Тақырыбы: «Жүректен маржан іздеген» Мақсаты: «Жүректен маржан іздеген»



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата14.12.2023
өлшемі154.39 Kb.
#486570
  1   2   3   4


Тақырыбы: «Жүректен маржан іздеген» 
 
Мақсаты:
«Жүректен маржан іздеген » атты мәнерлеп оқу сайысы арқылы Қоғам 
қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. 
Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. 
Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. 
Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру
даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. 
 
Сайыстың барысы: 
Қазақ биі 
(фанфар,жәй музыка,жүргізушілер шығады) 
1жүргізуші:
Қабырғасын қайыстырып ұлтымның 
Сансыз жүрек алмағандай бір тыным. 
Шынымен-ақ озғаны ма өмірден, 
Қара нары қаламгері жұртымның 
2жүргізуші: 
Шыңға біткен шынар едің Шераға
Тарихымды түгендедің ер-аға 
Билік пенен бұқараны бағалап
Бола білдің басылымға төраға. 
1жүргізуші:
...Қайран Шераға!Әй,дүние-ай!Бар қазақтың ар-намысы болып жаратылған ұлы адам 
дүниеден өтті.Ұлылардың көші кетіп барады.Шерағаң қандай екенін,оның бағасын 
туған халқы беріп қойған.Халқына адал қызмет етудің ұлы үлгісін көрсеткен Шерағаң 
бәрімізге де қымбат адам. 
2жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар және Шерағаның өлеңін жантәнімен, ыстық
жүректерімен сүйетін сайысқа қатысушылар! Бүгін ерекше күн. Себебі, қазақ 
әдебиетінде аса көрнекті жазушы,публицист ,қалың қазақ жұртының арқа сүйер 
ардагері,атпал азамат,қайсар тұлға Шерхан Мұртазаның жырлары оқылады. Олай 
болса, мектепішілік Шерхан мұртазаның «Жүректен маржан іздеген »
оқуларына қош келдіңіздер! 
1жүргізуші:
Ақиқатты қадап айттың жасқанбай
Қызыл отты табаныңмен басқанбай. 
Шындық үшін шырылдадың мінберден, 
Жүре білдің мансабыңмен мастанбай. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет