Қосымша:
1. «Жалпы физика курсы» 11т. Н.В. Савельев 1971 ж.
2. «Электричество» С.Калашников М.: 1985г.
Оқыту тілі: қазақ-орыс
Бағдарламаның жетекшісі: ф.м.ғ.к., доцент Сералиев Т.А.
Газдардағы тасымалдау құбылыстары. (Явление переноса в газах. Phenomen in gases)
Пререквизиттер:. Математикалық анализ, молекулалық физика
Постреквизиттер: Статистикалық физика және кинетикалық теория негіздері, физиканы оқыту әдістемесінің таңдамалы тараулары.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Газдардағы диффузия құбылысы. Стационарлық диффузия.Өзара диффузия коэффициенті.Термиялық диффузия.Стационарлық емес диффузия. Жылу өткізгіштік құбылысы.Газдардың жылу өткізгіштігі. Стационарлық емес жылу өткізгіштік. Стационарлық жылу өткізгіштік.Тұтқырлық құбылысы және тасымалдау коэффициенттерін анықтау.Газдардың тұтқырлығы.Газдардағы тұтқырлық, жылу өткізгіштік және диффузия коэффициенттерін анықтау әдістері. Тасымалдау коэффициенттерінің арасындағы қатынастар. Сиретілген газдардағы тасымалдау құбылыстары.
Пәннің мақсаты: Газдың жеке бөліктеріндегі концентрациямының, температурасының немесе қозғалыс жылдамдықтарының теңелу құбылыстары, молекулалардың жылулық қозғалыстары кезінде, олардың бір-бірімен соқтығысуы арқылы анықталады. Сондықтан, газдардағы тасымалдау құбылыстарын оқыту құбылыстарының нәтижесінде молекулалардың соқтығысуын сипаттайтын негізгі бір шаманы-еркін жүру жолының ұзындығын, яғни молекулалардың эффективті қимасын анықтауға мүмкіндік береді.
Пәннің міндеті: Газдардағы тасымалдау құбылыстары өте көп бөлшектен тұратын және осы ортада жүретін барлық процестер молекулалық қозғалыс пен молекулааралық әсерлесумен анықталатын жүйелерді зерттейді. Бұл пән физикалық эксперимент пен практикалық тәжірибе нәтижелеріне негізделген физикалық теория ретінде қарастырылады. Пәнді өте көп бөлшектер құралған жүйенің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, молекулалық физика мен термодинамика заңдарының статистикалық сипаты толық ашылып көрсетілуі керек.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Г.А.Зисман, О.М.Тодес «Курс общей физики» т.1. М. Наука, 1976.
2. А.К.Кикоин, И.К.Кикоин «Молекулярная физика», М., Наука, 1976
Қосымша:
1. И.В. Савельев «Жалпы физика курсы» т.1., Мектеп, Алматы, 1977
2. Т.И.Трофимова «Курс физики» М.Высшая школа, 1985
Оқыту тілі: қазақ-орыс
Бағдарламаның жетекшісі: ф.м.ғ.к., доцент Егембердиева С.Ш.
Қатты денелер физикасының негіздері (Основы физики твердого тела. Bases of physics of a firm body)
Пререквизиттер: «Жалпы физика курсы», «Кванттық механика», «Жоғары математика курсы».
Постреквизиттер: «Рентгенқұрылымдық анализ», « Заттардың электрондық теорисы», «Тұтас орта физикасы»
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Кристалл және аморфты заттың құрылымы туралы жалпы түсінік, қатты денелердің құрылымын және механикалық, жылулық, электр, магнит, асқынөткізгіштік және әр түрлі физикалық қасиеттерін зерттейтін әдістер туралы мағлұматтар беретін қатты денелер физикасының негіздерін оқыту.
Пәннің мақсаты: Қатты денелердің классификациясы және олардың негізгі қасиеттері. Қатты денелерді зерттеу әдістері және оларды қолдану салалары. Кристалдың құрылымы және оны анықтау тәсілдері. Кристалдардың нүктелік симметриясы. Кристалдың кеңістік торы. Кристалдың трансляциялық симметриясы. Кристалографияалық координаттар жүйесі. 14 трансляциалық Бравэ торлары. Түйінді жазықтықтар мен түзулердің кристалографиялық белгілері. Трансляциялық симметрия топтары. Кері тор. Қатты денелердің атомдық құрылымын анықтау әдістері. Лауэ және Вульф – Брэгг формулалары. Атомдық және құрылымдық шашырату факторлары. Кристалдың симметриясы мен физикалық қасиеттері.
Пәннің міндеті: Пәнді оқыту міндеті- денелердің атомэлектрондық құрылымы мен олардың құрамы және олардың ішіндегі әр түрлі физикалық құбылыстар арасындағы байланыстарды игеру керек.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. М.С.Свирский. «Электроная теория вещества». М. «Просвещение» 1980 ж
-
Ч.Китель. «Введение в физику твердого тела». М. «Наука». 1978 ж
-
В.Г.Левич, Ю.А.Вдовин, В.А.Мямлин. «Курс теоретической физики». М. «Наука». 1971 ж
Қосымша:
1. Займан. Дж. «Принципы теории твердого тела». – М. «Наука», 1974 ж .
-
А.С.Давыдов. «Теория твердого тела». – М. «Наука», 1976 ж.
-
Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. «Статистическая физика». М. «Наука» 1976 ж
Оқыту тілі: қазақ-орыс
Бағдарламаның жетекшісі: профессор Тамаев С.Т.
Жартылай өткізгіштер физикасы (Физика полупроводников.Physics of semicjnduction)
Пререквизиттер: Жалпы физика, электр және магнетизм, кванттық механика.
Постреквизиттер: Теориялық физиканың таңдамалы тараулары, физикалық зерттеу әдістері, электродинамика, радиоэлектроника.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Кристалл тордың трансляцияланған симетриясы. Кері тор. Идеалдық тордағы дифракция. Бриллюэн аумақтары. Гармоникалық жуықтау. Серпімділік. Тордың қалыпты тербелісі. Кванттық тербелістер, фонондар. Фонондардың энергия спектрі. Меншікті жартылай өткізгіштер, N типті жартылай өткізгіштер, P типті жартылай өткізгіштер, Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігінің темрператураға тәуелділігі, Жартылай өткізгішті диодтар, Жартылай өткізгіштердің зоналық теориясы, Идеал жартылай өткізгіштердегі заряд тасымалдаушылардың энергетикалық спектрлері, жартылай өткізгіштердегі оптикалық құбылыстар, фотоэлектрлік құбылыстар, JnSb және Gasb жартылай өткізгіш қосылыстарының фотолюминесценттік спектрлері және оны зерттеу әдістемелері.
Пәннің мақсаты: Қазіргі кезде ғылыми – техникалық прогрестің дамуына байланысты ғылымда, техникада және халық шаруашылығында жартылай өткізгішті құралдарды қоланудың мүмкіндіктері артуда. Қасиеттері жөнінен жартылай өткізгішті приборлардың басқа электрондық приборлардан көптеген артықшылықтары бар, негізгілері: көлемі мен салмағы кіші, жұмсайтын қуаты азғантай механикалық беріктілігі жақсы, жұмыс жасау мерзімі ұзақ , кез – келген мәнді токпен жұмыс жасай алады.Физика мамандығының білімгерлері болашақта физик әрі инженер болғандықтан жартылай өткізгіштердің зоналық теориясын, олардың оптикалық қасиеттерін, техникада қолданылуын білудің маңызы зор.
Пәннің міндеті: Бұл пәнді оқу нәтижесінде жартылай өткізгіштердің ерекшеліктері, зоналық теориясы, заряд тасымалдаушылардың эффективті массасы, кристалдардағы дефектілер, жартылай өткізгіш қосылыстарының фотолюминесценциясын зерттеу әдістемесі жөнінде мағлұматтар алады.Осы пәнді оқу нәтижесінде ғылыми – техникалық прогрестің ең тиімді және перспективалы бағыттарының бірі – электроника негіздерімен танысады. Сонымен қатар, мұнда жартылай өткізгіштердегі физикалық құбылыстарды қолдану нәтижесінде жасалған приборлардың конструкциясы, жұмысы және пайдалану тәсілдері қарастырылады және шала өткізгішті диодтардың, транзисторлардың, фотоэлементтердің радиотехникада, автоматикада, телемеханикада кеңінен қолданылатындығы айтылады.
Әдебиеттер тізімі:
Hегізгі:
1. Фистуль В.И. Введение в физику полупроводников, М: Высшая школа, 1984.
2. Ансельм А.И. Введение в теорию полупроводников, М: Наука 1978
Қосымша:
1. Киреев П.С. Физика полупроводников, М: Высшая школа, 1975.
2. Рывкин С.М. Фотоэлектрические явление в полупроводниках, 1970.
Оқыту тілі: қазақ-орыс
Бағдарламаның жетекшісі: ф.м.ғ.к., доцент Егембердиева С.Ш.
Акмеология негіздері. (Основы акмеологии. Akmeology bases)
Пререквизиттер: әлеуметтік психология, психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке кіріспе
Постреквизиттер: жаңа тұрпатты психологтың кәсіби құзыреттілігі
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Пән акмеология саласында негізгі акмеологиялық зерттеулер мен оның қазіргі жай-күйі жайлы студенттердің білімін кеңейтуге бағытталған
Пәннің мақсаты:
- Психология мен оған сабақтас ғылымдар жүйесінде адамның психикалық және кәсіби дамуы жайлы білімдерін жинақтау және жалпылау;
- диагностика, коррекцияны психологиялық-акмеологиялық қамтамасыз ету түрлі теориялар мен әдістерге бағытталу.
- маманның кәсіби мәнді қасиеттерін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Пәннің міндеттері:
- студенттерді дамытудың міндеттер тобын анықтау, оларды диагностикала, жүйелеу және талдау, міндеттердің әр тобына қатысты перспективті шешімдер қабылдау;
- арнайы білім беру жағдайында қолданылатын міндеттердің әр тобын шешу тәсілдерін жобалау;
- акмеологияның пайда болуының негізгі ғылыми алғышарттарын оқыту;
- акмеологиялық заңдар, заңдылықтар, әдістер мен технологияларын оқыту;
- табысты дамудағы адамды тұлға және маман ретіндегі сипаттамасын анықтау;
Негізгі әдебиеттер:
1. Разина Н.А. Акмеологический подход к развитию профессионализма современного педагога. –М., 2010.
2.Акмеология. Учебник под общ.ред. Деркача А.А.- Москва: РАГС, 2002
3.Кузьмина Н.В., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Акмеология качества профессиональной деятельности специалиста.-СПб, Коломна, Рязань, 2008
Қосымша әдебиеттер:
1. Бранский В.П., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Социальная синергетика и акмеология. Теория самоорганизации индивидуума и социума.-СПб, 2001
2.Ильин В.В., Пожарский С.Д. Философия и акмеология. -СПб: Политехника 2003
Оқыту әдістері: рефлексия, дәстүрлі әдістер, тренингтер.
Оқыту тілі: қазақ, орыс тілі.
Бағдарлама жетекшісі: Оралымбетова Г.У., Бизақова Ф.А.
Қазақстан Республикасында көптілділік тұлғаны қалыптастыру. (Формирование полингвальной личности в РК. Formation of polilingual personality in Republic of Kazakhstan ).
Прекреквизиттер:Қазақ және орыс тілі мен әдебиетінің мектеп курсы.
Постреквизиттер: Курстан алған білім, қазақ және орыс тілдерін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша әдет-дағдыларын қалыптастырып, базалық білімін жетілдіреді.
Пәннің мақсаты - білімгерлерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, жиі кездесетін тілдік лексиканы, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету
- қазақ, орыс тілдеріндегі көптілді педагог кадрларды дайындауға бағыттау;
- қазақша, орысша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;
- күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;
- әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;
- теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;
- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын қалыптастыру;
- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
- ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стильдердің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету.
Пәннің міндеті - білім саласының әр түрлі салалары бойынша терминдерді игеру жолдарын қалыптастыру, пікірлесуге, әңгімелесуге, мазмұндауға, көркем оқуға, сауатты жазуға, өмірден мол мағлұмат беруге үйрету.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
-
М.Балақаев. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту.
-
Мараковская, Тәжімұрат. Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы грамматикасы.
-
Терминқор қалыптастыру көздері мен термин жасам тәсілдері.Астана-2005ж.
-
Т.К.Қазыбек. Аударматануға кіріспе. А.,2004ж.
-
Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас.А.,2005ж.
-
Практический курс русского языка. Л.К. Жаналина, М.Ш. Мусатаева. Алматы, 2005
-
Учебное пособие «Республика Казахстан» С.А. Мамекбаева и др. Алматы, 1991 г
-
Словари. С.И. Ожегов и др.
Қосымша әдебиеттер:
-
Г.Шалқарова. Салыстырмалы грамматика. А., 2007ж.
-
А.Омарова. Қазақша сөйлеу этикеті. Астана, 2006ж.
-
Мемлекеттік тіл және аударматанудың өзекті мәселелелрі. Астана, 2011ж.
Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі .
Оқытушылардың аты-жөні:
-
Мыңайдарова Мария Естайқызы
-
Уралбекова Әлия Әрпішқызы
-
Естаева Тоқжан Естайқызы
-
Мыханова Жанар Бахытқызы
-
Тәженова Гүлсара Серікқызы
-
Шаханова Эльмира Аманжолқызы
-
Мұқашева Алшагүл Меделханқызы
-
Қалматаева Бақыткүл Мәмбетбайқызы
-
Құттымұратова Назым Алиевна
-
Сарсембаева Айгүл Асанқызы.
Қазақстан құқығы. (Казахстанское право. Kazakhstan right )
Пререквизиттер: мектептегі Қазақстан тарихы, адам және қоғам, құқық негіздері.
Постреквизиттер: Алған білім құқық негіздері, заң жүйесі, заңдық сараптамалар жасауға, құқық негіздері, мемлекет және құқық негіздері теориясы курсын игеруге көмектеседі.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Білімгерлер заң жүзiнде бiлiктi болу үшiн заң ұғымын, мемлекеттiк органдардың құқықтық мәртебесi туралы құқықтық заңдарды, заңдарды дұрыс қолдануды және өзiнiң конституциялық құқықтары мен мiндеттерiн бiлуi қажет. Конституциялық, еңбек және жанұя құқықтары бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн бiлуi тиiс.
Мақсаты: Мәдениеттің ғылым ретіндегі негізгі проблемалары, теориясы, мәдениеттің қалыптасуы туралы жүйелі түрде білім беру.
Курстың міндеті: ҚР-ның мемлекеттiк құрылысының ерекшелiктерiн және құқық жүйесiн көрсету. Студенттердi ҚР-ғы мемлекеттiк билiктiң жүйесiмен, құқықтың қайнар көздерiмен таныстыру, ҚР-ның билiк сатыларын ажырата бiлуге, еңбек қатынастарын құқықтық реттеу ерекшелiктерiн көрсетiп, еңбек жалақысы, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын бiлуге. ҚР-ның заңдарының ерекшелiктерiне түсiнiк беру, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiктерi мен әрекет қабiлеттiгi қатынасын реттейтiн, жеке меншiк құқығы, кәсiптiк қызмет, мұрагерлік құқық, неке және отбасы қатынасын реттеу, ҚР-ның қылмыс заңдылығын түсiндiру, қылмыс және жаза түрлерiне сипаттама беру.
Қолданылатын әдебиеттердің тізімі
Негізгі әдебиет
Негізгі әдебиеттер.
1. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2006 ж.
2. Сапарғалиев Г.С. ҚР Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 1998 ж.
3. Баққұлов С. Құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.
4. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы.Болашақ. 2002 ж.
5. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. ҚР құқық негіздері. Алматы.Жеті жарғы. 2003 ж.
Қосымша әдебиеттер.
1. Таранов А.А. “Административное право”, Алматы 1998ж
2. Еңбек құқығы. ҚР еңбек туралы заңындығы жеке келiсiм шарт (2000ж.)
2. ҚР еңбек туралы заңына нұсқама (2000ж.), 1,2-тарау
3. ҚР неке және отбасы заңы (1998ж.), 1, 2 тарау
4. ҚР азаматтық кодексi, (1995ж.)
5. ҚР қылмыстық кодексi (1998ж.), 1, 2 тарау
6. Сапарғалиев С. ҚР Конститутциясының түсінігі. Алматы 1998ж.
7. Таранов А.А. ҚР Әкімшілік құқығы. Алматы 1998 ж.
8. ҚР Еңбек туралы заңы. 2000 жыл.
9. ҚР Азаматтық кодексі. 1995 жыл.
10. Стамқұлов А.С. ҚР экологиялық құқығы. Траз.2003ж.
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к., доцент Тойганбекова, с.ғ.к. аға оқутышы Абилова А.Б.
Теориялық физиканың таңдамалы тараулары. (Избранные главы теоретической физики. Selected sections of theoretical physics)
Пререквизиттер: Математикалық анализ, Дифференциалдық есептеу жүйелері , Элементар математика, Матматикалық физика әдістері
Постреквизиттер: Жалпы физика курсы, Теориялық физика – кванттық механика, Электродинамика және АСТ, Теориялық физиканың таңдамалы тараулары
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Теориялық физиканың таңдамалы тараулары пәні теориялық бағытта ғылыми және педагогикалық тұрғыдан, физика маманын дайындаудың ең жоғарғы сатысының фундаментальды базасы болғандықтан, негізгі мақсаты- білімгерлердің теориялық физика курсынан алған білімдерінің, ғылыми зерттеу жұмыстарына пайдалануға тәжірибеден алынған нәтижелерді өңдеп, ал талқылауды, олардың практикалық маңызын, қолдану шекараларын, математикалық анализ жасауды үйрету болып табылады. Физика маманының қазіргі кездегі ғылыми-техникалық жетістіктерінің ағынын теориялық физика заңдарымен принциптерін қолданып түсіну үшін, олардың теориялық дайындықтарының жоғары болуы. Ғылыми прогрестегі теориялық физиканың басты бағыттарына көңіл бөліп, дұрыс теориялық қорытынды жасау, анықтама материалдарды қолдана білу, теориялық физика заңдарының өндіріс технологияларында қолдану әдістемелерін үйрену.
Пәннің мақсаты: Теориялық физиканың негізгі теңдеулерінің теориялық, практикалық
маңыздары мен қолдану шекараларын.Қозғалыс теңдеулерінің І интегралдары . Импульс моментінің интегралы.Қозғалыс теңдеулерін интегралдау. Гамельтон принципі және Лагранж теңдеуі. Гамильтон теңдеуі (микроканондық, канондық) Гамильтон – Якоби, Клаузиус-Клапейрон, Эренфест, Эйнштейн-Колмогоров және Томас-Ферми-Дирак теңдеулері. Шредингер теңдеуі. Гармониялық осциллятор, ротатор. Екінші дәрежелі дифференциалдық теңдеулердің классификациясы және олардың теориялық физикада қолданылуы.
Пәннің міндеті: Екі тәуелсіз айнымалысы бар екінші дәрежелі теңдеулердің классификациясы кеңістіктегі тербелістің теңдеуі. Орталау әдісі Пуассон формуласы. Физикалық интерпретация шағылысу әдісі. Интегралдық формуланы қорыту және одан шығатын сандар. Тікбұрышты жіне дөңгелек мембраналардың тербелісі электромагниттік өрістің теңдеуі және оның шектік шарттары. Шексіз кеңістікте жылудың таралуы. Дөңгелек цилиндрдің сууы, критикалық өлшемдерді анықтау. Көздің функциясы және жылуөткізгіштіктің теңдеуі үшін Грин формуласы. Көздің және кесіндінің функциясы.
Әдебиеттер тізімі:
Hегізгі:
-
Киттель Ч. Введение в физику твердого тела. –М.: Наука, 1978.
-
Займан Дж. Принципы теории твердого тела. –М.: Мир, 1966.
Қосымша:
1. Блэйкмор Дж. Физика твердого тела. – М.: Мир, 1988.
2. Ашкрофт Н.В., Мермин Н.Д. Физика твердого тела. В 2 томах – М.: Мир, 1979.
-
Шаскольская М.П. Кристаллография. – М.: Высшая школа, 1976.
Оқыту тілі: қазақ-орыс
Бағдарламаның жетекшісі: профессор Тамаев С.Т.
12 жылдық мектепте бейінді оқыту негіздері. (Основы профильного обучения в 12 летней школе. Profile teaching at the 12th school)
Пререквизиттер: Педагогика, Педагогика тарихы. Бейінді оқыту педагогикасы
Постреквизиттер: Педагогикалық шеберлік, Жас ерекшелік педагогикасы.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны. «12 жылдық мектепте бейінді оқытудың теориясы мен технологиясы» оқу пәні ретінде. «12 жылдық мектепте бейінді оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің мәні мен мазмұны. 12 жылдық мектепте бейінді оқыту, бағдаралды дайындық. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың халықаралық тәжірибедегі және жалпы білім беру жүйесіндегі даму тенденциялары. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың нобайлары. 12 жылдық мектепте бейінді оқыту нобайларының түрлері. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың мазмұны. 12 жылдық мектепте бейінді оқытуда оқушының жеке білім алу жолы. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудағы тұтас педагогикалық үрдістің сипаты. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың заңдылықтары мен принциптері. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың педагогикалық үрдістегі әдістері мен құралдары. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудағы тұлғаның әрекеті және дамуы. 12 жылдық мектепте бейіндіалды дайындық. 12 жылдық мектепте бейінді оқытуда курстарды ұйымдастырудың мазмұны
Курстың мақсаты:
12 жылдық мектеп мамандарын даярлау мақсатында 12 жылдық мектепте бәсекеге қабілетті, қоғам мен мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне сай келетін, бейінді мектептің жоғары білімді және мәдениетті тұлғасын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- 12 жылдық мектепте педагогикалық жағдайлардың шешімін таба алатын теориялық білімді практикалық әрекетке ұштастыру;
- 12 жылдық мектепте педагогтың бейінді мектеп жағдайындағы тұтас педагогикалық үрдіске, өзінің кәсіби әрекетіне кешенді көзқарасты қалыптастыру;
- 12 жылдық мектепте педагогтың кәсіби маңызы бар қасиеттерін (гуманизм, педагогикалық сын ойлау, құзыреттілік, көпмәдениеттілік және т.б.) қалыптастыру;
- 12 жылдық мектепте педагог бойында үздіксіз білімге, өзін-өзі дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмысына, дайындық пен құштарлықты қалыптастыру.
Негізгі әдебиеттер:
1. Назаралиева З.С. Педагогика профильного образования. Алматы, 2008.
2. Р.К.Алшарозова. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім . 12 жылдық білім. - №8. 2006. – 37 б.
3. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.
4. Государственная программа развития образования в РК на 2011-2020 годы . февраль, 2011 год.
5. Кусаинов А.К., Абенова Т.К., Башар Р.Б. и др.: под ред. Кусаинова А.К. Национальные истемы образования: общая характеристика, структура. Алматы: Ронд, 2004.
6. Абылкасымова А.Е., Ушуров Е:А., Омарова Р.С. Развитие системы общего среднего образования в современном мире. Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003.
7. Муканова С. Стандартизация среднего общего образования РК. Алматы: Ронд 2005.
8. Муканова С. Проектирование рабочих учебных планов в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений. Алматы: Ронд. 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Концепция предпрофильной подготовки учащихся и профильного обучения старшеклассников. Астана, 2006.
2. Журналы «Профильная школа».
3. Под ред. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Москва, 2000.
4. Писарева С.А. Образовательная среда профильного обучения СПб Каро 2005.
5. Материалы респ. Научно-практ. Конференции «Профильное обучение учащихся: опыт, проблемы, перспективы». Тараз, 2006.
Курстың тілі: қазақ, орыс тілінде
Бағдарлама жетекшісі: Шауенова М.А- аға оқытушы, Шауханов А.А – п.ғ.к., доцент м.а
Теориялық физикадан шолу лекциясы (Обзорные лекции по теоретической физике. Generalizition of lection theoretical physics)
Пререквизиттер: Математикалық анализ, жалпы физика курсы, аналитикалық геометрия, сызықты алгебра.
Постреквизиттер: Арнаулы курстар.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Классикалық механиканың қозғалыс теңдеулері мен сақталу заңдары. Динамиканың кейбір мәселелері. Қатты дененің механикасы. Вакуумдағы электромагниттік өріс. Максвелл теңдеулері. Электромагниттік толқындар. Микрообъектілер әрекеттерінің ерекшеліктері. Кванттық механикадағы бөлшектің динамикалық теңдеулері. Кванттық механикадағы сақталу заңдары. Атом. Статистикалық термодинамика. Идеал газдың кванттық статистикасы. Физикалық кинетикалық элементтері.
Пәннің мақсаты: Теориялық физиканың фундаментальді қағидаларын бүгінгі көзқарасқа сай беру.
Пәннің міндеті: Теориялық физиканың принциптік негіздерін және физикалық ақуалдарын беру.
Әдебиеттер тізімі:
Достарыңызбен бөлісу: |