Педагогикалық жағдаят №478
Жоғары топта тәрбиеленуші Сәуле өзінің менмендігімен, тәкаппарлығымен ерекшеленеді. Тәрбиеші не істеуі тиіс?
1. Қызбен сөйлесіп, оның өзге балалармен қарым-қатынас жасауын талап етіп, ұжымдық іс-шараларға араластырады.
2. Өзін-өзі жоғары бағалау - мектепке дейінгі кезеңде қалыпты күй.
3. Өзінің бағасын білгені абзал, бірақ өзге балаларды кемсітпеу керек.
4. Баланың тәртібі туралы ата-аналармен әңгіме өткізу.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №479
Мұғалім оқушыға қарап: « Телефоныңды өшір немесе тығып қой!» - деді. Оқушы: «Мен олай жасай алмаймын, мен үнемі телефон тастамаймын, мен ұйықтағанда да қасыма алып жатамын», - деді. Осы жағдайда қандай әрекет жасауға болады.
1. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарын шақыру.
2. Мектепте телефон ұстауға тыиым салу.
3. Балаға көңіл аударып, сабаққа қызықтыру.
4. Сабақтан кейін алып қалып, жеке әңгіме жүргізу.
5. Телефонын тартып алып, ата-анасына тапсыру.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №480
Сіздің сыныбыңыздағы бір баланың өмірлік ұстанымы өзгеше. Төбелеседі, жаман сөздер айтады, дөрекі мінез көрсетеді және мкүш қолданады. Сіздің ескертулеріңізге, талаптарыңызға былай жауап берді: « Менің әкем ылғи да осылай жасайды». Сіздің әрекетіңіз?
1. Ата-анасымен сөйлесіп, жағдайды түзеуге тырысамын.
2. Өзге балалармен сөйлесіп, оның «жазасын» беруді сұраймын.
3. Оған кім қожайын екенін дәләлдеп, бетпе-бет сөйлесемін.
4. Жеке әңгіме өткізіп, бала тәртібінің себептерін анықтаймын.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №481
Мұғалім өте жақсы оқитын қызға «екі» қойды. Мұның себебі - өзге дайындалмаған сыныптастарын қолдау мақсатында жауап беруден бас тартты. Ашулы әкесі мектепке келіп, өзінің наразылығын танытты және мұғалімнің түсініктемесін талап етті. Мұғалім не істеуі тиіс?
1. Сіз оқушының ата-анасымен сөйлесуден бас тартасыз, өйткені сіз өзіңіз ашулысыз.
2. Оқушының ата-анасына бұл екілік бағаның оның жалпы үлгеріміне әсер етпейтінін түсіндіресіз.
3. Дау-дамайды шешуге тырысасыз.
4. Екі-жақты мәмілеге келу
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |