ал енді реніш уақытында жұмысын шабан атқарады –
«
қысылады».
Ішкі сезімдердің бѳлінуі. Бірінші,
ішкі сезімдер мінезіне
қарап екіге бѳлінеді: жағымды һәм жағымсыз ішкі сезімдер.
Яғни қандай болса да ішкі сезім мінезіне қарағанда не
жағымды, не жағымсыз болмай қоймайды. Екінші, ішкі
сезімдер күшіне қарап бѳлінеді. Күшіне қарағаңда сезімді екіге
айыруға болады: жанның күйі һәм аффект жан күйі. Адамда
бір ішкі сезімнің ұзақ болуы ж а н к ү й і деп аталады. Мысалы,
адамда қайғы ұзақ болса, оның жан күйі де
қайғылы мінезді
болады. Кейбір адамдардың жаны ѳмір бойы бір күйде
болады. Мысалы, туғаннан бері тарлық, кемдік, жоқтық, науқас
кѳрмеген адам ылғи қуанышты, шат болады. Ѳмір бойы
кемдік, тарлық кѳрген қу қанжыға адам жадырауды білмейтін
болады.
Аффект. Тіпті күшті болған ішкі сезім аффект деп
аталады. Аффект кѳбінесе кенет болады. Оны құйынмен
ұқсастыруға болады. Ішкі сезім
аффект дәрежесіне жеткен
уақытта жанның басқа күштері әлсіреп, жұмысы шабандап
қалады. Мысалы, ашу уақытта, қатты қорыққан уақытта ақыл
жѳнді жұмыс қыла алмайды. Аффект тым күшті
дәрежеге
жеткенде, не істеп, не қойғанын ойлай алмайды. Мысалы,
күшті аффект уақытында адам тѳбелесіп қалады. Кісі ѳлтіріп
тастайды. Кенет күшті болатын аффект адамның денесіне де
күшті әсер береді. Бетті қуартады, қызартады.
Денені
дірілдетеді, күлдіреді, жылатады, кейде кенет шашты
ағартады. Аффект нерв системасына күшті әсер береді,
аффектіден соң адам әлсіреп қалады.
Ішкі сезімдер тағы екіге бѳлінеді: ѳзімшілдік (эгоизм) ішкі
сезімдер һәм кѳпшілдік (альтруизм) ішкі сезімдері.
Кіндігі
ѳзімізде болған, яғни біздің не әлсіздігімізді, не күштілігімізді
кѳрсететін ішкі сезімдер ѳзмшілдік ішкі сезімдері деп аталады.
Ұялу, қорқу, батырлық, ашу, жек кѳру, тәкаппарлық,
күншілдік сықылды. Ал енді басқа адамдар һәм
жаратылыс
111
үшін болатын ішкі сезімдер кѳпшілік ішкі сезімдері деп
аталады: достық, аяу сықылды.
Достарыңызбен бөлісу: