«Павлодар ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» кмм баяндама



бет1/4
Дата02.01.2022
өлшемі20.53 Kb.
#452061
  1   2   3   4
Павлодар ауданының психологиялық



«Павлодар ауданының психологиялық – педагогикалық

түзету кабинеті» КММ


БАЯНДАМА

«Логопед-мұғалімнің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану»

(Павлодар облысының арнайы білім беретін мекемелерінің тамыз конференциясы)



Логопед -мұғалім

Досымгожина К.Б.
Павлодар, 2017 ж.

1 слайд

Педагогикалық санада адамның дамуы мен әлеуметтенуінің оның білім алу процесі ретінде тұрақты түсінік қалыптасқан. Сондықтан, әртүрлі жағдайда, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет болған жағдайда және әртүрлі жас кезеңдерінде педагогикалық әрекеттерді оңтайландыру жолдарын іздеу тоқталмайды.

Түзету – педагогикалық процестегі арнайы білім беру принциптеріне сәйкес әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ерекше білім алу қажеттіліктері адамға білім беру процесінде арнайы педагогика әртүрлі оқыту, тәрбиелеу, түзету тәсілдерін пайдаланады.

Қазіргі заманғы логопедиялық тәжірибе өз арсеналында уақытылы диагностикалау мен тіл кемшіліктерін түзетуге бағытталған, дәстүрлі білім беретін түзету – дамыту технологиялары бар.

Педагогика, психология және медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде логопед – мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын, ең тиімді, логопедия үшін дәстүрлі емес және сабақтас ғылымдар тәсілдерін өз қажеттіліктеріне бейімдеп қолданады. Бұл әдістерді логопедияда дербес қарастыруға болмайды, олар көпшілік мақұлдаған технологиялардың бөлігі болып табылады, және педагог пен баланың қарым – қатынасының жаңа тәсілін, жаңа ынталандыру әдістерін енгізеді, жайлы эмоционалдық ортаны тудырады, жұмысқа сақталған психикалық функциялады қосуға және ауытқыған психикалық функцияларды белсендендіруге септігін тигізеді.

2 слайд

Әр түрлі авторлар бүгінгі таңда инновациялық технологияларға жататын біршама әртүрлі технологиялар қатарын атап көрсетеді. Олардың кейбіреуін мен өз тәжірибемде табысты қолданып жүрмін және өз бақылауларыммен бөліскім келеді.

Өз тәжірибемде қолданылатын заманауи логопедиялық технологияларды тек дәстүрлі әдістер кешенімен қатар қолданғанда тиімді деп санаймын.


  • Қол саусақтарына массаж жасау;

  • Құм терапиясы элементтері;

  • Аромотерапия;

  • Түсті терапия;

  • Кинезиологиялық жаттығулар;

  • Ақпараттық технологиялар.


3 слайд

Қол саусақтарына массаж жасау кезінде әртүрлі материалдар қолданылады: су-джок терапия асапаптары, сипалап ұстағанда тегіс және кедір-бұдыр кішкентай және ірі тастар, табиғи материалдар (қарағай бүршіктері), белгілі бір материал (мата, құрылымы әртүрлі жіптер, балауыз тамшылары, жүн, тері, сіріңке, мақта және т.б.) жабыстырылған карточкалар.
4 Слайд

Логопедиялық сабақтарды біртіндеп құмсалғышқа ауыстыру үйреншікті оқыту формаларына қарағанда, көбірек тәрбиелік және білімдік нәтиже береді. Баланың жаңаны білу, тәжірибе жасау және өз бетімен жұмыс жасау ықыласын арттырады, «қол интелекті» негізінде тактилді сезгіштік дамиды. Құммен ойнау кезінде баланың барлық танымдық функциялар (қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау) белсенді дамиды, ал біз үшін ең бастысы – сөйлеу мен моторика. Сонымен қатар, пән – ойын әрекеті жетіледі, ол өз кезегінде сюжетті – рөлдік ойындарды және баланың коммуникативтік дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Мен құмды ұнтақ жармасымен алмастырамын, ал ыдыс ретінде пластик науаны пайдаланамын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет