Түзету -тәрбиелеу жұмысы былайша жүзеге асырылады: - Түзету -тәрбиелеу жұмысы былайша жүзеге асырылады:
Комплексті әсер ету Жүйелі әсер ету Медикаментоздық Физиотерапевтік Ортопедік емдеу Массаж жасау Дене және еңбек сабақтарын өткізу. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметке мыналар жатады: - 1) психологиялық диагностика және адамды зерттеп тексеру;
- 2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі байқау);
- 3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- 4) психологиялық консультация беру;
- 5) шұғыл психологиялық көмек
- 6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру;
- 7) психологиялық тренинг;
- 8) қызмет алушыларды психологиялық түзеу;
- 9) қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметке мыналар жатады: - 1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
- 2) балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне сәйкес арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
- 3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жәрдемдесу;
- 4) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету;
- 5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
- 6) педагогикалық диагностика және тұлғалық, баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланы және он сегіз жастан асқан адамның даму деңгейіне зерттеу жүргізу;
- 7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзеу;
- 8) балаларды, олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттерін ескере отырып, арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |