«педагог мәртебесі туралы» Қазақстан республикасы заңының ТҰжырымдама жобасы заң жобасының атауы – «Педагог мәртебесі»


 Тиісті салада заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониоринг нәтижелері



бет4/6
Дата03.01.2022
өлшемі43.29 Kb.
#451542
1   2   3   4   5   6
Педагог мәртебесі туралы

6. Тиісті салада заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониоринг нәтижелері.

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының мониторингі заң жобасын әзірлеу процесінде жүзеге асырылатын болады.


7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болуы мүмкін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар.

Бүгінгі таңда педагогикалық қызметтің оң жиегі басқарудың жетіспеушілігімен айқындалып отыр.

Заң жобасы қабылданған жағдайда болуы мүмкін құқықтық салдарға педагог мәртебесін арттырудағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін құқықтық негіздемелерді қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманыжетілдірілуін жатқызу қажет.

Заң жобасы қабылданған жағдайда болуы мүмкін әлеуметтік-экономикалық салдарға педагогтың әлеуметтік қорғалуын белсендендіру, мұғалім кәсібінің беделін, педагог еңбегінің тиімділігін арттыруды, білім беру сапасынкөтеруді жатқызуға болады.

Заң жобасының қабылдануы құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда ешқандай теріс әсерін бермейді, тек отандық білім беру жүйесін жетілдірудің тиімді жолдарын ұсынады.

Заңжобасы қабылданған жағдайда ұзақ қалыптасу мен даму жолынан өткен педагог институты жаңа мәнге ие болады.



8. Өңдеудегі заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) өзге де заңнама актілерін сәйкес келтіру қажеттілігі

Педагог мәртебесі туралы Заңның қабылдануы төмендегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді, ол Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексі, «Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет