ПАВЛОДАР ӨЛКЕСІНДЕГІ ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ЭВТРОФИКАЦИЯ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Темірболат А.А., Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалының 11b сынып оқушысы
Касымов Т.Ж., Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалының география мұғалімі
Кази А.М., Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалының география мұғалімі
Қарастырып отырған мәселе, қазіргі күні кімді болсын алаңдататыны рас. Жоба жұмысында экологиялық жағдайдың орын алуын айтумен қатар, оны шешудің де көптеген жолдары мен нұсқаулары атап көрсетілді. Ғылыми жұмыстың ары қарай жалғасын табатынына сеніммен қараймыз, сол себепті әлі де ізденіс үстіндеміз.
Жоба жұмысында Ертіс өзенінің толық сипаттамасын зерттеу барысында өзен суының батпақтану дәрежесі анықталды. Эвтрофикация себептерін зерттеу арқылы, өзен суындағы батпақтануға қарсы қолданылатын амалдар қарастырылды. Қарастырылған амалдар барысында Ертіс өзеніндегі батпақтануға қарсы ақ амур мен дөңмаңдай балықтарын қолдану мүмкіндіктері зерттелді.
Қоғам мен табиғат бір - бірімен тығыз байланысты болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жеке дара тіршілік етуі мүмкін емес. Жер ресурстарын ысырапсыз пайдаланып,қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау адамзаттың дамуына негіз бола лады.Қазақстанның жеке аймақтарының табиғаты, бізді қоршаған табиғат сияқты, өзара тығыз байланыста және өзара әсерлескен жер бедері, геологиялық құрылысы, ауасы мен суы, топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлар тәрізді табиғат компоненттерінен тұрады.Табиғи - территориялық комплекстердің обьективтілігін танитын болсақ, Павлодар облысының экологиялық - географиялық аудандастырылудың үлкен ғылыми-практикалық маңызы бар. Себебі, Павлодар өңірінде орналасқан Ертіс өзені Қазақстан арқылы өтіп жатқан аймақтардың біршама бөлігін сумен қамтамасыз етуде.
Ертіс өзеніндегі судың ластануының жиынтық көрсеткіші 33–70-ке дейін жетеді, бұл өзен суының ластануының қауіпті деңгейіне сәйкес келеді. Бұндай ластанудың себептерінің бірі судың батпақтануы болып табылады.Эвтрофикация - табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар,мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары мен жуғыш заттардың азот, фосфор, күкірт және басқа биогенді элементтердің көп мөлшерде түзілуінің нәтижесінде фитопланктон биомассасының күрт өсуі. Эвтрофикацияның нәтижесі – балдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі мен су қоймасында органикалық заттар мен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болып табылады. Осы жоба жұмысында Ертіс өзеніндегі эвтрофикацияға қарсы бірнеше амалдар қарастырылған:
- Ақ амур мен дөңмаңдай балықтары;
- Жауын құрттары;
- Механикалық тазалауды қолдану.
Дөңмаңдай және ақ амур балықтары жасанды су қоймаларындағы су өсімдіктерінің жайлап кетуіне жол бермейді. Сондықтан олардың шөпқоректі балықтар ретінде ерекшелінеді. Осы балық түрлері тоғандарда өсіп, көбеюге бейім. Дөңмаңдай ұрғашысы жарты миллионға жуық уылдырықшаларды шашады. Оған қоса олардың итшабақтары ашық мұхит беттерінде тіршілік етуге бейімделген. Олар фотопланктондармен қоректенуді қамтамасыз ететін морфологиялық құрылымы жағынан бейімделген. Олардың балдырларды пайдалануы кезінде қоректену ырғақтары арта түседі. Кезінде қиыр шығыс бойында ғана мекен еткен сирек кездесетін ақ амур мен дөңмаңдай балықтары қазіргі кезде әлемдік тәжірибе барысында қолданылып тарауда.
Ақ амур мен дөңмаңдай балықтарын Ертіс өзенінде қолданудың мүмкіндіктері бар. Біріншіден,бұл балықтар өзен суының ағыны 1-1,7м/с аспайтын аймақтарда өмір сүруге бейім. Екіншіден, Ертіс өзенінде бекіре,алабұға,тұқы тұқымдасының балықтары мекен етеді. Ал ақ амур балықтары тұқы тұқымдас балықтармен мекендеген кезде,біржылдық ақ амурлар салмағы 20-30г, ал екіжылдықтар 450-500 г жететін. Яғни бұл факт осы балықтардың қосымша пайда әкелетінін дәлелдейді. Негізінен ақ амур балықтарының даму дәрежесі жоғары. Олардың салмағы 1 жыл аралығында 15-25 г-ға дейін,ал ұзындығы 7-8 см-ге дейін ұзарады. Екіжылдық балықтың салмағы 450-500г артады және дене тұрқы 15-16см-ге ұзарады. Бесжылдық балықтар салмағы 2,5 кг-ға дейін және ұзындығы 35 см артып өседі, ал жетіжылдық балықтардың ұзындығы жарты метрге дейін ұзарады. [1]
Оған қоса Ертіс өзеніндегі батпақтану мәселесінің себебі фитопланктон биомассасының күрт артуы болғандықтан, берілген балық түрлері өсімдік тектес заттармен қоректенетіндіктен тиімді. Ақ амур балығы өз салмағының әр килограммына сай 2 кг фитоплактондар мен су өсімдіктерін пайдаланып, су түбін қажетсіз фаунадан тазартады.
Ақ амур мен дөңмаңдай балықтары өсімдіктермен қоса, Ертіс өзенінде жас мезгілінде жиі кездесетін масақұрттарды да пайдаланады және олар арнайы биоқосымшалардмен қоректенеді. Оған қоса бұл балық түрлері су бойындағы масалардың қаптап көбеюіне қарсы тұратын амалдардың бірі. Тұқы тұқымдасына жататын бұл балықтар түрлері тұздылығы 11-12 г/л суда да тіршілік ете алады және су темпераурасы 33 градусқа дейін артқан жағдайларда да төзімді. Қыс мезгілінде балықтар су түбінде өмір сүруге бейім, сондықтан олар қосымша қоректенуді қажет етпейді. Олардың белсенділігі мамыр мен қазан айларына көшеді. Ақ амур балығы тез өсіп,олардың салмағы 32 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Олар су құрамындағы оттегінің көп мөлшерде болуын да қажет етпейді және осы балық түрлерінің иммунитеттері де жоғары. Сондықтан ақ амур мен дөңмаңдай балықтарын Ертіс өзенінде өсіру тиімді болып табылады.
Бірақ бұл мәселенің кемшіліктері де бар. Біріншіден,Ертіс өзенімен қатынас жасайтын Павлодар облысындағы Ақсу қаласында орналасқан су электр станциясын 1950 жылдары құру барысында балықтарды зауыттан шығарылатын заттардан қорғайтын құрылғылар орнатылмаған.Сондықтан станция суды сыртқа жылу бөлу арқылы ластау барысында өзендегі кәсіптік жолмен еңгізілген балықтарға қауіп келтіреді. [2]
Екіншіден, Ертіс өзені суының мыс,марганец және мырыш металдарымен ластанғаны анықталды.Яғни тәжірибе барысында осы металдар оксидтерінің тірі ағза өміріне қауіп төндіретіндігі зерттелген еді.
Осы тәжірибе кезінде балықтар жүрегі мен бүйрегінде жиі мырыш металы ,ал мыс металы балық қабыршақтарында кездескені анықтады.Бұл фактілер тірі ағзалар денсаулығына кері әсер еткенімен, балық ағзасындағы мырыш иондары оның физиологиясындағы қанның қалыпты жүруіне дұрыс әсер ететіндігін көрсетті. Дегенмен, балықтар ұлпаларындағы металдар мөлшері орташа дәрежеден артық.Сондықтан осындай факторлар кәсіптік балықтарға да әсер етуі мүмкін.
Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Ертіс өзеніндегі батпақтану мәселесіне қарсы ақ амур мен дөңмаңдай балықтарын қолдану мүмкіндіктері есептеулер арқылы қарастырылды.Ақ амур балықтарын Волга өзеніне акклиматизациялау барысында тәжірибе жүргізілді. Бұл тәжірибенің мақсаты ақ амур балықтарын өзен суына еңгізу арқылы су түбіндегі өсімдіктер қалдықтарынан арылу болатын. Себебі, өзен суын жыл сайын тазарту барысында жергілікті басқару органдары тарапынан біршама қаражат жұмсалатын. Ақ амур балықтарының Волга өзенінің қажет емес фаунасын жоятының дәлелдеу бұл тәжірибенің негізгі міндеті еді.
|
Маусым
|
Шілде
|
Тамыз
|
Айлар оңкүндіктері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Ауданы/
га
|
120
|
150
|
160
|
165
|
165
|
170
|
170
|
183
|
180
|
Су көлемі/м3
|
350
|
525
|
550
|
575
|
575
|
600
|
600
|
910
|
780
|
1- кесте. Балықтарды жерсіндіру.
Бастапқы балаңқұрттардың саны (Мың/дана)
|
Аулап алынған балықтар саны (Мың/дана)
|
Барлық су көлеміндегі біржылдықтардың мөлшері (Мың/дана)
|
Балықтардың тіршілікке қабілеттілігі (%)
|
Балықтардың жеке салмқтарыт (г)
|
Балықтардың жалпы салмағы (г)
|
Су қоймасындағы балықтар өнімділігі (кг/га)
|
9668
|
1935,21
|
10,575
|
20
|
42,6
|
814,4
|
500
|
2- кесте.Су қоймасындағы балықтар саны.
Тәжірибе жүзінде жасалған экономикалық есептеулер көмегімен Ертіс өзеніндегі ақ амур мен дөңмаңдай балықтарының өсу мүмкіндігі қарастырылды.Яғни осы тәжірибеге сүйеніп Ертіс өзеніндегі батпақтануға қарсы осы балық түрлерін орналастыруға болады
Ластанған өзен суын тазартудың 3 жолы бар:
-механикалық;
-химиялық;
-биологиялық;
Ластанған сулардан арнайы сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөліп алып тазартудың әдісі – механикалық тазарту әдісі деп аталады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, ал өндірістік қалдық сулардың 95%-ға дейінгі ерімейтін қосындыларын сүзіп,айыруға болады.
Елімізде табиғи су механикалық әдіспен тазартылады. Мемлекетімізде орнатылған қондырғылардың жұмысын әрдайым қадағалап отыру қажет. Оған қоса қазіргі кезде химиялық және биологиялық тазарту әдістері қазіргі таңда іске қосылмаған. Әрине суларды тазартудың бұдан басқа да жаңа әдістері алға қарай шығуы мүмкін. Дегенмен, біршама жетілдірілген суды тазартудың жолдары болғанымен, ластанған суды қайтадан өңдіп, алғашқы кеіпін жандандыру мүмкін емес. [3]
Жауын құрттары ауыл шаруашылығында үлкен рөл атқарады. Олар көп мөлшердегі топырақты жұтады да, ондағы органикалық заттарды сіңіреді. Осындай ретпен олар жартылай шіріген жапырақтарды қорек етеді.
Жауын құрттардың ішінде қалдықтарды өндіру ісіне ең қолайлы түрі – қызыл калифорния құрты және әр аймаққа бейімделген жергілікті жылдам көбейетін құрттар. Ал калифорниялық құрттардың зияны жоқ және оларды өсірудің еш қиындығы жоқ. Ол үшін арнайы ені 1-2 метр болатын жәшіктерге бұл құрттарды орналастырып, бау-бақша аумақтарында орналастыруға болады. Калифорниялық құрттар өсімдік қалдықтарымен қоректене отырып, олардан биогумусты өндіреді.
Бірақ жергілікті жауын құрттары да белгілі бір бейімделу үрдісінен өткеннен кейін қалдықтарды өңдеу барысында калифорниялық қызыл құрттарына дес бермейтінін байқадық. Жергілікті жауын құрттарының бір кемшілігі, көбею жылдамдығының төмен болуында. Калифорния құртының жалпақтығы мен ұзындығы бойынша жергілікті құртқа қарағанда төмендеу, бірақ тез көбеюге қабілетті және қалдықтар түрінің әр алуандығына бейім келеді. Ал жергілікті құрт ірі болғандықтан күніне пайдаланатын қалдық мөлшері артық болып келеді. Құрттар түгелдей дерлiк органикалық қалдықтарды шамамен 50% көлемге азайта тұтынады. Құрттар үшiн жасанды шарттар, яғни субстрат пен жем түрлерiнде органикалық қалдықтар қолданылады. Құрттарға энергияның үлкен мөлшерін жасунық бередi,сондықтан 25-28% жасунықты және минералды заттарды жем құрамына қосу керек. Сонымен бiрге сабанды және өзге шөптерді қосуға болады. Бұның барлығы олардың тез өсуi үшiн керек.
Құрттар түгелдей органикалық қалдықтарды тұтынады, олардың көлемi шамамен 50%-ке азайтылса, сол арқылы тынайю құндылықтары жоғарылайды.
Калифорниялық құртқа қарағанда жергiлiктi құрттардың температуралық тәртiпке көп бейiмделгендігі анықталған. Демек, жергiлiктi құрттар үшін Павлодар облысының ауа райының континенттiгiнiң шарттары ыңғайлы болып табылады. [4]
Жоба жұмысы басында қойылған мақсат пен міндеттерге сай зерттеу жұмыстары жүргізілді. Біріншіден, Ертіс өзенінің батпақтану дәрежесі анықталды..Осы мәселені шешу үшін бірнеше амалдар қарастырылған. Біріншіден, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып Ертіс өзеніне ақ амур мен дөңмаңдай балықтарын орналастырудың тиімді және тиімсіз жақтарын қарастыру.Екіншіден, қосымша механикалық тазалауды қолдану.Үшіншіден, эвтрофикацияға қарсы қолданылатын жауын құрттарын Ертіс суына орналастыру.Осылайша Ертіс суындағы батпақтану мәселесінің мүмкін шешімдері қарастырылды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. http://profyfish.ru/amur_bely.php
2. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%80%D1%82%D1%8B%D1%88
3. Қ.Ә.Әлімбетов. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері. Алматы, Экономика,2000.
А.Баешов. Экология негіздері. Түркістан, Яссауиуниверситеті, 2000.
www.egemen.kz.
4.Жануарлар өмірі.Ред. Ю. И. Полянский,2 басылым.
Достарыңызбен бөлісу: |