Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қазанда №4061 болып тіркелді Павлодар аудандық мәслихатының



Дата17.07.2016
өлшемі38.44 Kb.
#206394
Павлодар облысының Әділет департаментінде

2014 жылғы 6 қазанда № 4061 болып тіркелді

Павлодар аудандық мәслихатының

2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 39/284 шешімі

Павлодар ауданы Ольгинка ауылының

аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық

жиындарын өткізудің қағидаларын және

жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу

үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің

санын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Павлодар ауданы Ольгинка ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санының 1(бір) % мөлшерінде бекітілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы Е. Темірғалиев

Мәслихат хатшысы Б. Оралов

Павлодар аудандық мәслихатының

(5 сайланған 39 кезекті сессиясының)

2014 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 39/284 шешімімен

бекітілген



Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидалары


1. Жалпы ережелер
1. Осы Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Ольгинка ауылы) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Ольгинка ауылы аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.



2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Ольгинка ауылының әкімі шақырады.

Павлодар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Ольгинка ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Ольгинка ауылының әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Ольгинка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

О
2
льгинка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ольгинка ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ольгинка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.



9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ольгинка ауылы әкімінің аппаратына береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет