4 Лекция
Техногенді бүлінген жерлер туралы түсінік және оларды
рекультивациялаудың маңыздылығына шолу
Ғаламшардың әрбір тұрғыны үшін жыл сайын 20 тоннаға жуық минералды
шикізат өндіріледі. 1 млн. тонна темір рудасын өндіру 10 гектардан 650
гектарға дейін жететін жерлердің бүлінуіне әкеледі, марганец рудасын өндіру
- 75 гектардан 600 га дейін, көмір өндіру - 2,5 гектардан 45 га дейін,
минералды тыңайтқыштар өндіру үшін алынатын руданы өндіру кезінде 20
гектардан 100 гектарға дейін, 1 млн. м рудалы емес (құрылыс) материалдарын
өндіру 1,5 гектардан 580 гектарға дейін жердің бүлінуіне әкеледі. Ұзындығы
1 км жететін бір магистралды труба құбырларын жүргізу барысында 4
гектарға дейін жер ауданы бүлінеді. Бір жылда бұл (уақытша ғимаратар мен
жол салуларды есепке алмағанда) бірнеше мыңдаған гектарға жетеді.
Минералды шикізаттарды өндіру және адамның қоқыс қалдықтарын, күл
үйінділерін (ТЭЦ, ГРЭС, ТЭС), қалдықсақтағыштар (кен байыту
комбинаттары), әскери, өнеркәсіптік және азаматтық мақсатта нысандар салу
сияқты қызмет түрлері халық шаруашылығы үшін
құнды жерлерді
пайдаланудан шығарып тастауға әкеледі. Жыл сайын осы қажеттіліктерге 6-7
млн га құнарлы жерлер алынады. [5].
Сурет 1 - Карьердің қоршаған ортамен қарым-қатынас сұлбасы Ы.Жақыпбек Т.Б.,
сызбасы бойынша [6]
Жер асты қазба байлықтарын ашық әдіспен қазбалау барысында күрделі
мәселерлерге жердің бүлінуі, сол аймақтағы топырақтардың антропагендік
ластануы және игерілетін аудандарағы жердің астыңғы, үстіңгі су көздерінің
ластануы жатады. Гидрологиялық құбылымдардың бұзылуы, атмосфераның
шаң және газбен ластануы, утты элементтердің жердің флора және фауна
жасушаларына енуі, санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауына алып
келеді. Бұған дәлел карьердің (сурет 1) қоршаған ортамен байланысына назар
салғанда биосфераның
барлық элементтерінің, жер қойнауының және жер
рессурстарының жағымсыз факторларға тап болатынын білеміз [7].
Сонымен, бүлінген жерлерді қалпына келтіру маңызды мемлекеттік міндет
болып табылады. Оны шешу экологиялық жағдайларды жақсартады, бүлінген
жерлер қалпына келтіріліп, ауыл шаруашылығына қайтарылады және осы
жерлерде шаруашылық қызметінің әр түрлі
салаларын дамытуға жағдай
жасалады.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында негізігі экологиялық проблемалардың
қайнар көзіне айналып отырған басты жәйттер, жер асты суларының
өнеркәсіптік қалдықтардан пайда болған үйінділердің, карьерлердің және
ақаба
сулардың
жиналуынан
ластануы,
халық
шарауашылығы
айналымындағы жерлердің өнеркәсіптік әртүрлі шығарылымдармен,
радиоактивті қалдықтармен ластану деңгейінің күннен күнге арта түсуімен
байланысты болып отыр.
Н.В. Михеевтің пікірі бойынша [8], өнеркәсіптің
табиғи кешендерге
жағымсыз әсерінің салдарын жою және олардың өнімділігін қалпына келтіру
қажеттілігі табиғат қорғаудың өзекті бағыты – бүлінген жерлерде
рекультивация жұмыстарын жүргізудің дамуына себепші болды. Жерлерді
рекультивациялау – бұл бүлінген жерлердің өнімділігін және халық
шаруашылық құндылығын қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған ортаның
жағдайын жақсартуға бағытталған шаруашылық қызметінің түрі. Оған
бүлінбеген жерлердің негізгі топырақ параметрлеріне жақын,
экологиялық
теңгерілген құнарлы жерлердегідей бүлінген жерлерді қалпына келтіру
бойынша мелиоративтік, ауыл шаруашылық, орман шаруашылық
жұмыстарының үлкен кешені кіреді.
Рекультивацияның мақсаты жаңа ландшафты жасау болып табылады.
Ландшафтың барлық компоненттері
рекультивация жұмыстарының
нәтижесінде қайта жасалады: болашақ ландшафтың топырағын құрайтын
жыныс қабаты және жер бедері қалыптасады; жер асты ыза суларының режимі
қалпына келеді; рекультивация жұмыстары жүргізілетін аумақты игерудің
таңдап алынған түрлеріне сәйкес ландшафттың топырақ және өсімдік
жамылғысының құрылымы жасалады. Жасанды түрде жасалған орта қалпына
келтірілген аумақтың жануарлар әлемін қалыптастырады [9].
Рекультивацияның алдына қойылатын негізгі міндет – бұл бүлінген
жерлердің өнімділігін қалпына келтіру. Бұл міндетті
болашағы зор ретінде
айқындауға болады, алайда рекультивациялық жұмыстарды жүргізу кезеңі
ішінде орындалуы қиын жұмыс, себебі оны шешу нысанның түріне, оның
функционалдық мақсатына және табиғат жағдайларына байланысты. Қоқыс
тастайтын жерлерді, уытты үйінділерді, қалдық сақтағыштарды, күл
үйінділерін және басқа нысандарда рекультивация жұмыстарын жүргізу тек
қоршаған ортаны қорғауға
бағытталған табиғат қорғау, эрозия үрдістерін
болдырмау және осы нысандарда құнарландырылған ландшафты жасау ғана
болуы мүмкін. Жағымсыз үрдістердің (ластанған жерлер, немесе үнемі
техногендік әсерге ұшыраған жерлер) қайта жаңғыруы мүмкін жерлерді
рекультивациялау мониторинг деректері негізінде жүргізілуге тиіс [10].
Рекультивация жұмыстарының әдістері әр түрлі болуы мүмкін, ең алдымен
сол жердің климатымен, қазбалау жұмыстарының технологиясымен және
үйінді астындағы жыныстардың құрамы және қасиетімен айқындалады.
Бүлінген жерлерді ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына
пайдаланған кезде грунт үйінділерінің құнарлылық деңгейінің маңызы зор.
Сондықтан бүлінген жерлерде рекультивация жұмыстарын жүргізуді
сәтті
жүзеге асыру үшін қазбаланған жерлердің жыныстарының құрамы мен
қасиетін зерттеп, олардың агрономиялық сипаттамаларымен бірге
жыныстардың таралу картасын жасау қажет.