Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке ерекшеліктерін
зерттеу;
Орындаған : Нартайқызы Айымжан , Айдосова
Шапағат , Мусаева Ақтілек
Жоспар:
• Мектепке дейінгі кезеңде ойын рөлінің өзгеруі
• Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының
негізгі бағыттары
• Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент
типінің ерекшелігінің мәні
• Бала психикасының даму сатылары
• Қорытынды
Мектепке дейінгі кезеңдегі ойын рөлінің өзгеруі жас кезеңіне қарағанда, негізінен балада
көптеген пайдалы жеке даралық сапалардың дамуы мен қалыптасу құралының
қызметін атқаратынымен байланысты. Мектепке дейінгі баланың ойынында
тәрбиелік функциясы баланың әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыру құралымен, оның
мотивациялық ауқымының даму қызметін атқарады. Ойында баланың жаңадан
қызығушылықтары мен іс - әрекеттің жаңа мотивтері пайда болып, бекиді. Мектепке
дейінгі баланың ойынына: «Символикалық ойын» бір заттың орнына ұқсас екінші бір
затты қойып, оның бастапқы атымен емес, соңғы атымен атаушы ойын түрі және
рольдік-сюжеттік ойындар.
Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі
бағыттары
3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді.
Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы
тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды,
бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-
ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде
клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы
өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен
салыстырғанда сымбатты бола бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің
ерекшелігінің мәні
Темпераменттің табиғи қарапайым
көріністері балалық шақта жақсы
байқалады. Бала өскен сайын оның
сыртқы ортамен қарым-қатынасы
күрделене түседі де, оның
айналасындағы үлкендерден алатын
әсері де мол болады. Соған
байланысты темпераменттің өзгеріске
түсетін ерекшкліктері бүркемеленеді.
Темперамент баланың жеке басының
реакциясынң негізгі түрі болып келетін
қасиет. Балалық шақта сол таза күйінде де
кездеседі. Бірте-бірте өмір сүру барысында
саналық өзгеріске түсіп отырады. Даму
барысында темпераменттің бір белгісінің
әлсіреп, екіншісінің күшеюі салдарынан
мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске
ұшырап отыруы да ықтимал.
Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы
да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді,
бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан
тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы
салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста
1250 грамм болады. 3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық
системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін
тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы
үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады,
бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің,
қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец,
Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б.
зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке
басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең
маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады.
Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде
жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді:
балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуымен
ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау
бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып
табылады.
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |