«Педагогикалық деонтология» ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/5
Дата04.07.2016
өлшемі397.5 Kb.
#175999
  1   2   3   4   5




УМКД 042-14.1.01/01-2013

Ред. № 1 от 03.09.2013

Страница из



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.19/039-2013




«Педагогикалық деонтология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№3 – басылым




«Педагогикалық деонтология»


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі


мамандықтарға арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Cемей – 2013

1. Құрастырған

Құрастырған: ____________Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. «Педагогика» кафедрасының оқытушысы, Карипбаева Ш.Т.

«25» тамыз 2013 ж.


2. Талқыланды

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

«Педагогика» кафедрасы отырысында қарастырылды.

Хаттама № 1 «03» қыркүйек 2013 ж.


Кафедра меңгерушісі __________ Джанбубекова М.З.
2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.

Хаттама № 1 «05» қыркүйек 2013 ж.


Төрағасы __________ Ахметова Ш.Т.
3. бекітілді

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды және мақұлданды.



Хаттама № 1 «18» қыркүйек 2013 ж.
ОӘК төрағасы _______________ Искакова Г.К.

МАЗМҰНЫ


  1. Педагогикалық деонтология пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).

  2. Педагогикалық деонтология пәні бойынша дәрістер кешені.

  3. Педагогикалық деонтология пәні бойынша семинар тапсырмалары.

4. Студенттердің өздік жұмыстары.

1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДЕОНТОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

(ГЛОССАРИЙ)
Абырой- жеке адамның құндылығы туралы түсінікті білдіреті моральдық ұғым, адамның өз-өзіне және қоғамның жеке адамға моральдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория.

Адамгершілік- қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі.

Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.

Адам тұласының бағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.

Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.

Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.

Ақыл-ой тұжырымы- бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды пікірді алудың логикалық тәсілін көрсететін ойлаудың түрі.Ақыл-ой түйіні алғы шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан тұжырымға көшуден) тұруы. Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың мәні болып танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой тұжырымы нақты құбылыстарға баға беру, теориялық және тәжірибелік мәнді ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.

Әдеп- игі әдетпен, өміршең әдет-ғұрыппен қалыптасқан ұлттық мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек-негізі.

Әдептілік -белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына сіңсе, ол адамдардың әдептілік қасиеті не әдептілік сезімі болып

саналады.



Әлеуметтік құбылыс- қоғамдық өмірдің ішкі мәнін ашатын нақты сыртқы көрінісі ретіндегі деректер, оқиғалар ,барыстар жиынтығы. Әлеуметтік шындықтың теориясын,оның зерттейтін заңдарымен заңдылықтарын ұғынып алу танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады. Бұл өзара тығыз байланысты құбылыстар мәніне енуі болып табылады, нақты оқиғаларды , деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындағы келеді және оларды тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.

Атрибуция - адамның жүріс - тұрыс себептерімен дәлеледенген жеке

қасиеттерін, мінезін, оның іс - әрекетін кәдімгі талдау негізінде баска адамға

тапсыру.

Балажандылық- қазақ халқы үшін болмыстағы баға жетпес байлық - ол бала, баланы қазақ халқы өмірімнің жалғасы, ұрпағын, ата кәсібін жалғастырушы деп бағалап бала тәрбиесіне көп көңіл де бөле білген. Қазақ халқы бала туралы өз пікірлерін: "Артыңда байлық қалғанша бала қалсын", "Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын" - деп орынды бере білген.

Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау

Гетереостереотип - басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер

жинағы.


Идеал -«Идеал – ұмтылысты қажет ететін, бірақ ешқашан жеткізбейтін, адам ақыл-ойына қажетті басшылық» (И.Кант). Мораль идеалы ол: жан-жақты, абсолютті, ізгілік туралы елестері дұрыс, адамдар арасында кемеліне келген қарым-қатынас бейнесінде, адамгершілігі мол жеке бастың жоғарғы үлгісі.

Инициация - сол немесе басқа ұлыстарда бар әрекеттер таптамасы осы

аркылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі.



Мораль- (лат.moralis-әдет-ғұрып)-әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі.

Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы².



Дербестік- белгілі бір істі, мақсатты орындауда бөтен адамның жетегінде кетпей өз білімімен, жігерлілігімен, сенім-қабілетімен шешуге тырысу.

Жомарттық - Жомарттық дегеніміз- қандай да бір игілікті істі шын көңілден әрі одан да пайда ойламай, қайтарымсыз істеу. ²Жолықсан біздің жақтың тентегіне, өмірдің қарамайды келтесіне, қонаққа жалғыз атын сойып беріп, жүген ұстап қалады ертеңіне² деп бір дана адам айтпақшы ата-бабаларымыз: ²Жомарт дос көбейтеді. Сараң мал көбейтеді²-деп жомарттықты дәріптеп, сараңдықты жамандаған.

Жауапкершілік- адам әрекетінің оның нәтижесінің моральдық нормаға сәйкестігін және қылық салдарын сезіну.

Негізгі тұлға - осы этностық топтың жеке тұлғамен туыстарын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы.

Кішіпейілділік- Кішіпейіл болу дегеніміз - кісінің өзін ешкімнен жоғары ұстамауы. Адамның өз ерекшелігін, артықшылығын ешкімге білдірмей, өзін ешбір адамнан жоғары санамай, халық ішіндегі жай ғана адам ретінде өмір сүру, баршаға бірдей заңдылықтармен әрекет ету.

Бауырмашылдық-²Адамның баласы-бауырың² деп Абай атамыз айтқандай қазақ халқына бауырмалдық тән. Кез келген қазақ жөн сұраса келе бір-біріне туыс, бауыр болып шығады. Жалпы ²ағайын² деген сөздің өзі туыс, рулас, кейде тұқымдас мағынасында айтылады. Ағайын деген сөздің арғы тегі ²аға-іні² деген сөздерден шыққан сияқты, туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне қол ұшын беру, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейілділігімен, бауырмалдылығымен ерекшеленеді.

Қанағатшылдық- Қанағат деген ұғым өзін-өзі тоқтатуға байланысты мағынаны, яғни тойымдық, тоқмейілдік, нысапты білдіреді.

Қауымдасу- қазақ халқына тән ерекше моральдық сапа түрі. Қауымдасу адамдардың бір-біріне түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде анық байқалады. Мәселен, бұған қыз ұзату, келін түсіру, енші беру сияқты қуаныш кезінде немесе кісісі өлген үйге аза салу, оның жетісі, қырқы, жылын беру, кездейсоқ апатқа (жұт, өрт, т.б) ұшырап, мал-мүліктен айрылған туысқа туыстық жақындығымен шама-шарқына қарай ²қосқаным² деп көмек көрсету әдеті (дәстүрі) де дәлел бола алады.

Моральдық норма- жеке бастың мінез-құлқын бағыттап қана қоймай оны бақылауға және бағалауға мүмкіндік беретін қоғамға қажетті мінез-құлық үлгісі.

Моральдық сана -басқа да саяси, құқықтық, діни, эстетикалық сияқты адамдардың әлеуметтік тұрмысын бейнелейтін қоғамдық сана формасы.Моральдық сана адам әрекетін, оның қоғамдық құбылысын, оларға өзінің жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіреді, оларды қажетіне орай мадақтайды немесе талқылайды, сынға салады, демек моральдық сана адам қылығын бағалаушы.

Моральдық сезім- моральдық нормамен реттелетін жеке бастың өзінің қылығына және әрекетіне деген қобалжу.

Моральдық этикалық дәстүр- тарихи даму барысында көпшілік тарапынан қалыптасқан мораль элементтерінің (норма, құндылық, принцип, категориялар) дәстүрдегі көрінісі.

Намыс -адам қасиеттерінің арқауы. Намыс - адам өмірінің әр сатысында әр түрлі байқалады. Ол - "мен, мен" - деген сәби намысы, өзін-өзі біле бастаған балғын жастың жігіттік намысы, бойжеткен ару қыз намысы, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Демек, намыстың ауқымы кең. Қазақ - намысшыл халық. Оның "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақалы намыстың не екендігін ұқтырғандай.

Парасаттылық- Парасат… Адамның адамдығын, халықтың халықтығын, мемлекеттің мемлекеттігін ұстап тұрған моральдық сапа.

Табандылық- қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы

жігерлік таныту.



Тыйымдар - Жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды нұсқау, тәртіптілікке үйрету

Ұждан- адамның өз қылығына, ойына сыни баға беруі, мұратына (идеалына) үйлесімсіздігін сезінуі мен моральдық борышты орындай алмауы. Ұждан адамды тәрбиелеу және әлеуметтендіру кезінде қалыптасады.

Ұждан эмоционалдық феномен. Ол өзін-өзі кінәлаудан, қынжылудан, қобалжудан көрініс табады.



Этика- (гр. ethos-дағды, әдет-ғұрып)-зерттеу объектісі мораль болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Этика құл иеленушілік құрылыстың қалыптасу кезеңінде пайда болып, қоғамның стихиялы-дағдылы моральдық сана-сезімінен философияның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде, нақтылық туралы нағыз теориялық білімнен өзгеше, не істеу керекекені туралы ²практикалық² ғылым ретінде бөлінді². (философиялық сөздік)

Этникалык бірігу - этникалық қауымдарды жақындату процесі.

Этникалық контакт - түрлі ақпараттар жэне мәдени құндылыктармен

алмасу барысында нақты халақгар өкілдерінің бір - біріне ықпалын тигізетін



этносаралық әрекеттестіктердің формасы.
2. Педагогикалық деонтология пәні бойынша дәрістер кешені

1 Тақытып. Деонтология ұғымы. (2 сағат. 1-2 апта)

Мақсаты: Деонтология ұғымына анықтама беру, түсіндіру. Педагогикалық деонтология мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау.

Жоспар:

  1. Деонтология ұғымдары

  2. Денотология салалары

  3. Деонтология салаларының өзіндік ерекше өзгешеліктері мен ортақ белгілері

Деонтология ұғымы сөздіктерде көптеген түсіндірмелерге ие:
- «Түпкі мағынасы бір, орыс тілінің қолданысына енген 25000 шетел сөзінің түсіндірме сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon, ontos – қажетті, logos - сөз) – мораль, адамгершілік туралы ғылым» ;
- «Орыс тілінің құрамына енген шетел сөздер сөздігінде» деонтология «адамның міндеттері, құқықтары және адамгершілігі туралы ілім» ретінде түсіндіріледі ; 
- Н.Г. Комлева редакциясын басқарған «Шетел сөздерінің сөздігінде» деонтология «[грек тілінен deon (deontos) - парыз, + logos-ілім] – 1) этикалық теорияның бір тарауын құрайтын парыз жөніндегі ілім; 2) кәсіби міндетін атқару кезіндегі медицина қызметкерінің өзіндік мінез-құлық ұстанымдары мен әдеп қағидаларының жиынтығы (емделушілер мен дәрігерлерге қатысты)» ; 
- «Жаңа философиялық сөздікте» деонтология «(грек тілінен deon - парыз, және logos - ілім) – тұжырымдама, парыз ұғымымен байланысты мәселелер қарастырылатын әдеп теориясының бөлімі» ; 
- «Оксворд түсіндірме сөздігінде» деонтология (deontology) – адамдардың мінез-құлқы мен әдептілігін зерттеумен айналысатын ғылым» ; 
- «Этика сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon – парыз және logos – ілім; парыз туралы ілім) – адамгершілік талаптарын ұйғарым түрінде көрсететін жалпы парыз мәселелерін қарастыратын әдеп бөлімі» .
Деонтология терминін алғаш рет Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Джереми (Иеремия) Бентам (Jeremy Bentham) – (1748-1832 жж.) философ, заңгер, экономист және Лондон университетінің негізін салушыларының бірі. Ғылымда утилитаризм (utilitas - пайдалы) теориясының бағытын құрастыруымен танымал, оның тұжырымдауынша − адамның әрбір іс-әрекеті басқа адамдарға пайда әкелуі тиіс. Негізгі ғылыми еңбегі «Деонтология не мораль туралы ғылым» деп аталады. 
21 жасында И. Бентам өлгеннен кейін денесін анатомиялық тәжірибе жасатуға беруін талап етіп, кейін тек қаңқасы қалғанда өз киімдерін кигізіп, басымен қосып, көрнекті жерге шығарылып қойылсын деп аманат жазады, «барлық адамдарға ескертпе ретінде әрбір адам тек тірі кезінде ғана емес, қайтыс болғанда да пайдасы тию керек...» , деп ой түйеді .
И.Бентам өз тұжырымдамасын «деонтология» деп атады, бұл бағыт КСРО-да сонау 1917 жылғы революция кезінен бастап белгілі болды, «патша тәртібінің мұрасын» жоққа шығарып, жазалау қаупін төндіріп, үкімет әр ғылымның, оның ішінде медицинаның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын әдеп мәнін жоюға тырысып, тыйым салды. Е.Барштейн «Дәрігер-стахановшы не білуі тиіс» (1938 ж.) атты мақалада: «Аты шулы дәрігерлік этиканы жойыңдар: «сын және өзара сын» – міне осылар ғана кеңес дәрігері қызметінің негізі», - деп айтқан болатын. . Ғылымның басқа салаларындағы осындай көзқарасты ұстанған адамдар аз болмады. Медицинаны әдепсіз елестету мүмкін емес. 1946 жылы совет онкологиясының негізін қалаушы Николай Николаевич Петров хирургиялық әдеп жөнінде кітап жазады, КСРО-да әдеп жөнінде кітаптың басып шығарылуын мүмкін еместігін түсініп, қолжазбадағы «әдеп» терминін белгісіз бір «деонтология» терминімен алмастырады . Н.Н.Петровтың замандастары мен ізбасарлары естеліктерінде: «Николай Николаевич сөздерді алмастыру мәлім болған жағдайда, ол түрмеден қайтып оралмайтынын анық түсінсе де, тәуекелге бел буды. Сол кездегі цензордың (баспа орындарын бақылау) Н.Н.Петровқа қарағанда сауатсыз болуы кітапты жетістікке жеткізді» . Осылайша бұрынғы Кеңес үкіметінде қазіргі уақытта тек медицинада ғана емес, «адам-адам» жүйесінің түрлі аспектілерін қарастыратын көптеген ғылым салаларында қолданылатын «деонтология» термині алғаш рет пайда болды . 
Алайда адамгершілік пен парыз туралы ілім ретінде деонтология пәні «аз көлемдіге» айналып, «деонтология» термині әдеп ілімінде қажетсіз болып шықты. Әдеп саласының мамандары сөздігінен осы терминнің жоғалуға шақ қалуы кездейсоқ емес. Дегенмен «деонтология» атты ерекше ғылым жойылмай, «құпия өмірін» жалғастырды. «Инкубациялық кезең» бірнеше онжылдыққа созылып, ақыр соңында «деонтология» медицинадан бастап спортқа дейінгі әлеуметтік тәжірибенің түрлі саласына бағытталған ғылымның маңызды бөлігіне айналды. 
Әрбір ғылымға өзінің пәндік аясын нақтылауға бағытталған дифференциация үдерісі тән екендігі мәлім. Алғашында ол барлық ғылыми салада дамиды: медицина, педагогика, психология, әлеуметтану және т.б. Бұл үдерістің түрлі саладағы мамандық иелерінің кәсіби парыз мазмұнына байланысты деонтологияға да тиісті, мына салаларын атап айтуға болады: 
- педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парызына сәйкес мінез-құлқы туралы ғылым [10] (К.М.Левитан, Г.М.Кертаева, Г.А.Қараханова, , А.Е.Күдерина, Д.Д.Есімова, Ү.А Ажигалиева және т.б.);
- медициналық деонтология – медицина қызметкерлерінің көмек сұрап келген адамдарға қатысты құқылық, кәсібилік, моральдық міндеттері мен тәртіп ережелері туралы ілім [11] (А.Ф.Билибин, Б.Е.Вотчал, Ф.П.Гааз, А.А.Грандо, Н.Н.Пирогов, И.С.Сук, Н.В.Эльштейн және т.б.);
- психологиялық деонтология – «көмек ұсынушы - көмекті қабылдаушы» сияқты өзара әрекеттесудің, жәрдемдесуші мамандардың моральдық сенімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның психологиялық тетіктерінің этикалық аспектілерін зерттейді [12]. (М.А.Гулина, А.А.Крылов, И.В.Силуянова, А.И.Юрьев т.б.);
- әлеуметтік деонтология – әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқы принциптерін және кәсіби-этикалық нормаларын зерттейді [13] (Л.М.Анисимова, Н.Ю.Гурьевич, Л.П.Козыревская, Д.П.Котов, Г.П.Медведева, т.б.);
- құқықтық деонтология – заңгердің кәсіби мінез-құлқы кодексі жөнінде жинақталған мағлұматтар жүйесін белгілейтін заң ғылымдарының бір саласы ретінде анықталады [14] (Н.М.Блохин, В.М.Горшенев, Ю.А.Романов, т.б.);
- журналистік деонтология – журналистің кәсіби мінез-құлқы, парыздылық талаптарының, нормаларының, принциптерінің жүйесі ретінде; БАҚ қызметкерлерінің жауапты мінез-құлқының құқықтық және этикалық нормаларының жиынтығы ретінде, журналисттік парыздылық пен міндеттемелер және осы міндеттемелерді олардың қандай деңгейде ұғынуына қарамастан орындау нормалары ретінде (Е.П.Прохоров, Ю.М.Батурин, Я.Н.Засурский, К.Крисченс, М.Трейбер, К.Норденстренг және т.б.) анықталады [9]. 
Сонымен осының бәрін саралай келе, біз деонтологияны «адам-адам» жүйесіне қызмет ететін мамандардың парызына адалдығы мен кәсібіне сәйкес саналы әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады деп қорытамыз.

Әдебиеттері:

1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 
2. Тақытып. Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттары. (2 сағат. 3-4 апта)

Мақсаты: “Педагогикалық” деген сөзбен қоса «педагогикалық деонтология» деген сөз тiркесі мұғалiмнiң қызметiне байланысты парыз ұғымын құрастыратын этикалық ережелер, нормалар, ұстанымдар жиынтығын іске асыру.

Жоспар:

  1. Этикалық-философиялық алғышарттар.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет