Павлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №1637/26



Дата24.02.2016
өлшемі95.07 Kb.
#15528




Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 6 желтоқсандағы 1637/26

қаулысымен бекітілді

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну” мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



1. Жалпы ережелер
1. Осы регламент (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы № 51 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрi – Стандарт) әзірленген.

2. «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк қызметтi (бұдан әрi - Мемлекеттiк қызмет ) «Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) Стандарттың 1 – қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық мәліметтерді, сондай-ақ оларды толтыру үлгілерін Сандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайдан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсындағы www.minagri.gov.kz. веб-сайтының «Дипломмен ауылға» бөлімінен, мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердегі уәкілетті органның стенділерінен алуға болады.

5. Көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеметтік қолдау шаралары не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, әдениет, спорт және ветеринария мамандарына:

қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандарға (бұдан әрi – Тұтынушылар) ұсынылады.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:

Тұтынушы осы стандарттың 11- тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;

күнтiзбелiк отыз екi күн iшiнде Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады және Келiсiм жасалғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит ұсынылады;

әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда үш жұмыс күні ішінден уәкілетті орган тұтынушыға дәйектелген жауап долдайды;

тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғары шекті уақыты – он минуттан аспайды;

тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдаланушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты - отыз минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері, кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, 13-00-ден 14-30 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен, 9-00-ден 18-30 сағатқа дейін көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

10. Мемлекеттік қызметті алу үшiн Тұтынушы Уәкілетті органға Стандартың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

11. Өтініштң бланкісін Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы береді.

12. Тұтынушы толтырған өтініш пен мемлекеттік қызметті алу үшін талап етілетін, оған қоса берілетін құжаттар Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның лауазымды тұлғасына тапсырылады.

13. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын қолхат беріледі және оның әлеуметтік қолдау шараларын алатын күні көрсетіледі.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы тұтынушыға байланыс телефоны бойынша не уәкілетті органға жеке өзі келген кезде хабарланады.

15. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

     16. Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары мемлекеттiк қызмет көрсету барысында қабылдайтын шешiмдерi мен әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен ескерiлген тәртiпте жауапты болады.







“Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну” мемлекеттік қызмет регламентіне 1- қосымша


1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктердің (бұдан әрі - ҚФБ) іс-әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы)

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағымының) реттік нөмірі

1

2

3

4

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның бастығы

Әкім аппаратының маманы

Әкім аппаратының басшысы

Қала әкімдігі

Уәкілетті органның маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Өтініштерді, қажетті құжаттарды қабылдайды, көшірмелерін тұпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін тіркейді және қолхатты береді

Қаражаттардың қажеттілігін есептейді және құжаттарды тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қарауына енгізеді

Әкімдік қаулысының жобасын әзірлейді және оны келістіреді

Қаулының жобасын әкімдіктің отырысының күн тәртібіне енгізеді

Мамандарға

әлеуметтiк

қолдау

шараларын



ұсыну туралы

қаулы


қабылдайды

Келісімнің жобасын әзірлейді және қол қою үшін енгізеді

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім

Құжаттар жинағын құрастыру, қолхат беру

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе одан бас тарту туралы тұрақты жұмыс істейтін комиссияның шешімі

Әкімдік қаулысының жобасы

Әкiмдiк

қаулысының



жобасы

Әкімдіктің қаулысы

Келісім

Орындау мерзімі

30 минут

5 күн

7 күн

3 күн

10 күн

4 күн

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

7

2


Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағымы)

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағымының) нөмірі

7

8

9

10

11

12

ҚФБ атауы

Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өкілі

Уәкілетті органның бастығы

Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) басшысы

Уәкілетті органның бастығы

Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өкілі

Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) басшысы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Келісімнің жобасын қол қою үшін енгізеді

Келісімге қол қояды

Келісімге қол қояды

Көтерме жәрдемақысының сомасын тұынушылардың жеке есеп-шотына аударады

Тұрғын үйді алу үшін бюджеттік кредитті рәсімдеуді жүзеге асырады.

Сатып алынған үйге бюджеттік кредиттің қаражаттарын аударуды жүзеге асырады.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Келісім

Келісім

Келісім

Төлем тапсырысы

Қарыз және кепілдік шарты

Төлем тапсырысы

Орындау мерзімі

1 күн

1 күн

1 күн

7 күн

28 күн

2 күн

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

8

9

10

11

12









Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну” мемлекеттік қызмет регламентіне 2- қосымша




Мемлекеттiк

қызметiн ұсыну үдерiсiнiң сызбасы





2. Уәкілетті органның бастығы Қаражаттардың қажеттілігін есептейді және құжаттарды тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қарауына енгізеді

6. Сенім білдірген өкілдің (агенттің) өкілі келісімнің жобасын кол кою үшін енгізеді




9. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) басшысы

Түрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит

қаражатын аударуды жүзеге

асырады







8. Уәкілетті органның бастығы

Келісімге кол кояды

Көтерме жәрдемақысының сомасын тұынушылардың жеке есеп шотына аударады

Тұтынушы

7. Сенім білдірген өкілдің (агенттің) өкілі Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін

бюджеттік кредитті



ресімдеу үрдісін жүзеге асырады


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет