«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер


Есеп № 17 Қышқылдығының жоғарлауымен қосарланған гиперсекреция жағдайы. Есеп № 18



бет84/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 17
Қышқылдығының жоғарлауымен қосарланған гиперсекреция жағдайы.


Есеп № 18
Қышқылдығының төмендеуімен қосарланған гипосекреция жағдайы.


Есеп № 19

  1. Қышқылдығының төмендеуімен қосарланған гипосекреция жағдайы.

  2. Иә, алынған көп мөлшердегі асқазан ішілік заттар, сұйық бөлімінің басым болуы асқазанның эвакуациялық қызметінің баяулағаны туралы дәлелдейді.



Есеп № 20

  1. Айқын секрециялық жеткіліксіздік. Анацидтік жағдай.

  2. Жалпы қышқылдығы мен бос тұз қышқылы арасындағы алшақтық асқазанда көп мөлшерде органикалық қышқылдардың, әсіресе сүт қышқылының жиналуына байланысты болуы мүмкін. Сүт қышқылының жиналуына әкелетін себептердің бірі ахлоргидрия жағдайында шіру, ашу үрдістерінің белсенуі болуы мүмкін. Сүт қышқылының жиналуына әкелетін тағы бір себеп асқазанның оның өндіретін жасушаларының ісіктік өсуінің дамуы болуы мүмкін.



Есеп № 21

  1. Асқазанның кардиальдық бөлімінің ойық жара ауруы (ойықша симптомы).

  2. Мүкін болатын патогендік механизмі – геликобактериоз (асқазан сөлінде уреазаның болуы, аузынан жағымсыз иістің шығуы аммиактың бөлінуіне негізделген болуы мүмкін, метеоризм – Helicobacter pylori әсерінен көмір қышқыл газының артық мөлшерде өндірілуінен); - шырыш құрамының бұзылуы (асқазан сөлінде сиалдық қышқылдардың азаюы - фруктоза мен N-ацетилнейраминдік қышқыл шырыш жағдайының маркерлері болып табы-лады); - нейро-эндокриндік реттелудің бұзылуы (неврологиялық симпто-матика); - гипоацидтік жағдайға қарамастан асқазан сөлінің протеолиздік белсенділігінің артуы. Қышқылмен кекіру – науқаста дуоденогастральдық рефлюкстің дамығаның көрсетеді. Іш өту – асқазан сөлінің гипосекрециясы салдарынан. Эндоскопиялық тексерулерді жиі жасауы -Helicobacter pylori-мен зақымдануы үшін қауіп факторы болып табылады. Тіл бүртіктерінің тегістелуі – секерциясы төмендеген атрофиялық гастриттерге тән белгі.

  3. Ойық жара ауруының мүмкін болатын асқынулары: асқазан рагы (әсіресе ахилия кезінде), қан кетулер, пенетрациясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет