|
Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 25 желтоқсан
“Павлодар облысы табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
туралы” № 267/18 қаулысымен
бекітілді
|
Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
-
Миссиясы мен пайымдауы
Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының миссиясы – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде іске асыру.
Пайымдауы – қоршаған ортаны сақтау, сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін облыстың орнықты дамуына көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау.
-
Ағымдағы жағдайды талдау
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасында ресурстарды және энергияны пайдалану тиімділігі мәселелері, теңгерімді демографиялық саясат, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету басымдықтар ретінде қарастырылады. Осыған байланысты экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде мемлекеттің рөлі арта түседі.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін қабылдау оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруді және облыста қолданылатын қағидаттардың үздік халықаралық тәжірибемен үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланумен және қоршаған ортаны ластаумен сабақтасатын қазіргі кезеңдегі отандық индустрияның қарқынды дамуы қоршаған ортаға келтірілетін антропогендік әсерді кеміту жөніндегі барынша ілгерінді тетіктердің қолданылуын талап етеді.
Тұрақты дамуға және оның индикаторларына деген қызығушылықтардың артуына қарамастан, жалпы алғанда қоршаған орта үшін әлеуметтік-экономикалық жағдай қолайсыз болып қалады. Қоршаған орта тұтастай ластанып, табиғи капитал, әсіресе орны толмайтын табиғи ресурстар азайып келеді, көптеген маңызды экожүйелік функциялар құлдырап бара жатыр.
Павлодар облысының өндіріс әлеуеті едәуір жоғары. Мұнда еліміздің өнеркәсіптік өндірісінің 5,3 % шоғырланған. Тас көмірдің 64,0 %, лигниттің 98,0 %, ферроқорытпа өндірісінің 75,0 %, мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің 26,0 %, жұмсақ төбе жапқыш материалдардың 99,8 %, алюминий тотығының республикалық өндірісінің барлық көлемі Павлодар облысына тиесілі. Елімізде өндірілетін электр энергиясының 41,0 % біздің облысқа тиесілі. Күн энергиясын өндірудің әлеуетті мүмкіндігі жоғары.
Осы саладағы жағымды өзгерістерге қарамастан, жалпы алғанда, ауаның, жердің және судың ластануы сияқты факторлардың адам денсаулығы мен экожүйеге тигізетін жағымсыз әсерлерін барынша төмендетуге мүмкіндік болмай отыр. Атмосфераның ластануы жергілікті және жылжымалы көздерден туындайды. Облыс аумағында автокөліктер санының артуына байланысты автомобильдердің ауаны ластау көлемі қауіп төндіріп келеді.
Облыстың өндірістік кәсіпорындарынан атмосфераға шығарылатын зиянды шығарындылар жылына 600 мың тоннаны құрайды, соның ішінде 94,0 % электрэнергиясын, металлургия және көмір өңдіруші кәсіпорындарға тиесілі. Орналасу аумақтарына байланысты зиянды шығарындылардың негізгі көлемі Екібастұз (43,0 %), Ақсу (30,0 %) және Павлодар (25,0 %) қалаларының өндірістік кәсіпорындарынан шықса, облыстың барлық негізгі аудандарының шығарындылары 2 % құрайды.
Жер үсті су көздерінің ластану, қоқыстану және сарқылу үрдісі жалғасып келеді, бұған су қоймаларына тазартылмаған немесе нашар тазартылған қалдық суларды төгу негізгі себеп болып отыр.
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы 412 ауылдық елді мекеннің 67-і орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген. 8 ауылдың тұрғындары сырттан тасылатын суды пайдаланады. Жер үсті су көздерінен 12, жер асты су көздерінен 400 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі. 334 ауылда ауыз су санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келсе, 78 ауылда сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы
№ 93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған “Ауыз су” салалық бағдарламасына сәйкес Павлодар облысында 2002-2008 жылдар аралығында ауыз су 100 ауылдық елді мекенге берілді, соның ішінде 59 елді мекенде блок-модульді су тазартқыш қондырғы орнатылған ауыз сумен қамтамасыз ететін 63 пункт салынды, 41 елді мекенде қолданыстағы сумен қамтамасыз етеуші жүйелер қайта құрылды.
Кен орындарының пайдаланылғанына 25 жылдан астам мерзім өтуіне байланысты облыста ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында пайдаланылатын жер асты су көздерінің қорын қайта бағалау қажеттілігі туындап отыр. Амортизациялық мерзімі асып кеткен жер асты су көздерін пайдалану су өндіру технологиясының бұзылуына, осы кен орындарының гидрохимиялық және гидрогеодинамикалық жағдайының нашарлауына және жер асты су көздері қорының сарқылуына кері әсерін тигізеді.
Өндірістік қалдықтарға байланысты жағдай да өте нашар. Қолданылып отырған шаралар бізді дамыған елдердің стандарттарына жеткізбейді. Қазіргі уақытта Павлодар облысында 3 миллион тонна шамасында қалдық жиналған. Жыл сайын олардың көлемі 1 миллионнан астам текше метрге артып келеді.
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 412 ауылдық елді мекен, соның ішінде үш қала, 10 аудан, 177 ауылдық елді мекен бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару-шысының 2005 жылғы 24 мамырдағы № 137 бұйрығымен бекітілген елді мекендер аумағын ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес әрбір елді мекенде арнайы жабдықталған қоқыс орындарын орналастыру қажет.
Облыста қолданылып отырған қоқыс орындары экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкес келмейді. Екібастұз және Ақсу қалаларындағы арнайы жабдықталған қоқыс орындарының ғана қоршаған ортаға эмиссиялар келтіру рұқсаты бар. Павлодар қаласында, аудан орталықтары мен ауылдық округтерде орналасқан қоқыс орындарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік құжаттары жоқ, жер телімін пайдалануға берілетін рұқсаттары рәсімделіп жатыр.
Жалпы алғанда, облыста қолданылатын қоқыс орындарын экология-лық талаптарға сәйкес келтіру үшін шамамен 26670 млн. теңге көлемінде қаражат қажет. Кейіннен құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңмен әзірлеу ауқымды қаржы инвестициясын және ұзақ мерзімді талап етеді. Сонымен қатар эмиссия үшін төлемдердің болмауына байланысты облыс бойынша бюджеттің жыл сайынғы шығасы шамамен 80-95 млн. теңгені құрайды.
Павлодар облысының аумағында 105 жалпыға таралған пайдалы қаз-балардың кен орындары бар, соның ішінде 49 кен орны бойынша кен игеруге келісім-шарт жасалған. Жер қойнауын пайдаланушылар жалпы таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру үшін 2008 жылы салған инвестициялары – 2738,1 млн. теңгені (немесе 2007 жылдың сәйкес кезеңіне 98,0%) құрады, қазақстандық персоналды оқытуға – 13,8 млн. теңге (142,0%) жұмсалды, салықтар мен басқа да төлемдер – 469,9 млн. теңге (116,0%), кен өндіру көлемі – 2819,2 мың текше метрді құрады.
Қазіргі уақытта облыс бойынша: ауа бассейнінің, жер асты және жер үсті су көздерінің ластануы, шекарааралық су проблемалары, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуы, су тарату жүйелерінің және кәріздік тазартқыш қондырғылардың қанағаттанарлықсыз жағдайы, жер ресурстарын қорғау, Семей ядролық сынау полигонына жақын орналасқан Павлодар облысы аумағының жағдайы мен тарихи қалдықтар ең проблемалы мәселелер болып отыр.
Орман шаруашылығын тұрақты дамыту екінші стратегиялық бағыт ретінде анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қауылысымен бекітіліген 2008-2010 жылдарға арналған “Жасыл ел” бағдарламасын іске асыру және оны іске асырудың 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Павлодар облысы бойынша 2009 жылы 393 га жерге бағалы орман тұқымдары егілді. 2008 жылмен салыстырғанда орман өрттері 2 есе азайды (2008 жылы - 27 оқиға, 2009 жылы -15 оқиға).
Білікті мамандардың жетіспеушілігі орман шаруашылығының негізгі проблемасы болып табылады, қазіргі уақытта қосымша 42 орманшы, 24 орман шебері қажет. Мемлекеттік орман күзеті орманды өрттен қорғау мәселелерінде көптеген қиыншылықтарды басынан кешіріп отыр. Бұл қолданыстағы өртке қарсы техника мен құрал-жабдықтың жетіспеушілі-
гіне және тозуына байланысты.
-
Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
р/с№
|
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011
жыл
|
2012 жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
1- стратегиялық бағыт. Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту
|
2
|
1- мақсат. Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту
|
3
|
Нысаналы индикаторлар.
Энергияның баламалы көздерін энергия тұтынудың жалпы көлеміне қатысты пайдалану үлесі
|
%
|
0,02
|
0,022
|
0,024
|
0,026
|
0,028
|
0,03
|
0,032
|
4
|
Атмосфераға шығарылатын ластандырғыш заттектердің жалпы үлесі
|
Тонна млн. теңге ІЖӨ
|
0,79
|
0,76
|
0,74
|
0,73
|
0,72
|
0,71
|
0,7
|
5
|
1-міндет. Атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру
|
6
|
Ормандарды қалпына келтіру, көшеттер егу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлеу және іске асыру
|
Га
|
-
|
-
|
50
|
50
|
50
|
-
|
-
|
7
|
2-міндет. Табиғатты қорғау іс-шараларын орындау арқылы ауа бассейнінің ластануын төмендету
|
8
|
Энергияның баламалы көздерін енгізу
|
Дана
|
-
|
-
|
-
|
1
|
1
|
1
|
1
|
9
|
Облыстың қалаларында атмосфераға шектеулі зиянды шығарындылардың нормативтерін әзірлеу
|
Дана
|
-
|
-
|
-
|
1
|
2
|
-
|
-
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
10
|
Автокөлік құралдарында ауаны ластауды төмендететін қондырғыларды пайдалану жөнінде жоба әзірлеу
|
Дана
|
-
|
-
|
-
|
1
|
-
|
-
|
-
|
11
|
2-мақсат. Су нысандарының қорғалу тиімділігін арттыру, облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
|
12
|
Нысаналы индикаторлар.
Су көздеріне ластандырғыш заттардың шығарылуын төмендету
|
Млн. м3
|
1552
|
1510
|
1492
|
1489
|
1485
|
1482
|
1479
|
13
|
Су нысандарының жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үлесі
|
%
|
57
|
59
|
61
|
63
|
65
|
67
|
69
|
14
|
Ауылдық жерлердегі елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту
|
Саны
|
20
|
23
|
34
|
32
|
33
|
39
|
42
|
15
|
1-міндет. Облыс су бассейндерінің ластануын төмендету
|
16
|
Тазартқыш қондырғыларды қайта құру және жаңғырту жөніндегі іске асырылатын жобалар саны
|
Дана
|
1
|
1
|
2
|
2
|
3
|
3
|
4
|
17
|
Облыс су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін құру
|
Дана
|
-
|
5
|
6
|
1
|
1
|
-
|
-
|
18
|
2-міндет. Облыстың экономика нысандары мен тұрғындарын сумен орнықты қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау
|
19
|
Табиғат қорғаудағы су босату мониторингін жүргізу
|
Саны
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
20
|
Облыстың қауіптілігі ықтимал нысандарындағы қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізу
|
Дана
|
2
|
1
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
21
|
Облыстың су нысандарын тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу
|
Дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
22
|
Ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа нысандардың құрылысы
|
Саны
|
6
|
10
|
10
|
10
|
11
|
25
|
27
|
23
|
Ауызсумен қамтамасыз ететін нысандарды қайта құру және жаңғырту
|
Саны
|
14
|
13
|
24
|
22
|
22
|
17
|
12
|
24
|
3-мақсат. Жерлердің биологиялық құндылықтарын қалпына келтіру
|
25
|
Нысаналы индикаторлар.
Құнарлылығы төмен, бұзылған жерлердің жалпы көлеміндегі қалпына келтірілген жерлердің үлесі
|
%
|
63
|
65
|
68
|
71
|
73
|
75
|
77
|
26
|
Қайта өңделген, көмілген қалдықтардың қалыптасу көлеміндегі үлесі
|
%
|
78
|
79
|
81
|
83
|
85
|
87
|
89
|
27
|
1-міндет. Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру
|
28
|
Көмілген қауіпті қалдықтардың қалыптасу көлеміндегі пайызы
|
%
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
29
|
Қалдықтарды орналастыру үшін жобаларды әзірлеу және (немесе) бекіту
|
Дана
|
-
|
-
|
2
|
3
|
5
|
6
|
7
|
30
|
Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру жөніндегі іске асырылатын жобалардың саны
|
Дана
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
1
|
1
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
31
|
Облыстың қолданыстағы қоқыс үйінділерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес келтіру
|
%
|
2
|
10
|
30
|
50
|
65
|
70
|
75
|
32
|
Қатты тұрмыстық қалдықтар мәселелерін шешу бағдарламасын әзірлеу үшін облыста қолданылатын қоқыс үйінділердің жағдайына мониторинг жүргізу
|
Дана
|
-
|
-
|
1
|
-
|
-
|
-
|
-
|
33
|
2-міндет. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру
|
34
|
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізу
|
Дана
|
-
|
-
|
-
|
3
|
4
|
5
|
6
|
35
|
Тозған жерлерді шалғындандыру жөніндегі іске асырылған жобалар саны
|
Дана
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
-
|
1
|
36
|
3-міндет. Жалпыға таралған пайдалы қазбаларды пайдалану тиімділігін арттыру
|
37
|
Жалпыға таралған пайдалы қазбалар өндірісінің көлемін жыл сайын арттыру
|
%
|
102,1
|
129,5
|
114,9
|
118,8
|
124,4
|
130,2
|
135,0
|
38
|
4-мақсат. Қоршаған ортаға эмиссияны төмендету үдерісін ғылыми қамтамасыз ету, қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізу
|
39
|
Нысаналы индикаторлар.
“Экологиялық ережелердің қатаңдығы” индексін арттыру
|
Орын
|
-
|
95
|
95
|
94
|
93
|
92
|
91
|
40
|
1-міндет. Экологиялық білім жүйесін ұйымдастыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |