқа 
биологиялық заттардың жылу сыйымдылығынан едәуір 
артық.


Су факторларына байланысты 
барлық ауруларды екі үлкен топқа бөлуге 
болады:
судың 
биологиялық 
құрамына 
байланысты 
аурулар тобына;
судың химиялық 
құрамына 
байланысты 
аурулар тобына.
СУДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ АДАМДАРДА 
ЖҰҚПАЛЫ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАР 
ТУҒЫЗАТЫНДЫҚТАН, ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ 
ТҰРҒЫДАН ҚАУІПТІ ЕКЕНДІГІ АЙТЫЛДЫ.


Судың химиялық құрамына байланысты 
ауруларды да (жұқпалы емес ауруларды) екі 
топқа бөледі:
- судың табиғи химиялық құрамына байланысты ауруларға;
- судың антропогендік химиялық ластануымен байланысты 
ауруларға


Судың биологиялық мәні

Су-тірі ағзаларда кең тараған 
минералдық зат. Сусыз тіршілік ететін 
бірде бір ағза жоқ. Ағзада судың 
керекті мөлшері оның тағаммен түсуі 
арқылы қамтамасыз етіледі, тәулігіне 
шамамен 2,0-2,2л. Шамамен 200-300мл 
су ағзада биологиялық тотығу 
процестерінде органикалық 
молекулалардың катоболизімінде 
түзіледі.


Тағамның міндетті құрамы ретінде 
судың биологиялық қызметтері
Еріткіш және биомолекулалар мен иондарды 
тұрақтандырғыш болып табылады 
Еріткіш және биомолекулалар мен иондарды 
тұрақтандырғыш болып табылады 
Ағзаның жылу балансын реттеуші болып 
табылады
Ағзаның жылу балансын реттеуші болып 
табылады
Тасымалдау қызметін қамтамасыз етеді
Тасымалдау қызметін қамтамасыз етеді


Биомолекулалар синтезі үшін пайдаланады
Биомолекулалар синтезі үшін пайдаланады
Гидролиз реакциясы арқылы 
биомолекулалар катоболизмін қамтамасыз 
етеді
Гидролиз реакциясы арқылы 
биомолекулалар катоболизмін қамтамасыз 
етеді
Клеткалық мембраналардың және 
клеткааралық матрикстің құрылымдық 
компоненті болып табылады
Клеткалық мембраналардың және 
клеткааралық матрикстің құрылымдық 
компоненті болып табылады


Минералды элементтер

Минералды элементтер ағзада әртүрлі мөлшерде және әртүрлі 
қосылыстарда болады.Олардың кейбіреуінің мөлшері көп болуы 
мүмкін (макроэлементтер) және бірнеше граммға жетеді.
Макроэлементтерге 
кальций,фосфор,магний,калий,натрий және т.б жатады. Адам 
ағзасының минералды құрамы тамақтануға және тағам 
құрамына,суда және тағам өнімдерінде минералдық заттардың 
мөлшеріне байланысты болады.


Фтор
Фтор – ағзада физиологиялық роль атқаратын, маңызды элемент 
болып саналады. Фтор адамның барлық мүщелерінің құрамына кіреді, 
бірақ, негізінен, сүйек пен тісте көбірек кездеседі. Ересек адам бір 
тәулігіне азық-түлік өнімдерімен бірге орта есеппен 0,5-1,1 мг, ал 
сумен бірге 2,2-2,5 мг/л фтор қабылдайды. Азық-түлік құрамындағы 
фтор, судағы еріген фторидтерге қарағанда, нашар сіңіріледі. Ауыз 
суда фтор неғұрлым көп болса, флюороз- жиі, ал кариес – сирек 
кездеседі. Флюорозбен, негізінен, туғаннан немесе 3-4 жастан бері 
эндемиялық аймақта тұратын балалардың тұрақты тістері (сүт тістері - 
сирек) көп зақымданады. Фтордың мөлшері қалыпты деңгейден сәл 
ғана жоғары болғанда, баланың азу тістері, ал өте жоғары болғанда, 
барлық тістері зақымданады. Ағзаға түскен фтордың көп бөлігі бүйрек 
пен тер бездері арқылы шығарылатыны, ал аз бөлігі ағзада ұсталынып 
қалатыны анықталды. Бұнымен қатар, эндемиялық аудандардағы 
тұрғындардың көпшілігінің тістерінде едәуір өзгерістер болған 
жағдайда, кейбір адамдарда тістерінің жеңіл зақымданулары болады, 
мұндай аудандарда, тіпті тістері түгелдей сау балалар да кездеседі. 
Бұл демек, суда фтордың концентрациясы бірдей болғанымен, 
олардың түсуіне ағза әр түрлі реакция беруі мүмкін деген сөз.


йод

Ауыз су құрамында йод жетіспейтін биогеохимиялық 
провинциялар да бар. Йодтың жетіспеушілігі, қалқанша бездің 
ұлғайымен, бой өсуі, ақыл-ой және дене дамуының тежелуімен 
білінетін, зоб ауруының пайда болуына әкеп соғады. Таулы 
жерлердің суларында (Қазақстанның оңтүстік аудандары), қара 
топырақты емес, шымды-ақшыл сұрғылт түсті, және батпақты 
топырақтарда (Полесье, Солтүстік Кавказ, т.б.) йодтың мөлшері 
аз болады. Қалқанша бездің қалыпты жұмыс істеуі үшін, ағза 
тәулігіне 100-200 мкг йод түсіп отыруы керек, ол ауыз суы мен 
тағамдық азықтарды қабылдаумен қамтамасыз етіледі. Қоршаған 
ортада йодтың мөлшері жеткіліксіз жағдайда тамақ өнімдерге (ас 
тұзын, нанды) йод қосу әдісі қолданылады.


Кадмий
Кадмийдің кез келген түрі қауіпті. Оның 30-40 мг мөлшерінің өзі, 
өлімге әкеп соғады. Бұл металл ағзадан өте нашар 
шығарылады,тәулігіне - 0,1 % ғана. Ағзаның кадмийдан улануының 
ерте белгілері бүйрек пен жүйке жүйесінің зақымдануы, зәрде 
белоктың болуы, жыныс мүшелері қызметінің бұзылуы (аталық жыныс 
бездеріне әсері), арқа және аяқ сүйектерінің қатты ауруы болып 
табылады. Сонымен бірге, кадмий өкпенің қызметінің бұзылуына 
әкеледі, канцерогендік әсері бар, бүйректе жиналады (бүйректің 1 г 
массасына шаққанда, Cd 0,2 мг тең мөлшері ауыр улануға әкеп 
соғады). Кадмийдің ағзаға артық мөлшерде түсуі қан аздықтың, 
бауыр зақымдануының, кардиопатияның, өкпе эмфиземасының, 
остеопороздың, гипертонияның дамуына және қаңқаның пішінінің 
өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Ағзада темірдің жетіспеуі кадмийдің 
жинақталуын күшейтеді, ол Zn пен Se жетіспеген жағдайда тез 
жиналады. Кадмийдің артық болуы Zn пен Se жетіспеушілігін 
туғызады және күшейтеді.


Сынап

Сынап әсіресе, адамның және басқа да тірі ағзалардың жүйке 
және зәр шығару жүйелерін қатты зақымдайды. Сынаптың 
әсерінен жедел (тез және айқын, әдетте, сынаптың мөлшері 
жоғары болса) және созылмалы (сынаптың аз мөлшері ұзақ уақыт 
бойына әсер ететін болса) уланулар болуы мүмкін. Белоктық 
қосылыстардың сульфгидрильді топтарын зақымдайтын, соның 
әсерінен тірі ағзалардың белок алмасу мен ферментативті 
қызметін бұзатын, тиолды улар қатарына жатады. Жүкті 
әйелдерде сынап плацентарлық кедергіден өтіп, ұрықты 
зақымдайды. Жапония мен Ирактағы белгілі жаппай сынаптан 
уланудың зардаптарын талдау, бұл металдың органикалық 
қосылыстарынан жеңіл уланған аналардан сәбилердің ауыр 
церебралдық салданумен туылғанын көрсетті.Сынап тұзының 1 г 
ас қорыту жолымен ағзаға түскенде, өлімге әкеледі. Сынаптың 
өзіне есептегенде, бұл үшін металдың 150-300 мг жеткілікті 
болады; зиянды әсерінің белгілері «таза» сынаптың 0,4 мг 
мөлшерінде –ақ байқалады.


Минералды заттардың 
биологиялық маңызы

Барлық минералдық элементтер ағзада иондар түзуші 
қосылыстар түрінде кездеседі. Клеткалық мембраның екі 
жағындағы иондар концентрациясының градиенті 60-80мВ 
болатын потенциалды тудырады. Минералдық заттар 
дәнекер тканьдерін құруға пайдаланылады. 


Қорытынды

Суда азот қышқылы тұздарының 
(нитраттардың) жоғары мөлшерде болуы, 
қанда, әсіресе, жас балалардың қанында 
метгемоглобиннің түзілуіне әкеп соғады, оның 
салдарынан, гипоксиямен сипатталатын, өте 
ауыр ауру –уытты цианоз (метгемоглобинемия) 
пайда болады. Сонымен ,минералды 
элементтер биоэлектрлі,осмостық,құрылымдық 
,реттеуші,тасымалдаушы,энергетикалық,дәнек
ер және синтетикалық қызметтер атқарады.

Document Outline

  • Slide 1
  • Жоспар
  • Судың негізгі ерекшеліктері
  • Slide 4
  • Slide 5
  • Судың биологиялық мәні
  • Тағамның міндетті құрамы ретінде судың биологиялық қызметтері
  • Slide 8
  • Минералды элементтер
  • Фтор
  • йод
  • Кадмий
  • Сынап
  • Минералды заттардың биологиялық маңызы
  • Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет