МАҚАЛА
География
Д.Ә. БОЛАТОВА
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті география тарих мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Омаров М.К.
Жаратылыстану жоғары мектебі география және химия ББ жетекшісі,география магистрі
email:dikonbolatova@mail.ru
«Павлодар облысындағы өнеркәсіптің Қазақстандағы алатын орны»
Мақаланың мақсаты: Павлодар облысындағы өнеркәсіптің Қазақстанда алатын орнын анықтау.
Мақаланың өзектілігі: Мақалада Павлодар облысындағы дамыған өнеркәсіп кешендері туралы,аймақтың орасан зор табиғи ресурстық әлеуеті,кен орындары,шикізат өндірісі,өңдеу жұмыстары Қазақстандағы ең маңызды ресурстың бірі болып табылады. Оны қарай зерттеп,анықтау өнеркәсіптің дамуын арттырады.
Кіріспе.
Павлодар облысы – электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялды орталығы. Металлургия өнеркәсібінің неғұрлым ірілері “Қазақстан Алюминийі ” АҚ, “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты – ТНК “Казхром” АҚ филиалы болып табылады. Тау-кен өндірісі келесі кәсіпорындармен көрінеді: “Богатырь Аксес Комір” ЖШС, “Майкубен Вест” ЖАҚ. Облыста мұнай өнімдерін өңдеу бойынша Республикадағы ірі кәсіпорындардың бірі – “Павлодар мұнай өңдеу зауыты” АҚ жұмыс атқарып жатыр.
Қазақстан өнеркәсібінде ауыр өнеркәсіп жетекші орын алады. Республикамызда өндірілетін өнімнің 75 пайызы ауыр өнеркәсіптің үлесіне тиеді. Ал жеңіл өнеркәсіп үлесіне өнеркәсіп өнімінің 25 пайызы тиесілі. Қазақстанның отын-энергетика кешені негізгі 2 саладан тұрады. Отын өнеркәсібі: көмір, мұнай, газ өндіруден тұрады.Электр энергетикасы: су электр станцияларында, жылу электр станцияларында, атом электр станцияларында электр энергиясын өндіруден тұрады.
Энергетикалық ресурстарға көмір, мұнай, газ, судың құлау күші, ядролық энергия көздері жатады.
Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Зауыттар Атырау, Шымкент, Павлодар қалаларында орналасқан. Алюминий өндірісі де энергияны өте көп қажет ететіндіктен, алюминий зауыттарын арзан электр энергиясын өндіретін жерлерге жақын салады.1 т алюминий өндіру үшін 18 мың кВт сағат энергия қажет. Мысалы, Павлодар қаласында алюминий зауыты бар. Бұл зауыттың Павлодарда салыныуының басты себебі мұнда электр энергиясы арзан, Екібастұздың арзан көмірін тұтынып,жұмыс істейтін ЖЭС-тар көп.
ERG-дің қосалқы құнға қосқан толық үлесінің (81%) басым бөлігін еліміздің төрт негізгі облысы еншіледі. Компания 2018 жылы төрт облыстың жалпы аймақтық өніміне 924 млрд теңге қосты. Оның 543 млрд теңгесі - Павлодар облысына (47%), 174 млрд теңгесі - Ақтөбе облысына (15%), 159 млрд теңгесі - Қостанай облысына (14%) және 48 млрд теңгесі - Қарағанды облысына (4%) тиесілі болды. 19% немесе 220 млрд теңге басқа облыстарға жұмсалды. Бұл туралы "ERG-дің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі" атты зерттеуде жазылды.
Еуразиялық Топ кәсіпорындарының ЖАӨ-дегі толық аймақтық үлесі тікелей қосымша құннан 1,63 есе асты
2 023 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2259,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,4% артық. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі – 4,6%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 2,1%-ға, %, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде – 0,6%-ға өсті, ал өңдеу өнеркәсібінде – 1,4%-ға төмендеді.
Достарыңызбен бөлісу: |