Модуль Жаңартылған білім беру: критериалды бағалау жүйесі



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата10.03.2024
өлшемі443.63 Kb.
#494844
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6
1 лекция



Модуль 1. Жаңартылған білім беру: критериалды бағалау жүйесі. 
Дәріс №1. Кіріспе. Білім беру мазмұны және жаңартылған білім мазмұнының 
ерекшеліктері. 
Оқыту әдістері/дәріс түрі: кӛрнекі-түсіндірме, талдау-жинақтау/кіріспе.  
Оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар: интерактивті тақта
компьютер, презентациялар (білім беру мазмұны). 
Дәрістің оқыту нәтижелері: 
1. Білім мазмұнын, ғылыми пәнді, оқулықты құрастыру мәселесін анықтайды. 
2. Білім беру мазмұнын жобалауды, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру 
ерекшеліктерін түсіндіреді. 
3. Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктерін кӛрсетіп береді. 
Дәрістің мазмұны: 
1. Білім мазмұнын құрастыру мәселесі. 
2. Ғылыми пәнді, оқулықты құрастыру мәселесі. 
3. Білім беру мазмұнын жобалау. 
4. Жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру ерекшеліктері. 
5. Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері. 
 
Дәрістің тезистері: 
1. Педагогика ғылымында білім мазмұны теориясы (М.Н.Скаткин, В.П.Беспалько, 
В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С. Леднев, Л.Я. Зорина, А.В. Усова және т.б.), жалпы орта 
және кәсіптік-техникалық білім мазмұны, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің оқу пәнін 
құрастыру теориясы жасалынған. Педагогика ғылымының зерттеушілері оқу пәндеріне 
материал іріктеу ұстанымдарына байланысты барлық идеяларды талқылап отырды. Бұл 
идеялар ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы оқу бағдарламаларын жетілдіруде кӛрініс тауып 
отыр.  
Білім мазмұнын құру мәселесімен айналысатын ғалымдар, ғылымның, білім жүйесі 
ретінде білім мазмұнының құрамына және құрылымына әсер ету үдерісін зерттеп, ғылымның 
білім мазмұнының барлық құрама бӛлшектерінде кӛрінетінін байқаған. Олар білімнің үш 
аясын бӛліп кӛрсетеді: жеке пән бӛлімдері, танымның арнайы әдістері жӛніндегі бӛлімдер 
және тарихи-ғылыми бӛлімдер. Білім мазмұнының білім секілді құрама бӛлшектерінде 
ғылымның барлық құрылымдық бӛлшектері кӛрінеді, алайда оқу пәнінің басты қызметіне 
байланысты олар әртүрлі болады. Пәндік ғылыми білімдер ғылым негіздері (физика, химия, 
биология, астрономия, тарих, география) жетекші бӛлік болып табылатын оқу пәндерінде 
ғылымның барлық құрылымдық бӛліктері-ұғымынан бастап теорияға дейін кӛрініс табады 
(С.И. Архангельский және т.б.). 
Зерттеушілер білім мазмұнын анықтау үшін негізгі үш шартты: 
біріншіден: ғылымның дамушы салаларын түсінуге және меңгеруге, сондай-ақ, соған 
сәйкес дағдылар мен іскерліктерді игеруге қажетті, жеткілікті деңгейде тұрақты іргелі және 
қолданбалы білімдердің кейбір кӛлемдерін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет