Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет174/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

Қазақ тілі (Т2) 
 
Нұсқаулық: 
Мәтінді мұқият 
оқып, 
мазмұны бойынша 
берілген 
тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Оқытылу орыс тілінде жүретін 
мектеп үшін (Т2) 
 
Ғалым туралы естелік
Омбыдағы Кадет корпусында Шоқан Потанинмен дос болады. Потанин 
– қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Шоқан туралы 
естеліктерінде былай деп жазады: «...Мен Шоқанмен корпусқа оқуға келгенде 
таныстым. Ол орысша білмеді, мен қазақша білмедім. Бірақ Шоқан орыс тілін 
тез үйреніп алды. Екеуіміз де кітап оқуды жақсы көрдік, әсіресе саяхатшылар 
туралы кітапқа қатты қызығатынбыз, сондықтан екеуіміз жақсы дос болып 
кеттік.
Мен қазақ даласы мен географиясы туралы білгенімді дәптерге жазып 
жүрдім. Шоқан сол жазуларды өз әңгімесімен толықтырады. Сөйтіп, біз 
қазақтардың бүркіт пен аңға шығуын толық жаздық.
Шоқан кейіннен оқуда орыс достарынан да озып кетті. Ақылды, 
дарынды балаға үлкендер де қызыға қарайтын. Демалыс күндері оны 
офицерлер мен Сібір шенеуніктері үйлеріне шақыратын. Ол қаладағы 
өнерлі,білімді адамдармен көп араласып тұрды.
Шоқан өте көп оқитын, саяхатшы болуды армандайтын. Қаладағы 
кітапханадан кітап алу сол кезде тек Шоқанға ғана рұқсат етілді. Ол әкелген 
кітаптарды мен де оқитынмын.
Біз Шоқаннан үлкен болсақ та, білім жағынан ол бізден әлдеқайда 
жоғары еді. Корпус оқушылары үшін Шоқан «Еуропаға ашылған терезе» 
секілді еді».
Шоқан кадет корпусында өзінен бір курс жоғары оқыған досы Григорий 
Потанинге туған өлкесінде ірі ғылыми зерттеу жүргізу туралы арманын 
айтқан. Г.Потаниннің ол кезде қарапайым бала, оқуға деген талпынысы 
оншалықты болмаған. Бірақ Шоқанмен таныстығы оның ғылымға деген 
көзқарасын өзгертіп, ары қарайғы бүкіл тағдырына әсер етті.
Потанин Шоқан Уәлихановты білімге аса құштар жасөспірім ретінде 
сипаттады. Екі жылдан кейін он төрт жастағы Шоқанның идеялары бүкіл 
класты былай қойып, екі жыл жоғары кластағылардан да озық болып еді. Ол 
ғылымды дала баласына тән емес ерекше серпінмен игеруге кірісті.
Тәрбиешілері мен ұстаздары одан аса көрнекті ғалым шығатынына сенді. 
Уәлихановтың оқытушылары да білікті еді. Білімі ұшан теңіз Ждан-Пушкин, 
тарихшы Гонсевский, географ Старков, сурет пәнінің мұғалімі Померанцев, 
әдебиетші Костылецкий бала Шоқанға зор әсер етті. 
1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Ш.Уәлиханов Кадет корпусында оқыды.
В) Шоқан Потанинмен жақын жолдас болды.


403 
С) Потанин Шоқаннан бірнеше жас кіші болды.
D) Екі дос саяхатшылар туралы кітаптарды көп 
оқитын.
2.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Шоқан Омбыда қайда тұрды?
В) Шоқан кітапханада кіммен танысты?
С) Шоқан мен Потанин қалай дос болды?
D) Шоқан саяхатқа кімдермен барды?
3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Шоқан өте дарынды, алғыр еді.
В) Шоқан ешкімге сырын айтпайтын.
С) Шоқанның достары қазақша жақсы білді.
D) Шоқан дарынды балаларға қызыға қарайтын.
4.Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) Омбы, естелік, саяхат
В) Қазақ, Шоқан, география
С) Шоқан, Потанин, дос, оқу
D) Шоқан, кітапхана, Еуропа
5. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
А) Шоқанның өнерлі достары өте көп.
В) Ол білімді адамдармен жақсы таныс болатын.
С) Шоқан қаладағы өнерлі, білімді адамдармен жақын араласты.
D) Шоқан қаладағы өнерлі, дарынды балалармен араласып тұратын.
6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А) Шоқанның орыс тілін тез меңгеруі
В) Шоқанның саяхатшы болуды армандауы
С) Оқу кезіндегі Шоқанның зеректік танытуы
D) Шоқанның корпус оқушыларынан ерекшелігі
7. Берілген сөйлемнің мәтін бойынша жалғасын анықтаңыз: 
Шоқанмен таныстығы оның ғылымға деген көзқарасын өзгертіп, ... .
 
А) 
ары қарайғы бүкіл тағдырына әсер етті.
В) 
ерекше серпінмен игеруге кірісті.
С) білім жағынан олбізден әлдеқайда жоғары еді.
D) Шоқанның корпус оқушыларынан ерекшелігі
8. Кадет корпусында оқыған кезде Шоқанның сурет пәнінің мұғалімі кім 
болған? 
А) 
Ждан-Пушкин
В) 
Гонсевский
С) 
Померанцев
D) 
Костылецкий
9. Мәтінге дәлірек тақырып таңдаңыз. 
А) Омбы 
В) Қазақ географиясы
С) Оқу


404 
D) Ғалым туралы естелік
10. Мәтін бойынша Шоқанның арманы. 
А) суретші болу және тарихшы болу 
В) саяхатшы болу және ірі ғылыми зерттеу жүргізу 
С) жақсы оқушы болу және суретші болу 
D) Шоқан кітапхана ашқысы келді. 


405 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет