Сабақтың түрі: тәрбие сағаты. Типі: өнеге сабақ. Сабақтың әдіс тәсілі : сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ жауап, ой бөлісу



Дата25.05.2023
өлшемі15.85 Kb.
#474260
түріСабақ
Әдептілік-әдемілік


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік – әдемілік»
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Типі: өнеге сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар.
Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
- Әдептілік неден басталады? (сәлемдесуден)
Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.


2. Ой толғау.
«Әдептілік» - деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?


3. Мақал-мәтелдер. (Әдептілік туралы)
1. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2. Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3. Әдепсіз бала Ауыздықтан атпен тең
Ақылды қария Жазып қойған хатпен тең.
4. Әдептің не екенін Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
5. Аға әдепті болса,- іні әдепті Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.


4. Т кестесін толтыру
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?»
сабақтан кешігуге, үлкендерді сыйлау керек, сыныпта айғайлауға, ата-аналардың тілін алу керек, кішкене балаларды ренжітуге, тәртіпті болу керек, ысқыруға, оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек, үлкендердің жолын кесуге, сабақты жақсы оқу керек, құстарды атуға
5. Ой толғау. Ассоциативтік карта .
көмектесу ата-ананы тыңдау рұқсат сұрау, тәртіптілік, жол беру, кешірім сұрау, әдептілік, шыншыл болу, қарапайым болу, рахмет айту, еңбекті сүю, адамгершілік


6. Проблемалық жағдаяттардан шығу ( Өз ойларын ортаға салады.)
1-топ.
Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетің.

2-топ.
Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қояды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің.


3-топ.
Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің.




(Жағдаятпен танысады. Топ ішінде талқылайды. Сахналайды)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет