Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы



бет1/4
Дата28.06.2016
өлшемі290 Kb.
#163618
  1   2   3   4





Павлодар облысы әкімдігінің

2009 жылғы 25 желтоқсанда

“Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының

2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”

№ 268/18 қаулысымен

бекітілген





Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі

басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


  1. Миссиясы мен пайымдауы

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мис-сиясы – мемлекеттік тілдің басымдылығын қамтамасыз етіп, өңірде тұрып жатқан этнос тілдерін дамыта отырып, мемлекеттік үштұғырлы тіл саясатын тиімді іске асыру.


Пайымдауы – мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуника-тивтік функцияларын қамтитын аймақтың төзімді тілдік ортасы.



2. Ағымдағы жағдайды талдау
Саланың ағымдағы және күтілетін мәселелерінің ішінде мыналар-ды ерекше атап өткен жөн.

Біріншіден, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуы жеткілікті дәрежеде емес.

Тіл мәселесін оңтайлы шешу аймағымызда ұлтаралық қарым-қатынасты тұрақтандырудың, адамдардың бірлігін нығайту мен қоғам-дық келісімді сақтаудың негізгі факторы болып табылады. Қазақстан халқын біріктірудің факторы ретінде өңірде төзімді тілдік ортаны құру басқарманың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Облыстағы тілдің жай-күйін талдау 1997 жылы Қазақстан Респуб-ликасының “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңын қабыл-дау уақытынан бастап және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында облыста мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөнінде ауқымды жұмыс-тар жүргізілгендігін көрсетеді. Қоғамдық өмірдің барлық негізгі сала-ларында тіл құрылысы үдерістерінің бұдан әрі кеңеюі мен нығаюы үшін алғышарттар жасалған. Павлодар облысындағы тіл құрылысының үде-рістері тұрғындар тарапынан түсіністік пен қолдау тауып отыр.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 7 ақпандағы “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” № 550 Жарлығына сәйкес облыстың барлық мемлекеттік органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру аяқталды. Облыс мемлекеттік органдарындағы іс жүргізуге жасалған талдау мемлекеттік тілде дайындалған құжаттар 2008 жылы құжат айналымы барлығы 56,6%-ды ғана құрайтындығын көрсетті.

Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету қажет. Осы бағытта мемлекеттік тілде іс жүргізу сапа-сын бақылау, сондай-ақ қажетті әдістемелік көмек көрсету жоспарла-нуда. Меншік нысанына қарамастан әрбір ұйым тұрғындарға қызмет көрсету кезінде тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Мәдениет, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету салала-рында және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді дамы-туды қамтамасыз ету керек.

Қазіргі кезде халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету біршама қиын болып тұр. Көлік, байланыс, сауда, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету салала-рында және анықтамалық-ақпараттық жүйеде мемлекеттік тілдің қолда-нылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу жалғасты-рылуда. Облыс тұрғындары арасында тіл саясатын насихаттау үшін әртүрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған, олардың арасында өңірімізге біршама танымал және қазақ тілін жақсы меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өтетін телехабарларды, жергілікті ақындар мен дарындарды қолдау мақсатында әзірленетін теле- және радиохабар-ларды, “Қазақ тілін үйренейік” атты айдармен шығатын телехабарды дайындау мен шығаруды атап өтуге болады.

Тілдерді оқытудың инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыма-ған. Мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуі қажет.

Қазақ тілін оқыту үшін жағдай жасауда тілдерді дамытудың оқу-әдістемелік “Ана тілі” Павлодар облыстық орталығының ашылуы елеулі рөл атқарды, оның негізгі мақсаты мемлекеттік тілді және өзге де тілдерді оқыту ғана емес, оқыту бағдарламаларын тарату, аудармашы-ларға, мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандарға, қазақ тілі үйірмеле-рінің жетекшілеріне тәжірибелік көмек көрсету болып табылады. 2007 жылы орталықта 2465 адам оқытылды.

Оқыту С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универ-ситеті мен Инновациялық Еуразия университетінің жанынан ашылған орталықтарда, сондай-ақ жеке меншік “Новое поколение”, “Надежда” және тағы да басқа орталықтарда ұйымдастырылды.

Оқытудың жаңа қарқынды әдістемелерін жасап шығару, аудио және бейнематериалдарды, компьютерлік технологияларды қолдану, сондай-ақ республикада мемлекеттік тілді оқыту саласында шығарыл-ған жаңа оқулықтарды, бағдарламаларды сатып алу нәтижесінде мемле-кеттік тілді оқытуда үлкен жетістіктерге жетуге болады. Оқу құралда-рының, электрондық оқулықтар мен сөздіктердің белгілі таңдамасы бар болғанымен, олардың санын арттыру қажеттілігі туындап отыр.

Мемлекеттік тілдің мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер жүйе-сінде қолданылу аясын кеңейту талап етіледі. Егер 2005 жылы облыста 84 балабақша жұмыс істеп, олардың тек 12-сінде ғана тәрбие беру мен оқыту жұмысы қазақ тілінде жүргізілсе, 2008 жылы балабақшалардың саны 95-ке дейін жетті, олардың ішінде қазақ тілінде тәрбие беретін және оқытатындардың саны – 19, аралас – 57. Аралас балабақшаларда қазақ тілін оқыту және оны меңгеру дәрежесі қажетті талаптарға сәйкес келмейді. Қазақ халқы арасында ғана емес, сонымен қатар өзге ұлт өкіл-дері арасында да қазақ тілін үйрену қажеттілігі артып отырғандықтан, бүгінгі күні қазақ тілінде тәрбие беретін және оқытатын жаңа балабақ-шалардың ашылуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бірте-бірте мемлекеттік тілдің рөлі білім беру жүйесінде де артуда. 2008-2009 жылдары облыста 422 мектеп жұмыс істесе, солардың ішінде 144 мек-тепте оқыту қазақ тілінде жүргізілсе, 151 мектепте оқыту қазақ тіліндегі де, орыс тіліндегі де сыныптар бар.

Қазақ тілінде жоғары білім алып жатқан студенттер санының өсуі байқалады. 2007-2008 оқу жылында 7932 студент қазақ тілінде білім алды. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бөлімшелердің жалпы саны артқанымен, осы аталған тілде оқытылатын мамандықтардың көлемін ұлғайтуға ерекше назар аудару қажет.

“Тілдердің үштұғырлығы” жобасы шеңберінде қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде дамыту бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Оны мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастыру керек. Қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту өзекті мәселеге айналды, сондықтан Қазақстан Республика-сының барлық азаматтарының ағылшын тілін оқып-үйренуіне қажетті жағдайлар жасау қажет.

Мемлекеттік тілді дамытуда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Инновациялық Еуразия университетінің, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі мен тілдерді дамытудың оқу-әдістемелік “Ана тілі” облыстық орталығының атқаратын рөлі зор. Тіл ғалымдары терминология, қазақ тілі грамматикалық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, іс жүргізу, аударма мәселелері, сондай-ақ ғылыми-теориялық конференцияларды өткізу, мемлекеттік тіл жағдайы-ның өзекті мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыру жұмыста-рында жетекші орын алуы қажет. Бұл бағытта ғылыми-практикалық конференциялар мен “дөңгелек үстелдерді” ұйымдастыру жоспарлануда.

Павлодар облысында тілдерді дамыту және тілдік ахуал жағдайы туралы мәліметтер банкін қалыптастыру проблемалары бойынша әлеуметтану зерттеулерін жүргізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.

Көрнекі ақпарат мәтіндерін ресімдеуде тіл заңнамасын бұзу фактілері жиі орын алады.

Көрнекі ақпарат, маңдайша жазуларын, стендтер мен билбордтар мәтіндерін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңына сәйкестендіру үшін кешенді іс-шараларды өткізу қажет. Көрнекі ақпарат мәтіндерін ресімдеуде жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсетілетін болады. Осы бағытта рейдтік тексерістер жүргізіп, олардың нәтижелері бойынша белгілі бір шаралар қолдану жоспарланған.

Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми қолданылатын тіл ретінде орыс тілінің қызметін, сонымен қатар ғылым, білім, мәдениет салаларында және бұқаралық ақпарат құралдарында да қолданылуын қамтамасыз ету қажет.



Өңірде тұрып жатқан этностардың тілдерін оқып-үйрену мен да-мыту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ біздің облысымыз көпұлтты болғандықтан этникалық қауымдастық (диаспоралар) өкілдерінің ана тілдерін оқып-үйренуі үшін мемлекет тарапынан қолдау жасау маңыз-ды. Осыған орай, облыс аумағында тұратын диаспоралардың тілдерін дамытуға қажетті жағдай жасалуда. Достықты нығайтуда, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда, сондай-ақ біздің облысымызда тұратын халықтың мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын сақтау мен дамытуда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқаруда. Ассамблеяның баста-масымен тілдер мен мәдениеттердің бірін-бірі байытуына, біріктіруге ықпал ететін фестивальдер мен басқа да іс-шаралар өткізілуде. Ұлттық мәдениеттер мен тілдерді дамыту мақсатында облыста ұлттық жаңғыру мектебі қызмет етеді, мұнда 514 оқушы оқиды. 2008-2009 оқу жылында ана тілі ретінде 16 тіл: әзербайжан, армян, белорус, грек, иврит, кәріс, неміс, украин, татар-башқұрт, болгар, шешен-ингуш, чуваш, кабардин-балкар мен қарашай-черкес, поляк, қазақ, орыс тілдері оқытылды.


  1. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері




Р/с №


Атауы

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштің/ индикатор-дың қоры-тынды мағы-насы

Есепті кезең

Жоспарлы кезең




2008 жыл

(есеп)

2009 жыл

(жос-пар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




1

Стратегиялық бағыт. Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде облыста төзімді тілдік орта құру




2


Мақсат. Мемлекеттік тілдің, этникалық диаспоралар тілдерінің қолдануы мен дамуына қажетті жағдай жасау, тілдердің үштұғырлығы қағидатын іске асыру




3

Мақсатты индикаторлар




4

Мемлекеттік тілді мең-герген облыстағы ере-сектердің үлесі

%

100

42,8

45,6

48,4

51,2

54

56,8

59,6




5

Орыс тілін меңгерген облыстағы ересектер-дің үлесі

%

100

99,8

99,8

99,8

99,9

99,9

99,9

100




6

Ағылшын тілін мең-герген облыстағы ере-сектердің үлесі

%

70

1,5

2,8

4,1

5,4

6,7

8

9,3




7

1-міндет. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік функцияларын кеңейту




8

Мемлекеттік тілді мең-герген облыстағы мем-лекеттік қызметшілер-дің үлесі

%

100

71

81

84

88

91

94

97




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

9

Мемлекеттік тілді мең-герген ұлты қазақ емес ересектер үлесі

%

100

2,8

3

4,3

5,6

6,9

8,2

9,5

10

Қоғамдық өмірдің не-гізгі салаларындағы мемлекеттік тілге де-ген қажеттіліктің дә-режесі

%

100

52,6

57,6

62

67,6

72,6

77,6

82,6

11

Мемлекеттік органдар-дағы құжат айналымы-ның жалпы көлемін-дегі мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмысының салыстырмалы көлемі

%

100

57

72

90

100

100

100

100

12

Мемлекеттік тілді оқыту курстарымен қамтылған аймақтағы ересектердің үлесі

%

100

25,8

25,9

26

26,1

26,2

26,3

26,4

13

Мемлекеттік тілді оқыту курстарымен қамтылған, мемлекет-тік тілді меңгермеген мемлекеттік қызмет-шілердің үлесі

%

100

44

19

16

12

9

6

3

14

2-міндет. Мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыру және облыста ұйымдасты- рушылық-әдістемелік іс-шараларды өткізу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

15

Біліктілігін арттыру курстарымен қамтыл-ған мемлекеттік тілді оқытатын оқытушы-лардың үлесі

%

100

29

28

22

26

24

24

24

16

Ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шара-лармен қамтылған об-лыс кәсіпорындары мен мекемелерінің са-ны

Бірлік

-

46

50

55

60

65

70

75

17

3-міндет. Мемлекеттік тілдің ақпараттық кеңістігін кеңейту

18

Аймақтық БАҚ-тағы мемлекеттік тілде шы-ғатын бағдарламалар-дың (радио және теле-хабарлардың) көлемі

%

50

50

50

50

50

50

50

50

19

4-міндет. Тілдердің үштұғырлығы қағидатын іске асыру

20

Ағылшын тілін оқыту курстарымен қамтыл-ған облыстағы ересек-тердің саны

Бірлік

-

6574

7800

8600

9200

10 000

10600

11200

21

5-міндет. Облыста тұрып жатқан этникалық диаспоралардың тілдерін дамыту

22

Облыс этнолық бағыт-талған бірлестіктерінің жанынан ана тілін

%

90

49

51

52

52,8

54

55

56

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




оқыту курстарымен қамтылған өзге этнос өкілдерінің үлесі




























23

6-міндет. Ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүргізу




24

Көрнекі ақпарат мә-тіндеріндегі “Қазақ-стан Республикасында-ғы тіл туралы” Заңы-ның нормаларын бұзу-шылық деңгейін тө-мендету

%

100

89

90

90

92

92

93

94

25

“Қазақстан Республи-касындағы тіл туралы” Заңының сақталуына мониторинг жасаумен қамтылған облыс меке-мелері мен кәсіпорын-дарының үлесі

%

100

14

29

32

34

38

42

46

26

Ономастика саласында жүргізіліп жатқан жұ-мысқа облыс тұрғын-дарының қанағатта-нарлық дәрежесі

%

100

83

75

86

71

71

75

75


Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының стратегиялық бағыттары

мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


Р/с




Басқарманың

стратегиялық бағыттары

мен мақсаттары

Мемлекеттің стратегиялық мақ-саттары соларды іске асыруға басқарманың бағытталған мақсаттары

Стратегиялық құжаттың, нормативтік-құқықтық актінің атауы

1

2

3

4

1

Стратегиялық бағыт. Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде облыста төзімді тілдік ортаны құру

2

Мақсат. Мемлекеттік тілдің, этникалық диаспоралар тіл-дерінің қолдануы мен да-муына қажетті жағдай жасау, тілдердің үштұғырлығы қағи-датын іске асыру


“Мемлекет Қазақстан халқы тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды”


Қазақстан Республикасы Консти-туциясысы 7-бабының 3-тармағы

3




“III. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру”

“Қоғамды топтастырып отырған мемле-кеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді”

“Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдіс-темелерін әзірлеп, енгізу қажет”


Қазақстан Республикасы Прези-дентінің 2008 жылғы 6 ақпан-дағы “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” Жол-дауы


1

2

3

4

4




“Жиырма алтыншы бағыт – Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғыр-лы тіл саясаты”

“Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жоба-сын кезең-кезеңмен іске асыруды қолға алу. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретін-де танылуға тиіс”



Қазақстан Республикасы Прези-дентінің 2007 жылғы 28 ақпанда-ғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақ-стан” Жолдауы

  1. Функционалдық мүмкіндіктер және

ықтимал тәуекелдер
Басқарманың орта мерзімді стратегиясын тиімді орындау үшін келесі міндеттерді шешу қажет.

Мемлекеттік тілді және өзге ұлт тілдерін дамытуда атқарушы функцияларды орындауға қабілетті басқарманың тиімді инфрақұры-лымын қалыптастыру.

Тілдерді оқыту орталықтарының қызметі есебінен нарықтық тетік-терді дамыту, оқыту сипатындағы жаңа бағдарламаларды, оқулықтарды құрастыру есебінен бәсекеге қабілетті өнімді шығару, мемлекеттік стратегиялық және жедел реттеуді басқарма функциясында қалдыру.

Басқарманың менеджмент жүйесін жаңарту, бөлімдерге бағдарла-малар, жобалар бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу жауап-кершілігін жүктеу.

Басқарма қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру. Нәтижеге бағдарланған жаңа жобаларды әзірлеу.
Ықтимал тәуекелдер және оларды жою жолдары


Р/с №

Тәуекел атауы

Әрекет ету шаралары қолданылмаған жағ-дайда мүмкін болатын салдарлар

Қарсы тұру тетіктері мен шаралары

1

2

3

4

1

Тиімсіз ведомст-воаралық үйлес-тіру

Тіл саясатын іске асыру-дың тиімсіздігі мен заң-наманың орындалмауы

Тіл заңнамасы-ның орындалуына уақытында мони-торинг жүргізу және бақылау жа-сау

2

Білікті мамандар-дың жұмыстан кетуі

Басқарманың қойылған міндеттерді тиімсіз іске асыруы

Ынталандыру жү-йесін әзірлеу жә-не қызметкерлер-дің біліктілікте-рін арттыру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет